Тұлға Дамуы аДамның өзіне қатысты әлеуметтік мәДени ортаны меңгеруінің нәтижесі және үрДісі. ӘрДайым физикалық, психоэмоциональДы және ойлау жүктемелерінің шамаДан тыс болуы, еңбек, Демалыс, тамақтану кестесінің бұзылуы, сонымен қоса ұялы телефонДарДы шамаДан тыс көп пайДалануының салДарынан әртүрлі функционалДық қызметтерінің бұзылуына, ауруға шалДығуына әкеліп соғаДы. СтуДенттік қауымДа емтиханДар, әлеуметтік бейімДелуге, болашақ маманДығы аясынДағы өзін тұлға ретінДе айқынДалуына жиі қолДанылатын ұялы телефонДар аДам саулығына қауіп төнДіруі мүмкін. Осының салДарынан стуДенттерДе жүрек - қан тамыр жүйесінің вегетативті реттелуінің бұзылуы, яғни жүрек жиырылуының жиіленуі, артериалДық қысымның көтерілуі, бұлшық еттік және психоэмоционалДық күш түсу Деңгейінің көтерілуі көбейіп келеДі. Ұялы телефонДарДың әсерінДе көп уақыттарын кетіретін стуДенттер жүрегінің тәулік бойынДағы физиологиялық күйін зерттеуге ЭКГ әДістемесінің негізінДе жұмыс жасайтын Холтер мониторингі қолДанылДы. Бұл мониторинг жүйесі МТ-101 тіркеуші блогы және компьютерДе анализ жасауға арналған МТ-200 бағДарламасынан тұраДы.
Зерттеу нысаны ретінДе 20-21 жас аралығынДағы 9 стуДент алынДы. Сессияға Дейінгі оқу процесінДе стуДенттерДен тіркелген ЭКГ көрсеткіштері қалыпты жағДай ретінДе есепке алынДы, ал сессия кезінДе осы стуДенттерДен тіркелген ЭКГ көрсеткіштерін тәжірибелік топ ретінДе қарастырылДы. КүнДелікті оқу процесінДе жүрген стуДенттерДің сессия кезінДе жүрек функциясына стрестік күй мен ұялы телефонДарДан туынДайтын электромагниттік өрістің әсерін анықтау мақсатынДа стуДенттерДің тәулік бойынДа жүректің электрокарДиограммасы зерттелДі, QRS жиынтығы мен жүрек жиырылу жиілігі анықталДы.
Қалыпты жағДайДа Да, сессия кезінДе Де зертеуге алынған ЖЖЖ және QRS жиынтығының көрсеткіштері түнгі мезгілімен салыстырғанДағы мәнДері жоғары, түнгі мезгілДе ағза Демалуына байланысты төмен мәнДері тіркелген. Ал сессия кезінДегі көрсеткіштерДі қалыпты жағДаймен салыстырғанДа статистикалық сенімДілікпен (р < 0,05) синхронДы түрДе түнгі мезгілДерДе жоғарылағаны анықталДы.
Кіріспе. Мемлекетіміздегі жоғары оқу орындарының алға қойған мақсаты - жан-жақты дамыған, терең білімді, жоғары кәсіби мамандандырылған және мәдени жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеп шығару. Жоғары оқу орындарында білім алу студенттердің денсаулығына ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазіргі кезде оқушылар мен студенттердің ұялы телефондарды (смартфондарды) жиі пайдалануы олардың сабақ үлгерімдеріне, денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізеді. Яғни достарымен, отбасыларымен интернет арқылы сөйлесу үшін әр түрлі ұялы телефондар студенттер өмірінің маңызды орынды алып отыр. Бұл құрылғылар үнемі «онлайн» режимде қалып отырады, сондықтанда оларды кітапханада немесе университетте, әр түрлі тамақтанатын орындарда да, автокөліктерде де пайдаланбай отыру мүмкін емес. Оның ағзаға әсерлерін әртүрлі елдің ғалымдары зерттеу үстінде. Солардың бірі Кент ұлттық университетінің философтары мен оқытушылары үлкен оқу орындарынан ұялы телефонымен күні түні жүрген 500-ден аса студенттерге сұрақ жауап жүргізген. Соның нәтижесі бойынша ұялы телефондар студенттердің өсіп жетілуіне және ағзадағы өзгерістерге әкеліп соққаны дәлелденді. Канада елінің Транда университетінің зерттеушілерінің хабарлауынша ұялы телефондар жүректің жұмысын бұзады. Онкология кафедрасының прфессоры Магда Хавастың айтуынша ұялы телефондардан тарайтын электромагниттік сәулелер адам миына және теріге өте қатты әсер етеді екен (Agadzhanyan N.A., 2001: 136; Alter P., 2006: 180-187; Aganyants E.K., 2005: 336; Amvrosyeva V., 2004: 73-79; Barold S.S., 2005: 117-118 ).
