Жүрісі жылДам ДәуірДе кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімДар аДамДар ғана табысқа жетеДі. Табысты болуДың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымДық беретін межелерДің қатарынДа білім әрДайым бірінші орынДа тұруы шарт. Себебі, құнДылықтар жүйесінДе білімДі бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеДі.
Білім беруДегі ғылымДы тереңДетуДің бір көрінісі ретінДе оқу барысынДа білім алушылармен ғылыми жобалар құрастыру маңызДы. Осы орайДа, «жалпы медицина» маманДығының 3 курс стуДенттері арасынДа «Денсаулықтың әлеуметтік Детерминанттары» ғылыми жобасы бағДарламалық өңДеліп, осы санаттағы білім алушыларДа ғылыми-ақпараттық ізДеніс жасау білу ДағДысын қалыптастыру мақсатын алға қойДы.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында білімнің салтанаты жалпыға ортақ болу тиістігі айтылған. Жүрісі жылдам дәуірде кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді [1].
Қоғамның қазіргі даму сатысы білім беру жүйесінің алдына саяси, әлеуметтікэкономикалық, дүниетанымдықжәне басқа факторлармен байланысты, ең алдымен, сапа мен қол жеткізуді жоғарылату қажеттілігін ескеретін принциптітүрдежаңа міндеттер қояды. Осы ретте, академиялық мобильдікті ұлғайту, дүниежүзілік ғылыми-білім беру кеңістіктеріне интеграциялану,экономикалық тұрғыда оптимальды білім беру жүйесін құру, университеттік корпорация деңгейлерін жоғарылату және түрлі білім беру деңгейлері арасындағы байланысты күшейту ынталандырылу қажет.
Білім берудегі ғылымды тереңдетудің бір көрінісі ретінде оқу барысында білім алушылармен ғылыми жобалар құрастыру маңызды.Білім беру үрдісіндегі жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуы компьютерлік құрылғылар мен телекоммуникация тораптарымен байланысты жаңа ақпараттық технологияларды іске қоса отырып, сапалы түрде жаңа ақпараттық-білім беру ортасын құруды көздейді.
Осы орайда, «жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары» ғылыми жобасы бағдарламалық өңделіп, осы санаттағы білім алушыларда ғылыми-ақпараттық ізденіс жасау білу дағдысын қалыптастыру мақсатын алға қойды.
«Денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары» ғылыми жобасы барысында студенттер отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарын, концепцияларын, қоғамдық денсаулық детерминанттары мәселесінің ағымдағы жағдайын зерделеп, өз ойларымен тұжырымдайды.
Ғылыми жобапрактикада тиімді, бірізді білім беру әрекеттерін пайдалана отырып, уақыт, материалдық шығынсыз, интеллектуальды тұрғыда қандай да бір оқу нәтижесіне жетуді көздейді.
Инновация (ағылшынның innovation -жаңалық енгізу) -оқу, білім беру, ғылым сферасындағы жаңа үлгілер, тәсілдер және дағдылар. Кезкелген әлеуметтік-экономикалық жаңалық, массалық сипатқа, сериялық таралымға ие болғанғанға дейін инновациялық болып саналады.
Үшінші мыңжылдықтың басындағы білім беру спецификасы түрлі технологияларды қолдануға ерекше талаптар қояды. Себебі, олардың өнімдері тірі адамдарға бағытталған дейтұрғанмен, технологиялық білім беру операцияларының формализациясы ешқашан кәсіби өнеркәсіппен салыстыруға келмейді. Осыған байланысты білім беру әрекетін технологияландырумен қатар гуманизациялау аса қажетәрі бұл мәселе, қазір, жеке-тұлғалық әрекет жүйесінде өте маңызды.
