Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Репродуктивті қызмет пен геномды тұрақсыздыққа арал теңізі аэрозольдерінің әсері (әдебиетке шолу)

Аталған мақалада Арал теңізі аймағында өмір сүретін тұрғындардың денсаулығына ауа-райы өзгерісінің әсері туралы зерттеу мәліметтері көрсетілген. Адам организміне шаң-тұзды аэрозольдердің ингаляциялық әсеріне көңіл бөлінген. Шаң-тұзды аэрозольдер құрамы бойынша біркелкі емес және құрамында ауыр металлдардың бөлікшелері мен ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердің өнімдері бар екендігі туралы сипатталған. Сонымен қатар, мақалада Арал теңізінің шаң-тұзды аэрозольдерінің репродуктивті жүйеге және адамның геномына әсерін бағалау әдістері туралы көрсетілген.

Өзектілігі. Қазіргі қоғамда маңызды мәселелердің бірі адам денсаулығына бізді қоршаған ортаның, әлемнің әсері болып табылады. Табиғи құбылыстар және/немесе адам қызметінің әсерінен өзгеріске ұшырайтын экологиялық факторлар көбінесе тек бір шектелген ауданда өмір сүретін қоғамға ғана әсер етпейді. Егер де қандайда бір экологиялық апат бар болса, оның салдары тікелей әсер еткен территорияда ғана емес, сонымен қатар он мыңдаған километр жерлерде байқалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек популяцияның денсаулығына әсер ететін экологиялық факторлар үлесіне 30% дейін берілген. Алайда, қоршаған ортаның кері әсерін демографиялық көрсеткіштің нашарлауынан, организмнің қорғаныштық қасиетінің төмендеуінен көруге болады[1]. Егер адамзат қоршаған ортаның нақты қауіп факторлары мен сол ортада өмір сүріп жатқан тұрғындар денсаулығының арасындағы байланысты анықтаса, ондап бұл аталған мәліметті алдын алу шараларына бағытталған іс-шараларда қолдана алар еді. Бірақ аталған үрдіс күрделі және көптеген қаражаты қажет етеді.

Мұндай апат Арал теңізі болып табылады. Осы уақытқа дейін көптеген зерттеулер жүргізілді, ондаған жылдар бойы ғалымдар бұл таңғажайып теңізбен не болып жатқанына анықтама беруге тырысып жатыр.

Мақсаты: Арал теңізі аэрозольдерінің репродуктивті қызмет пен геномды тұрақсыздыққа әсерін зерттеу мүмкіндігі. Зерттеушілердің пайымдауынша, Арал теңізі дағдырысы біздің заманымыздың жаһандық экологиялық проблемасы болып табылады.Өңірдегі ахуалдың ауырлығы мен экстремалды сипаты онжылдықтар бойы Аралға құятын өзендер арқылы өнеркәсіптік қалдықтардцың, химиялық ластағыштардың, пестицидтердің, әртүрлі тыңайтқыштардың және зиянды заттар ағып келіп теңіз түбінде жиналуымен түсіндіріледі. Енді Аралдың кебуіне байланысты түбінде жиналған зиянды заттар теңіз түбінен шаң-тұзды аэрозолдьдер түрінде көтеріліп, желді дауылдар кезінде он мыңдаған шақырымдарға таралады. Осының спектрометрия жэне тағы басқалар спектрометриялық эдістері зерттеліп молекулалары немесе атамдарының [12]. Анализдің жатқан заттың электромагнитті қышқылын қолданады. Сынаманың ыдырау кезеңі негізгі болып табылады. Биологиялық объектілерді элементті анализдеуде екі эдістемелік тэсілдемелерді ажыратады: сынаманы минерализациялау жэне Сынамалардың тікелей анализі кезеңінде дамуы мүмкін жүйелік оны ыдыратпау. минерализациялау қателікті жоюға әсерінен аумақтың аридизациялауы, ауа-райының өзгеруі, топырақтың тұздануы, халықты сумен жабдықтаудың бұзылуы дамиды.Ученые всего мира еще в первые годы начала падения уровня дна Аральского моря, забили тревогу и стали задаваться вопросом, о том, как это повлияет на прилежащие территории.Арал теңізі деңгейінің төмендеуі басталған алғашқы жылдары-ақ бүкіл әлем ғалымдары дабыл қағып, көрші аумақтарға қалай әсер ететіні туралы сұрақтар мазалай бастады. Құрғаған Арал теңізінің түбінен желмен не ұшатыны тағы ойландырды[2]. Желдің таралуы атмосфералық қысым мен территорияның бедеріне байланысты және ауа- райына орасан зор ықпал етеді. Шаң тозаңдары ауа, жылу және ылғалдылықпен таратылады. Ғалымдар желмен топырақтың таралуын көрсететін үлгілерді бірнеше рет жетілдірді, осы үлгілердің көмегімен Қазақстан аймағында Арал теңізінің құрғаған бөліктерінен топырақтың таралуын зерттеді. Көпжылдық зерттеулердің мәліметтерін ескере отырып, топырақтың таралу массасы бір жылда 1,6 млн жетеді [3]. Замануи мәліметтерге сүйенсек шаңның таралу көлемі топырақтың түріне байланысты екені анықталды. Арал теңізінің бұрын сулы, қазір құрғақ болған түбінің бөлігі эрозияға ұшырағыш келеді- қыртысты сортаңды жерлерде 620 т/км2 дейін және томпақты сортаңды жерлерде 2800 т/км2 дейін.

