Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діни сананың ашықтығы, рухани жаңғырудың кепілі

Зайырлы мемлекет ретіндеҚазақстан бүгінде Ислам өркениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Осындай үлкен мемлекетте мәдениеттер мен діндердің өзара үндестік тауып, үнқатысуыбүгінгі күннің ең жанды және ең өзекті мәселелері болып отыр. Біздің мемлекетіміз сол зәру мәселені дер кезінде көтеріп, дамыта білді, жаңа бастамаларға мұрындық болды. Ислам діні сарқылмас даналық ілімі. Зерттеу нысанына айналғанына он бесінші ғасырға аяқ басқанына қарамастан, исламның игерілмеген қырлары әлі де болса өте көп. Дін жанды құбылыс, сондықтан, адамзат тарихының өн бойында оның негізгі зерттеу нысандарының бірі болып қала беруі заңды да. Жаһандық жаңа өзгерістер исламның қыр-сырын тереңірек тануды күн тәртібінен түсірмей келеді. Әсіресе, соңғы уақытта қызу талқы тақырыбына айналған ислам дінін ислам атын жамылған адасқан ағымдардан арашалап алып, тарихи әділетті көзқарас орнықтыру үшін ортақ бағалау жүйесін қалыптастырудың зор маңызы болмақ. Бұл ұзақ мерзімді үдеріс болғанымен, оның ислам әлемінің алдағы даму болашағында басым бағыттарының біріне айналары анық.

Дін-барша ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің, сабырлылық пен даналықтың біте қайнасқан бір бөлшегі. Оны қастерлеу мен қадірлеу, жағдайын жақсарту әр адамның өз қолында. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай барынша күрделі сипат алған.Қазақ халқының мәдениеті мен руханияты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі ретінде саналады. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді. Ислам құндылықтары мен ислам философиясын, ислам мәдениеті мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты. Қазақ халқының дамуында діни көзқарастар мен діни жоралғылар ешқашан өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Ортағасырлық мұсылмандық философиялық ойының қалыптасуы мен дамуына қуатты серпіліс берген қазақ даласының түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз.Кеңестік дәуіріміз артта қалып, тәуелсіздігіміздің нұрлы таңы атып тұрса да, әлі күнге көбіміздің санамызда асыл да ғажап дініміз исламға деген суық көзқарас, немесе оған тек белгілі бір құлшылықтар түрінде ғана қарау қалмай келеді. Балауса дінімізді ешқашан мәдениеттің, білім мен ғылымның діні деп сезінбейміз. Қазіргі кезде кез келген адам үшін өте қиын, әрі ауыр уақыттар өтіп жатыр. Өмір өз өрнегін неше түрлі сипатта салып, адамдардың ойлары мен сенімдерін де әрқилы етіп жібергендей... Бұлай дейтін себебіміз, адамды жан-жағынан психологиялық түрде аздыратын, санасына салмақ салып, жынды ететін, ауру ететін неше түрлі ағымдар Қазақстанда таралып жатыр. Баспасөз беттерінде адасқан секталардың арбауына ілініп, өмірлері қиылған, отбасылық өмірде келеңсіз жайттар орын алған жекелеген субьектілердің бастан кешірген жанайқайлары туралы материалдар жиі-жиі жарық көруде. Осының бәрі Қазақстан қоғамы үшін керітартпалық сипатқа, қауіпті құбылысқа айналып отырған діни факторлардың тамырын танып, тереңінен зерттеуге итермелейді. Алайда Қазақстан қоғамы үшін бұл тақырып БАҚ беттерінде болсын, теледидар ақпараттары арқылы болсын көсіле айтылып жүрген тақырыптардың бірі болғандықтан, мұндай мәліметтерді көзі ашық көрегенді жұрт саралап алары анық, дегенмен, осы балаң дініміздің өзге елдердегі тағдыры жайлы сырды біреу білсе, біреу білмесі анық...

Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан бүгінде Ислам өркениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Осындай үлкен мемлекетте мәдениеттер мен діндердің өзара үндестік тауып, үнқатысуы бүгінгі күннің ең жанды және ең өзекті мәселелері болып отыр. Біздің мемлекетіміз сол зәру мәселені дер кезінде көтеріп, дамыта білді, жаңа бастамаларға мұрындық болды. Ислам діні сарқылмас даналық ілімі. Зерттеу нысанына айналғанына он бесінші ғасырға аяқ басқанына қарамастан, исламның игерілмеген қырлары әлі де болса өте көп. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары шетелдік ірі мемлекеттер мен беделді ұйымдардың қолдауына мұқтаж болды. Ал бүгінде республикамыздың тәжірибесіне Батыс пен Шығыс қызыға қарайды. Ол қазір әлемдік аренада төрт аяғын тең басқан салмақты мемлекетке айналды. Құдайға шүкір, енді өзге мемлекеттерге қол ұшын беруге жарайтын жағдайға жеттік. Бірнеше жыл бұрын жұртымыз Шанхай ынтымақтастық ұйымын құруға атсалысып, бүгін алыс та жақын елдер мүше болуға ынтыға ниет білдіріп отырған осы беделді ұйымның тізгінін ұстап келеді. Сөйтіп, небары 15-20 жылдың ішінде Қазақстан әлем жұртшылығының көз алдында өсіп, өркендеп сала берді. Республикамыздағы саяси тыныштықтың арқасында небір алпауыт мемлекеттер елімізге сенім артып, инвестиция құйды. Экономикамыз өсу үстінде. Білім беру, мәдениет салалары да гүлденуде. Бұған таңданып таңдай қақпайтын ел жоқ қазір. Көршілес мемлекеттерде небір зұлмат оқиғалар орын алып жатқанда, Қазақстандағы тыныш өмірдің салтанат құруы жұртымызға мақтаныш, өзге елдерге үлгі-өнеге деп білеміз. Демек, Қазақстан ИКҰ-ға төрағалық ету арқылы ұйымға мүше мемлекеттерге әлемдік дамудың бірқатар жолдарын ұсынып, ғаламда тыныш өмір қалыптастырудың үлгісін көрсете алады.

Ислам әлемі қанатын кеңге жайған, қандай мемлекет болмасын қызықпай өте алмайтын діндердің бірі де бірегейіне айналған. Дінсіз адам болуы мүмкін, алайда дінсіз қоғам болмайды. Дін қоғамдық құбылыс болғандықтан, мемлекет те одан тысқары қала алмайды. Қоғамтану ғылымының атасы саналатын Ибн Халдун «Мұқаддима» деп аталатын әйгілі еңбегінде діннің қоғамдық қатынастарды реттеп, мемлекет істеріне болысатынын, бұған тиісінше мемлекеттік биліктің де дінге қамқор болатынын атап көрсеткен. Діни сенім мен құндылықтар азаматтардың бойына имандылық пен әдептілікті ұялатады, кісілік пен парасаттылықты қалыптастырады, тазалық пен сабырлылыққа шақырады, нашақорлық, зинақорлық сияқты жат қылықтар мен жамандықтардан тияды, отбасын ұйытып, қоғамды орнықтырады. Батыстық қоғамның қалыптасуына ықпал еткен Ж.Ж.Руссо ел тұрақты болып қалыптасуы үшін,азаматтардың діндар болуы тиіс екендігін айтқан. Оның пікірінше, діндар адамдар мемлекетке ерекше ықыласпен, құрметпен қарайды, билікке мойынұсынады және отаншыл болады. Дін осылайша заңмен де орнықтыра алмайтын кейбір қоғамдық құбылыстардың оң қалыптасуына ықпал етеді. Өз кезегінде мемлекет те дінді қадағалап, реттеп отыруы тиіс. Діннің атын жамылу немесе дінді бетперде етіп қолдану әрекетінен, діннің зардап шегетінін ұмытпағанымыз абзал.