Білім берудің инновациялық технологияларының басты мақсаты білім алушыны әркез өзгермелі білім және ғылым жүйесіне дайындау. Мұндай оқыту болашақ мамандардың потенциалды мүмкіндіктерін ашуға және оларды шындандыруға бағытталған. Білім беру инновациялық әрекеттің механизмдерін дамытуға, кәсіби әрекетте туындайтын мәселелерді шығармалық түрде шешуге, шығармашылықты білім алудың үлгісі және нормасына айналдыруы тиіс.
Инновациялық әрекеттің мақсаты білім алушының тұлғасын, дәстүрлік жүйедегімен салыстырғанда, сапалы түрде өзгерту. Бұл педагогикалық жүйедегі дағдарысты жоюға бағытталған, тәжірибеде болмаған дидактикалық және ғылыми бағдарламаларды енгізу арқылы іске асады. Өз жеке әрекетін ынталандыруды дамыту, алған ақпаратты қорыта білу, шаблондық емес шығармашылық ой қалыптастыра білу, білім алушылардың табиғи шығармашылық және зерделеу мүмкіндіктерін максимальды ашу оқудағы ғылыми жобалар дайындаудың негізі.
Сондықтан білім берудің инновациясы ретінде ғылыми жобаларды дайындау білім алушыны өзіндік жетілдіру арқылы қоғамдық білім беруде қалыптасқан барлық тәжірибелерді өзгертеді.
Аталмыш «Денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары» ғылыми жобасы пәндік оқу бағдарламасы орындалып, әрбір сатыдағы сәйкес критерийлерге толымды жауап берген жағдайда, төмендегі оқу нәтижелеріне жету мүмкіндігі туады:
- қоғамдық денсаулық бойынша мәселелерді анықтай және талдай білу; денсаулық әлеметтік детерминанттарын жіктеп, себеп-салдар байланысын анықтау
- дәлелді медицина базасы бойынша ғылыми әдебиеттердің көздері бойынша тауып, таңдалған тақырып бойынша ақпараттықшолу жасау; шығармашылық жұмысты дизайндік рәсімдеу әдістерін қолдану.
Жаһандық ақпараттық қоғамға өтудегі білімнің қалыптасуын, қазірде және болашақта білімге деген адекватты әлеуметтік-экономикалық тұтынуды ескере отырып, білім берудегі жаңашаландыру оны ұйымдастырудағы жаңалықтарға ғана емес, мазмұнындағы өзгерістерге, яғни, мамандар дайындау технологиясына, мәселені шшешуге бағытталған ғылыми зерттеулер құрастырып орындай білуге көбірек байланысты.
Елдің интеллектуальды потенциалын өндіретін әлеуметтік институт ретінде білім беру жүйесі дамуға сай, қоғамның, нақты тұлғаның, жұмыс берушінің қызығушылықтарына жауап бере алуы тиіс.
Оқу жүйесінде ғылыми жоба элементтерін қолдану ойлау қабілетінің сипатын өзгертіп, білім алушының ғылыми негізделген тұжырымдарын шығармашылық түрде өрнектеуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық денсаулық сақтаудағы приоритетті мәселелер төңірегінде ғылыми жоба тақырыбын, мақсатын, зерттеу міндеттері мен оны шешу жолдарын анықтап, ақпараттық ізденістерді коммуникациялық технологиялар арқылы іске асыра білу кез-келген ғылыми зерттеуші үшін жобаны сәтті аяқтауға мүмкіндік береді. Білім берудегі жаңа инновациялық ғылыми жобалардың өзегі студенттердің өз бетінша өзекті деп таңдаған тақырыбын жан-жақты зерттеп, ғылыми негізделген ойларын тұжырымдап, мәселенің негізгі себеп-салдар байланысын айқындай отырып, қорытндыда шешу жолдарын топшылай білу.
