МақалаДа психологтың балалармен шипажай жағДайынДа сенсорлық бөлмеДе жүргізетін психокоррекциялық жұмысының ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен бірге, баланың сенсорлық аймағын ДамытуДағы психологиялық ойынДар мен жаттығуларДың рөлі айтылған. Ата-аналар мен маманДарға арналған ұсыныстар мен кеңестер берілген.
Зерттеудің өзектілігі:Балаларды сауықтыру баланың сенсорлы дамыту жетекші орынға ие. Сенсорлы дамыту сөзінің мағынасы балалардың танымдық (көру, есту, сипап сезу, елестету) психикалық қасиеттерін қалыптастырумен түсіндіріледі. Сенсорлық бөлме балаларды оңалту жұмыстарында, оның моторикасын дамыту және босаңсу жаттығуларын жүргізуге арналған. Қазіргі кезде сенсорлық бөлменің адамға жағымды әсер ететіні дәлелденген және ол дүниежүзінде психолог мамандарының жұмысында пайдаланылады. Осыған орай, біз баланы сенсорлы дамытуға құрастырып жасаған бағдарламаны сенсорлық бөлмеде жүргізу арқылы балалардың дамуында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Енді сол психокоррекциялық жұмыс түрлерімен басқа маман иелерімен бөліскіміз келеді. Зерттеу мақсаты: «Алатау» Республикалық балалр клиникалық шипажайындағы психологмаманының жұмысын талдай отырып, оның сенсорлық бөлмеде балалармен жүргізетін психокоррекциялық жұмысының маңыздылығын атап өту.
Материалдар мен әдістері: сенсорлық бөлме, тесттер,құммен сурет салатын тақта, «Сеген» тақтасы, доптар, әртүрлі шикізаттар салынған қапшық жолдар, А-4 парақшалары, түрлі-түсті қарындаштар, пазлдар, қалам, магнитафон.
Шипажайдағы психолог жұмысының негізгі мақсаты - балалардың шипажайдағы психологиялық бейімделуінің жеңіл өтуіне жағдай жасау, кикілжің жағдайларды тиімді шешуді балаға үйрету және қандай жағдай болмасын балаға психологиялық қолдау көрсету болып табылады. Шипажайдағы баланың психикалық денсаулығын психолог маман балалар дәрігерімен бірге бағалайды және оған баланың ата-анасы қатысады. Алғашқы тексеру кезінде мамандармен ең алдымен баланың сыртқы түрі мен мінез- құлық ерекшелігі ескеріледі: ым-ишараның адекваттылығы, қарым-қатынасқа түсудің қиындығы ескеріледі. Баланың интеллектуалды дамуының ерекшеліктері психологиялық үрдіс барысында зерттеледі. Дегенмен, баламен әңгіме жүргізу барысында оның зейіні мен еске сақтауын, ойлауын, сөйлеуінің кейбір ерекшеліктерін тіркеуге аламыз. Баланың эмоциялық аймағының ерекшеліктері сипатталады: яғни оның көңіл-күйі, бейтараптылығы, салқындық, эмоциялық бейқамдылық немесе тітіркендіргіштік т.с.с. алғашқы тексеру кезінде «Үйлесімсіздік», «Жыл мезгілдері?», «Мына жерде не артық?», «Топтарға бөл» сияқты психодиагностикалық әдістерді жүргіземіз [1, 169б].
