Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Терідегі бан-ның температуралық көрсеткіштері бойынша тонзиллит ауруының ағзаға әсерін зерттеу

Соңғы кездері тыныс алу жолдарының аурулары көптеп кездеседі және қазіргі таңдағы ең үлкен мәселелердің бірі болып табылады. Соның ішінДе әсіресе жасөспірімДерДе, стуДенттерДе жиі кезДесетін ауруларДың бірі - созылмалы тонзиллит. Ол бактерия, вирус, саңырауқұлақ сияқты инфекциялық қозДырғыштарДың әсерінен пайДа болаДы. Бұл ауруларДың таралуының негізгі себептері - климаттың өзгеруі, салқын тию.Тонзиллит көбіне жылдың суық мезгілінде (күз, қыс), ауаның ылғалдылығы жоғарылағанда, организмнің инфекцияларға қарсы тұруы төмендегенде таралады. Бірақ, қазіргі таңда тонзиллитпен жазда да ауырады. Жаз мезгілінде тонзиллитпен ауырудың негізгі себептеріне кондинционерленген ауаны, балмұздақ және суық сусындар, ылғалды және лас ауаны жатқызуға болады.

Зерттеу жұмысына19-23 жастағы 14 студент алынды, олар 2 топқа бөлінді. Бірінші топта жалпы дені сау, тонзиллитпен ауырмаған 7, ал екінші топта жалпы дені сау, тонзиллитпен ауыратын 7 студент болды. Зерттеу нысанына ағзаның тері бетіндегіадамның оң жақ және сол жақ бөліктерінде симметриялы орналасқан стандарттымеридиандардан биологиялық активті нүктелер жинақталып алынды және олардың температуралық көрсеткіштері зерттелді. Температуралық көрсеткіштерді тіркеу «Биотемп-2» аспабында орындалды. Алынған нәтижелер статистикалық өңдеуден өтті.

Алынған нәтижелер бойынша оң жақ және сол жақ бөліктерінде орналасқан нүктелердің температуралық көрсеткіштерінде ерекше айырмашылықтар байқалмады.

Сонымен, терідегі БАН-ның оң жақ және сол жақ бөліктеріндегі температуралық көрсеткіштерін қарастырғанда 5 меридианнан алынған 7 нүкте статистикалық сенімділікпен (р<0,05) көрсетті. БАН-ның диагностикалық мақсатта қолданылатынын ескерсек, бұл БАН-ның тиесілі меридиандарында, яғни сол меридиандардың мүшелеріне созылмалы тонзиллит ауруының кері әсері тимейтінін көрсетеді. Ал, статистикалық сенімділікпен өзгеріске ұшыраған 7 БАН бойынша, осы бионүктелердің тиесілі меридиан мүшелерінде созылмалы тонзиллит ауруынан физиологиялық өзгерістер туындайтынын көрсетеді, ал осы бионүктелерді диагностикалық маркер ретінде қолдануға болады

Кіріспе. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен эл-ауқаты» тармағында азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы жэне оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына эзірлеу қажеттігі көрсетілген.

Соңғы кездері лор аурулары кең таралып келеді. Жалпы статистика бойынша таңдай бездері ауруымен Жер шарындағы адамдардың жартысынан көбі ауыратындығы анықталып, ал дамыған мемлекеттерде жекелей таралу жағынан 50-70% құрайды. «Амбулаториялық орталық» мекемесінде 2017 жылы ЛОР дэрігеріне таңдай бездері ауруларымен 63 % науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде: 40 % - эйел адамдар болса, 23 % - ер адамдар (Portenko, G.M., 2012: 79;Hickner J.M., 2012:498-505).

Қазақстан Республикасындағы тыныс алу жолдары ауруларының жағдайы элемдік статистикаға сэйкес келеді - біздің елдегі тыныс алу жолдарының таралуын қарастырсақ: 100 мың адаммен есептегенде, оның 29-30 мың адамы ауруға шағымданады, яғни ауру адамдар 29-30 %құрайды (Маиіепоѵа S.Zh.,2001: 180; Andre M., 2012:880886).

