Балалардағы термиялық күйік алу қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша Еуропада күйік барлық жарақат алған балалар өлімінің себебі ретінде 3-орынды құрайды. Сондай-ақ термиялық күйік шұғыл медицинада ғана емес , әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселе болып табылады. Заманауи медицинаның жетістіктеріне қарамастан термиялық күйікті емдеу балалар хирургиясы және анестезиологиясы саласындағы шешімі күрделі мәселе болып табылады.Біздің ерттеуде БШЖБО 2015-2016 жылдар аралығында реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде емделген 1жастан 14 жасқа дейінгі әр түрлі дәрежедегі, көлемдегі термиялық күйік алған 96 бала алынып, кешенді емдеу жүргізілді. Нәтижесінде талқылаған әдіс бойынша күйікті кешенді емдеу әдісі ең нәтижелі және қолайлы тәсіл екендігін дәлелдеді.
Тақырыптың өзектілігі:Атқарылып жатқан профилактикалық алдын-алу іс-шараларына қарамастан балалардағы термиялық күйік алу жиілігі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Статистикалық мәліметтерге қарағанда термиялық күйікпен зақымданған науқастардың 13,8%-дан 75,3%-ын балалар құрайды екен [1]. Ресейде жылына 500мың адам күйікпен жарaқаттанса оның 40%-ы балаларда кездеседі [2]. Қазақстанды алатын болсақ жылына 5000 бала күйікпен стационарлық ем алады[3], ал олардың әрбір 4-шісі күйіктік шокпен асқынған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДСҰ) мәліметі бойынша Еуропада күйік барлық жарақат алған балалар өлімінің себебі ретінде 3-орынды құраса, ал Мафлютов және т.б авторлардың айтуынша күйік жарақатын алған балалардың өлім көрсеткіші 1,2-10 % аралықты қамтиды [4]. Сондай-ақ термиялық күйік ургентті (шұғыл) медицинада өзекті ғана емес , әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады [5]. Заманауи медицинаның жетістіктеріне қарамастан термиялық күйікті емдеу балалар хирургиясы және анестезиологиясы саласындағы шешімі күрделі мәселе болып табылады.
Ересектердегі күйіктік жарақатты емдеуде едәуір жетістіктерге жеткен болса [6] бала жасындағы ауруларда бұл мәселенің көптеген тұстары әлінақты шешімін таппаған, сондай-ақ толықтай зерттеуді, қолданыстағы емдік тәсілдерді жетілдіре түсуді қажет етеді.
Зерттеу материалдары және әдістері.Ұсынылып отырған материал Алматы қаласы Балалар шұғыл жәрдем беру орталығында (БШЖБО), №1 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы) термиялық күйікпен жарақаттанған балаларды емдеу нәтижесі негізінде құрастырылған. Зерттеуге БШЖБО2015-2016 жылдар аралығында реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде емделген 1жастан 14 жасқа дейінгі термиялық күйік алған 96 бала алынды. Олардың барлығы дерлікауруханаға күйіктік жарақатты алғаннан кейінгі алғашқы сағатта өте ауыр жағдайда келіп түскен науқастар (күйік себептері қайнаған су, жалын). Балалардың жағдайының ауырлығы І-ІІІ сатыдағы (жарақаттық, гиповолемиялық) күйіктік шокпен асқынған, эксикоз, токсикоз белгілерімен көрініс берген. 12 балада жедел жүрек-қанайналымы және тыныс жетіспеушілігі анықталған (тыныс жолдарының күйігі). Күйік беткейі балаларда 5-70%-ға дейінгі алаңды құрады және күйік тереңдігі күйік алған тері беткейінің ІІ-ІІІ АБ дәрежесінде болды.
Зерттеу нәтижесінде күйік алған балалардың жастық ерекшеліктерін байқаймыз, яғни енді аяғы жүріп, жан- жақты тани бастаған, бойында ешқандай қорқыныш жоқ балалар тобы күйік алуға бейім болып келеді.
Қабылдау бөлімінде диагностикалау және жедел көмек көрсету барысында қан анализі алынды, температураны өлшеу, магистралды қан тамырлары канюляциясы,жедел инфузионды терапия, диурезін өлшеу жүргізілді. Тексерулер балаларда, әсіресе ерте жастағы балаларда температураның көтерілуі, гипертермиялық синдром және гемоконцентрацияның жоғарылауы, метаболикалық және аралас ацидоз, көбіне лактацидоз, олиго-анурияның дамуы барысын көрсетті.
Күйік жарақатын алған балалардың барлығына да арнаулы интенсивті (үстемелі ем) терапия бірнеше бағытта жүргізілді. Олардың негізгілері: термиялық күйікпен жарақаттанған дене терісі қабатына әсері бар емдік тәсілдер; емдік седация және аналгезия; азайған қан көлемін толтыру, инфекциялық асқынулардың алдын алу және т.б.Осы келтірілген емдік іс-шаралар бір-біріне байланысты, кешенді түрде атқарылды.