2018 жыл бойынша психологтан алғашқы тексеруден өткен барлық бала саны: 514. |
||
психикалық дамуы өз жасына сай |
509 бала |
|
психикалық дамуында тежелуі бар |
5 бала |
|
сенсорлық бөлмеге жеке сабаққа алынған бала саны: 106 бала |
||
психикалық және сөйлеу дамуы өз жасына сай |
100 бала |
|
психикалық дамуы тежелген |
4 бала |
|
сөйлеу дамуында тежелуі бар |
2 бала |
|
Ата-аналармен жүргізілген консультациялар |
59 |
Психолог маманының жұмысы бірнеше бағытта жүреді. Жұмыс барысында балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу психологтың басты қағидаларының бірі. Шипажайға келетін балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыс бағыттарының бірі ол маманның мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізетін сенсорлық дамыту жұмыстары және мектеп жасындағы әлеуметтік ортаға бейімделуінде қиындығы бар балалармен жеке жасалынатын психокоррекциялық жұмыс болып табылады. Шипажайға келетін балалардың басым көпшілігінде бронх демікпесі диагнозы бар. Сонымен қатар олардың тағы бір ерекшелігі олар бала-бақша, дамыту сабақтарына, қоғамдық орындардан жиі алшақтап жүреді, себебі жұқпалы аурулармен ауырып қалу қаупі жоғары. Сондықтан олардың сөздік қоры әдеттіге балалардан едәуір төмен деңгейде. Осы олқылықтарды түзету мақсатында психолог мектеп жасына дейінгі барлық балаларды міндетті түрде сенсорлық бөлмеге сабаққа алады. Сабаққа 3-6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балалар аптасына екі рет барады. Сабақ ұзақтығы 25-30 минуттан. Бір топта 4-5 баладан артық болмайды. Әр топ өз жас шамасына қарай жинақталады. Бөлмеде жүргізілетін сабақ бағдарламасының мазмұны баланың қабылдау, ойлау, зейін аудару, еске сақтау, қиялдау, ұсақ қол моторикасын және көру-қимыл- қозғалыс бағдарлауын дамытуға арналып, жасалған. Сабақта бірін-бірі жақсы көріп отыруы үшін балаларды шеңбер түрінде отырғызамыз. Сонымен бірге сабаққа бір немесе екі ата-ананы қатыстырамыз. Ол ата-анаға өз баласымен үйде жасауға қажетті жаттығу тәсілдерінің түрлерін үйрету үшін, екіншіден, өз баласының даму деңгейін оның құрдастарының даму деңгейімен салыстыруға және қажет болған жағдайда түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Жалпы сабақ 20 күнге арналған. Олар келесідей үлгіде үйлестірілген: қабылдау - 4 сабақ, ойлау, сөйлеу - 4, зейін аудару - 3, еске сақтау - 3, қиялдау, шығармашылық ойлау - 3, ұсақ қол моторикасы - 3.
Әрбір тақырыптың соңында қосымша тапсырмалар беріледі. Оларды материалды бекіту үшін немесе үлгерімі жақсы балалармен қосымша жұмыс жүргізу үшін пайдалануға болады. Енді осы психикалық қасиеттерді дамытудың маңыздылығы туралы қысқаша тоқталып өтейік. Қабылдау бұл баланың заттар мен құбылыстардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қасиетін дамыту үшін қажет. Баланың қабылдау қасиетін дамыту арқылы оның перцептивті іс- әрекетін игеруге көмектесеміз, яғни объектті толық зерттеуге, оның қасиеттерін мүшелеуге үйретеміз. Сонымен бірге сенсорлық эталондарды меңгеруге ықпал етеміз. Қабылдауды дамыту үшін біз төмендегідей бірнеше жаттығу және ойын түрлерін жүргіземіз. Олар: «Матрешкалар не істеп жатыр?», «Жиыны бойынша топта», «Сеген тақтасы», «Түрлі түсті жолдар», «Сипап сезу арқылы анықта», «Біздің саусақтар ойнайды» [2, 13б] т.с.с. Бұл жаттығуларды жүргізу арқылы балалар заттардың көлемін, салмағын, геометриялық фигураларды және түстерді үйренеді. Сонымен бірге балалардың есту қабілетін арттыру мақсатында «Орыс халық ертегілері» [3], «Как себя вести» [4], «Табиғат дыбыстары» [5] сияқты аудиотаспалар тыңдатылады. Бұрын айтылған ойындардың барлығында балалар ойын әрекетімен кездескен ал, оған ойлау және сөйлеу қасиеттері белсенді қатысады. Бұл маңызды екі психикалық үрдістер өзара тығыз байланысты. Бірақ, ол даму деңгейін балалар өткен, сондықтан біз ойлауға арналған жаттығуларды жүргізу кезінде оның логикасын, шапшаң ойлану қасиеттерін дамытуға мақсат қоямыз. Сонымен бірге ойындарды жүргізу барысында балалардың жауаптарының кемшілігіне көп көңіл аудармай, олардың жетістіктерін көбірек айтуға тырысамыз, қателіктері үшін ұрыспаймыз, кішкентай сәттіліктері үшін мадақтап, қолдап отырамыз. Осы тұрғыда біз балалармен «Қайсысы бұрыс?», «Бір сөзбен айтамыз», «Заттарды жина», «Керісінше айта ғой», «Кім не болады?», «Болымсызды тауып көр» сияқты ойын түрлерін және жаңылтпаштарды қайталап айту жұмыстарын жүргіземіз .
