Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңажол мұнай-газ кен өндірісіне жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының денсаулығын бағалау

Жаңажол мұнай-газ өндірісі шығарыстарының Саға және Шенгелші елді мекендер тұрғындарының денсаулық жағдайына әсері кешенді медициналық тексерулер жүргізілу арқылы анықталыпқолайсыз экологиялық аймақтарда аймақтық ерекшеліктер мен басым нозологиялық құрылымдар бағаланды. Мынадай аумақтар таңдалды: Саға, Шенгелші, өйткені олар газ кен орнынан 15-20 км қашықтықта орналасқан. Бұл негізгі нысандар экологиялық сипаттама беруде және тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалауда ең маңызды болып табылады. Зерттеу нәтижесінде алынған айнымалылар сандық және сапалық айнымалыларға бөлінді. Қалыпты бөлу кезінде сандық айнымалылар үшін орташа арифметикалық, дисперсия, қателік және 95% сенім аралығы есептелді. Талдау нәтижесінде тұрғындардың аурушаңдығы екі ауыл бойынша алғашқы үшінші орында ас қорыту жүйесінің аурулары, қан айналым жүйесінің аурулары, құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары болып табылатынын көрсетті. Ауыз судың минералдану деңгейі мен гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, ас қорыту жүйесінің аурулары (асқазан жарасы және он екі ұлтабар жарасы, гастрит және дуоденит, холецестит) және несеп тас аурулары арасында корреляция деңгейі жоғары екендігі анықталды 

Өзектілігі: Қоршаған ортаның қолайсыз факторлары экономикалық жэне элеуметтік факторлармен бірлесе отырып тұрғындар денсаулығына жағымсыз үрдістерді қалыптастыруға ықпал етеді [1]. Ақтөбе облысы, атап айтқанда Темір жэне Мұғалжар ауданы, жоғары дамыған мұнай өнеркэсібі бар аймақ ретінде ерекшеленеді. Соның салдарынан, бұл аймақтар қоршаған ортаға қарқынды техногендік эсерімен сипатталады.

Қоршаған орта факторларының тұрғындар денсаулығына немесе «тұрғындардың аурушаңдығы» эсерін [2,3] үлкен дэрежеде тэуелді даму көрсеткіштері бірінші орынға, 2030% ға жуығы денсаулыққа эсер ететін экологиялық көрсеткіштер (аймаққа байланысты) жэне шамамен соншасы- тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша халыққа медициналық көмек көрсету деңгейімен үйлесімді патологиялық тұқым қуалау бейімділігіне жатады [4]. Мұнай өндіретін аудандарда тұратын тұрғындардың аурушаңдығы аурулардың бірнеше кластары мен жеке нозологиялары жоғары: жаңа туа біткен ақаулар, ас қорыту жүйесінің аурулары, қан, иммундық жүйе жэне т.б. [6].

Бұл мэселе мұнай өндіретін кэсіпорындар маңында орналасқан елді мекендер тұрғындары денсаулығына қауіп- қатерді анықтау үшін зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Зерттеу материалдары мен әдістері:

Экологиялық-гигиеналық зерттеулер жүргізу үшін негізгі нысан ретінде мұнай өндіру қарқындылығы жоғары, бірнеше жылдар бойы мұнай өндіріліп келе жатқан

Жаңажол кен орнының аумағы анықталды. Зерттеу үшін келесі аумақтар таңдалды: Саға, Шенгелші, өйткені олар газ кен орнынан 15-20 км қашықтықта орналасқан. Бұл негізгі нысандар экологиялық сипаттама беруде жэне тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалауда ең маңыздысы болып табылады.

Зерттеу нэтижесінде алынған айнымалылар сандық жэне сапалық деп бөлінді.

Қалыпты бөлу кезінде сандық айнымалылар үшін орташа арифметикалық, дисперсия, қателік жэне 95% сенім аралығы есептелді. Сапалық айнымалылар МКБ-10 диагноз кодтарының номиналды деректері болып табылады. Статистикалық маңызды мэндер үшін P <0.05 сенімділік деңгейі қабылданды.

Статистикалық талдау үшін зерттелетін ауылдар үшін интегралдық көрсеткіштердің орташа мэндері қабылданды, олар осы ауылдардың гигиеналық көрсеткіштерінің орташа мэндерімен салыстырылды.

Талдау мен нәтижелер:

Зерттеу аумақтарында (Саға, Шеңгелші) ересек тұрғындар медициналық тексеруден өткізілді. Сағада 116 адам тексерілгенде, 1,7% (эйелдер) сау, 79,3% алғаш анықталған аурулар (76,9% ерлер, 80,5% эйелдер) жэне 104 адам Шеңгелшіде, оның ішінде 4,8% (эйелдер) сау, 79,8% алғаш анықталған аурулар (78,3% -ерлер жэне 81,1% эйелдер) болды.

