Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тыныс алу ағзалары ауруларымен жиі ауыруына алып келетін отбасылық қауіп-қатерлер

Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың ағзасында тыныс алу ағзаларының сырқаттануына статистикалық тұрғыда нақты әсер ететін негізгі қауіп-қатерлер келтірілген. Қауіп-қатерлердің зияндылығы бойынша алатын орны анықталған. 3-6 жастағы балалардың жиі сырқаттануына алып келетін «отбасылық» себептердің қатерлі факторлары көрсетілген.

Тақырыптың өзектілігі. Денсаулық сақтау жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі балалық жастағы тұрғындардың денсаулығын сақтау және оны одан ары арттыру болып табылады. Оның ішінде, жиі және ұзақ сырқаттанатын (ЖҰС) балалардың денсаулығын қорғау мәселесі үлкен ғылыми тәжірибелік маңызға ие болып отыр. Себебі, осы балалардың аурушаңдық көрсеткішінің деңгейі жалпы балалар тобы аурушаңдығының деңгейін анықтайды. Сондықтан осы қатерлі топты дер кезінде анықтап, оларда сауықтыру балалардың аурушаңдық көрсеткішінің деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Жиі және ұзақ ауыратын балаларды отбасымен бірге сауықтыру жүйесі қолданылуы тиіс. Отбасылық емдеу жүйесінің медициналық, әлеуметтік және экономикалық тиімділігі, отбасының белсенді қатысуымен емдеу тиімділігінен айтарлықтай жоғары .

Зерттеу материалдары мен әдістері. Біз мектепке дейінгі жастағы жиі және ұзақ ауыратын балалардың (жылына 4 реттен жиі және 60 күннен артық) әлеуметтік-гигиеналық және медициналық-биологиялық қатерлі себептері анықталды. Осы мақсатта жиі ауыратын балалары бар және сирек ауыратын балалары бар 400 ананың арасында сауалнама жүргізілді.

Зерттеу жұмысы Шымкентте орналасқан балалар емханаларында жүзеге асырылды. Сауалнамалардың репрезентативтік санын қамтамасыз ету үшін стандарттық формуламен қайталанбайтын таңдама жасалды. Қатерлі себептердің қосарлана тигізетін әртүрлі зияндылық әсерін анықтау мақсатында Бинестің мүмкіндік әдісіне негізделген және кезеңдете жүргізілетін Вальда сараптамасы қолданылды. Сауалнамалардағы қатерлі себептердің Кульбахтың ақпараттылық деректілігі өлшемімен анықталды. Зерттеу барысында жиі ауыратындардың9% 136 бала шала туылғандар болып шықты, ал сирек ауыратындар арасында шала туғандардың үлес салмағы 3 есеге (3%0 ) төмен екен (12 бала). Айта кететін жағдай, негізгі топтағы балалардың жартысынан көбі (219 бала) 6 айдан кем анасының сүтімен қоректенген, ал салыстырмалы топтағы балалардың бар болғаны 88 (22%) ана сүтімен 6 айдан кем қоректеніпті. Негізгі топтағы балалардың 32,5% (130 бала) тыныс алу ағзаларының ауруларымен жиі сырқаттанса, салыстырмалы топтағы балалардың 50 (12,5%) ғана осы ауруларға жиі шалдыққан болып шықты. Социологиялық зерттеудің нәтижесіне қарағанда, негізгі топтағы балалардың туған-туысқандарының 18,5% (74 адам) және салыстыру тобындағы балалардың туған- туысқандарының 7,5% респираторлық ауруларға жиі шалдыққан(Р< 0,0001).

Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, жиі ауыратын балалардың отбасындағы медициналық белсенділік өте төмен болып отыр. Дәлірек айтқанда жиі ауыратын 192 баланың(48%) ата-анасы олардың ауруына байланысты дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгінбеген, ал сирек ауыратын салыстыру тобындағы балалардың ата-анасының дер кезінде дәрігерге қаралмауы 15,5% құрады(62 адам). Негізгі топтағы ата-аналардың 42% (168 отбасы) балаларының ауырғанына қарамай бала бақшаға жіберген, ал сирек ауыратын балалардың (салыстырмалы топ) сырқатына қарамай бала бақшаға жіберу оқиғалары 12% немесе 48 оқиғаны құрап отыр (Р < 0,0001). Дәрігерлердің тағайындаған емдік шараларын толыққанды орындамау деңгейі негізгі топтағы ата-аналардың арасында 44% (176 оқиға) жетсе, жарым жартылай орындау оқиғаларының үлес салмағы 13% (48 оқиға) ғана құраған салыстыру тобындағы ата-аналардың дәрігерлер тағайындаған емдік шаранытолыққанды орындамау деңгейі 21% (84 оқиға), ал жарым жартылай орындау 3% немесе 12 оқиғаны құраған (Р< 0,0001).