Студенттер - белгілі бір жас мөлшеріндегі, өмір және еңбек жағдайлары өзіне ғана тән, ерекше әлеуметтік топ. Әрдайым дене және психикалық жүктемелерінің шамадан тыс болуы, еңбек, демалыс, тамақтану кестесінің бұзылуы сонымен қоса ұялы телефондарды шамадан тыс көп пайдалануы арқасында оқу процесінің нәтижелілігін төмендететін бейімделу процесінің ширығуына және әртүрлі функционалдық қызметтерінің бұзылуына, ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Мамандардың пікіріне сәйкес, студенттер еңбегі ерекше спецификациялық қатардан орын алады да, әр түрлі ақпаратты өңдеу мен қабылдау кезінде уақыт тапшылығы әсерінен жүйкелік - психологиялық қажу жағдайының жиі байқалуы, сонымен қатар жұмыстың негізінен кешкі және түнгі уақытта орындалуы олардың соматикалық денсаулығы мен психикалық жағдайларында эсер етеді ( Bayevsky P.M., 2003: 473-487; Braunwald E., 1997: 108; Bessisso M., 2005: 566-570; BucheitM., 2007: 204-210; CoatesA.L., 1994; 439-443; Davignon, A., 1980; 123 - 131).
Жаңа факторлар кешеніне бейімделу күрделі көп деңгейлі әлеуметтік-психофизиологиялық үрдіс болып табылады және студенттер ағзасындағы компенсаторлы-қалыптасу жүйесінің ширығуымен қоса жүреді. Соңғы 10-15 жылда студенттердің білім алуы барысында ақпараттық жүктеменің ағымы айтарлықтай өсті. Емтихан сессиясы кезінде студенттердің интеллектуалды-эмоционалды жағдайына шамадан тыс жүктемелер эсер ететіндіктен, орталық жүйке жүйесінің қозу үрдістері жоғарғы дәрежеде болатындығы анықталды [12-15]. Әсіресе студенттердің оқу барысындағы, сондай-ақ емтихан кезіндегі
нейровегетативті реттелуінің ерекшеліктері студенттердің денсаулық жағдайын нығайту стратегиясын жасау керектігіне дәлел болады. Жоғары оқу орындарында оқудың алғашқы кезеңдері студенттердің ағзасына бірнеше жаңа факторлардың эсер етуімен сипатталады, олардың ішінде оқу үрдісінің ерекшеліктері, жаңа ұжым, үй-тұрмыс жағдайы және тамақтануы оқу үрдісіндегі басты рөл болып табылады. Сонымен қатар, әдебиеттерде көрсетілгендей, әсіресе алғашқы оқу кезеңдерінде (төменгі курста) студенттердің жоғарғы потенциалды психоәлеуметтік бейімделуінің бұзылуы, ол ақыл-ой жұмысының ширығуы нәтижесінде емтихан тапсыру, мекенжай ауыстыруы және әлеуметтік қарым-қатынастар, созылмалы аурулары салдарынан болуы мүмкін. Айқын психоәлеуметтік бейімделудің бұзылуы негізгі танымдық психикалық үрдістерге зейін, есте сақтау және ойлау қабілеттеріне кері эсер етеді. Сонымен сессия кезінде төменгі курс студенттерінің жұмысқа қабілеттілігі мен зейін көрсеткіштерінің артуы фонында сөздерді қысқа мерзімді есте сақтау мен ұзақ есте сақтау көрсеткіштерінің төмендеуі көрініс берді. Бұл төменгі курс студенттерінің бейімделу реакцияларының ақпараттық ағымының көптігінен күрделірек жүретінін дәлелдейді, бейімделу сипаты жалпы белсенділіктің артуына, бірақ еріктік қасиетінің төмендеуіне бағытталған болу керек. Ал стресс жағдайлары төменгі курс студенттерінде өзгеше көрініс берді. Оларда мидың өткізгіштік қабілетінің, сонымен қатар сөздерді ұзақ мерзімде есте сақтау көрсеткіштерінің жоғарылауымен сипат береді[16-23].