Бұл өзгерістер міндеті түрде атмосфералық шаңның құрамының өзгеруіне және ерігіш тұздардың үлесінің ұлғаюына әкеледі. (4) Топырақтың көшуінің негізгі көзі шаңды дауылдар болып табылады, оның 83% көпжылдық масса, ал 17% шаңды борасындар құрайды [5]. Шаңның құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Онда мөлшері, салмағы біркелкі емес элементтер болуы мүмкін, сондықтан бөлшектердің тұну үрдісі біодей емес жылдамдықпен жүреді. Физика заңына сәйкес, салмағы мен мөлшері үлкен бөлшектер желдің ағымынан бірінші шығып, таралу басталған көзден алыс емес жерге қонады. Ал ұсақ бөлшектер сәйкесінше біршама алыс арақашықтыққа ұшып кетеді де, таралу ошағынан алыстаған сайын бөлшектердің концентрациясы төмендей береді. Бұл шаңды көріністер ғарыштан жасалынған суреттерде өте жақсы көрсетілген. Арал теңізінің суреттерін зерттей келе ғалымдар Арал теңізі аймағындағы шаңды көріністер бірнеше жүз шақырымға таралатыны, ал теңіздің түбі Азиядағы аэрозольдердің негізгі ірі көзі болып табылатыны туралы қорытынды жасады. Болып жатқан өзгерістердің ұзақтығын ескере отырып, уақыт өте келе аталған ауданда экологиялық жағдайдың нашарлауы, Арал аймағында өмір сүретін тұрғындарға қоршаған ортаның әсер ететін факторларын зерттеу өзектілігі күн санап өсіп келе жатыр. Соңғы бірнеше жылда Қазақстан Республикасында Арал аймағының тұрғындарының денсаулығын зерттеу бойынша көлемді зерттеулер жүргізілді. Теңіз деңгейі тоқтаусыз төмендеуде, ал Сырдария өзені маңайындағы жазықтықтар шөлдң далаға айналуда. Арал теңізі аймағының ылғалдылығының жалпы төмендеуі, аталған аймақтың биологиялық өнімділігін төмендетеді, ол өз кезегінде бұл жерлерде өмір сүру мүмкіндігін төмендететін ауа- райының континенттілігінің күшеюіне, қыс және жаз мезгілдерінде ауа температурасының күрт секіруіне экеледі[6]. Денсаулық сақтау көрсеткіштеріне сонымен қатар, зиянкестермен күресте қолданылатын химиялық заттарды пайдалануда әсер етеді. Бұл заттарды жалпылай пестицидтер деп атайды. Олардың көп бөлігі-нысана организмдерді улайтын улы заттан тұрады. Пестицидтер ауыл шаруашылықта, тұрмыста қолданылады. Соншалықты көп көлемде қолдану арқылы біздің қоғам Арал аймағында пестицидтерді қолдану бойынша жылына 500 мың тоннадан астам көрсеткішке жетті. Пестицидтерді қолдануды төмендету бойынша көптеген бағдарламаларды жүргізу, ағынды суларды тазалау сапасын жақсарту арқылы біздің мемлекет біршама жетістікке жетті. Алайда, бұрын бақылаусыз, себепсіз, шамадан тыс қолданылған пестицидтер әсері, ал қазіргі уақытта пестицидтерді дұрыс сақтамауды жалғастыру қоршаған ортаға кері әсерін тигізуді жалғастыруда. Осы жағдайлармен аталған аймақта тұратын тұрғындардың қанында, ағынды сулар мен топырақтың құрамында хлорорганикалық қосылыстардың концентрациясының біршама мөлшерде анықталуы түсіндіріледі[7,8]. Арал теңізінің шаң-тұзды аэрозольдерінің құрамында әртүрлі заттар бар, яғни адам организміне әртүрлі эсер ететін патологиялық реакцияны бастайтын ауыр металлдар кездеседі[9].