Ислам дінін негізінен алғанда барша ғылым мен білімнің және өркениет пен мәдениеттің анасы деп айтсақ қателеспеген болар едік. Ол өзінің біртұтас екендігін, сонымен қатар мына өмірдегі жаратылғандар мен жаратылыс атаулының барлығының жаратушысы бір Аллаға мұқтаж екендігін толық түсіндіреді. Бір айта кетерлігі, бұл дін тек қана арабтарға немесе белгілі бір аймаққа ғана тән емес адамзатты және бір Құдайжаратқан он сегіз мың ғаламның барлығын толығымен қамтиды. Содан соң жетінші ғасырдың аяғы мен сегізінші ғасырдың басынан бастап дін басқа мемлекеттер мен аймақтарға Хз. Мұхамедтің (с.а.у.) сахабалары тарапынын жайылып таратыла бастады. Осы орайда, Ислам дінінің алыс жақын шет елдерге, соның ішінде Батыс Еуропа елдеріне қалай таралғандығы жайлы тарихи тағылымдарға тоқталып өтсек. Ислам діні бөтен мәдениеттерді (егер діннің негізгі қағидаларына қайшы келмесе) жатсынған емес. Тарих беттерін парақтар болсақ, Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты Ислам философтарының және Аристотельдің шығармаларын Еуропада латын тіліне аудару арқылы Батыс әлемі өзге ғылымдармен де шұғылдану керектігін байқады. Тіпті университеттерінде де ХІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап медицина сабақтарының тақырыптарын Ибн Синаның «Канон» және Ибн Рушдтің медицина жайындағы еңбектерінен алды.Римдіктер және олардың ізбасарлары болып табылатын византиялықтар, Шығыс және Батыс әлемін Ақтеңіз жағалауында пайда болған «Ақтеңіз мәдениеті» мен Шығыс мәдениетінің Батысқа өтуіне себепкер болды. Ислам дінінің келуінен бастап Батыс әлемі Шығыс әлемін Ислам мәдениеті арқылы тануға және жаюға мәжбүр болды.

Жалпы жоғарыда аталған мәселелерге сай қарайтын болсақ, исламның батыс елдеріне таралуына бірнеше дәйекті себептер түрткі бола білген. Қарастырып көрсек:

  1. Орта ғасырда Ислам мәдениеті Батыс Еуропаға Испания арқылы алғаш қадам басты. Дін экономикалық және мәдениетаралық өркендеудің арқасында қысқа уақыттың ішінде Еуропаның бұл өлкесіндегі өміріне де өз әсерін тигізді.711 жылы Испания мұсылмандар қолына өткеннен кейін 755 жылға дейін ол Сирия халифалық орталығы тарапынан басқарылды. 715 жылы Абдуррахман ІІІ Куртубаның бостандығын жариялады. Куртуба Абдуррахман ІІІ дәуірінің соңына дейін (912-961) Ислами тәрбие, өнер және ғылымдармен Еуропаны қамтамасыз етіп отырды. Ол дәуірде, тіпті, еуропалық профессорлардың өзі Куртубада тәжірибе жинақтап, мұсылмандарға емтихан тапсыратын еді.
  2. Ислам мәдениетінің Батысқа әсер етуінің екінші жолы Сицилия арқылы өрбіді. Мұсылмандар білім үйренгісі келген христиандарға медреселерде сабақ алып, білімдерін шыңдауына жәрдем ететін еді. Сөйтіп, Ислам елдеріне ғылым үйрену мақсатымен келген христиандар да Ислам мәдениетінің дәстүрлері мен ғылымдарын жалғастырушылар қатарына қосылды. Сол кезеңдерде ресми тіл ретінде араб тілі қолданылды. Тіпті дипломдарының бір бөлімі арабша толтырылды. Қысқаша айтар болсақ, Х ғ. Сицилия мен Нормандияның басқару жүйесінде Ислами дәстүр ойып тұрып орын алған-ды.
  3. Ислам мәдениетінің Еуропаға келуінің үшінші және ең маңызды жолы тарихта «крестовый поход» деп аталатын крестшілер жорықтары арқылы өрбіген. Бұл жорықтар шіркеулер тарапынан Исламның сол кездегі билігін, күшін жойып, әлсіретіп, христиандықты жоғары ұстау мақсатында ұйымдастырылған. Олардың жорықтары мұсылман түріктердің және арабтардың қарсылығымен тоқтады.
  4. Діннің өркен жаюының келесі бір жолы Италияның портты қалалары арқылы, Ақтеңіз сауда орталығы мен Солтүстік Еуропаға Венеция, Генуя сияқты теңіз бойындағы қалалар арқылы келіп жатты.
  5. Ғылым саласында түрік әлемінің Батысқа әсер етуі ХІІ ғ. басталғандығын айтуға болады. Мысалы, Ғазали, Ибн Сина және Фарабиден басқа дәрігер Разидің әр түрлі ауруларға қарсы қолданған дәрілері медицина тарихында белгілі. Осман Ислам мемлекетінің Еуропадағы үстемдігі ұзақ уақытқа дейін жалғасты. Бұл үстемдіктің айқын дәлелі балқандықтардың тіліне енген түрікше сөздер және түрік тіліндегі славяндық терминдер болып табылады.

