Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқо еңбекке қабілетті жасынан асқан тұрғындарына БМСК оңтайландыруды бағалау

Мақалада бүкіл әлем бойынша, тұрғын халық арасындағы өмір сүрудің ұзаруы, бала туудың азаюы егде адамдар үлесінің көбеюіне әкеліп отырғаны туралы сонымен қатар осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы тұрғындарға экономикалық- демографиялық ауыртпалық түсіп, егде адамдарды қоғамдық өндіріс ісіне қатыстыру өзекті мәселелерін оңтайландыру жүйесі қарастырылған.

Зерттеу мақсаты: егде жастан асқан тұрғындардың демографиясы мен әлеуметтік-экономикалық мәселелері туралы мәліметтерді сараптау, егде жастағы жұмысшылардың денсаулығына заманауи баға беру;

Зерттеу нәтижелері:

Зерттеу базасы ретінде мемлекеттік статисттикалық басқарманың және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық хабардарлық сараптамалық орталығы қарастырылды. Бақылау бір мезеттік, жалпылама түрде жүзеге асырылды. Оның барысында деректердің көшірмелері жасалып, оларға ретроспективті сараптама жүргізілді.

Облыстық статистика басқармасының 2015 жылдың 1 қаңтарына берген деректері бойынша облыс тұрғындарының саны 2.946.086 адамды құрады. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрақты тұрғын халық санына қарай Қазақстан Республикасында 1-ші орынды алады.

Осы аймақ құрамына 5 қалалық және 13 ауылдық аудандар кіреді. Жер аумағының көлемі 123,9 мың км2-ге тең болса, халықтың қоныстану тығыздығы 1 км2-ге 15,9 адамды құрайды.

Осы зерттеудің негізі нысаны ретінде егде жастағы ОҚО тұрғын халқы алынды.

Бақылау бірлігі болып егде жастағы ОҚО ересек тұрғыны есептелінді: 55 жас және одан жоғары әйелдер, 60 жас және одан жоғары ер адамдар.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын егде жастағы адамдардың денсаулық жағдайын бағалау бойынша диссертацияның бірінші мәселесін шешу үшін демографиялық көрсеткіштер, аурушаңдық, мүгедектік және өлім көрсеткіштері алынды. Бұдан басқа, Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын еңбекке қабілетті және егде жастағы адамдар арасындағы өлім, сырқаттанушылық және мүгедектік көрсеткіштерінің деңгейі мен құрылымына салыстырмалы талдау жүргізілді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау даму министрлігінің, облыстық статистика басқармасы дайындаған ақпараттық- сараптамалық және статистикалық жинақтарының мәліметтері қолданылды.

Жинақталған зерттеу материалдарын статистикалық өңдеу және сараптау, абсолютті, салыстырмалы (қарқындылық, экстенсивтік көрсеткіштері және динамикалық қатар көрсеткіштері) және орташа шамаларды;

айырмашылықтардың статистикалық шынайылығын (Стьюдент критерийі); іріктеменің репрезентативтілігін (көрнекілігі) қамтамасыз етуге жол ашты. Жыл өткен сайын Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын халықтың қартаю сипаты біліне бастады, ал бұл болса қоғамның өзекті демографиялық-әлеуметтік және экономикалық мәселелердің бірін құрап отыр [3,4,5].

2016 жылдың басында бүкіл адамзаттың 10,6% 60 және одан көп жыл жасады. Болжам бойынша 2050 жылға қарай оның үлес салмағы 21,8% дейін көтеріледі, ал 80 жасқа жеткен және одан да ұзақ өмір сүрушілердің үлесі салмағы осы кезеңде 1,3% - дан 4,4% дейін артады. керісінше 15 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 28,3-тен 19,8%-ға дейін төмендеді, ал 15-59 жас аралығындағы тұрғын халықтың үлес салмағы - 61,4-тен 58,3%-ға дейін азайды. Егде жастағы үлес салмағы жалпы халық санының ішінде дамыған елдерде дамушы елдердегі көрсеткіштен жоғары. Дамыған елдерде, олардың үлес салмағы 20,0% асты, ал 2050 жылға қарай 32,6%-ға дейін көтеріледі. Олардың қатарында ұзақ өмір сүрушілер-3,7%-дан 9,4 % дейін артады деп күтілуде[1,2,3].