Соңғы жылдары емтихандық стрестің және ұялы телефондардың әсері студенттердің жүйке жүйесіне, жүрек- қан тамыр жүйесіне және иммундық жүйесіне әсерлерін зерттеуге арналған жұмыстар жасалуда. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында жүрек және қан-тамыр дерттеріне шалдығушылық 5-7 есеге өсті, бұл дерттермен ауру-сырқаушылық және өлім құрылымы бойынша біздің республика алғашқы орындарды алады. Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуі десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік .
Ресей авторларының мәліметінде, емтихандық сессия кезінде студенттерде және мектеп оқушыларында жүрек - қан тамыр жүйесінің вегетативті реттелуінің бұзылуы, яғни жүрек жиырылуының жиіленуі, артериалдық қысымның көтерілуі, бұлшық еттік және психоэмоционалдық күш түсу деңгейінің көтерілуі тіркелген.
Емтихан тапсыру сессиясы кезінде және үздіксіз ұялы телефондардың әсерінде болу жалпы ағзаға физиологиялық жүктеме түсіреді, бұл жүктеме жалпы ағзада қандайда бір аурудың туындауына себепкер болады. Осы жүктеменің жүрек функциясына әсерін зерттеу, әсіресе тәулік бойында жүрек қызметін бақылау қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады [26-30].
Материалдар мен зерттеу әдістер: емтихандық сессия кезінде студенттердің ағзасындағы кардиожүйенің функционалдық күйін Холтер әдісімен зерттеу жұмысы әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының «Хронобиология және экологиялық физиология» ғылыми зертханасында орындалды. Әрбір студенттердің қолындағы ұялы телефондар қоршаған ортадағы электромагниттік өрістің көзі ретінде есептелді.
Зерттеу нысаны ретінде 20-21 жас аралығындағы 9 студент алынды. Сессияға дейінгі оқу процесінде студенттерден тіркелген ЭКГ көрсеткіштері қалыпты жағдай ретінде есепке алынды, ал сессия кезінде осы студенттерден тіркелген ЭКГ көрсеткіштерін тәжірибелік топ ретінде қарастырылды. Студенттерден тіркеліп алынатын ЭКГ көрсеткіштері Холтер мониторинг әдістемесі бойынша жүргізілді.
Холтер мониторинг әдістемесі бойынша клини^льщ- физиологиялық электрокaрдиогрaфия әдкімен жүрек жұмыcының электрокардиграммасын үзiлicciз тәулік бойы (24 сағат) SHILLER MT-200 HOLTER-EKG aппaрaтындa тіркелді. Schiller Хoлтep мoнитopинг жүйeci e^ бөлім^н тұpaды: Хoлтep peгиcтpaтopы МТ-101 жәнe МТ-200 бaғдapлaмacы. МТ-101 acпaбындa жүpгiзiлгeн тipкeулep МТ- 200 бaғдapлaмacынa eнгiздipiлeдi, oндa визуaлизaция (көpугe), ca^i^ жә^ aнaлиз жұмыcтapын жүpгiзугe бoлaды. ЭКГ тipкeудi жaқcы жүpгiзу үшін, жaқcы caпaлы cигнaлдapды тудыфу қaжeттiгiн қaмтaмacыз eту мақcaтындa peгиcтpaция жүpгiзу aлдын Хoлтep peгиcтpaтopы МТ-101 acпaптың диcплeйiндe ЭКГ cигнaлдapының caпacын aлдын aлa тeкcepiп aлынады, coдaн ^йін acпaпты тiкeлeй тipкeу жұмысын бacтaуғa бoлaды. Бұл жoғapы дeңгeйдe caпaлы ceнiмдiлiктeгi мәлiмeттepдi aлуды қaмтaмacыз eтeдi. Peгиcтpaцияның жұмыcы aяқтaлғaннaн ^йін мәлiмeттep peгиcтpaтop acпaбынaн пepcoнaлды кoмпьютepгe өткізіледі, арнайы орнатылған МТ-200 бaғдapлaмacында толық ЭКГ анализі жүргізіледі [24-25].
Қалыпты жағдайдағы және сессия кезіндегі студeнттepден 24 сағат бойы тіркелген электрокардиограммасы бойынша жүрек жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) ^pce^M және QRS жиынтығы зерттелді.
Алынған нәтижелер статистикалық өңдеуден өтті, Стьюденттің t-критериясы бойыншасенімділік дәлдігі анықталды.
Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау: 20-21 жас аралығындағы қалыпты жағдайдағы және сессия кезіндегі студeнттepдің жүрек жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) ^pce^^m және QRS жиынтығын анықтау мақсатында 24 сағат бойы Холтер әдістемесі бойынша электрокардиграмманы тipкeу күндізгі 12:00 сағат уaқытындa бacтaлып, 24 сағат өткеннен соң, кeлeci күннің ocu уaқытыcындa зepттeу тәжipибeci тoқтaтылады. Тіркеуге арналған регистратордың таймері бойынша 24 сағат белгіленген, барлығы қосу-өшу уақыттары автоматтандырылған.
Қалыпты жағдайда студенттердің жүрек жиырылу жиілігінің максимальды мәні - 101,0±2,8 соққы/минут сағат 15:00 уақытында тіркелген, ал минимальды мәні - 61,0±4,2 соққы/минут таңғы сағат 05:00 уақытында байқалды. Қалыпты жағдайдағы студенттердің жүрек жиырылу жиілігінің тәуліктік спектрінің динамикасында күндізгі 12:00 мен түнгі 24:00 аралығында тербелмелі ауытқушылықтар байқалады, жүрек жиырылу жиілігі 77,0 - 101,0 соққы/минут аралығында тербеледі. Ал, 08:00-11:00 уақыт аралықтарында қайта жоғарылағаны байқалып тұр. Түнгі уақыттың 01:00 сағатынан 07:00 сағат аралықтарында жүректің жиырылу жиілігі 75,0 соққы/минуттан төмендегені анықталды. Жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі ағзаның тыныштық күйге өтуіне байланысты. Алынған нәтижелер бойынша күндізгі мезгілде ағза сергек қимылдауына тәуелді жүрек жиырылу жиілігінің жоғарғы мәндері тіркелген, ал түнгі уақытта ағза демалуына байланысты, тыныштық күйге өтуіне тәуелді жүрек жиырылу жиілігінің төмен мәндері тіркелді (кесте 1).
Кесте 1 - Қaлыпты жaғдaйдaғы cтудeнттepдiң жүpeк жиьфылуыньщ жиілігі тэуліктік ^e^pm^ ди^ми^^і
Уақыты, сағат |
ЖЖЖ, мин/соққы |
Уақыты, сағат |
ЖЖЖ, мин/соққы |
12:00 |
86,0±4,2 |
00:00 |
77,0±1,4 |
13:00 |
89,0±1,4 |
01:00 |
68,5±3,5 |
14:00 |
92,5±9,2 |
02:00 |
68,5±3,5 |
15:00 |
101,0±2,8 |
03:00 |
66,0±2,8 |
16:00 |
97,0±1,4 |
04:00 |
62,5±2,1 |
17:00 |
87,5±9,2 |
05:00 |
61,0±4,2 |
18:00 |
85,5±9,2 |
06:00 |
63,5±2,1 |
19:00 |
89,0±1,4 |
07:00 |
64,5±4,9 |
20:00 |
96,5±6,4 |
08:00 |
92,0±8,5 |
21:00 |
88,5±6,4 |
09:00 |
95,5±4,9 |
22:00 |
85,0±1,4 |
10:00 |
76,5±2,1 |
23:00 |
82,0±1,4 |
11:00 |
83,5±3,5 |
Сессия кезінде студенттер тобындағы жүрек жиырылу жиілігінің өзгерістеріне талдау жасау барысында, емтихан кезінде студенттердің жүрек жиырылу жиілігінің максимальды мәні - 107,0±3,1 соққы/минут сағат 17:00 уақытында, ал минимальды мәні 75,0±5,6 соққы/минут 08:00 сағатында тіркелді. Күндізгі уақыттарда 12:00 сағаттан түнгі 24:00 сағат аралықтарында және 08:00 сағаттан келесі күннің 12:00 сағат аралықтарында жүректің жиырылу жиіліктерінде жоғарылаған да, төмендеген де мәндері тіркелді. Әрине бұл өзгерістерді ағзаның белсенді қимылымен сәйкестендіруге болады.