Психикалық іс-әрекет мақсатқа лайықты және өнімді жүргізіледі егер, адам өзінің жасап жатқан іс-әрекетіне зейін аударса. Бұл жағдайда адам зейін қойып жасайды екен деген сөздер айтылады. Әрбір уақытта адамның санасы оған маңызды және мағынасы зор заттар мен құбылыстарға бағытталады. Дыбыстың жиілігі емес, дәл осындай жағдайлардың жоғары маңыздылығы, біздің зейін аударуымыздың бағытын өзгертуді анықтайды. Зейінді адам болу үшін қандай да бір іс-әрекет түрін таңдау жеткіліксіз, таңдауды ұстап және сақтау керек. Осылайша, зейін іс-әрекетті бақылау және реттеуді қамтамасыздандырады. Зейіннің табиғатын түсіндіретін және оның мәнін анықтайтын көптеген теориялар бар (Н.Н.Ланге, П.Я.Гальперин және басқалары. Қазіргі кезде жалпы қабылданған келесідей анықтамалар бар: зейін - бұл сананың қандай да бір шынайы немесе идеалды объектке бағытталуы және зейін аударуы. Ол жеке адамның сенсорлық, интеллектуалды немесе қимыл-қозғалыс белсенділік деңгейінің жоғарылығын айқындайды. Мектеп жасына дейінгі баланың зейінін дамыту жұмысы өте маңызды. Сондықтан біз сенсорлық бөлмеде балалармен келесідей ойын түрлерін жүргіземіз: «Тыйым салынған қимыл» жаттығуы, «Балықты аула» ойыны. Сонымен бірге адамның қандай да болмасын бір іс-әрекетке қажетті қасиеті ол - еске сақтауы. Ол: тәжірибелік, танымдық, көркем-суреттік болып бөлінеді. Еске сақтау қасиетінсіз бала ойнай алмайды, сөйлемейді немесе заттармен өзара әрекеттесе алмайды. Бірақ, барлық балалардың еске сақтау қасиеті біркелкі жақсы дамымаған. Көптеген ересектер балаға жақсы немесе нашар есте сақтау қасиеті балаға туылған беріледі деп есептейді. Бірақ, ол олай емес, бала дайын еске сақтау қабілетімен туылмайды. Ол бала тәрізді баланың ересектермен жасаған өзара әрекеттесуі мен қарым-қатынас жасауының арқасында баламен бірге дамиды. Баланың әлсіз еске сақтауы - бұл балаға ересектердің тарапынан қажетті көңіл аударудың болмағандығы және олардың еске сақтауы нашар деген сенімді сөздерді жиі айтуынан болған жағдайлар. Біз еске сақтауды дамытуға ұсынған ойын түрлері баланы күнделікті іс-әрекетті жасауға үйретеді - яғни өз мінез- құлқын игеруге арналады. Ұлы психолог Л.С.Выготскийдің пікірінше, осының арқасында кез келген адам және бала және ересек адам, өз еске сақтауымен пайдаланып қана қоймай, «оны басқаруды үйренеді» дейді [6]. Бұл сабақтар балаға қоршаған ортасын жарқын түсте қабылдауға мүмкіндік береді, қиялды дамытып, еске сақтауды жақсартады, жағымсыз уайымдардан арылуға көмектеседі. Еске сақтауды дамытуға арналған ойындар тактильді жаттығуларды жүргізуден басталады. Себебі негізгі ақпарат беретін баланың көру каналы жиі жүктелетін болғандықтан, басқа каналдарды пайдалануға болады. Тактильді еске сақтау - бұл әртүрлі заттарға жанасу, сипап сезу арқылы еске сақтау қабілетін дамыту болып табылады [2, 45б]. Ол үшін біз сенсорлық бөлмедегі әртүрлі шикізаттар салынған қапшық жолдармен жүргіземіз. Мәселен, қарақұмық, жұмсақ мақта, шөп, шариктер салынған қапшықтар. Бала осы қапшықтарды бас арқылы ішінде қандай заттардың бар екенін ангықтауы тиіс. Сондай ақ біз көру еске сақтауын дамыту үшін балаға бірнеше қарындаш және күрделі емес оюлар түскен суреттерді таратамыз. Сонан соң 1-2 минут өткен соң бала оюды қайта есіне түсіру арқылы дәл сол күйінде параққа қайта салып беруі керек. Сонымен бірге А.Р.Лурия, Л.С.