Тек соңғы 50 жыл ішінде экономикасы дамыған Европа елдерінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 1,5-2,0 есеге өсті. 1998 жылғы санақ бойынша халық құрамындағы егде адамдардың үлесі Германияда 14,9%, Англияда-15,7%, Францияда- 14,5%, АҚШ-12,6%. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2000 жылы әлемде 500 млн егде адамдар өмір сүрсе, 2020 жылға қарай олардың саны 1 200 млн. адамнан асады деп күтілуде.

Жастардың үлесі 50% - болса, 25%-ға қысқарады. 69-70 жастағы егде адамдардың үлесі, керісінше, 8%-дан 27%-ға дейін артады, ал 80 және одан жоғары жастағы адамдар үлесі-1%-дан 6%-ға өседі деп күтілуде [4,5].

2005 жылы халқының жастық құрамы бойынша таралу мәліметтері, әлемдегі 196 елдің ішінде, Ресей федерациясындағы 15 жасқа дейінгі балалар үлесінің көбеюі бойынша 11- орынды алса, 60 жастан жоғары адамдардың үлес салмағы бойынша 40-орынға орналасты. Ал 60 жастан жоғары адамдардың үлес салмағы бойынша бірінші орынға Жапония мемлекеті орналасты[4,5].

Халықтың қартаюы үлкен көңіл бөлуді қажет ететін бірқатар әлеуметтік мәселелермен байланысты [6].

1982 жылы Венада өткен конференцияда халықтың қартаю үрдісі ғаламдық сипатқа ие болғандығы және адамзаттың бірінші кезектегі мәселесі екендігін мойындаған, қартаю бойынша БҰҰ 1-ші Дүниежүзілік Ассамблеясын өткізу қажеттігін көрсетті.

Осы дүниежүзілік Ассамблеяның қартаю мәселелері бойынша қабылдаған Халықаралық іс-шараларын жоспарында жеті бағыт бойынша ұсыныстар әзірленді: олардың қатарында денсаулық сақтау және тамақтану; тұтынушы ретінде егде адамдарды қорғау; тұрғын үй және қоршаған орта; отбасы; әлеуметтік қамсыздандыру; жеткілікті табыс түсуін қамтамасыз ету және жұмыспен қамтамасыз ету; білім беру мәселелері бар. Бірақ көптеген дамушы елдер үшін бұл ұсынымдарды жүзеге асыруда қаржыландырудың жеткіліксіздігі негізгі кедергі болып отыр.

Осыған қарамай, 2002 жылы Мадридте қартаю мәселелері бойынша 2-ші Дүниежүзілік Ассамблея өткізілді. Онда халықтың тез қартаюы іс жүзінде кез келген мемлекеттің қызметінің барлық салаларына және ең алдымен денсаулық сақтау ісіне, жұмыспен қамту мен жұмыс күшінің нарығына, әлеуметтік қорғау шаралары мен экономикалық себеп екендігі БҰҰ сарапшылары тарапынан баса айтылды.

Әлем халқының қартаю үдерісі әр түрлі аурулардан, соның ішінде тек егде және қарт жастағы адамдарға ғана тән аурулардан азап шеккен науқастар санының көбеюімен қатар жүреді [7,8].

Жер беті мемлекеттерінде жүзеге асырылған эпидемиологиялық зерттеулер деректері бойынша егде жастағы адамдар арасында созылмалы сипатқа ие және медикаментоздық емдеуге ырық бермейтін бірнеше аурулардың тіркесіп келуі тән [9].