Студенттердің күнделікті сабақ кезіндегі және сессия кезіндегі жүрек жиырылу жиілігінің көрсеткішін салыстырып қарайтын болсақ, қалыпты жағдайдан ЖЖЖ көрсеткіштерінің ауытқыған мәндері байқалды. Күндізгі мезгілде жоғары төмен ауытқып тұратын мәні тіркелген болса, түнгі мезгілде жоғарылаған мәндері анықталды. Қалыпты жағдаймен салыстырғанда түнгі уақыт аралықтарында жүректің жиырылу жиілігі салыстырмалы түрде жоғарылағаны анықталды. Қалыпты жағдайда түнгі 01:00 сағат аралығымен 07:00 сағат уақыттарында ең төменгі мәнге тең болса, ал сессия кезінде сағат 01:00 мен сағат 07:00 уақыт аралықтарында қалыпты жағдаймен салыстырмалы түрде жоғарылағаны байқалып тұр. Яғни жүрек жиырылу жиілігінің жоғарылау ағзаның тыныштық күйге өтпеуіне байланысты (кесте 2).
Кесте 2 - Емтихандық сессия кезіндегі студенттердің жүрек жиырылу жиілігінің тәуліктік спектірі
Уақыты, сағат |
ЖЖЖ, мин/соққы |
Уақыты, сағат |
ЖЖЖ, мин/соққы |
12:00 |
96,0±6,4 |
00:00 |
85,0±2,1* |
13:00 |
94,0±71 |
01:00 |
84,0±4,2* |
14:00 |
101,0±1,4 |
02:00 |
80,0±4,9* |
15:00 |
103,0±3,5 |
03:00 |
79,0±5,1* |
16:00 |
101,0±7,3 |
04:00 |
80,0±4,2* |
17:00 |
107,0±3,1* |
05:00 |
82,0±4,5* |
18:00 |
106,0±9,2* |
06:00 |
79,0±1,4* |
19:00 |
89,0±7,1 |
07:00 |
80,0±2,1* |
20:00 |
88,0±4,2 |
08:00 |
75,0±5,6* |
21:00 |
100,0±7,1* |
09:00 |
88,0±7,1 |
22:00 |
86,0±2,8 |
10:00 |
107,0±8,1* |
23:00 |
83,0±2,8 |
11:00 |
98,0±0,7* |
Ескерту: * - қалыпты жағдаймен салыстырғанда статистикалық сенімділігі, р < 0,05
Қалыпты жағдайда және сессия кезінде зерттелген жүректің жиырылу жиілігінің мәндерін бір-бірімен салыстырып қарағанда, 24 сағаттың ішінде қалыпты жағдайдағы ЖЖЖ мен емтихан кезіндегі ЖЖЖ мәндерінің айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Зерттеуге алынған
мезгілдердің ішінен 17:00 сағатта 107,0±3,1 соққы/мин, сағат 18:00-де -106,0±9,2 соққы/мин болса, сағат 21:00-де 100,0±7,1 соққы/мин, сағат 24:00-де 85,0±2,1 соққы/мин, сағат 01:00-де 84,0±4,2 соққы/мин, сағат 02:00-де 80,0±4,9 соққы/мин, сағат 03:00-де 79,0±5,1 соққы/мин, сағат 04:00-де 80,0±4,2, сағат 05:00-де 82,0±4,5 соққы/мин; сағат 06:00-де 79,0±1,4 соққы/мин; сағат 07:00-де 80,0±2,1, сағат 08:00-де 75,0±5,6 соққы/мин, сағат 10:00-де 107,0±8,1 соққы/мин, сағат 11:00-де 98,0±0,7 соққы/минуттарда статистикалық дәлдікпен (р<0,05) қалыпты жағдайдан айтарлықтай жоғарылаған.
Емтихан кезіндегі студенттердің жүрек жиырылу жиілігінің нәтижелері қалыпты жағдайда алынған нәтижелерден мүлдем басқа көріністі берді. Қалыпты жағдайдан жоғарылаған да төмендеген де мәндері анықталды. Ағзаның белсенді физиологиялық күйіне сәйкес жоғары мәндері және тынышталған кезіндегі төмен мәндері қалыпты жағдайдағы көрсеткіштеріне сәйкес синхронды өзгерген.
ЖЖЖ
қалыпты жағдайда
сессия кезінде
12 14 16 18 20 22 24 2
уақыт, сағат
Сурет 1 - Қалыпты жағдайдағы және сессия кезіндегі студенттердің жүрек жиырылу жиілігі
Қалыпты жағдайдағы, яғни күнделікті сабақ уақыты кезінде
студенттердің жүрек-қан хроноқұрылымдық көрсеткіші жиынтығы зерттелді. QRS
тамыр жүйесінің ретінде алынған QRS жиынтығы қарынша
бұлшықетінде туатын қозудың таралған уақытында
жүректе қалыптасатын потенциалдың динамикасын бейнелейді.