Выготскийдің әдістемесіне сүйеніп, балалармен төмендегідей психокоррекциялық сабақтар жүргіземіз. Балаға түлкі, кітап, ірімшік, «жедел жәрдем», сыпыртқы, кірпінің суреттері бар карточкаларды береміз. Сонан соң, ол суреттерді баланың алдына қоямыз. Сонан соң біз оларға естерінде сақтауға тиісті сөздерді оқимыз, ал, сөздерді есіне түсіру үшін әрбір сөзге тиісті суреттерді таңдап беруі керек. Ал, еске сақтауға тиісті сөздер мынандай: тамақ, оқушы, зоопарк, ауру, жұмыс. Сабақ соңында балалар қай сөзді еске сақтағандарын сұраймыз. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту деген сөздің астарында біз стандартталмаған ойлауды, қиялды дамыту жұмыстарын айтамыз. Шығармашылық көбінесе баланың өзінің сезімін, дүниеге көзқарасын әртүрлі тәселдері арқылы жеткізуімен көрінеді. Сондықтан біз баланың шығармашылық қабілетін дамыту жұмысын жүргізу барысында заттардың барлық сипатына, түріне, түсіне назар аударуын сұраймыз. Ол үшін әртүрлі жұмбақтарды жасырамыз, әртүрлі пазлдар мен кубиктерден суреттерді құрастыруды ұсынамыз. Сонымен бірге «Шоколадты ел», «Салыстыру» сияқты ойындарды жүргіземіз. Ойынның негізгі мақсаты баланың қиялын дамыту. Мәселен,
Кесте 2
«Шоколадты ел» ойынында бала өз қиялынан әңгіме құрастырады. Сол тұрғындарды өмірінен әртүрлі оқиғаларды құрастырып, оның суретін салады. Ал, «Салыстыру» ойынында бала қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарына теңеу құрастыруы тиіс. Мәселен, теңіз ... сияқты көкпеңбек, қар ... сияқты жұп-жұмсақ т.с.с. [7] Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысында монтессори педагогика элементтерін пайдаланамыз. Арнайы лабиринт тақтайшалармен жұмыс жасау арқылы бала саусақтарын жаттықтырады. Жоғары төмен сермейтін тақта арқылы білектерін шынықтырады.
Сонымен қатар балалардың сенсорлық аймағын дамыту жұмысында ата-аналарына төмендегідей ұсыныстар мен кеңестер береміз:
S Балаңызды әрқашан жақсы көріңіз, сеніңіз, қолдаңыз!
•J Балаңызды жиі мадақтаңыз.
•J Баланы шығармашылық жұмыстарға (сурет салу, ермексазбен жұмыс, қолөнер) баулыған дұрыс.
•J Бос уақытын дұрыс ұйымдастырыңыз (мүмкіндігіне байланысты спорт секцияларына қатыстырған жақсы).
Талдау:
- Баланың сөздік қорының аз, ұсақ қол мотрикасының әлсіз болуы оның әлеуметтік оқшаулауымен тығыз байланысты (бала-бақшаның орнына ауруханаларда болуы, жиі ауруы);
- психокоррекциялық жұмыста ертегітерапиясы, ойынтерапиясы және арттерапия әдістерін пайдаланудың салдарынан балалардың сенсорлық аймағы 80%-ға жақсарған, сөздік қоры төмен балалардың саны артты;
- балалардың сенсорлық бөлмеде сабаққа қызығушылығы артты, шипажайға бейімделуі жақсарған.
Сабаққа қатысқан барлық бала саны: |
||
Психикалық үрдістер |
Жақсарғаны |
Едәуір жақсарғаны |
қабылдауы |
106 |
2 |
ойлау, сөйлеу |
104 |
2 |
зейін аудару |
106 |
0 |
еске сақтау |
103 |
3 |
қиялдау |
106 |
0 |
шығармашылық ойлау |
102 |
4 |
ұсақ қол моторикасы |
106 |
0 |
Қорытынды:
Осылайша, біз шипажай жағдайында сенсорлық бөлмеде психокоррекциялық жұмыс жүргізу мәселесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмысымыз өз тиімділігін дәлелдеді және мұндай зерттеу жұмысын одан әрі көлемді ғылыми зерттеу жұмысымен жетілдіру керек деп есептейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Истратова О.Н. Психологическое тестирование детей от рождения до 10 лет. - Ростов-на Дону: Феникс, 2013. - 167 с.
- Л.В.Фомина Сенсорное развитие. - М.: 2001. - 97 с.
- Аруна. А. Орыс халық ертегілері. - Алматы: 2009. - 251 с.
- Е.А.Качур. Как себя вести. Аудиоэнциклопедия. - СПб.: 2009.
- Утро в джунглиях. Натуральные звуки природы и музыка. - М.:2008.
- Немов Р.С. Психология. - М.: 2001. - 87 с.
- Истратова О.Н. Практикум по детской психокоррекций: игры, упражнения, техники. - Ростов-на Дону: Феникс, 2007. - 349 с.