Мәселен 50-59 жастағы халықтың 36% -да 2-3 созылмалы ауру қатар тіркелсе, 60-69 жаста халықтың 40,2%-да 4-5 созылмалы ауру болатындығы анықталды. Ал 75 және одан жоғары жастағы адамдардың 65,9%-да 5-тен артық созылмалы ауру тіркелген. Сонымен қатар, халықтың сырқаттанушылық деңгейі жас шамасына қарай өседі. Салыстырмалы түрде 60 пен одан жоғары жастағы тұрғындарда 40 жасқа дейінгі адамдардың сырқаттану көрсеткіштерінен 1,7-2,0 есе асып түседі. [10].

Ағзаның жастық өзгерістерімен байланысты егде адамдар арасындағы қызметтік мәртебенің (дененің, психологияның, әлеуметтік, экономикалық) бұзылу дәрежесі олардың медициналық және әлеуметтік көмек алуға жүгіну жағдайларын өзгертеді. Осы топқа көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің көпшілігі медицина мамандар мен әлеуметтік көмек көрсету қызметкерлері тарапынан іске асырылады [11,12].

Егде адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігін егде адамдардың арасында мүгедектіктің кең таралуы туындатады. Егде жастағы мүгедектер мәселелерінің ішінде көру қабілетінің нашарлауы мен алған жарақаттардың, инсульттің және инфаркттың, оперативтік оталардың салдарынан төмен ұтқырлықты, нәжіс пен зәрдің тежеусіздігі, психоорганикалық бұзылулар жиі кездеседі.

Пациенттерді өзіне күтім жасау тәсілдеріне үйрету, туысқандарын медициналық сипаттан тыс күтім жасау шараларына үйрету жоғарыда көрсетілген пациенттерге берілетін дәрігерлік және әлеуметтік жәрдемнің басымдықтарын арттыра түседі [13].

Егде жастағы адамдардың арасында созылмалы аурулардың кең таралуы, олардың әлеуметтік және дене белсенділігінің төмендеуімен жалғасады. Ал, осы жағдай аталған адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігін барынша арттырады [14].

Егде жастағы адамдардың дәрігерге көрінуінің 90% ауру және жарақат алу бойынша, ал шамамен 7% аурудың алдын алу мәселесі бойынша қаралуды құрайды [15].

Осыған қарағанда, егде жастағы адамдар профилактикаға аса көңіл бөлмейді. Егде жастағы адамдар үшін мамандандырылған медициналық көмектің жеке түрлері (кардиология, эндокринология, пульмонология, урология, офтальмология, неврология, психиатрия және басқалар) бойынша ауруханаға жатқызу қажеттілігі жоғары әлеуметтік топ болып қалуда.

Егде жастағы адамдар шақырған жедел жәрдемнің 40% жуығы ауруханаға жатқызумен аяқталады. Оның 52% шұғыл көрсетулермен байланысты, ал бұл амбулаториялық медициналық және әлеуметтік қызметтер жұмысының жеткіліксіздігін айқындай түседі.

Қазақстан Республикасында геронтологиялық (медициналық және әлеуметтік) қызметті одан әрі дамыту және гериатриялық (медициналық) көмекті жетілдіру егде адамдарға жәрдем беруді ұйымдастырудың жеке мәселесі болып табылады.

Егде адамдарға жәрдем беруді ұйымдастыру ісін жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың негізгі мақсаты алдағы өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту болуы тиіс, сонымен бірге, еңбек қызметін тоқтатқанға дейінгіден еңбекке қабілетті жастан жоғары адамның өмір жылдарының сапасы төмен болмауы керек.

Қорытынды. Қазіргі кезде әлемдегі демографиялық жағдай халық санының өсуі мен оның жас құрылымындағы өзгерістермен сипатталады. Соңғы жүзжылдықта біздің планетамыздың халқы 3,5 есе өссе, соның ішінде егде жастағы адамдардың үлесі көбейіп отырғаны байқалады. БҰҰ мәліметтері бойынша 1950 жылы 60 жастан асқан адамдардың саны 214 млн. болса, 2000 жылы 590 млн., ал 2025 жылға қарай 1100 млн. жетеді деп күтілуде.