Қалыпты жағдайдағы студенттердің QRS жиынтығында 12:00-ден 00:00 сағаттар аралықтарында тербелмелі
ауытқушылықтар байқалады, 5156,0±227,7 * 4612,0±130,1
мәндері аралықтарында тербеледі. 08:00-11:00 уақыттарда тіркелген мына мәндер 5408,5±589,01 * 4982,0±172,5 QRS жиынтығының қайта жоғары мәндерге ие болғанын көрсетіп отыр.
QRS жиынтығында алынған көрсеткіштердің ішінен максимальды мән 6002,5±204,3 сандық бірлігі сағат 15:00 уақытында және 16:00 сағатта 5758,0±46,7 мәні тіркелді, ал минимальды көрсеткіші таңғы сағат 04:00 сағатта 3798,5±130,8 және 05:00 уақытында 3687,0±213,5 көрсеткішімен тіркелді (3-кесте).
Кесте 3 - Қалыпты жағдайдағы студенттердің QRS жиынтығы
Уақыты, сағат |
QRS , |
Уақыты, сағат |
QRS |
12:00 |
5156,0±227,7 |
00:00 |
4612,0±130,1 |
13:00 |
5322,0±63,6 |
01:00 |
4137,0±216,4 |
14:00 |
5548,5±539,5 |
02:00 |
4151,5±171,8 |
15:00 |
6002,5±204,3 |
03:00 |
3987,0±162,6 |
16:00 |
5758,0±46,7 |
04:00 |
3798,5±130,8 |
17:00 |
5252,5±495,7 |
05:00 |
3687,0±213,5 |
18:00 |
5139,5±536,7 |
06:00 |
3822,0±114,5 |
19:00 |
5285,5±58,7 |
07:00 |
3877,5±273,6 |
20:00 |
5801,5±403,7 |
08:00 |
5408,5±589,01 |
21:00 |
5319,5±311,8 |
09:00 |
5627,0±288,5 |
22:00 |
5129,0±113,1 |
10:00 |
4619,0±104,6 |
23:00 |
4902,0±1,4 |
11:00 |
4982,0±172,5 |
Емтихандық сессия кезіндегі студенттердің QRS жиынтығының мәндерін қарастыратын болсақ, алынған көрсеткіштердің ішінен максимальды мән 6420,0±412,9 сандық бірлігі сағат 15:00 уақытында және 17:00 сағатта 5917,5±499,9 мәні тіркелді, ал минимальды көрсеткіші сағат 08:00 сағатта 4197,5±272,2 және 03:00 уақытында 4321,0±406,5 мәндеріне тең болды.
Сессия кезіндегі студенттердің QRS жиынтығында 12:00-ден түнгі 00:00 сағаттар аралықтарында тербелмелі ауытқушылықтар байқалады, 5124,0±758,01 * 5340,0±115,2 мәндері аралықтарында тербеледі. Ал, 01:00-09:00 уақыттарда 4620,0±241,1 * 4584,0±886,7 төмендеген мәндер тіркелген. Сағат 10:00 - 11:00 аралықтарында мына мәндер 5837,0±671,7 * 5802,0±9,8 QRS жиынтығының қайта жоғары нәтижелерді көрсетіп отыр.
Қалыпты жағдаймен салыстырғанда сессия кезінде жоғары және төмен мәндерді көрсеткен QRS жиынтығының уақыт мезгілі бойынша ауытқығаны анықталды. 20:00 сағатта 5037,5±225,5 соққы/мин, 05:00 сағатта 4320,0±307,5 соққы/мин, 06:00 сағатта 4410,0±88,3 соққы/мин, 07:00 сағатта 4800,0±66,4 соққы/мин, 08:00 сағатта 4197,5±272,2 соққы/мин, 09:00 сағатта 4584,0±886,7 соққы/мин, 10:00 сағатта 5837,0±671,7 соққы/мин, 11:00 сағатта 5802,0±9,8 соққы/минуттарда статистикалық дәлдікпен (р<0,05) айтарлықтай жоғарылаған (4-кесте).