Кесте 1 - Саға және Шенгелші ауыл тұрғындарын денсаулық жағдайына байланысты бөлу

Жиілік талдау нәтижесінде анықталғаны:Саға ауылының тұрғындары үшін алғашқы анықталған нозология бойынша 1-орын ас қорыту жүйелерінің аурулары (71,7%), 2 орын жүрек-қан тамырлары аурулары (55,4%), 3 орын - құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары (50%), 4 орын - несеп- жыныс жүйесінің (48,9%) аурулары, 5 - орын жүйке жүйесінің (19,6%) аурулары және Шенгелші ауылының тұрғындарында: 1-орын ас қорыту жүйелерінің аурулары (84, 3%), 2 орын - құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары (55,4%), 3 -орын қан айналым жүйесі ауруы (50%), 4-орын несеп жүйесі аурулары (48,9%), 5 -орын қан аурулары мен қан түзуші жүйелер аурулары (31,3%).

Медициналық тексерулердің материалдарына сәйкес ас қорыту жүйелерінің патологиясы Саға ауылы бойынша жетекші болып табылады және ол асқазан-ішек аурулары бойынша (15,2%), ауыз қуыс аурулары (75,8%) және жарық аурулары (9%), Шенгелші ауылы бойынша асқазан-ішек аурулары (31,4%), ауыз-қуыс аурулары (68,6%) құрайды. Зерттелген аймақ Жаңажол кен орнының маңында орналасқан. Белгілі болғандай, мұнай мен газ химиялық ластанудың негізгі көздері мына техникалық кезеңдерде техногендік шығарындылар болып табылады: мұнай кен орындарын барлау; мұнай және газ өндіру; мұнай мен газ тасымалдау; мұнай және мұнай-газ өнімдерін өңдеу; мұнай және газ өнімдерін пайдалану; қалдықтарды жою[5]. Атмосфераға шығарылатын көмірсутекті шығарындылардың 90% -ы резервуалардан, 8% -ы мұнай газын жинау кезінде шығындардан, мұнай мен мұнай өнімдерінің 9% -дан астамы тасымалдау, сақтау және бензин фермасының тұтынушыларына босату кезінде жоғалады. Ағынды сулар атмосфера арқылы табиғи ортаны ластаудың негізгі жергілікті көздерінің бірі - мұнай және газ өңдеу зауыттары, мұнай және газ қоймалары.

Зерттелген орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен іріктелген ауыз судың үлгілерін зерттеу барысында Саға ауылындағы ауыз суда барлық маңызды элементтердің (мыс, хром, темір, мырыш, марганец, молибден, кальций) (p<0,05) концентрациясы жоғары екендігі анықталды Шенгелші елді мекенінің ауыз суларында фтор (p <0.001), мышьяк концентрацияларының айтарлықтай айырмашылықтары байқалмады.

Улы элементтерден қорғасынның концентрациясы Саға ауылында басқа елді мекендермен салыстырғанда орташа есеппен 1,6 (р <0,05); анағұрлым жоғары мәндер өлшенген заттармен, аммоний азотымен, сульфаттармен, нитриттермен, басқа металдармен анықталды.

Аурулардың жетекші нозологиялық формалары мен судың минералдану деңгейінің арасындағы байланысты анықтау үшін біз корреляциялық талдау жасадық. Талдау нәтижесінде минералдану деңгейімен жоғары тығыз байланыс гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, ас қорыту жүйесінің аурулары (асқазан жарасы және он екі ұлтабар жарасы, гастрит және дуоденит, холецестит) және несеп тас аурулары анықталды

Елді мекен

Топтар

Тексерілгендер

барлығы

Ерлер

Әйелдер

Абс.

%

Абс.

%

Абс.

%

Саға

Барлығы

116

100

39

33,6±4,4

(24,8:42,4)

77

66,4±4,4

(57,6:75,2)

Шенгелші

104

100

46

44,2±4,8

(34,6:53,8)

58

55,8±4,8 (46,2:65,4)

Саға

Дені сау

2

1,7±1,2

(0,9:2,5)

-

-

2

2,6±1,8

(1,4:3,8)

Шенгелші

5

4,8±2,1

(3,9:5,8)

-

-

5

8,6±2,7

(7,4:9,8)

Саға

Аурушаңдық

114

98,3±1,2

(95,9:100,7)

39

100

75

97,4±1,8

(93,8:101)

Шенгелші

99

95,2±2,1

(91:99,4)

46

100

53

91,4±2,7

(86:96,8)

Саға

Алғаш анықталған аурулар

92

79,3±3,8

(71,7:87,4)

30

76,9±6,7

(63,5:90,3)

62

80,5±4,5

(71,5:89,5)

Шенгелші

83

79,8±3,9

(72:87,6)

36

78,3±6,0

(66,3:90,3)

47

81,1±3,8

(73,5:88,7)

Саға

Созылмалы аурулар

22

19,0±3,6

(18,2:19,8)

9

23,1±6,7 (20,9:25,3)

13

16,9±4,3

(15,7:18,1)

Шенгелші

16

15,4±3,5 (14,5:16,3)

10

21,7±6,0

(19,8:23,6)

6

10,3±3,0

(9:11,6)