Соңғы кездері тыныс алу жолдарының аурулары көп кездеседі жэне қазіргі таңдағы ең үлкен мэселелердің бірі болып табылады. Соның ішінде эсіресе жасөспірімдерде, студенттерде жиі кездесетін аурулардың бірі - созылмалы тонзиллит (ангина) (Kunelskaya N.L., 2010:438-440).

Созылмалы тонзиллит - лор-патологиялардың ішіндегі ең көп тараған аурулардың бірі. Ол бактерия, вирус, саңырауқұлақ сияқты инфекциялық қоздырғыштардың эсерінен пайда болады. Мысалы, суық тигенде немесе суық сұйықтық ішкенде тамақ ауруының пайда болуына себепті болады (Makkaev H.M., 2002:69; Pluzhnikov M.S., 2010:105106). Бұл аурулардың таралуының негізгі себептері - климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның жағымсыз эсері, қалалар мен автотранспорттардың көбеюі, темекі шегу мен өндірістік қалдықтардың мөлшерінің көбеюі, эртүрлі вирустық аурулардың таралуы (Koblizek V., 2011:397-406; Ron Dagan., 2013:129-140).

Сонымен қатар тонзиллиттің негізгі себептеріне жалпы немесе жергілікті салқын тиюді (суық сусын ішу, аяқтан суық өту) жатқызуға болады. Тонзиллитпен көбіне жылдың суық мезгілінде (күз, қыс), ауаның ылғалдылығы жоғарылағанда, организмнің инфекцияларға қарсы тұруы төмендегенде таралады. Бірақ, қазіргі таңда тонзиллитпен жазда да ауырады. Жаз мезгілінде тонзиллитпен ауырудың негізгі себептеріне кондинционерленген ауаны, балмұздақ жэне суық сусындар, ылғалды жэне лас ауаны жатқызуға болады (Maltseva G.S.,2011:20-23).

Кондиционерленген ауа - ыстық мезгілде көп мекемелерде, жеке үйлердің өзінде де кондиционерлер қосылады. Ыстық ауа температурасынан төмен температуралық ауасы бар ортаға кіргенде ангина ауруымен ғана емес,сонымен қатар өкпе қабынуы ауруына да ұшырайды. Температураның 10 градусқа төмендеуі - организм үшін үлкен стресс факторболып табылады. Бірінші кезекте, иммунитет төмендеп, организм инфекция қоздырғыштарына қарсы тұра алмай қалады (Medzhitov R., 2012:298-300).

Балмұздақ жэне суық сусындар. Көп адамдар жазда шөлді басу үшін суық сусындар ішіп, суық десерттер жейді. Біріншіден, «мұздай» сусындар шөлді баспайды, екіншіден, адамдар таңдай миндалиндеріне суық тигізеді. Ал, асқынған миндалиндер - тонзиллиттің қоздырғыштары - стрептококктар үшін өте қолайлы орта (Kreth J., 2009:397403; Orrling A., 2011:690-695).

Ылғалды, лас ауа. Ауаның ылғалдылығы организмнің сыртқы ортамен жылуалмасуына айтарлықтай эсер етеді. Төмен температура мен жоғары ылғалдылық кезінде жылуберу процесі жоғарылайды, адам денесі салқындайды (Cvejic L.,2011:269-275).Алматы қаласының қысы-жазы ылғалдылығы жоғары келеді. Жауын-шашынның жиі-жиі жауып тұруы, тау басындағы қардың еруі - ауа ылғалдылығын жоғарылататын негізгі факторлар болып табылады. Алматы қаласының орналасқан жеріне байланысты қала ауасының желдетілуі жоқ, төбесін «смок» басып тұрады. Мұның өзі тамақ ауруын туындатушыфакторлар қатарына жатады. Алматы қаласына жоғары білім алуға жан-жақтан келген жастар осындай экологиялық факторларға байланысты жиі жиі тыныс алу жолдарының ауруларымен ауырады (Kennedy, D.W., 2012: 269-270) .