Металлдардың токсикалоық әсері келесі эсер ету механизміне байланысты: аталған металл топтарымен ковалентті байланыстардың түзілуі, олар өз кезегінде ферменттердің белсенділігін өзгеріске ұшыратады немесе тежейді немесе жасуша мембраналарының бүтіндігін бұзады[9]. Сонымен қатар, нысана болып биохимиялық үрдістер, жасушалардың органеллалары табылады. Мүшелер ауруларының көптеген нозологиялық түрлері, соның ішінде репродуктивті жүйенің ауруларының да дамуы мен патогенезінде организмнің реактивтілігін, оның эндогенді жэне экзогенді факторлардың эсерінен бейімделу мүмкіншілігін анықтайтын арнайы емес биохимиялық үрдістер жатыр [10]. Биохимиялық үрдістердің бұзылыстарының, оның каскадындағы өзгерістердің нэтижесі ретінде организмде жасушалар мен ұлпалардың қалыпты қызметінің бұзылысы дамиды, ол өз кезегінде улануға, кейде организмнің жалпы өліміне экеледі [11]. Организмге улы металлдардың түсу жылдамдығы металлдың жалпы концентрациясына емес, оның бос иондарының санына байланысты. Организмге металлдың түсуі өте тез механизм бойынша іске асырылады, яғни негізгі сұйықтықтар -қан, лимфа, жэне басқалар, арқылы абсорбциясы мен тасымалдануы арқылы жүреді. Қан- организмге түсетін барлық заттарды тасымалдайтын негізгі тасымалдаушы болып табылады, яғни ол улы заттарды да таратады, кейбір түрлері қанның элементтері арқылы - ең алдымен эритроциттермен жэне сирегірек лейкоциттермен тасымалданады. Эритроциттер токсиканттарды беткейімен сіңіріп алады немесе олармен өзінің стромасында байланыс түзеді. Қызыл денешіктердің ішінде олар геммен немесе глобинмен байланыс түзеді [12]. Ауыр металлдың түріне, оның қосылыстарына байланысты тасымалдау механизмі өзгешеленеді. Қорғасынның улы эсері мен тасымалдануын зерттеу оның негізгі тасымалдануы эритроциттер арқылы, ал жасушада жиналуы ядро ішілік қосындылардың түзілуі арқылы жүретінін көрсетті. Цитозолде қорғасын қосындыларының түзілісін дамуына ықпал ететін, эпителиалды жасушаларға бірінші ретті эсер етуде бэсекелестікке түсе алатын ақуыздар бар. Мұндай эсер болып жасушаға жэне митохондриальды мембранаға шабуыл жатады [13]. Биологиялық объектілерде металды табуға, анықтауға жэне санды дэлелдеуге арналған көптеген эдістер ұсынылады: электротермиялық атомизациясы бар атомды-абсорбциялық спектрометрия; индуктивті-сарысумен байланысқан оптикалық эмиссионды спектрометрия немесе плазмалық атомды-эмиссионды спектрометрия; индуктивті-сарысумен байланысқан масс- сэулелендірудің кванттарын сіңіру немесе шығаруды тіркеуге негізделген. Бұл эдістердің қағидалық негізгі факты, атомның эрбір түрі энергетикалық эсер етуге өзіне ғана тэн энергетикалық жауап беру болып табылады [14]. «Металдық» улармен, табиғаты бейорганикалық дэрілік заттармен улануда, сонымен қатар, терінің оқ тиіп жарақаттануы кезінде металдардың ізін анықтауда эмиссионды спектральды анализді, плазмалық фотометрияны, атомды-абсорбциялық спектрометрияны, индуктивті-сарысумен байланысқан атомды-эмиссионды спектрометрияны қолданылады [12,13,14]. Биологиялық үлгілерді ыдырату жэне оларды кейін сақтау үшін қарапайым фондық спектрлік себепке байланысты азот көмектеседі, анализді біршама жеңілдетеді жэне тездетеді [12].

Қазіргі таңда репродуктивті денсаулықтың мәселелерін зерттеу өзектілігі біршама артты, себебі бұл кез келген мемлекеттің саясатында елеулі орын алады. Сонымен қатар, денсаулық бұл адами қордың дамуына ықпал ететін маңызды әлеуметтік категорияға жатады, ал оған экологиялық факторлардың әсері үлкен. Қазіргі заманғы негативті әсерлер қоршаған ортаны және тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерін өзгертуі осы күндері Қазақстан үшін де ерекше мәннге ие болды. Арал маңы аймағынының медициналық, әлеуметтік және экологиялық мәселелері бойынша осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер негізінен экологиялық апат зонасы болып табылатын- Арал мен Қазалы аудандарында ғана санитарлы- эпидемиологиялық жағдай мен тұрғындар денсаулығын зерттеуге бағытталған. Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген мәліметтері бойынша жалпы экологиялық репродуктологияның негізгі ережелері өңделді, ол ережелерге сәйкес сыртқы ортаның ең ақпаратты сипаттамасы болып, табиғаты әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне ең сезімтал болып келетін әйелдің репродуктивті қызметі табылады.

