Жыл сайын жер шарының 2 миллион түрғынын өмірін қиятын ауру - туберкулез. Туберкулез қоздырғышын неміс дәрігері Роберт Кох 1882 жылдың 24 наурыз күні анықтаған. Осы жаңалығы үшін 1975 жылы Нобел сыйлығына ие болған, ал 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні болып бекітілген.
Қазіргі уақытта жер шарында 9 млн. Адам туберкулез ауруына шалдыққан екен, бұл тек тіркелген науқастар саны, ал тіркелмеген науқастардың саны одан да көп болуы мүмкін. Негізінен ауру әлеуметтік жағдайларға байланысты дамиды.
Туберкулездің негізгі алдын алу шаралары болып сәбилерді дер кезінде екпе жұмыстарын жүргізу. Екпе жұмысы сәби өмірге келгенен 4 күн аралығында , үйіне шығарылғанға дейін перзентханада жасалады (БЦЖ). Әрі қарай екпе календарына сәйкес ревакцинация жасалып отырады (30 жасқа дейін). Ревакцинация жасау алдында календарға сәйкес осы жас шамасындағыларға міндетті түрде Манту сынамасы жасалады, осы сынама қорытындысы бойынша ревакцинация жасалатын топтар іріктелініп алынады.
Алматы қаласы бойынша 2012 жылы 927 жағдай тіркелген(туберкулез). 2011 жылмен салыстырғанда 5,5% азайғанын көреміз.
1 кесте - 2011-2012 жыл аралағындағы туберкулезбен аурушаңдық
Ауданның аты |
2011жыл |
2012 жыл |
||
Абсолюттік көрсеткіш |
Аурушандық көрсеткіші |
Абсолюттік көрсеткіш |
Аурушандық көрсеткіші |
|
Алатау |
168 ¯ |
104,2 ¯ |
165 ¯ |
103,2 ¯ |
Алмалы |
117 |
57,0 |
103 |
49,2 |
Әуезов |
193 |
57,7 |
176 |
53,7 |
Бостандық |
99 |
37,1 |
109 |
39,3 |
Жетісу |
140 |
75,8 |
126 |
73,6 |
Медеу |
101 |
58,5 |
91 |
53,1 |
Түрксіб |
163 |
79,5 |
157 |
79,6 |
Барлығы |
981 |
63,8 |
927 |
60,9 |
Қаламызда туберкулезге шалдыққан адамдардың көбі ұйымдастырылмаған топарының көрсеткішін төмендегі жұмыссыздардың қатарынан табылған. Халықтың графиктен көре аламыз.
Туберкулезбен ауырған адамдар арасында балалардың · мектепте оқитын балалар саны - 23 көрсеткіші: · ұйымдастырылмаған балалар -13 · 14 жасқа дейінгі балалардың саны -22( 3-еуі 1 жасқа дейінгі балалар)
Туберкулезді анықтау үшін 14 жасқа дейінгі балаларға Манту сынамасы, одан жоғары жастағыларға жылына 2 рет флюорграфия жасалады. Балаларды Манту сынамасы жоспарлы түрде және қауіп-қатер топтары байланысты жүргізеді. Жоспарлы түрде Медеу ауданы бойынша 16142, ал қауіп-қатер тобы бойынша - 3456 сынама жасалған. Қаламыздағы 74%(84 адам) студентімізде туберкулез ауруын кезекті медициналық тексеру кезінде анықталған, оның ішінде өздері келіп қаралғандар - 28. Статистикалық мәлімттерге жүгінсек, қазіргі таңда төменгі(І,ІІ,ІІІ ) курс студенттері жиі ауырады. Үй жағдайында жұқтырған студенттер саны - 5.
2012 жылы бактериоскопиялық әдіспен 341(37%), флюорография барысында - 473(51%) науқас анықталған. Флюорография әдісімен өткен жылда 982659 адам қамтылған, шара барысында 605 науқас анықталып отыр.
2012 жылы Алматы қаласы Медеу ауданында туберкулез ауруына шалдыққандар саны 91(абс.көрсеткіш).
Қаламыздың барлық, яғни 4 туберкулезді емдейтін мекемелері Медеу ауданда орналасқан. 2012 жылы медицина қызметерлері арасында туберкулез ауруы тіркелмеген. Бір ғана науқас тіркелген, ол Медеу ауданының түрғыны, бірақ Алмалы ауданының емханасында жұмыс істейтін медицина қызметкері.
Медеу ауданында тіркелген 91 жағдайдың ішінде -78-і тыныс алу жолдарының, ал 13-і ағзаның басқа тіндерінің туберкулезіне шалдыққан.
Ауданымызда туберкулездің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес профилактикалық және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Санитарлық ағарту жұмыстарына халықтың көптеп жиналған жерлерінде туберкулез туралы мәліметтер жазылған санитарлық бюллетендер ілу, балалар мен жасөсіпірімдер, өндірістік мекемелерде, аурухана мекемелерінде семинар және лекция жүргізу.
Кодекстің 5-бөлімі 18-тарауында туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету туралы нақты жазылған. Осы кодекс бойынша Қазақстан аумағындағы барлық тұрғындар туберкулезден тегін, яғни мәжбүрлеп және өз еркімен ем ала алады. Осы кодекстің 105-бабында туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті түрде медициналық байқауда болуға және емделуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі. - Алматы: Юрист, 2009. -109б.
- Перельман М. И., Корякин В. А., Богадельникова И. В. Фтизиатрия. - ОАО Издательство «Медицина». - 2004. - С.15-17.
- Руководство по лечению лекарственно-устойчивых форм туберкулёза. Издание ВОЗ.
- Сайт ВОЗ. Руководство по программному ведению лекарственно-устойчивого туберкулёза
- Туберкулёз. Вопросы и ответы. Всемирная организация здравоохранения
- Факты о туберкулёзе. Сайт Всемирной организации здравоохранения