Таңдайминдалиндері (бадамша бездері) - бұл лимфа жүйесінің бөлігі болып табылатын ағза, ол иммундық жүйенің басқа да мүшелерімен бірге иммунитетті қалыптастырады. Таңдай миндалиндерінің ағзадағы атқаратын негізгі қызметтері: біріншіден, қорғаныштық - бадамша бездерінде макрофагтардың көп мөлшері өндіріледі, олар вирустар мен бактерияларды "жалмап жеу" жэне "сіңіру" қабілетіне ие. Екіншіден, олар қантүзілупроцесіне қатысады, жүре пайда болатын иммунитетке жауап беретін лимфоциттер - қан жасушалары түзіледі. Таңдайминдалиндерібалалық жаста үлкен рөл атқарады, себебі оларда жүріп жатқан қорғаныш үдерістері болашақта берік иммунитеттің қалыптасуына экеледі.Тонзиллит ауруы асқынғанда сұйықтық ішу, тамақ жұту қиындайды, температура, жалпы элсіздік байқалады. Тексеру кезінде ауыз бен жұтқыншақтың шырышты қабығы қызарғанын, жұтқыншақтың ісігенін, миндалиндер мөлшерінің 1-3 есе үлкеюін байқауға болады. Деректер бойынша, тонзиллит бас миының бұзылысына, ревматизмнің пайда болуына, бүйрек ауруына экеліп соқтыруы мүмкін (Fokkens W.J., 2012:298; Hurst J. R., 2014:767-770).

Тонзиллитті биологиялық активті нүктелердің өзгерісі арқылы анықтап, дұрыс нұсқау жасау арқылы дэрігерге жолдаса, ауруды өршітпей дер кезінде емдеуге болады.

Биологиялық активті нүктелер - денедегі ерекше белсендірілген нүктелер болып табылады. Олар белгілі бір анатомиялық құрылымымен сипатталмайды, тек олар орналасқан аймақтардың спектрлік потенциалы, зат алмасуы, қызуы жоғары келеді, ал электрлік кедергісі төмен, температураға өте сезімталды (Vasileva L.K., 2000:31-35; Eleceeva U.Y., 2006:608.).Жалпы терінің тыныс алу қабілетіне осы биологиялық активті нүктелердің де негізгі ролі кіреді.Адам денесінде 700-1000-ға жуық биологиялық активті нүктелерге сипаттама берілген. Олар белгілі бір жүйемен орналасқан, белгілі бір мүшемен байланысы да дэлелденген (Toleusarinova A.M., 2007:148).Әр биологиялық нүктенің тітіркенуі ерекше сезім тудыруына байланысты,ауырған адамды емдеуге мүмкіндік береді, алдын алу шарасы ретінде диагностикалық мақсатта қолдануға болады. Күміс, ваннадий, сүйектен жасалған инелермен емдеу процестері кеңінен қолданылады. Биологиялық нүктелерге эсер етуге сонымен қатар ультрадыбыстарды, электромагниттік өрістерді, лазер сэулесін де қолданады (Gromova L.B., 2005:128;Moloctov V.D., 2008: 784).

Қоршаған тері ортасымен салыстырғанда биоактивті нүктелер орналасқан аймақтардың температурасы жоғары келеді, ал патологиялық жағдайда бұл айырмашылық тағы да артады, сондықтанда жылу көрінісі арқылы олардың идентификациясын (ұқсастыру) жасауға эрекет жасалды. Патологияның кейбір жағдайларында бионүктелердің температурасы жоғары болумен қатар, терінің қоршаған ортадағы бөлігінен төмен де болуы мүмкін (Samosuyk I.Z., 1994:30; Zhorzh Cule de Moron., 2005:384).

Соңғы жылдары тонзиллитпен ауыру пайызының артуына байланысты жэне адамдардың, эсіресе студенттердің арасында көптеп кездесуі, оның жалпы ағзаның физиологиялық күйіне тигізетін эсерін зерттеуге қызығушылық тудыруда. Тонзиллиттің өкпеге, тоқ ішекке, асқазанға, көкбауыр-ұйқы безіне, жүрекке, аш ішекке, қуыққа, бүйрекке, бауырға эсерлерінзерттеусоңғы кездерде қызығушылық туындауда. Сол себепті тонзиллитке шалдыққан жастардың ағза терісіндегі биологиялық активті нүктелердің температуралық көрсеткіштерін зерттеу жұмысы алғаш рет жасалып отыр жэне жұмыстың қазіргі таңдағы өзектілігін көрсетеді.