Репродуктивті денсаулықтың негізгі көрсеткіштері ұрықтану қабілеттілігі, туу көрсеткіші, репродуктивті жоғалтулар болып табылады. Сонымен қатар, репродуктивті денсаулықтың көрсеткіші ретінде ерте немесе мерзімінен бұрын дамитын менопаузаны есептеуге болады. Біздің зерттеулердің нәтижесі бойынша Арал аймағында және шекаралас аудандарда өмір сүретін әйелдерде ерте немесе мерзімінен бұрын дамитын менопаузаның беталысы байқалады. Мерзімінен бұрын дамитын менопаузаның себебі әлі толығымен зерттелмеген, олар гетерогенді және генетикалық, ферментативті, аутоиммунды, инфекциялық-улы, ятрогенді және психологиялық факторлармен, сонымен қатар, гонадотропиндер құрылысындағы ақаулармен, олардың қосарлануымен ұсынылған [15]. Осы диагнозбен ауыратын науқастардың көпшілігінде отбасылық анамнезі мен хромосомалық ақаулармен немесе табиғаты аутоиммундық үрдістермен байланыс байқалмайды. Мүмкін зақымдаушы фактордың көрінбейтін әсері туралы пікір бар, яғни ол өзін анықтатпай менопаузаға дейін әсер етеді және қоршаған ортамын байланысты [16]. Әйелдің репродуктивті жүйесінің паталогияларының жиілігі аудандағы экологиялық және әлеуметтік- экономикалық ахуалды көрсетеді. Қолайсыз экологиялық факторлар жүктілік кезінде экстрагенитальды патологияның даму қаупін жоғарлатады: жүктілер анемиясы, жүктілер гестозы, зәр шығару- жыныс жүйесінің қабыну аурулары, венозды асқыныстар [17].

Жүктілік кезіндегі асқыныстар белгілі бір дәрежеде де плаценталық жеткіліксіздікпен байланысты,ол өз деңгейінде ұрықтың гипотрофиясына, құрсақ ішілік дамудың кідіруіне және ең қолайсыз жағдайда ұрықтың антенатальды өліміне әкеледі. Бұл нәтижелер ана-плацента- ұрық жүйесінің өзара қатынасының қорытындысы болы табылады, айта кететіні плацента мен ұрық реакиясы ана организмінің сыртқы тітіркендіргіштерге беретін реакцияларға қатаң түрде тікелей тәуелді. Бұл тітіркендіргіштер созылмалы күйзеліс, улану, интоксикация және т.б. болып табылады [18,19]Жүкті әйелдің организміне қолайсыз фактордың ұзақ әсерінің нәтижесінде тасымалдаушы, трофикалық, эндокринді сияқты плацентаның негізгі қызметтерінің бұзылысы жүреді. Морфологиялық тұрғыда бұл бұзылыстар тамырлардың тарылуымен, микроциркуляцияның бұзылысымен көрініс береді. Әдебиеттерде жүктіліктің кеш мерзімінде тез өсіп келе жатқан ұрықтың жеткіліксіз қоректенуінің әсерінен ұрықтың гипотрофиясының болжамды себебі ретінде хорион бүртіктерінде қан айналымның бұзылысы туралы мәліметтер бар. Қанның реологиялық қасиеті өзгереді және соның әсерінен ұрықтың кіндіктік қанында қан қоюланады және газ алмасу бұзылады [20,21,22]. Бұл жағдаймен қатар плацентада майлардың асқын тотығуы жүйесінде және антиоксидантты қорғанышта дисбаланс байқалады, әсіресе майлардың асқын тотығуы күшеюімен көрініс береді. Майлардың асқын тотығуының өнімдерінің жиналуының

нәтижесі ретінде плаценталық ұлпаның мембранасының бүтіндігінің бұзылысы болып табылады, ол өз кезегінде плацентаның гормондық қызметінің бұзылысына әкеледі. Плаценталық ұлпамен гормондарды жеткіліксіз секрециялау ана-плацента-ұрық жүйесінде микроциркуляцияның бұзылысына, ұрықтың гипотрофиясына, құрсақ ішілік дамудың кідірісіне және т.б. әкеледі. Сыртқы зақымдаушы факторлар көбінесе жеке әсер етпейді, олар әйелдің организміндегі бар экстрагенитальды аурулармен бірге әсер етіп, жағдайды қиындатады. Сонымен қатар, белгілі бір химиялық улы заттар ана организмі арқылы өтіп және плацента арқылы ұрыққа еніп, онда ұзаққа сақталатындығын, яғни «эсер етудің соңғы нүктесі» ретінде ұрықты таңдайтының көрсететін белгілі бір зерттеулер бар.