Шокқа қарсы терапия барысында 35-40% дене күйігін алған ІІ-ІІІ сатыдағы шокпен асқынған балаларға (аналгезия, айналымдағы қан көлемін толықтыру) күйік аумағын өңдеу, қажеттілігіне байланысты кеңірдекті интубациялау (ӨЖЖ), сондай-ақ тыныс жолдарын санациялау жүргізілді. Жедел көмек көрсету кезінде жүрек- қанайналымы, бүйрек жеткіліксіздіктерінің, гемокоагуляциялық бұзылыстар мен токсикоздың профилактикасы жүргізілді
Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде барлық балалар микроциркуляцияны әсіресе зақымдалған аймақтағы қанайналымын жақсартуға бағытталған кешенді ем алды. Шокқа қарсы кешенді терапияның негізгі бөлігін инфузионды терапия құрады, яғни ерітінділер мен сұйықтықтарды бала ағзасының физиологиялық қажеттілігіне қарай тәуліктік мөлшерін Brooke формуласы бойынша енгізіп, гормон және инотроптармен қолдау көрсетілді. Бірінші кезекте («шұғыл терапия») алғашқы 8 сағат көлемінде жалпы тәуліктік сұйықтықтың 1/2 бөлігін глюкозо-тұзды ерітіндіні коллоидты препаратпен 1,5:1 қатынасында, ал ІІ-ІІІ сатылы шок кезінде 1:1 арақатынасында енгізілді.
Жоғарыда айтылғандарға орай клиникада дәстүрлі емдеу әдісімен қатар жетілдірілген және тиімділігі анықталып, дәлелденген болашағы мол емдеу әдістері күйікпен жарақаттанған балаларды емдеу тәжірибесіне енгізілді. Мысалы, ертеректе пайдаланылып жүрген аэротерапиялық қондырғы жағдайында «ашық» емдеу әдісі («АТУ», КСРО)соңғы техникалық жетістіктер негізінде құрастырылған ылғал-су, электролиттер, плазмажоғалтуын азайтуға және негізгі заталмасуын реттеуге бағытталған «Клинитрон» төсегі-қондырғысына (Франция)
ауыстырылып, кеңінен қолданылды. Клинитрон төсек- жүйесі қүйікпен жарақаттанған науқас балалар денесіне белгілі-бір температуралық режим беретін, төсекте үрлеген жылы ауа жасанды мамық және ауру сезімін басатын құрал ретінде, микроциркуляция мен тіндер перфузиясын жақсарту жағдайын қамтамасызетті. Келтірілген тәсіл денедегі жарақат бетінде аз уақыт ішінде жұқа күйік қабаршағының пайда болуына жәрдемін тигізді.Күйік қабыршағы жарақат бетінен ылғал-су, плазма жоғалтуды тез арада тоқтатып, жарақатты инфекциялық асқынулардан қорғады. Осының өзі «Күйік ауруы» фазасын қысқартып, жарақат бетінің тез эпителизациялануына, яғни жазылуына жетеледі. Бірақ, мұнымен мәселе толығымен шешілген жоқ, «күйік ауруының» көпкомпонентті сипатына байланысты, біріншілік себеп ретінде және ағзадағы барлық патофизиологиялық үрдістердің жүруіне негіз болып отырған патогенетикалық факторға, яғни балалардағы күйік алаңына әсер ету мәселесін шешу алда тұрды. Осы орайда, әсіресе тереңірек күйіктік жараның тез жазылуы мен эпителизациялануын ілгерілету мақсатында біздің ауруханада, БШЖБО (Балалар шұғыл жәрдем беру орталығында) құрастырылған кешендіинтенсивті емдеу әдісі айрықша назар аударады.
Сонымен қатар кешенді терапияда балалардағы термиялық зақымдалған күйік аумағына әсер ету мақсатында біз жарақат аумағын тазартушы және жарақат жазушы әсері бар «Эльфиорин» (Мемлекеттік тіркеу куәлігі №KZ. 16.01.78.003. Е.014110.07.11 от 15.07.2011).
бальзамын интенсивті терапияда қолданып, тәжірибеде тиімділігін анықтадық. Нәтижесіндеауыр күйікпен зақымдалған науқастардың «жергілікті» емінде «Эльфиорин» бальзамын қолдану арқылы жаңа әдісті енгіздік. Эльфиорин- құрамында гормон, токсикалық зат, ауыр металл, тұз және т.б. заттары жоқ, жақсы зерттелген шөптерден жасалған гипоаллергендік,гель тәрізді бальзам. «Эльфиорин» бальзамы күйік беткейіне басқа препараттар мен қоспаларсыз жараға жабу ретінде қолданылды. Плазмажоғалуын,инфицирлену қаупін жоғарылататын, ауру сезімін тудыратын қымбат таңулардан бас тарта отырып, әрдайым жара беткейін визуалды түрде бақылау жасап , эльфиорин бальзамымен жара беткейіне ашық әдіспен өңдеу жасалды.