Материалдар мен зерттеу әдістері: ағза терісіндегі биологиялық активті нүктелердің температуралық көрсеткіштерін зерттеуге арналған жұмыс эл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биология жэне биотехнология факультетінің биофизика жэне биомедицина кафедрасының «Хронобиология жэне экологиялық физиология» ғылыми зертханасындаорындалды.

Зерттеу жұмысына 19-23 жастағы 14 студент алынды, олар 2 топқа топтастырылды. Бірінші топта жалпы дені сау, тонзиллитпен ауырмаған 7, ал екінші топта жалпы дені сау, тонзиллитпен ауыратын 7 студент болды.

Жұмыс жасау барысында ағзаның терісінен тонзиллитпен байланысы болатын стандартты меридиандардың ішінен 24 биологиялық активті нүктелер жинақталып алынды: өкпе меридианынан Р9 Тай-Юань, Р11 Шао-Шан; тоқ ішек меридианынан GI4 Хэ-Гу, GI5 Ян-Си; асқазан меридианынан Е41 Цзе-Си, Е45 Ли-Дуй; көкбауыр-ұйқы безі меридианынан RP2 Да-Ду, RP5 Шан-Цю; жүрек меридианынан С7 Шэнь- Мэнь, С9 Шао-Чун; аш ішек меридианынан IG1 Шао-Цзе,Ю19 Тин-Гун; қуық меридианынан V1 Цин-Мин, V2 Цуань-Чжу; бүйрек меридианынан R1 Юн-Цюань, R6 Чжао-Хай; перикард меридианынан меридианынан меридианынан меридианынан Стандартты меридиандар дененің оң жэне бөліктерінде симметриялы орналасқан, сол себепті дененің оң жэне сол жақтарында орналасқан бионүктелер қатар зерттелді (Kulbayeva M.S., 2017:152; Сһап W.W., 2008:13-18).

Көптеген зерттеулердің нэтижелерінде биоактивті нүктелердің нақты анатомиялық құрылысы тіркелмеген, тек бионүктелер орналасқан аймақтарда жақсы жетілген нерв ұштары, қан тамырлары, борпылдақ ұлпалары бар екендігі эдеби деректерде көрсетілген. Зерттеу жұмысына алынған бионүктелердің топографиялық орналасқан орны жайындағы ақпараттар эдеби деректерде нақты берілген (tobbs B., 2004:36-40; Bоуtsov I., 2008:20).

Тэжірибеге екі топтағы студенттердің зерттеуге алынған тері бетіндегі БАН-ның температуралық көрсеткіштерін тіркеуге арналған «Биотемп-2» аспабы университеттің тэжірибелік өндірістік орталығында арнайы тапсырыспен жасалған. Аспап пластмассалық корпустан тұрады, алдыңғы панелде индикатор, кнопка, «Сеть» жарық диоды жэне датчик орналасқан. Жалпы аспап құрылғысы - қоректендіру көзінен, құрылымынан, күшейіткішінен, температуралық электродтардан температуралық

СТЗ-14 ОЖО.468.215ТУ терморезисторы теператураның өлшеу диапазоны +50 оС-қа дейін, өлшеу қателігі 0,1%.

Алынған нэтижелер статистикалық өңдеуден өтті, Стьюденттің t-критериясы бойыншасенімділік дэлдігі анықталды.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау: қалыпты жағдайда студенттер ағзасының оң жақ бөлігінен арнайы таңдап алынған терідегі БАН-ның температура көрсеткіштері 24,9±0,6^35,4±0,2 °С аралықтарында, созылмалы тонзиллитпен ауыратын студенттерде 30,8±0,5v35,1±0,2 °С мэндерінің аралықтарында тербеледі. Бұл көрсеткіштер қалыпты стационарлық күйдегі ағза терісіндегі БАН-ның температуралық көрсеткіштерінен жоғарылаған да, өзгермеген де мэндерінің жиынтығынан тұрады, ал өзгерген көрсеткіштер бойынша ағзаның өзінде жүріп жатқан физиологиялық өзгерістің көрінісін сипаттайды.