Арал аймағында туу көрсеткіші төмен, өлім көрсеткіші жоғары, тұрғындардың денсаулық индексі төмен, қолайсыз экологиялық жағдай және әлеуметтік маңызды аурулар өмір сүру ұзақтығын төмендетеді. Репродуктивті денсаулықтың арнайы бұзылыстарының қатарына жатады: әйелде де , еркекте де ұрықтану қабілеттілігінің бұзылысы; әйелде ұрықты көтеру қабілеттілігінің бұзылысы; ұрықтанудан бастап оның жыныстық жетілуіне дейінгі кезеңде жаңа организмнің дамуының бұзылысы; емізетін әйелдерде лактациялық қызметтің бұзылысы; ұрпақта жаңа түзілістердің кездесуінің жиілігінің жоғарлауы. Соңғы жылдары тұрғындардың жалпы аурушаңдығы 3 есе артты. Сонша есеге туа пайда болған ақаулар саны, түзілістер, тыныс алу және асқорыту жүйелерінің аурулары артты, ал қан және қан жасау мүшелерінің, эндокринді жүйенің аурулары 2 есе жиі кездесетін болды. Әйелдің репродуктивті жүйесінің қолайсыз экологиялық жағдайларға деген сезімталдығы жоғары екені белгілі. Организмде бөгде заттардың жинақталуы репродуктивті жүйенің қалыптасуына, аналық жасушаның пісіп жетілуіне зақымдаушы әсер етеді. Қандай да бір антропогенді фактор әртүрлі климаттық жағдайда әртүрлі эсер етеді деп есептеледі. Кейбір ғалымдардың пайымдауы бойынша егер ұрықтану қандай да бір экологиялық апат жағдайындағы ауыр климаттық аймақта жүрсе, ұрықтанған жұмыртқа өледі немесе даму ақаулары қалыптасады [23].

Арал аймағында өмір сүретін тұрғындардың репродуктивті жүйесіне кешенді әсердің бір компоненті ретінде шаң- тұзды аэрозольдер болып табылады. Біздің зерттеулердің мәліметтері бойынша олардың құрамына антропогенді әсер болып табылатын, репродуктивті жүйе үшін де улы болып келетін ауыр металдар кездеседі. Адамды қоршаған суда, топырақта, ауада, тамақта табиғи химиялық элементтердің жеткіліксіздігі патологиялық жағдайдың дамуына әкелетіні мәлім. Кадмий, никель, цинк, мыс және де көптеген микроэлементтер адам үшін өте аз мөлшерде ғана қажет, себебі олар организмде жүретін метаболизмдік реакцияларға қатысады. Бұл элементтердің балансының бұзылысы әртүрлі мүшелердің қызметінің бұзылысына әкеледі. Көптеген зерттеулердің мәліметтері бойынша топырақтың беткі қабаты, өзінің құрылысына байланысты, адам денсаулығына зиянды зақымдаушы заттарды, сонымен қатар, ауыр металдарды жинақтайды. Қазіргі отырықшы өмір сүруді ескеретін болсақ, адамның бір жерде ұзақ қоныстануында ауыр металдардың адам ағзасына пролонгирленген әсеріне көңіл бөлу керек. Соншалықты зиянды әсерді улы затты бір рет көп мөлшерде алғаннан емес, керісінше аз мөлшерде заттардың концентрациясы бірнеше жылдардың ішінде сіңіріліп, сүйектер мен мүшелерде жинақталуына әкеліп, аяқ астынан пайда болған тәрізді аурудың дамуымен қауіпті [24,25,26,27.28].

Арал аймағында тұратын тұрғындардың қандарында, сонымен қатар ана сүтінің құрамында ауыр металдардың құрамы туралы мәліметтер бар [29].1999 жылы Арал маңы аймағында өмір сүретін жүкті әйелдердің организмінде жинақталған химиялық заттардың әсерін зерттеу бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілген [30]. Әртүрлі зерттеулер қорғасынның екі жыныстың да репродуктивті жүйесіне кері эсер ететінің көрсетеді [31]. Науқастың қанындағы қорғасын, кадмий, сынап деңгейі экстрокорпоральды ұрықтандыруға кері эсер ететіндігі турарлы мәліметтер де бар [32].