Кесте-2 Ақтөбе облысының Саға және Шенгелші ауылдарында аурулардың кейбір нозологиялық нысандары мен ауыз судың мин ералдану деңгейі арасындағы корреляция коэффициенттер

Аурулар класы мен нозология

Соңғы 5 жылдағы ауызсудың минералдануының орташа деңгейі

Корреляция коэффициентінің шамасы

Ауыз қуысының аурулары

1700,0±14 мг/л

0,88

Пародонтит

0,91

Кариес

0,85

Созылмалы гастрит

0,91

Қан айналым жүйесінің аурулары

0,83

Артериалдық гипертония

0,88

Жүректің ишемиялықауруы

0,61

Аяқтардағы тамырлардың кеңеюі

0,63

Құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары

0,62

Кестеде көрсетілгендей, судың минералдануының жоғары деңгейі басқа экологиялық жағымсыз факторлармен бірге экологиялық мәселелік аймақтарға тән аурулардың туындауына ықпал етуі мүмкін.

Қорытынды:

Сонымен, алынған мәліметтерді талдау нәтижесінде тұрғындардың аурушаңдығы екі ауыл бойынша алғашқы үшінші орында ас қорыту жүйесінің аурулары, қан айналым жүйесінің аурулары, құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары екені анықталды.

Жаңажол кен орны маңында тұратын тұрғындарды кешенді медициналық тексеру барысында экологиялық және гигиеналық мониторингтің ғылыми негізделген жүйесі және сол жерде өмір сүретін және жұмыс істейтін халықтың денсаулығын нығайтуға арналған емдік- профилактикалық шаралар кешенін әзірлеу үшін негіз болып табылатын денсаулықтың белгілі бір заңдылықтары мен аймақтық ерекшеліктерін ашуға, сондай-ақ келесі қорытындыларды анықтауға мүмкіндік берді: Тұрғындардың сырқаттанушылық құрылымы бойынша Саға ауылында бірінші орын - ас қорыту жүйесінің аурулары (71,7%) , 2-орын қан айналым жүйесі аурулары (55,4%), 3 орын - құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары (50%), 4 орын несеп-жыныс жүйесінің (48,9%) аурулары, 5 орын - жүйке жүйесінің (19,6%) аурулары және Шенгелші ауылы бойынша 1 орын- ас қорыту жүйесінің аурулары (84,3%), 2 орын - құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары (42%), 3 орын - қан айналым жүйесі аурулары (36,1%), орын 4 - несеп-жыныс жүйесінің аурулары (27,8%), 5 орын - тірек- қимыл жүйесі (19,4%) аурулары, қан аурулары мен қан түзуші жүйелер аурулары (31,3%).

  1. Саға ауылындағы орталықтандырылған су көздерінен алынған ауыз суының барлық сынамаларында маңызды элементтердің (мыс, хром, темір, мырыш, марганец, молибден, кальций) концентрациясы жоғары (р<0,05) және ауыз судағы фтордың концентрациясы Шенгелші ауылында (p <0.001) жоғары. Улы элементтерден қорғасынның концентрациясы Саға ауылында басқа елді мекендермен салыстырғанда орташа есеппен 1,6 (р <0,05); анағұрлым жоғары мәндер өлшенген заттармен, аммоний азотымен, сульфаттармен, нитриттермен, басқа металдармен анықталды.
  2. Ауыз судың минералдану деңгейі мен гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, ас қорыту жүйесінің аурулары (асқазан жарасы және он екі ұлтабар жарасы, гастрит және дуоденит, холецестит) және несеп тас аурулары арасында корреляция деңгейі жоғары екендігі анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Гимранова Г.Г., Бакиров А.Б., Каримова Л.К. Комплексная оценка условий труда и со- стояния здоровья нефтяников // Медицина труда и промышленная экология. -2009. - № 8. - С. 1-5.
  2. Н.Ш.Ахметова, К.С.Тебенова, К.М.Туганбекова, Г.К.АлшынбековаОценка здоровья населения, проживающего в экологически неблагополучных регионах Центрального Казахстана // Вестник КарГУ. - 2013. - №3. - С. 88-94.
  3. Summers J.K., Smith L.M., Case J.L., Linthurst R.A. A Review of the Elrmrnts of Human Well-Being with an Emphasis on the Contribution of Ecosystem Services // Ambio. - 2012. - №12. - P.23-30.
  4. Искаков А.Ж., Боев В.М., Засорин Б.В. Оценка риска для здоровья населения факторов окружающей среды // Гигиена и санитария. - 2009. - №1. - С.4-5.
  5. Рахманин Ю.А. Актуализация методологических проблем регламентирования химического загрязнения окружающей среды // Гигиена и санитария. - 2016. - №95(8). - Р. 701-707.
  6. Токмолдинов Ф.С. Современное состояние проблемы загрязнения окружающей среды в регионах экологического неблагополучия Республики Казахстан (обзор литературы) // Гигиена, эпидемиология и иммунология. - 2011. - №2. - С. 15-18.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.