МС7 Да-Лин, МС8 Лао-Гун; үш жылытқыш TR21 Эр-Мэнь, TR23 Сы- Чжу-Кун; өт қабы VB14 Ян-Бай, VB44 Цзу-Цао-Инь; бауыр F1 Да-Дунь, F2 Син-Цзянь бионүктелері.

сол жақ қоректендірудің индикация тоқтың 2 датчиктен, блогынан, блогынан, генераторынан активті жэне сандық кернеу жэне пассивті тұрады.«Биотемп-2» аспабының датчигінің сезімталды элементі ретінде саналады,

Қалыпты жағдайда жэне созылмалы тонзиллитпен ауыратын студенттер ағзасының оң жақ бөлігіндегі өкпе меридианынан алынған Р9 Тай-Юань, Р11 Шао-Шан; тоқ ішек меридианынан GI4 Хэ-Гу, GI5 Ян-Си; асқазан меридианынан Е41 Цзе-Си, жүрек меридианынан С7 Шэнь- Мэнь, С9 Шао-Чун; аш ішек меридианынан IG1 Шао-Цзе,Ю19 Тин-Гун; қуық меридианынан V1 Цин-Мин, V2 Цуань-Чжу; бүйрек меридианынанR6 Чжао-Хай; перикард меридианынан МС7 Да-Лин, МС8 Лао-Гун; үш жылытқыш меридианынан TR21 Эр-Мэнь, TR23 Сы- Чжу-Кун; өт қабы меридианынан VB14 Ян-Байбионүктелеріненалынғантемпературалық көрсеткіштер 30,0-35,0 °С аралығында болды және бір-бірінен ерекшеленген айырмашылық байқалмады. Ал асқазан меридианынан алынғанЕ45 Ли-Дуй бионүктесі бойынша қалыпты жағдайда - 25,2 °С болса, тонзиллит кезінде - 33,0 °С жоғарылады (р<0,05), көкбауыр-ұйқы безі меридианынан алынған RP2 Да-Ду бионүктесі қалыпты жағдайда- 26,8°С, ал тонзиллит кезінде - 32,1°С жоғары көтерілді (р<0,05)ДР5 Шан-Цю бионүктесі қалыпты жағдайда - 28,7°С, тонзиллит кезінде - 32,6°С сәйкес өзгерген (р<0,05),бүйрек меридианынан алынған R1 Юн-Цюань бионүктесі қалыпты жағдайда - 28,4°Сболса, тонзиллит кезінде - 33,1°Скөтерілді(р<0,05), өт қабы меридианынан алынған VB44 Цзу-Цао-Инь бионүктесі қалыпты жағдайда - 25,6°С, тонзиллит кезінде - 31,8°С жоғары көрсеткішті көрсетті(р<0,05),бауыр меридианынан алынған F1 Да-Дунь бионүктісі қалыпты жағдайда - 24,9°С, патология жағдайында - 31,1°Сжоғарылады(р<0,05),Ғ2 Син- Цзянь бионүктесі қалыпты жағдайда - 27,5°С, ал тонзиллит кезінде - 33,4°С жоғары (р<0,05) температуралық көрсеткішіне тең болды (сурет 1).

Қалыпты және созылмалы тонзиллит
жағдайындағы оң жақ БАН

Биологиялық активті нүктелер

А

Б

Сурет 1 - А, Б - Ағзаның оң жақ бөлігінде орналасқан БАН-ныңқалыпты және патологиялық жағдайдағы температуралық көрсеткіштері(Т,Со)

Қалыпты және созылмалы тонзиллит жағдайындағы
сол жақ БАН

м Қалыпты

и Патология

Биологиялық активті нүктелер

Қалыпты және созылмалы тонзиллит жағдайындағы
сол жақ БАН

м Қалыпты

J Патология

Биологиялық активті нүктелер

Сурет 2 - А, Б - Ағзаның сол жақ бөлігінде орналасқан БАН-ныңқалыпты және патологиялық жағдайдағы
температуралық көрсеткіштері(Т,Со)

Қалыпты жағдайда студенттердің ағзасының сол жақ бөлігінен арнайы таңдап алынған терідегі БАН-ның температуралық көрсеткіштері 24,7±0,7*35,4±0,1°Саралықтарында, созылмалы тонзиллитте - 31,4±0,7*34,7±0,3°С мәндерінің аралықтарында болды.