Егер статистикаға сүйеніп қарайтын болсақ, дүние жүзінде ислам дінін ұстанушылардың саны 1,5 млрд. жуық делінсе, кейбір деректерде 2 млрд. деп те қарастырылады. Анықтап қарар болсақ, дініміз әлемнің 120-дан аса елінде таралып, жасап келеді. Әлемнің 28 елінде, атап айтар болсақ, Сауд Арабиясы, Мысыр, Иран, Пәкістан, Мавритания және тағы басқа елдерде Ислам діні ресми дін болып жарияланған. Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтай ағамыз көрсеткендей «Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін. Бұған қарамастан, соңғы жылдары бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке үлкен қауіп төндіретін террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі күшеюде. Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер, әскери басшылар, ықпалды іскер топтар уә қаржы бұлақтарын меңгеруші күштер ислам дінін қаралау науқанын ұйымдастырғандай. АҚШ-тың екі үлкен қаласында 11 қыркүйек 2001 ж. болған және кім тарапынан, не үшін ұйымдастырылғаны әлі нақтылы әшкереленбеген уақиғалар, өкінішке қарай ислам дінін қаралап, мұсылмандарға шабуыл жасау үшін қолданылуда. Ақпарат көздерінің айтуына қарағанда АҚШ, Англия, Германия, Франция қатарлы Батыстың көптеген дамыған және демократиялық елдерінде мұсылмандарға, мешіттер мен ислам мәдениет орталықтарына бомбалы шабуылдар жасалған, ондаған бейкүнә мұсылмандар тек мұсылман болғандықтары үшін өлтірілген, кейбір долыланған адамдар мұсылман әйелдердің жаулықтарын басынан жұлып алған делінгендігін көріп байқаймыз. Заманауи заң жүйесінде еш орны жоқ бұл сорақылықтың негізінде мұсылмандарға деген өшпенділіктің, Батыс өркениеті мен нәсілдерінің үстемдігін жақтайтын күштер және мұсылмандар мен христиандарды бір-біріне айдап салғысы келетін енді біреулердің мақсаттары бар. Әйтпесе, ислам шариғаты мен заманауи Батыс құқық жүйесі бойынша «біреудің күнәсін басқа біреу көтермейді» деген қағида бар. Әркім өзінің жасаған қылмыстарына өзі жауап беруі керек, бейкүнә адамдарды жазалау қылмысты жоймайды» делінген. Жазылып жатқан жайдың жаңғырықтары бүгінде ақпарат беттерінде жарық көріп жатыр, әйткенмен әлі де шешуін таппаған жайттар өте көп.[3]

Ал бүгінгі таңда бұл елде хижаб кию мен сақал қойғандардың мәселесі өте өзекті болып бара жатыр. Мысалы, Франция халқы көшеде кездескен әйел адамдардың көп бөлігі осы мұсылман киімдерін киіп жүретіндіктерін көп байқағандықтан тиым сала бастады, бұл мәселе қашанға дейін жалғасары белгісіз, бірақ ауқымы өте кең десек қателеспейміз.