Көріп отырғанымыздай, егде адамдардың саны 5 есе өссе, ал осы уақыт ішінде жер шарының халқы 3 есе ғана өседі.Көріп отырғанымыздай, жалпы әлем бойынша өмір сүрудің ұзаруы, бала туудың азаюы егде адамдар үлесінің көбеюіне әкеліп отыр. Осыған байланысты еңбекке жарамды халыққа демографиялық ауыртпалық түсіп, егде адамдарды қоғамдық өндіріс ісіне қатыстыру өзекті мәселеге айналып отыр.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Арьев, А.Л. Актуальные проблемы гериатрии. Сборник научных трудов, посвященных 15-летию кафедры гериатрии СПбМАПО. СПб.: СПбМАПО, 2001. - 263 с.
  2. Астафьева, П.Г., Гамова, И.В. Медико-социальный мониторинг качества жизни ветеранов старческого возраста с нарушениями функции дыхательной системы // Клиническая геронтология. - 2009. -№ 6(7).- С.40-48.
  3. Yancy W.S. Patient satisfaction in resident and attending ambulatory care clinics/ W.S. Yancy, D.S. Macpherson, B.H. Hanusa, G.E.Switzer, R.M. Arnold, R.A. Buranosky, W.N. Kapoor // J. Gen. Intern. Med. - 2001. - Vol.16., №11. - P. 755-762.
  4. Terzaghi, D. Senior Policy Associate, Health Reform: Issues for State Governments, National Association of State Medicaid Directors, American Public Human Services Association, 2010.
  5. Freedman V.A. Disability and home care dynamics among older unvaried Americans // J. Gerontol. Social Sei. - 2004. - Vol. 59B, №1. - P.25-33.
  6. G. Akner. Geriatrie medicine in Sweden: a study of the organisation, staffing and care production in 2000-2001 // Age Ageing. - 2004. - Vol. 33., №4. - P. 338-341.
  7. Heikkinen, R.-L. Службы первичной медико-санитарной помощи для пожилых в шести европейских странах в начале 80-х годов. Здоровье, образ жизни и обслуживание пожилых. Общественное здравоохранение в Европе. WHO. - М.: Медицина, 1992. - 212 с.
  8. Mann C., Artiga, S. New Developments in Medicaid Coverage: Who Bears Financial Risk and Responsibility? Kaiser Commission on Medicaid and the Uninsured. - Geneva: 2006. - 62 р.
  9. Белоконь, О.В., Иванкова, Л.В., Стародубов, В.И., Лукашев, А.М., Бугрова, Е.М. Оптимизацияадреснойпомощипожилымнаосноведанных от населения (Медико-социальный аспект) // Альманах по геронтологии. - 2003. - №1. -С. 7-13.
  10. Белоконь, О.В., Костенко, Т.Н. Роль социальных служб в жизни старшегопоколения // ГлавВрач. - 2007. - №5. - С. 96-102.
  11. Белоконь, О.В., Мерекина, Л.А. Влияние образа жизни семьи на качество жизни пожилых // ГлавВрач. - 2007. - №2. - С. 91-95.
  12. Вербицкая, Е.Ю. Особенности оказания медицинской помощи женщинам пожилого возраста // Материалы научнопрактической конференции «Медико-социальная профилактика - основа управления здоровьем населения». - Казань: 2009. - С.230-232.
  13. Бисюк, Ю.В. Некоторые правовые аспекты оказания экстренной медицинской помощи больным пожилого и старческого возраста // Успехи геронтологии. - 2008. - Т. 21., №1. - С.165-168.
  14. Бойко, Ю.П., Сурков, С.А., Лукашев, А.М., Добридень, О.В. Проблемы пожилых людей с позиций их социального статуса // Клиническая геронтология. - 2007. - №3. - С. 45-48.
  15. Бондаренко, Т.В. Гериатрическая помощь населению Санкт- Петербурга // Проблемы городского здравоохранения. - СПб.: 2001. №6. - С.335-336.
  16. Блохин, А.Б., Шиловских, О.В. Региональные особенности организации специализированной офтальмологической помощи населению // Здравоохранение Российской Федерации. - 2014. - №2. - С.46-49.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.