Қалыпты жағдайда және созылмалы тонзиллитпен ауыратын студенттер ағзасының сол жақ бөлігіндегі өкпе меридианынан алынған Р9 Тай-Юань, Р11 Шао-Шан; тоқ ішек меридианынан - GI4 Хэ-Гу, GI5 Ян-Си; асқазан меридианынан - Е41 Цзе-Си, жүрек меридианынан - С7 Шэнь-Мэнь, С9 Шао-Чун; аш ішек меридианынан - IG1 Шао- Цзе,Ю19 Тин-Гун; қуық меридианынан - V1 Цин-Мин, V2 Цуань-Чжу; бүйрек меридианынан- R6 Чжао-Хай; перикард меридианынан - МС7 Да-Лин, МС8 Лао-Гун; үш жылытқыш меридианынан - TR21 Эр-Мэнь, TR23 Сы- Чжу-Кун; өт қабы меридианынан -VB14 Ян-Байбионүктелерінен алынғантемпературалық көрсеткіштер 30,0-35,0 °С аралығында болды және бір-бірінен айтарлықтай айырмашылық байқалған жоқ. Ал асқазан меридианынан алынғанЕ45 Ли-Дуй бионүктесі қалыпты жағдайда - 24,7°С, ал тонзиллит кезінде - 32,5°С көтерілді, көкбауыр-ұйқы безі меридианынан алынған RP2 Да-Ду бионүктесі қалыпты жағдайда - 26,6°С, тонзиллит кезінде - 32,6°С жоғарылады, RP5 Шан-Цю бионүктесі қалыпты жағдайда - 29,0°С, патология жағдайында - 32,8°С жоғары болды, бүйрек меридианынан алынғанR1 Юн-Цюань бионүктесі қалыпты жағдайда - 28,2°С, тонзиллит кезінде - 33,8°С жоғарылады, өт қабы меридианынан алынған VB44 Цзу-Цао-Инь бионүктесі қалыпты жағдайда - 25,8°С, тонзиллит кезінде - 31,9°С көтерілді, бауыр меридианынан алынған F1 Да-Дунь бионүктісі қалыпты жағдайда - 24,9°С, патология кезінде - 33,2°С жоғарылады, F2 Син-Цзянь бионүктесі қалыпты жағдайда - 28,2°С, ал тонзиллит кезнде - 32,4°Сжоғары температуралық көрсеткішіне тең болды (сурет 2). Осы аталған 7 бионүктелердің қалыпты жағдаймен салыстырғанда тонзиллит кезінде мәндері статистикалық сенімділікпенжоғарылағаны анықталды (р<0,05).

Әдеби деректерге сүйенсек, асқазандағы ауырсыну сезімі тамақ ауруына алып келеді. Асқазан сөлінде болатын қышқыл шырышты қабықты қоздырып, тамақ ауруын тудырады. Кейде бұл ауырсыну сезімі құлақ ауруына да алып келеді. Тонзиллит кезінде көкбауыр-ұйқы безі мен бауырдыңүлкеюі байқалады. Тонзиллитпен ауырған кезде көбінесе бүйректің ауруы да қатар жүреді. Тонзиллит кезінде өт қабы жүйесі нашарлайды, ауру адамның өт қабынан тонзиллитті қоздыратын - стафилококктар бөлінеді (Mayanskiy N., 2014: 58-62).Сонда ауыз қуысындағы ауру кезінде микробтар өт шығару жүйесіне түседі деген түсінікті береді. Ғылыми зерттеу жұмыста алынған нэтижелер осы эдеби деректерде берілген тұжырымдарды дэлелдеп отыр (Galchenko M.T., 2009:13-14).