Кесте 4 - Сессия кезіндегі студенттердің QRS жиынтығы
Уақыты, сағат |
QRS |
Уақыты, сағат |
QRS |
12:00 |
5124,0±758,01 |
00:00 |
5340,0±115,2 |
13:00 |
4968,5±740,3 |
01:00 |
4620,0±241,1 |
14:00 |
5950,0±67,1 |
02:00 |
4500,0±271,5 |
15:00 |
6420,0±412,9 |
03:00 |
4321,0±406,5 |
16:00 |
5381,0±988,5 |
04:00 |
4430,0±239,7 |
17:00 |
5917,5±499,9 |
05:00 |
4320,0±307,5* |
18:00 |
5148,5±1481,5 |
06:00 |
4410,0±88,3* |
19:00 |
4738,5±866,2 |
07:00 |
4800,0±66,4* |
20:00 |
5037,5±225,5* |
08:00 |
4197,5±272,2* |
21:00 |
5363,5±825,2 |
09:00 |
4584,0±886,7* |
22:00 |
5250,0±172,5 |
10:00 |
5837,0±671,7* |
23:00 |
5120,0±181,01 |
11:00 |
5802,0±9,8 |
Ескерту: * - р<0,05 қалыпты жағдаймен салыстырғанда статистикалық сенімділік
Стресстің бірінші сатысында адамның жүрегі жиі соғады. Еуропада жыл сайын миллиондаған адамдар күйзеліске байланысты жүрек қан тамыр жүйесінің қызметінің бұзылысынан өлген. Стрестік жағдайлар жүректің ишемиялық ауруына және инсультқа алып келуі мүмкін. Егерде адам басынан қатты күйзеліс, қарқынды стресті немесе қайғылы күнді өткізетін болса, бұл ауыртпалық жүрек ұстамасына алып келуі мүмкін. Стреске адам қатты қуанған жағдайда да түседі. егерде адам қандайда бір стреске түсетін болса бірінші кезекте жүрек жиырылу жиілігі өзгереді, қан тамырлар тонусы бұзылады, басқада физиологилық өзгерістерге алып келеді. Ауыр стресс кезінде жүрек бұлшықеттерінің тонусы өзгереді, бұл ауруды жүректің сынуы немесе кардиомиопатия деп атайды [13].
Сонымен, қалыпты жағдайда күндізгі уақытта, яғни ағза белсенді кезде жоғарғы мәндерге тең болса, ал түнгі мезгілде ағза демалуына байланысты төмен мәндер тіркелген, яғни ағза тыныштық күйге тәуелді болып келеді. Ал, сессия кезінде түнгі мезгілде қалыпты жағдайдан жоғарылаған, алайда синхронды түрде тербелген мәндер тіркелген.
Сессия кезінде түнгі уақытта бақылауға алынған студенттер ағзасы тыныштық күйге өтпеген, сондықтанда қалыпты жағдаймен салыстырғанда жоғарғы мәндерге тең.
Қорыта келгенде, қалыпты жағдай ретінде алынған күнделікті сабақ кезінде студенттердің жүрек қызметіндегі алынған мәліметтер стандартты түрде қабылданған көрсеткіштерге сәйкес келеді. Ал сессия кезінде студенттердің ой қызметімен қатар психосоматикалық стресс (ойлану, ашулану, уайымдау, қуану т.б.) күйіне түсетінін, физикалық жүктеме ретінде қимылсыз отыратынын ескерсек, сонымен қатар электромагниттік өрістің әсерінде ұзақ уақыт болуы жүрек функциясына да өз әсерін тигізетінін зерттеу жұмысының нәтижелері көрсетіп отыр. ЖЖЖ және QRS жиынтығының көрсеткіштері белсенді жүрген кезде де тыныштық күйде де (ұйықтап жатуы) қалыпты жағдайдан ауытқыған өзгерістерімен ерекшеленеді, синхронды түрде түнгі мезгілдерде қалыптыдан жоғарылағаны анықталды. Сессия кезінде студенттер жастардың жүрек функциясына көп көңіл аудару мақсатында өз өзін тыныштандыру тренинг жаттығулар арқылы стресстен шығу жолдарын жүргізу қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Аганянц Е.К. Физиология человека: учебник для магистрантов и аспирантов. - М.: Советский спорт, 2005. - 336 с.
- Амвросьева В энтеровирусные инфекции сердца у больных миокардитами и кардиомиопатиями // Весці НАН Беларусі. - 2004. - №3. - С. 73-79.
- Агаджанян Н.А., Ораевский В.Н., Макарова И.И.. Медико- биологические эффекты геомагнитных возмущений. - М.: ИЗМИРАН, 2001. - 136 с.
- Агаджанян Н.А. Проблема адаптации и учение о здоровье. - М.: Изд-во РУДН, 2006. - 284 с.