Жоғарғы мектеп тек білім алу орны ғана емес, ғылыми жобалар негізінде сан қырлы ақпараттарды өңдеуге дағдыландыру алаңы, заманауи ғылыми-ақпараттық қоғам құру мектебі бола білуі тиіс. Білім беруде ғылыми жобаларды қосымша ізденіс ретінде емес оқу бағдарламасына енгізу арқылы, әрбір жоғарғы білім алушыға ғылыми-дидактикалық тәжірибе беру жаңа инновациялық статус болып табылады. Себебі инновациялық болып оқыту үрдісіне ұйымдастырушылық, ғылымидидактикалық, техникалық және ақпараттықтехнологиялық заманауи компоненттерді енгізуші, сол арқылы болашақ маманның алған білімінің көлемін ұлғайтып, сапасын арттыруға қол жеткізетінбілім беру мекемесі жатады.
«Инновация» сөзі (латынның «иннове» сөзінен шыққан) XVII ғасырдың ортасында пайда болып, кейбір сфераларға жаңалықтың еніп, сол сферада жанданып, бірқатар өзгерістер тудыруды білдіреді.
Білім адамның бүтіндей қалыптасуының жолы мен үлгісі. Жаңа білім алудың мәні мен мақсаты адамның жалпы және қосымша қабілеттерін дамыту, әрекет ету мен ойлаудың универсалдық тәсілдерін меңгеру болып табылады. «Білімнің» заманауи түсінігі «оқыту», «тәрбиелеу», «білім беру», «дамыту» сияқты терминдермен, әрине, байланысты. Алайда, «білім» сөзінағартумен байланыстырғанға дейін оның мағынасы өте кең болды. Сөздік мағынада «білім» сөзін «білім беру» етістігінен шыққан зат есім ретінде қарастырады. Яғни белгілі бір жаңа нәрсені «құрастыру», «қалыптастыру» мағынасында. Ал сол жаңалық инновация болып табылады.
Қазіргі білім беруде оқудың интерактивті әдістері мен технологияларына өту білім беру үрдісінің қатысушылары арасындағы индивидуальды жұмыс түрлерімен қатар, мақсаты мен әрекет сипаты ұқсас, топтық немесе шағын топтық жұмыс жасаудың маманкоммуникативтік дағдыларын қалыптастыруды да ескереді. Мұнда, әрине, оқу үрдісіне қатысушылырдың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін мультисервисті технологиялар, жоғарыөнімді телекоммуникациялық құрылымдар қажеттігі сөзсіз. Басқаша айтқанда, кез-келген инновация айтарлық телекоммуникациялық ресурстарды қолдауды қажет етеді.
Жаңалықтар мен инновациялар адамның кезкелген кәсіби әрекет түрлеріне тән, сондықтан зерттеу, талдау, енгізу негізіне айналады. Инновациялар өздігінен тумайды; олар ғылыми ізденіс нәтижесі, жекелеген кәсіби мамандардың немесе бүтін ұжымның алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибесі. Бұл үрдіс стихиялық түрде тумайды, әрі қарай дамуды көздеп, басқаруды талап етеді.
Педагогикалық үрдістің инновациялық стратегиясы контекстінде осы элементті басқарушының, оқытушылардың -новаторлық үдерісті тікелей тасымалдаушы ретіндегі ролі артады. Оқыту технологиясы мәселелені шешуге негізделген ғылыми-дидактикалық, компьтерлік-ресурстық күрделі бола отырып, жетекші педагогикалық функцияны оқытушы тұлғасында атқаруды талап етеді. Оқу үрдісіне заманауи инновциялық элемент ғылыми жобаны енгізе отырып, оқытушы кеңесші, түзетуші, бағыттаушы рольдерін өзіне біріктіреді. Бұл олардан арнайы психологопедагогикалық дайындықты талап етеді, себебі, оқытушы кәсіби әрекет барысында арнайы пәндік білімді ғана емес, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық, психолого- коммуникативті және зерттеу-анализ жасаудағы заманауи білімдерін іске қосады. Осы арқылы білім алушының бүтін ізденіс жұмысын қабылдау, орындау және талдауға қабілеттілін қалыптастырады.
Педагогикалық үдерістегі инновация оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістері мен үлгілеріне, сонымен қатар оқытушы мен білім алушы өзара әрекетін ұйымдастыруға да жаңалық енгізу болып табылады.