Шетелдік зерттеушілердің мәліметтері бойынша кадмийдің сперматогенезге күшті зиянды әсері жүйелілік және жасушалық улылықпен байланысты болуы мүмкін. Біршама кері корреляция кадмийдің сырысулық деңгейі мен сперманың көлемін ескермегенде,барлық зерттелген биофизикалық сипаттамаларының арасында байқалды. Сонымен қатар, оң мәнді корреляция сарысудағы кадмий деңгейі мен фолликул стимулдеуші гормон арасында байқалды [33]. Дегенмен әйелдержің репроуктивті қызетіне кадмий мен снаптың әсері туралы да мәліметтер бар. Арал аймағын зерттей отыра, Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда аурущаңдық біршама жоғары екені байқалады. Экологиялық фактор мен антропогенді ластану кешенінің, генетикалық белсенді заттардың-мутагендердің организмге әсері жүріп жатыр. Яғни Арал теңізі аймағында өмір сүретін адам организміндегі өзгерістерді ауыр металдардың әсері ретінде ғана емес, сонымен қатар, әлі толығымен зерттеліп болмаған шаң-тұзды аэрозольдердің кешенді әсері ретінде қарастыру керек. Мүмкін сонда өмір сүретін тұрғындардың өмірлік іс әрекетінің бұзылысы ғана емес, сонымен бірге, адам өмір сүру қабілетіне кері әсер ететін көзге көрінбейтін мутациялар дамиды. Әлемдік әдебиетте, эмбиондардың 30% көбі өмірмен сәйкес келмейтін генетикалық ақаулардың дамуынан өліп кететіні туралы мәліметтер бар. Бұл бірінші кезекте, көптеген химиялық заттардың, пестицидтердің рұқсат етілген шекаралық концентрациясын анықтауда мутагендік белсенділігі есепке алынбаған. Шаң-тұзды аэрозольдердің мутагенді эффектісі геномды тұрақсыздықтың факторы ретінде зерттелмеген. Эмбрионның морфологиялық құрылысының түзілуі- яғни эмбриональды морфогенездің дамуы ана организмі мен ұрықтың тығыз қарым қатынасында, әсіресе олардың гормональды мен иммунды жүйелердің және жасушалардың көбеюі, өсуі, миграциясы, дифференциациясы мен өлуінің әсерінен жүреді. Бұл үрдістердің негізінде гендердің ажыратпалы белсенділігін қамтамасыз ететін ұрықтың морфогенетикалық ақпаратының кезекті түрде декодталуы жатыр. Генетикалық немесе орталық факторлардың әсерінен морфогенездің кез келген бөлімінің бұзылысы туа пайда болған ақау түрінде көрініс беруі мүмкін. Экзогенді тәуелді туа пайда болған ақаулар жүктілік кезінде эмбрионға, ұрыққа тератогенді факторлардың әсерінің нәтижесінде дамиды. Тератогенді факторлар мутагенділігіне сәйкес (әсер ету көзіне байланысты) жіктеледі: 1) физикалық, 2) химиялық және 3) биологиялық. Олар генетикалық аппараттың тұрақты өзгерісін тудырмайды.

Ұрықтың тератогенді факторлардың зақымдаушы әсеріне ең ұшырағыштық кезең критикалық деп аталады. Өндірісте, ауыл шаруашылығында және тұрмыстағы кең қолданыстағы бензин, бензол, фенол, формальдегид, улы химикат, қорғасын, сынап булары мен бояғыштар эмбриотоксикалық әсерге ие. Олардың әсерінен өздігінен түсік, ұрықтың құрсақ ішілік өлімі дамуы мүмкін. Гипоксия нәрестелерде ақаулардың даму факторы ретінде плацентацияның бұзылысына, ұрықтың дамымауына, оның өліміне әкелуі мүмкін. Цинк, марганец, магний сияқты микроэлементтердің жеткіліксіздігінің себебі ретінде жүктілік кезінде толымсыз тамақтану ОЖЖ ақауларының дамуына әкеледі[34]. Сүтқоректілермен тәжірибелерде металл тұздарының қоспасы соматикалық жасушалар мен гаметаларда мутагенді әсер тудыртады, сонымен қатар, организмнің қорғаныштық күшін тежейді. Жүкті әйелдер мен балаларда клинико-эпидемиологиялық көрсеткіштерді зерттелістегі ауыр металдар тұздарының мутагенді және улы әсерін салыстырғанда соматикалық және генеративті жасушаларда туа пайда болған ақаулар мен гипоксия арасында корреляция анықталды [35]. Ғылыми әдебиеттерде жануарлардың перифериялық қанында цитогенетикалық ақауларының болуы мен гонадотропиндерді енгізгенде жауапты реакция ретінде көп мөлшерде эмбриондардың дамуының, генетикалық салмақтың жинақталуы және ұрықтарға бұзылған генетикалық ақпараттың берілуінің арасында өзара байланыс анықталған жұмыстар бар [36].