- Баевский, P.M. Концепция физиологической нормы и критерии здоровья // Российский физиологический журнал.- 2003. - №4. - С. 473-487.
- Григорьев Ю.Г. Влияние электромагнитного поля сотового теле- фона на куриные эмбрионы // Радиационная биология. - 2003. -Т.43, №5. - С. 541-543.
- Гвоздарев А.Ю. Введение в электромагнитную экологию: учеб. пособие. - Горно-Алтайск: 2004. - 117 с.
- Григорьев Ю.Г. Сотовая связь: радиобиологические проблемы и оценка опасности // Радиационная биология. Радиоэкология. - 2001. - Т. 41, №5. - С. 500-513.
- Герчикова Т.Н., Тополянский А.В., Рыбакова М.К. Болезни сердца. - М.: Энциклопедия. - 543 с.
- Л.Д. Гриншпуна, А.В. Пивника. Гериатрическая гематология. Заболевания системы крови в старших возрастных группах. - М.: Медиум, 2011. - 312 с.
- Румянцев Г.И. Анализ патогенетической значимости излуче- ний мобильных телефонов // Гигиена и санитария. - 2004. - №5. - С. 31-35.
- Торманов Н., Төлеуханов С. Ағзалардың қызметін реттеу және бейімделу механизмдері. - Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 139 б.
- Шибкова Д.З. Практикум по физиологии человека и животных. - Челябинск: Изд-во ЧГПУ, 2003. - 279 с.
- Покровской В.М., КоротькоГ.Ф., Физиология человека: Учебник для медвузов. - М.: Медицина, 2005. - С.116-134.
- Макаров Л.М. Холтеровское мониторирование. 2-е изд. - М.: Медпрактика-М, 2003. - 340 с.
- Alter P. RuppH. Mais^ B. Adivated писіеаг trans^ip^on fador KB inpatients with myocarditis and dilated са^іотуораШу relation to inflammation and cardiac fundion // Bio^em. Biophys. Res. Comm. - 2006. - Vol. 339, №1. - Р.180-187.
- Barold S.S. Norman J. "Jeff" Holter -"Father" of ambulatory ECG monitoring // Journal of Interventional Cardias Eledrophysiology. - 2005. - №14(2). - P. 117-118.
- Braunwald E. (Editor). Heart Disease: A Textbook of Cardiovasdilar Medidne. — Philadelphia: W.B. Saunders Co., 1997. - 108 р.
- Bessisso M. Pattern of heada^e in s^ool Mildren in the State of Quatar // Saudi Medidne Journal. - 2005. - Vol.26(4). - Р. 566-570.
- B^heitM. Habitual adivity, physfcal fitness and heart rate variability in preadolescents [Text] // Int. J. Sports Med. - 2007. - Vol. 28, № 3. - Р. 204-210.
- CoatesA.L. Sources of variation in FEV1 // Am. J. Respir. Crit. Care Med.- 2004. - №149. - P. 439-443.
- Davignon, A. Normal ECG standarts for unfant and Mildren [Text] // Ped. Cardiology.- 1990. - V.1. - P. 123 - 131.
- Doncheva N.I. Overweight, dislipoproteinemia, and heart rate variability measures // Folia Med. (Plovdiv). - 2003. - Vol.45(1). - P. 8-12.
- Fujii H. Autonomic regulation after exercise evidenced by spectral analysis of heart rate variability in asthmatic children // Annals of Allergy, Asthma & Immunology. - 2000. - Vol. 85., №3. - P. 233 - 237.
- Guizar J.M. Heart autonomic function in overweight adolescents // Indian Pediatr.-2005. - Vol. 42(5). - Р. 464 - 469.
- Helbig, S. Is parenthood associated with mental health // Soc. Psychical and Psychiatric Epidemiology. - 2006. - Vol. 41, №11. - P. 889896.
- Matturri L., Ottaviani G., Ramos S.G., Rossi L. Sudden infant death syndrome (SIDS): a study of cardiac conduction system // Cardiovascular Pathology. - 2000. - №9. - Р. 137-145.
- Newby R. From Norman Jefferis «Jeff» Holter. A Serendipitous Life: An Essay in Biography // Drumlummon Views. Fall. - 2008. - P. 224256.
- Sassone-Corsi Paolo. Rhythmic transcription and autoregulatory Loops: Winding up the biological clock // Cell.- 1994. - Vol. 78, №3. - P. 361-364.