Білім берудегі инновациялық үдерістердің мәнін түсінуде педагогиканың екі маңызды мәселесі жатыр алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, біріктіру, тарату мәселесі және ғылыми-педагогикалық ғылым жетістіктерін практикаға енгізу мәселесі. Инновациялық үдерістің нәтижесі теориялық та, практикалық та, әрі олардың қиылысындағы жаңалықтар болуы тиіс. Мұның бәрі педагогикалық жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану бойынша басқару әрекетінің маңыздылығын көрсетеді. Инновация ретінде жаңа педагогикалық технологияларды, теорияларды, концепцияларды тұтынып, насихаттау өнімі ретінде ғылыми жобалар білім бағдарламаларына дұрыс енгізілген жағдайда, білім алушыны автор, құрастырушы, зерттеушітұлғасында көру мүмкіндігі туады. Бұл үдерісті басқару өз әрекеті барысында әріптестердің тәжірибесін немесе ғылым ұсынатын жаңа идеялар мен әдістерді мақсатқа орай іріктеп, бағалап,қолдануды қамтамасыз етеді.
Қоғам, мәдениет және медициналық білім берудің қазіргі даму кезеңінде инновациялық оқыту ретінде ғылыми жобаларды енгізудің қажеттігі бірқатар жағдайларға байланысты:
- бүгінгі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін, оқу орындарындағы, соның ішінде медициналық, оқу үдерісін ұйымдастырудың методологиясы мен технологияларын түбірімен жаңартуды талап етеді. Оқытушылар мен тәлімгерлердің әрекетіндегі инновациялық бағыт (педагогикалық жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану) білім беру саясатын жаңарту құралы ретінде анықталады;
- білім мазмұнын гуманитаризациялау, оқу пәндерінің құрамы мен көлемін үздіксіз өзгерту, жаңа оқу пәндерінің пайда болуы оқытудың жаңа ұйымдастыру үлгілері мен технологияларын үздіксіз талап етеді. Бұл ситуацияда білім алушының жаңалықты адаптивті қабылдау қабілетімен қатар педагогикалық білімнің ролі мен беделі артады;
- ғылыми-дидактикалық жаңалықтарды меңгеру және қолдану фактіне оқытушылар қатынасының сипатын өзгерту. Оқу үдерісінің мазмұны қатаң регламенттелген жағдайда оқытушы жаңа бағдарламаны, оқулықты өз бетінше таңдаудан ғана емес, сонымен қатар педагогикалық әрекетте жаңа әдістер мен тәсілдерді қолданудан шектелген болды. Егер бұрын инновациялық әрекетте, негізінен, жоғарыдан ұсынылатын жаңалықтарды ғана қолдануға рұқсат болса, қазір таңдамалы әрі зерттеу сипатына ие болған. Сондықтан жоғарғы мектеп басшыларының жұмысындағы маңызды бағыт осы енгізіліп отырған пәндікмәселелік ғылыми жобалардың білім бағдарламаларынан белгілі орын алуын қамтамасыз ету және білім берудегі инновация ретінде оларға талдау жасап, сәтті құрастырылып, қолданылуын бағалау;
- жоғарғы, соның ішінде медициналық мектептердің нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс жасауы, мемлекеттік емес типтегі жаңа оқу орындарының пайда болуы реальды жағдайда конкуренткеқабілетті тудырады.
Сонымен, қорыта атқанда, білім берудің өзі, мәні жағынан, инновация болып табылады. Инновациялық оқытуда осы типтес ғылыми жобаларды қолдану оқу үдерісін айтарлық толықтырып, қызықты әрі танымды етіп, қанықтырады. Медициналық білімдер кесіндісінде білім мен ғылымның интеграциялануы білім алушының бүтін дүниетанымы мен инновацияға адаптивтігін қалыптастырады әрі оқыту жүйесінде аса өзекті.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. -Астана, Ақорда, 12 сәуір 2017.