Қорытынды. Арам маңы тұрғындарының клинико- функционалды зерттеулері бойынша жүргізілген жуырдағы ауқымды жұмыс тұрғындардың иммунды, эндокринді және репродуктивті жүйелерінің ерекшеліктері туралы қорытынды жасады. Алайда, біз Арал аймағын зерттеу барысында репродуктивті жастағы әйелдерге көптеген клиникалық зерттеулер жүргізе отырып және олардың нәтижелерін ескере отырып, репродуктивті жүйенің мүшелеріне, аналық бездерге, жатыр-плаценталық кешенге, фолликулогенез механизміне, ұрпақтардағы репродуктивті потенциалға, геномды тұрақсыздыққа тікелей экологиялық, антропогенді факторлар қалай әсер ететіндігі туралы сұрақ ашық қалып отыр. Арал маңы аймағындағы экологиялық апаттың ауқымдылығы оларды зерттеу және шешу туралы жұмыстарды жалғастыруды қажет етеді.Біздің эксперименталды зерттеу Арал теңізінің шаң-тұзды аэрозольдері келесі ұрпақтардың репродуктивті қызметіне, жүкті әйелдің организміне және геномдық тұрақсыздығына әсер етеді ме екенін анықтауға мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кожура, В.В. Основные тенденции демографических процессов в региональном контексте // Экология человека. - 2006. - №3. - С. 26-28
  2. О.Е. Семенов, А.П. Шапов, О.С. Галаева, В.П. Идрисова Ветровой вынос и песчано-солевые выпадения с осушенной части дна аральского моря // Аридные экосистемы. - 2006. - №29., Т.12. - С. 47-58.
  3. Галаева О.С., Идрисова В.П. Климатические особенности пыльных бурь Приаралья // Гидрометеорология и экология. - 2007. - №2. - С.27-40.
  4. Экологические проблемы Центральной Азии. - Ташкент: Экологическое движение Узбекистана, 2010. - 48 с.
  5. Park Ae Kyung, Hong Yun Chul, Kim Ho. Effect of changes in season and temperature on mortality associated with air pollution in Seoul // J. Epidemiol and Community Health. - 2011. - №4(65). - Р. 28-34.
  6. Окончательный отчет Международной конференции по устойчивому развитию бассейна Аральского моря. - Нукус: 1995. - 154 с.
  7. Кулманов М.Е., Амрин К.Р., Кенесариев У.И. и др. Гигиенические и экологические проблемы гидросферы и здоровья населения в зоне казахстанской части Приаралья // Здравоохранение Казахстана. - 1993. - С. 26-37.
  8. Омарова Т.А., Казангапова Н.Б. Уровень пестицидного загрязнения реки Сырдарьи и малого моря. // Медицинские, социальные и экологические проблемы Приаралья. - Алматы: 1992. - С. 126-128.
  9. Подзноева З.Л. Влияние техногенных и природных фаторов на организм человека // Экология промышленного производства. - 2010. - №5. - С. 31-35.
  10. Андрусишина, И.Н. Сравнительная оценка спектральных методов определения макро - и микроэлементов в биосредах человека // Актуальные проблемы транспортной медицины. - 2009. - №4(18). - С. 75-83.
  11. Колесникова Л.И. Окислительный стресс как неспецифическое звено репродуктивных нарушений Бюллетень СО РАМН. - М.: 2012. - С. 58-66.
  12. Кутяков В.А, Комплексный подход к оценке воздействия соединений свинца и цинка при судебно-химических исследовании: автореф. дисс. ... канд.мед.наук - Красноярск, 2016. - 96 с.
  13. Бейзель, Н. Ф. Атомно-абсорбционная спектрометрия: Учеб. Пособие. - Новосибирск: 2008. - 72 с.
  14. Забокрицкий, М. П. Критерии выбора спектрального метода применительно к анализу микроэлементов в биологических объектах // Микроэлементы в медицине. - 2014. - №15(4). - С. 29-38.
  15. Клинико-лабораторные варианты течения преждевременной недостаточности яичников // Репродуктивное здоровье: материалы II международного конгресса по репродуктивной медицине. - М.: 2008. - С. 211-213.
  16. Л.А. Марченко, З.Г. Габибуллаева, Г.И. Табеева Генетические и хромосомные факторы в генезе формирования преждевременной недостаточности яичников // Современные технологии в диагностике и лечении гинекологических заболеваний. материалы конгресса. -М.: 2007. - С. 576-578.