Сонымен, терідегі БАН-ның оң жақ жэне сол жақ бөліктеріндегі температуралық көрсеткіштерін қарастырғанда 5 меридианнан алынған 7 бионүкте статистикалық сенімділікпен (р<0,05) көрсетті. Олар асқазан меридианының - Е45 Ли-Дуй, көкбауыр-ұйқы безі меридианының - RP2 Да-Ду, RP5 Шан-Цю, бүйрек меридианының - R1 Юн-Цюань, өт қабы меридианының -

VB44 Цзу-Цао-Инь, бауыр меридианының - F1 Да-Дунь, F2 Син-Цзянь бионүктелері. Ал, ағза терісінен таңдап алынған басқаБАН көрсеткіштері дэлдікпен сенімділікті бере алмады, бір-бірімен көрсеткіштері шамалас болды. Әдеби деректерде БАН-ның диагностикалық мақсатта қолданылатынын ескерсек, бұл БАН-ның тиесілі меридиандарында, яғни сол меридиандардың мүшелеріне созылмалы тонзиллит ауруының кері эсері тимейтінін көрсетеді. Ал, статистикалық сенімділікпен өзгеріске ұшыраған 7 БАН бойынша, осы бионүктелердің тиесілі меридиан мүшелерінде созылмалы тонзиллит ауруынан физиологиялық өзгерістер туындайтынын көрсетеді, ал осы бионүктелерді диагностикалық маркер ретінде қолдануға болады. Сондай-ақ қалыпты жағдайдан өзгеріске ұшыраған температуралық көрсеткіштердікөрсеткен мүшелергепрофилактикалық іс-шараларды қолдану қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Andre M., Odenholt I., Schwan A. (2012) Upper Respiratory Tract Infections in General Practice: Di-agnosis, Antibiotic Prescribing, Duration of Symptoms and Use of Diagnostic Tests // Scand J In-fect Dis. - 2012. - №34. - Р. 880-886.
  2. Bоуtsov I., Adаskevitch V. (2008) Panning of аcupuncture еffects bаsing оп results оf elеctroacupunctural diаgnostic ай^ RindorakLi // Аcupuncturae: Фbstracts of the XVIII: Congressus Аcupuncturae Bohemiae et Slovаcae cum pаrticipatione international - Praha: 2008. - P. 20-24.
  3. Chаn W.W., Weіssensteiner H., R8usch W.D., Chen К.У., We L.S., Lin J.H. Compаrison of substаnce P cоncentration in аcupuncture pоintsіn dіfferent tissues in dogs // Am J. Chin. Med. - 2008. - Vol. 26, №1. - P. 13-18.
  4. Cvejic L. Laryngeal penetration and aspiration in individuals with stable COPD // Respirology. - 2011. - Vol. 16, №2. - Р. 269-275.
  5. Fokkens WJ, Lund WJ, Mullol J. European Position Paper on Nasal Polyps // Rhinology. - 2012. - №50. - Р. 291-298.
  6. Hickner J.M., Bartlet J.G., Besser R.E., Gonzales R., Hoffman J.R.. Principles of appropriate antibiotic use for acute rhinosinusitis in adults: background // Ann Intern Med. - 2012. - №134(6). - Р. 498-505.
  7. IIribbs B. ТІіе аpplication оf electricitу to а^ри^Ш^ needles: A review of ІІіе current ЙегеШге аnd research with a brief cutline of the principles rnvolved // Cоmplementarу ТИеЕ Med.- 2004. - Ѵоі. 2, №1. - Р. 36-40.
  8. Hurst J. R. Upper airway symptoms and quality of life in chronic obstructive pulmonary disease (COPD) / [et al.] // Respir. Med. - 2014. - Vol. 98, № 8. - Р. 767-770.
  9. Kennedy, D. W. (2012) International Forum of Allergy & Rhinology to become a monthly publication in 2013 // Int. Forum Allergy Rhinol. - 2012. - Vol. 2, № 4. - Р. 269-270.
  10. Koblizek V. Impairment of nasal mucociliary clearance in former smokers with stable chronic obstructive pulmonary disease relates to the presence of a chronic bronchitis phenotype // Rhinology. - 2011. - Vol. 49, № 4. - Р. 397-406.
  11. Kreth J., Meritt J., Qi F. Bacterial and Host Interactions of Oral Streptococci // DNA and Cell Biol. 2009. - №28(8). - Р. 397-403.