Өз бетінше емдеген ата-аналардың үлес салмағы жиі ауыратын балалардың арасында (256 адам) 64% жетеді, ал сирек ауыратын балалардың ата-аналары арасында 20% дейін (80%) түзеліп отыр. Ал, жиі ауыратын балалардың 28% (112 оқиға) олардың науқастануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бас тартса, салыстыру тобындағы балалардың ата-анасы арасындағы осындай оқиғалардың үлес салмағы 9% түзеп отыр(36 оқиға).

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, жиі ауыратын балалардың ата-аналары олардың денесінің төзімділігін арттыратын ешқандай да шараларды қолданбайтын болып шықты, ал сирек ауыратындардың ата-аналары ішіндегі жартысынан көбі 52% немесе 208 отбасы балаларының арасында осындай шаралармен айналысатын болып шықты. Негізгі топтағы балалардың 32% (128 бала) жазғы демалыс кезін қаланың сыртындағы таза ауада өткізсе, салыстыру тобындағы балалардың 74% (296 бала) қала аумағынан тыс, антропогендік тұрғыда таза жағдайда демалуға мүмкіндігі бар болып шықты (Р< 0,01).

Жиі ауыратын балалардың ата-анасында зиянды әдеттер кеңінен таралған. Негізгі топтағы балалардың отбасында ата-аналардың 47% (188) олардың көзінше темекі шегеді, ал олардың 26% (104 бала) әкесі аптасына 1 рет алкогольдік ішімдік қабылдайды. Ал салыстырмалы топта бұл әдеттердің ата-аналары арасындағы кездесу жиілігі 14% (56 балада) және 10% (40 балада)болып шықты.

Социологиялық зерттеу барысында жиі ауыратын балалардың отбасы әлеуметтік және коммуналдық тұрғыда нашар қамтылғандығын көрсетті. Олардың 29% (116) отбасы толық емес, ал сирек ауыратын балалардың арасында толық емес отбасылардың үлес салмағы 12%- дан(48) артпады.Негізгі топтағы балалардың ата-анасының

бірі жұмыс істемеу оқиғаларының деңгейі 8% (32бала), ал сирек ауыратын балалар арасындағы осындай оқиғалардың таралу деңгейі 3,5% (14 бала) құрады (Р< 0,05). Жан басына шаққандағы табыстың өмір сүруге жететін деңгейінен төмен болуы, негізгі топтағылар арасында 18,5% (74 бала), сирек ауыратындар тобында 7% (28 бала) ғана болып шықты. Негізгі топтағы аналардың 27% (108 ана) жиі стресстік жағдайлар болып тұратындығын көрсетсе, ондай аналардың үлес салмағы салыстыру тобында 9% (36 ана) ғана болып отыр. Негізгі топтағы отбасылардың 14% (56 отбасы) жатақхана мен жалдамалы үйлерде өмір сүрсе, салыстырмалы топтағы отбасылардың арасында қалыптасқан осындай жағдай 3% (12 отбасы). Жиі ауыратын балалар тобында 1 пәтерде 5 адамнан астам тұратындардың үлес салмағы 29% (116 отбасы), сирек ауыратын балалар тобында 9,5% екендігі белгілі болды(38 отбасы).

Балабақшаға жаяу немесе автобуспен баратындардың үлес салмағы жиі ауыратындар арасында 69,5% жетсе (278 бала), сирек ауыратындар арасында 14% құрап (56 бала) отыр (Р< 0,001). Жиі ауыратын балалардың арасында мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы інілері мен қарындастары барларының үлес салмағы 42% жетсе (170 бала), сирек ауыратындар тобында 17,5% болып (70 бала) шықты (Р< 0,001).

Негізгі топтағы балалардың 75% балабақшаға барса, салыстырмалы топтағы балалардың 52,5% балабақшаға барады екен. Ал аналардың балалардыкүтуге беретін демалысын толық қолданбауы негізгі топта 22,4% құраса, салыстырмалы топта 13% түзеп отыр.

Сонымен, социологиялық зерттеулердің арқасында мектепке дейінгі балалардың жиі ауруға шалдығуына алып келетін қауіпті себептерін нақты анықтап, олардың қатерлілігін немесе деректілігін есепке ала отырып, алатын орнын белгілеуге қол жеткіздік (1 кесте).