  17. Айламазян Э.К. Функциональная морфология плаценты человека в норме и при патологии (нейроиммуноэндокринологические аспекты). - СПб.: Изд-во Н-Л, 2012. - 176 с.
  18. Букунова А.Ш. Общая оценка состояния здоровья беременных женщин в условиях техногенного загрязнения среды обитания человека // Сб. межд. научно-практ. кон. «Проблемы трансграничного загрязнения территорий. - Усть-Каменогорск: 2004. - С.36-39.
  19. Букунова А.Ш. Свинец в системе мать - новорожденный как основной критерий опасности химической нагрузки в регионе цветной металлургии. Информационный листок. - Алматы: 2003. - 7 с.
  20. Городницкая Е.Э. Роль нарушений обмена фолатов и гомоцистеина в развитии осложнений беременности // Росссийский вестник акушера-гинеколога. -2010. - Т. 10, №4. - С. 20-24.
  21. И.А. Уварова, И.О. Бугаева, Е.Б. Родзаевская, Т.П. Романова Структурно - функциональные изменения в плаценте в результате влияния солей тяжелых металлов // Астраханский медицинский журнал. - 2013. - №1. - С. 278-282.
  22. Г.Т. Сухих, Е.М. Вихляева, Л.В. Ванько и др. Эндотелиальная дисфункция в генезе перинатальной патологии // Акушерство и гинекология. - 2008. - №5. - С. 3-7.
  23. А.С. Проскурина, Е.В. Невзорова, А.В. Гулин, К.И. Засядько состояние репродуктивной системы женщин в условиях неблагоприятной экологической обстановки окружающей среды // Вестник ТГУ. - 2015. - Т.20, вып.2.- С. 363-365.
  24. Стожаров А.Н. Медицинская экология. - Минск: 2007. - 361 с.
  25. Засорин, Б.В. Особенности иммунного статуса у населения урбанизированных территорий с повышенным содержанием тяжелых металлов // Г игиена и санитария. - 2012. - №3. - С. 17-19.
  26. Марипова Ж.А. Влияние аэрогенного загрязнения формальдегидом на репродуктивную функцию женского организма и перинатальные исходы. (Клинико-экспериментальные исследо- вания): Автореф. дисс. ... канд. мед. наук - Бишкек, 2007. - 22 с.
  27. Иванов, В.С. Роль промышленных предприятий в формировании загрязнения почвенного покрова кобальтом, медью, свинцом // Вестник Витебского государственного медицинского университета.- 2011.- Т. 10., №3. - С. 143-150.
  28. Мамырбаев, А.А. Содержание металлов в волосах и крови детского населения городов Актюбинской области // Гигиена и санитария. - 2012. - №3. - С. 61-62.
  29. : Атаниязова О.А.; Baumann, RA; Лием, Уровни некоторых металлов, хлорорганических пестицидов и диоксинов в пуповинной крови, крови матери, грудном молоке и некоторых наиболее часто используемых питательных веществ в окрестностях Аральского моря (Каракалпакстан, Республика Узбекистан)// Acta pediatrica. - 2001. - №7. - С. 801-808.
  30. Айтбембет Б.Н. Накопление вредных химических веществ в организме беременных женщин региона Приаралья //Астана медициналық журналы. - 1999. - №3. - С. 127-128.
  31. Rahman SN, Fatima P, Chowdhury AQ, Rahman MW. Blood level of lead in women with unexplained infertility // Mymensingh medical journal. - 2013. - №22(3). - Р. 508-512.
  32. Zhonghua Liu Xing Bing Xue Za Zhi. The effect of cadmium pollution on reproductive health in females //BMJ. - 2004. - №10. - Р. 852855.
  33. Akinloye O, Arowojolu AO, Shittu OB, Anetor CO. Cadmium Toxicity: Possible Cause of Male Infertility in Nigeri // Reprod Biol. - 2006. - №6(1). - Р. 17-30.
  34. Н.Бочков, А.Асанов, Медицинская генетика. Учебник для мед ВУЗов. - М.: Гэотар-медиа, 2014. - С. 164-167.
  35. М.Г. Гевандова, А.Б. Ходжая н, В.С. Боташева, Л.А. Краснова, Н.Н. Федоренко, К.С. Эльбекьян, Г.И. Болдырева Суммарное многосредовое воздействие солей тяжелых металлов на состояние органов пищеварительной системы экспериментальных животных // Медицинский Вестник северного кавказа. - 2010. - №2. - С. 68-72.
  36. Глазко Т.Т., Косовский Г.Ю., Попов Д.В., Бригида А.В. Взаимосвязь геномной нестабильности и эмбриопродуктивности у коров- доноров эмбрионов // Научный журнал КубГАУ. - 2015. - №6. - С. 9-11.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.