Осындай мысалдар айта келе, бүгінгі таңда Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысын алып қарасаңызда ислам дінінің кішкентайда болса жарықшағын көруімізге болады. Өкінішке қарай, біздер өмір сүріп отырған жаһандану заманында, негізінен, ақпарат құралдарының кесірінен қоғамдық санада ислам өркениетін тым артта қалған, керітартпа, білім мен ғылымнан жұрдай, надан, ғылым мен техникадан, прогрестен мүлде аулақ, діни фанатизм, экстремизм және фундаментализм ошағына айналған құбыжық өркениет етіп көрсету белең алып отыр. Бұл үрдіс, жоғарыда айтылғандай, әсіресе, 2001 жылғы 11қыркүйекте орын алған Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда ұйымының қос ғимаратының жарылуын «әл-Каидамен» тамырлас мұсылман экстремистері жасаған қылмыс» деген ақпараттан кейін мүлде өршіп кетті. Соның салдарынан Батыс әлемінің мұсылмандарға деген көзқарасы күрт өзгерді. Мұсылмандарды шеттету мен кемсіту, олардың мектептері мен мешіттерін өртеп кету, қиратып тастау, мұсылмандарды атып кету, иә болмаса мұсылмандардың діни бостандығына шек қою, мұсылман бейіттерін бүлдіріп кету жиілей бастады. Мұндай қылмыстар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге де тән. Мәселен, мұсылман дінінің әлемнің ең ірі діндерінің бірі екенін мойындамай, оны аса қатерлі идеология деп, шындықпен мүлде жанаспайтын теріс пікір қалыптастырып, Мұхаммед пайғамбарды кемсітетін карикатуралар шығарып, оларды Батыстың ақпарат құралдары арқылы тарату белең алды. Кейбір мұсылман мемлекеттеріне «әл-Каидамен» байланысы бар деген желеумен экономикалық қысым көрсету, соғыс ашып басып алу немесе оларға қисынсыз тиісу жиілеп кетті. Дегенмен, ислам бейбітшілікті, сабырлылықты, инабаттылық пен қанағаттылықты жақтайтын дін болғандықтан біз оның тамыры терең, болашағы зор боларына кәміл сенеміз. Жазылған жаңғырықтар қанша көп болғанымен, исламның батыс елдерінде таралуының әлі де ашылмаған тұстары көп-ақ!

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. С.А. Токарев Религия в истории народов мира. М.: 1986. 167 с.
  2. Есім Ғ. Мемлекет пен діннің арақатынасы // Жас Қазақ. 2010.18 маусым.
  3. Тәжікова К Ислам дүниетанымы идеология және саясат. Алматы: 2001. 61 с.
  4. Кудрявцев А.В Вторая религия Франции. Мусульманский вопрос на галльской земле// Независимая газета. №2. М., 2002. С. 3-4.
  5. Н.Ж. Байтенова, Қ.А. Затов, А.Т. Құлсариева, А.Д. Құрманалиева Дінтану негіздері. Алматы: Қазақ Университеті, 2006. 356 б.
  6. Abdul^h. M.S. Geschichte des Istams іп Deutschland. Wien: 1981. 244 р.
  7. Abdul^h. M.S. Wass wfil der Istam іп Deutschland?. Guetersloh: 1993. 145 р.
  8. Alexander. M. Кіеіпе Ѵоікег іп der Geschichte Osteuropas. Stuttg3rt: 1991. 333 р.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.