Кесте 1 - Мектепке дейінгі жастағы балалардың жиі ауруына себеп болатын қауіпті себептерінің деректілігі (қатерлілігі) бойынша алатын орны

1

2

3

4

5

6

Қ/с

себептер

Негізгі топ %

Салыстырмалы топ %

Қатерлі себептің деректілігі

%

І. Медициналық биологиялық себептер

1

Анасының сүтімен 6 айдан кем қоректенуі

54,75

22

51,8

12

2

Ерте жастан тыныс ағзаларының ауруларымен жиі сырқаттану

38,5

12,5

27,1

6,3

3

Ата-аналарының тыныс ағзаларында созылмалы аурулары бар

24,5

9

16,2

3,8

4

Баланың шала туылуы

9

3

7,8

1,8

5

Туған туыстарында жиі респираторлық аурулары бар

18,5

7,5

7,2

1,7

ІІ. Әлеуметтік-гигиеналық себептер

1

Баланы өз бетінше емдеу

64

20

48,2

11,2

2

Баланың науқастануына байланысты дәрігерге дер кезінде қаратпау

48

15,5

36,2

8,4

3

Науқастанған баланың балабақшаға баруы

42

12

30

6,9

4

Отбасында жиі стресстік оқиғалардың болуы

27

9

19,8

4,6

5

Баланың науқастануына байланысты берілетін аурушаңдық парағынан аналарының бас тартуы

28

9

19,7

4,3

6

Балалардың көзінше ата- аналарының темекі шегуі

47

26

17,2

4

7

Дәрігердің тағайындаған емдік шараларын толық орындамау

44

13

17

3,9

8

Дәрігердің тағайындаған емдік шараларынан бас тарту

21

2,9

16,9

3,9

9

Жатақханада немесе жалдамалы пәтерде тұру

14

3

16,7

3,9

10

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы қарындастары мен інілерінің болуы

42

17,5

13,7

3,2

11

Жан басына шаққандағы табыстың отбасылық өмір сүруге қажетті деңгейден төмен болуы

18,5

7

12,6

2,9

12

Жазғы кезеңде баланың қалада болуы

32

74

12,5

2,9

13

Отбасыда балаға дененің төзімділігін арттыру шараларын жүргізбеу

82,8

52

12,2

2,8

14

Әкесінің аптасына бір рет немесе одан жиі алкогольдік ішімдікті қабылдауы

14

10

11,2

2,6

15

Толық емес отбасы

29

12

10,9

2,5

16

Баланың балабақшаға баруы

75

52,5

9,2

2,1

17

Аналардың балаларды күтуге беретін демалысын толық пайдаланбауы

22,4

13

6,4

1,5

18

Балабақшаға қоғамдық автокөлікпен қатынауы

69,5

14

4,6

1,1

19

Бір пәтерде бес адамнан артық өмір сүруі

29

9,5

4,1

0,9

20

Ата-ананың бірі жұмыссыз

8

3,5

2,8

0,8

Келтірілген материалдарға қарағанда мектепке дейінгі жастағы балалардың жиі ауыру себептерінің арасында олардың денсаулығына өте қатерлі әсер ететіндер әлеуметтік-гигиеналық себептер болып шықты (1кесте). Олардың балаладың жиі ауруларын тудыруға қосатын үлес салмағы жоғары, қатерлілік қуаты 75% дейін жетеді екен. Олардың ішінде ең қатерлі себептерге балаларды өз бетінше емдеу, балалардың науқастануына байланысты дәрігерге дер кезінде қаралмау, балалардың балабақшаға баруы, отбасындағы жиі болатын стресстік жағдай жатады.

Оларды қатерлілік қуатының жиынтық деңгейі 31,2% жетті. Айта кететін мәселе, осы топтағы себептердің көбісі отбасылық сипатта екен.

Қорытынды.Зерттеу барысында, мектепке дейінгі жастағы балалардың жиі сырқаттануына алып келетін медициналық-биологиялық себептер анықталды. Олардың қатарына сәбилерді анасының сүтімен 6 айдан кем қоректендіру, ерте жаста тыныс алу ағзалары ауруларымен жиі сырқаттану ата-аналарда тыныс алу ағзаларының созылмалы ауруларының болуы, баланың шала болып туылуы және ағайындарының арасында жиі өткір респираторлық аурулардың болуы жатады. Сонымен, мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында қалыптасатын жиі аурушаңдықтың ең қауіпті себептерін анықтауға көмектесті. Олардың басым бөлігін «отбасылық» қатерлі себептерге жатқызуға болады. Анықталған деректі материалдар мектеп жасына дейінгі балалардың жиі сырқаттануының алдын алуға бағытталған кешенді отбасылық сауықтыру бағдарламасын жасауға және тиімді түрде қолдануға жол ашады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Руководство ВОЗ по ведению наиболее распространенных заболеваний в стационарах первичного уровня адаптированное к условиям РК «Оказание стационарной помощи детям». - Женева: 2005. - Б. 72-73.
  2. Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организации здравоохранения в 2015 и 2016 гг. Астана - Алматы: 2017. - 49 с.
  3. Альбицкий В.Ю., Балаболкин И.И., Баранов А.А., Белова Н.Р. и др. Прогноз развития научных исследований в педиатрии на 20062010 гг. // Вопросы современной педиатрии. - 2006. - Т.5, №5. - С. 111-118.
  4. Поникоровская Л.А. Клинические особенности амбулаторных пневмоний на современном этапе // Тринадцатый нац. конгресс по болезням органов дыхания. - СПб.: 2003. - Б. 217-224.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.