  12. Mayanskiy N, Alyabieva N, Ponomarenko O, Lazareva A, Katosova L, Ivanenko A, KulichenkoT, Namazova-Baranova L, Baranov A. Serotypes and antibiotic resistance of non-invasive Streptococcus pneumaniae circulating in pediatric hospitals in Moscow, Russia // International Journal of Infectious Diseases. - 2009. - №20. - Р. 58-62.
  13. Medzhitov R., Janeway C.A. Decoding the pattern ofself and nonself by the innate immune system // Science. - 2012. -V. 296. - P. 298300.
  14. Orrling A., Karlsson E., Melhus A. Penicillintreatment failure in group A streptococcal tonsillopharyngitis: no genetic difference foundbetween strains isolated from failures and nonfailures // Ann. Otol. Rind. Laryngol. - 2011. - V. 110, №7. - P. 690-695.
  15. Ron Dagan, Keith P. Klugman, William Craig, Fernando Baquero. Evidence to support the rational that bacterial eradication in respiratory tract infection is an important aim of antimicrobial therapy // Journal of Antimicrobial Chemotherapy. - 2013. - №47. - Р. 129-140.
  16. Галченко М.Т. Субботина М.В. Ангины. Учебное пособие для студентов. - Иркутск: 2009. - 214 с.
  17. Громова Л.В. Иглотерапия: методика, практика, советы по применению. - М.: ИКЦ “МарТ”, 2005. - 128 с.
  18. Елисеева Ю.Ю. Иглорефлексотерапия. Полный справочник.- М.: Эксмо, 2006. - 608 с.
  19. Жорж Сулье де Моран Китайская акупунктура. Классифицированная и уточненная китайская традиция. - М.: Издательский Дом “Профитстайл”, 2005. - Т.4. - 384 с.
  20. Кулбаева М.С. Шу жэне вибрация жағдайындағы қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің электрофизиологиялық қасиеттерінің тэуліктік динамикасы. - Алматы: Қазақ университеті, 2017. - 152 б.
  21. Кунельская Н.Л., Туровский А.Б., Кудрявцева Ю.С. Ангины: диагностика и лечение // Русский медицинский журнал . - 2010. - Т. 18, № 7. - С. 438-440.
  22. Маккаев Х.М. «Хронический тонзиллит (аденотонзиллит) у детей как проблема педиатрии и детской отоларингологии». Лекция для врачей. - М.:2002. - 69 с.
  23. Мальцева Г.С., Бурова Л.А. B-гемолитические стрептококки в этиологии хронического тонзиллита // Рос. оториноларингология. - 2008. - №6. - С. 65-69.
  24. Мальцева Г. С., Гринчук О.Н. Консервативное лечение хронического тонзиллита стрептококковой этиологии // Оториноларингология. - М.: Некоммерческое партнерство содействия развитию системы здравоохранения и медицины "Русмедикал групп" 2011. - № 6. - С. 20-23.
  25. Мауленова С.Ж. Условия и факторы экономического развития Казахстана // Казахстан на пути к новой модели развития: тенденции, потенциал и императивы роста. - Алматы: 2001. - Ч.1. - С. 180-188.
  26. Молостов В.Д. Иглотерапия и мануальная терапия: практическое руководство по лечению заболеваний. - М.: Эксмо, 2008. - 784 с.
  27. Плужников М. С. Хронический тонзиллит: клиника и иммунологические аспекты - СПб.: Диалог, 2010. - 206 с.
  28. Портенко Г.М. Хронический тонзиллит с позиций современных информационных технологий - Тверь: Ред.-издат. Центр Тверской гос. медицинской академии, 2012. - 79 с.
  29. Самосюк И.З. Биологические ритмы и акупунктура. - М.: 1999. - 30 с.
  30. Төлеусаринова А.М., Дүйсеғалиева Г.И., Құнанбай К., Төлеуханов С.Т., Төлеусаринова С.Т. Шығыс медицинасы: оқу құралы. - Алматы: 2009. - 148 с.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.