«Эльфиорин» бальзамын терең күйікпен зақымдалған балаларға жағдайының ауырлығына,микроциркуляция және метаболикалық бұзылыстарды қалпына келтіруге бағытталған емдік іс-шаралардың нәтижесіне қарай күйіктік аурудың 2-3ші күнінен бастап таңдаулы 40 науқасқа қолдандық және стандартты ем алып жатқан науқас балалар тобымен салыстырдық.
Науқас балалардағы күйік ауруының улану сатысын анықтауда өте маңызды болып келетін гипертермиялық синдромды көрсететін термометрия көрсеткіштерін динамикада салыстырып көрдік.
I дәрежелі күйіктік шокпен стандартты ем алып жатқан науқас балалар тобында алғашқы 10 тәулікте термометрия сызығы.
Осыдан «Эльфиорин» бальзамын алғашқы күндерден қолданып жатқан науқас балалар тобында термометрия көрсеткіштері салыстырмалы тұрақты екенін көреміз.
«Эльфиорин» күйік беткейіне жіңішке қабатпен тәулігіне әр 6 сағат сайын 4 рет жағылды. Жара алаңын бальзаммен өңдегеннен кейін ауру сезімінің төмендегенін, сондай-ақ қайталама жаққаннан кейін ауру сезімінің жоғалғанын байқадық. Термиялық күйік беткейіне бальзамды жаққаннан кейін жара бетінде жұмсақ, жұқа қорғаныш қабықшасы пайда болды. Қорғаныш қабықшасы плазмореяға кедергі жасай отырып, 2-3 тәулік ішінде тығыз қабықтың пайда болуына септігін тигізді. Сондай-ақ күйіктік аурудың ерте кезеңінде патофизиологиялық үрдістердің дамуына тосқауыл жасады.Эльфиорин бальзамының емдік нәтижелілігі күйіктік жараның ауырлық дәрежесіне байланысты, яғни беткей күйіктерде 37 күн, терең күйіктерде 7-14 күн, соның нәтижесінде күйіктік ауруға жүргізілген инфузионды терапияның қарқындылығы азайды және науқастың реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жату мерзімі 3-5 күнге қысқарды.
Эльфиоринмен жергілікті емдеу барысында күйіктік жара беткейінде, қабыршақасты аймағында қабыну, іріңдеу үрдістері болған жоқ, яғни бальзамның қабынуға қарсы әсері бар екендігі де анықталды.. Айта кететін болсақ, бальзаммен емдеу барысында, баланың психо- эмоционалдық тыныштығын сақтай отырып, әртүрлі стресстік факторлардан, наркоз жағдайында қайталамалы таңулар жасау, ауыру сезімін тудыратын манипуляциялардан қорғап қалдық.
Клиникалық бақылау нәтижелеріне сүйене отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: біз талқылаған әдіс бойынша күйікті кешенді емдеу әдісіең нәтижелі және қолайлы тәсіл екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ кешенді жүргізілген емнің нәтижесінде біздің назарымызда болған науқастардың ішінде өлім көрсеткіші болған жоқ.
Жоғарыда келтірілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мынадай тұжырым жасауға болады:
- Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күйік беткейі, көлемі, тереңдігіне байланысты жүргізілетін емдеу жұмыстары мен медициналық көмек көрсетуде заманауи медицинаның жетістіктерін кешенді ем құрамында қолданған нәтижелі.
- Біздің зерттеуде қолданылған «Эльфиорин» бальзамының жоғарыда аталған ерекшеліктерін назарларыңызға ұсына келе, бальзамды кешенді ем құрамында қолдану термиялық күйікпен жарақаттанған балаларда күйіктік ауру кезінде жарақат бетінде іріңді- септикалық асқынуларды болдырмай, жараның тез жазылуында өте маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар анестезиолог-реаниматолог тәжірибесінде бұрыңғы стандартты еммен салыстырғанда науқас балаларда гемодинамиканың ертерек салыстырмалы тұрақты болуына, гомеостаз бұзылыстарын барынша ертерек реттелуіне, күйік ауруының улану белгілерінің клиникада азаюына ықпал етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- А.В. Глуткин, В.И. Ковальчук Термический ожог кожи у детей раннего возраста (опыт эксперимента и клиники). - 2016. – 374 с.
- Агаева, Р.К. Свободнорадикальное окисление в тканях тонкой кишки, легких и печени при ожоговом шоке // Медицинский вестник Башкортостана. – 2009. – Т.4, №2. – С. 113–115.
- Алексеев, А. А. Антибактериальная терапия в комплексном лечении и профилактике инфекционных осложнений при ожогах // Рос мед журн. – 1997. – №5. – С. 24-29.
- Ю. Ф. Исакова Детская хирургия : национальное руководство. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009 – 1168 с.
- Карваял, Х. Ф. Ожоги у детей: пер. с англ. – М.: Медицина, 1990. – 512 с.
- Ормантаев К.С. и соавт. Клинический опытбесповязочного лечения детей с глубокими ожогами III А,Б степени с применением бальзама «Эльфиорин» // Педиатрия и детская хирургия. – Алматы: 2012. - №3. - С. 56-59.