ШҚЖЖМА терапиялық профильді бөлімшесіне АГ бойынша госпитализацияланатын науқастардың жыл сайынғы статистикалық есептер мен статистикалық карталарына сүйене отырып, көппрофильді стационардың госпитализациялау құрылымы мен нәтижесіне негізделген АГ ның кездесу жиілігі, орны және ерекшеліктеріне талдау жасалды. 2015-2016 жылдар аралығында Шымкентте АГ науқастардың едәуір бөлігін өте жиі кездесетін жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), созылмалы жүректің жеткіліксіздігі (СЖЖ), қант диабеті, семіздік, цереброваскулярлы аурулар сияқты асқынулары және ілеспелі аурулары бар 60 жастан асқан науқастар құрайтыны анықталды. АГ ми қанайналымының жедел бұзылысы сонымен қатар оның қайталану жиілігі бойынша госпитализацияланатын көптеген науқастардың фондық ауруы болып есептеледі.
ЖҚА ішіндегі ең көп таралғаны артериалды гипертония (АГ), ол асқыну ауырлығымен қоғамға, қазіргі заманғы адамзатқа моральді және материалды зақым келтіретін медико әлеуметтік мәселелердің ең негізгісінің бірі. Артериалды гипертензия жүректің ишемиялық ауруына және цереброваскулярлы аурулардың дамуына алып келетін кардиоваскулярлы патологияның жайылған түрі. ҚР ДСМ мәліметтерінде 2015жылы көрсетілген қанайналу мүшелері құрылымында жүргізуші ауруларының өлім себептері 100000 тұрғындар санына шаққанда 193,8 құрады, оның ішінде ЖИА есебіне 71,7, инсульт есебіне 71,8 оқиға тіркелді. Өлімнің жоғарғы көрсеткішіне алып келетін негізгі аурулар ЖИА - (51,3%), ЖСЖ (45,%) және цереброваскулярлы аурулар (38,7%). Әсіресе өлімнің жоғарғы көрсеткіші еңбекке қабілетті адамдар арасында екендігі анықталады. АГ мен жиі госпитализацияланатын науқастардың көп таралуына байланысты өзекті мәселе - тексерілу мен емделу шығындары болып отыр, заманға сай медицина мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл контингент науқастарының стационарда ем алуы барлық жағдайда ақталмайды.
Зерттеудің мақсаты Шымкент қалалық шұғыл медициналық көмек ауруханасының (ШҚШМКА) терапиялық профильді бөлімшесіне госпитализациялау құрылымындағы АГ ның кездесу жиілігі, орны және ерекшеліктерін анықтау болып отыр.
Материалдар мен әдістер.
АГ ның жиілігін талдау госпитализациялау құрылымындағы терапия және нейроқантамыр бөліміндегі 2015 және 2016жж. жылдық статистикалық есептерді қарау негізінде жүргізілді, бұл патологиямен 2015ж. 718 стационарлық карта, 2016ж. 658 стационарлық карта. Келесі параметрлер талданды: науқастың жасы мен жынысы, госпитализация уақытының ұзақтығы мен қысқалығы, қосымша аурулар, асқынулар және т.с.с.
Алынған мәліметтердің статистикалық өңделуі STATISTICA және BIOSTAT бағдарламаларының стандартты статистикалық бағдарлама пакетінің көмегімен жүргізілді. Айырмашылықтары p<0,05 жағдайында сенімді деп есептелді. Алынған нәтижелер абсолютті (п) және қатыстық (%) көлем түрінде, орташа мағынасы және олардың стандартты ауытқуларымен сипатталды.
Нәтижелер мен пікірталастар.
Терапиялық бөлімшеге госпитализациялау құрылымындағы себеп АГ ның жиілігі мен орнын бағалау мақсатында терапиялық және нейроқантамырлық бөлімшелердегі АГ негізгі ауру және қосымша ауру ретінде жүрген науқастардың медициналық стационарлық карталарымен жылдық есептерді талдау жүргізілді.
Госпитализацияланған науқастардың (2673 - 2015 ж. және 2456 - 2016 ж.) қорытынды клиникалық диагнозында АГ негізгі ауру ретінде 5129 жағдайда шығарылған. Осыған орай АГ ның жиілігі осы жылдары 82,7 және 81,6% құрады. Госпитализацияланған науқастардың көпшілігінде АГ ның 3 дәрежесі болды 2015ж. АГ- 66,4%, 2016ж. 63,9%, ал 2 дәрежесі 33,6% және 35,1% науқастарда кездесті. АГ ның 3 дәрежесімен науқастар I, II кезеңде де асқыну дамуының жоғары қаупінде тұр 82,6% және 83,5%.
Еңбекке қабілетті жастағы науқастар ( 60 жасқа дейін) 23,2% 2015 ж. және 25,2% 2016 ж. құрады. АГ мен ауыратын науқастардың демографиялық мінездемесін зерттегенде госпитализацияланған науқастардың максималды санының жасы 55-75жас. 60-69 жас аралығындағы науқастар көрсеткіші 29,4% 2015ж. және 27,8% 2016 ж., 70-75 жас аралығында - 38,6 және 37,8%, 80 жастан жоғары науқастар көрсеткіші - 8,2 және 8,4%. Госпитализацияланған науқастар санының аз көрсеткіші 38 жасқа дейінгілер - 0,6 % 2015 ж. және 0,8% 2016 ж.
Екі талдау жасау кезеңінде де 60 жасқа дейінгі еркектер көбірек 56,8%, ал әйелдер 43,2%, зерттеудің 1 кезеңінде 54,6%, II кезеңде 43,4% (р-0,03). 60 жастан жоғары әйел науқастар тобында керісінше I кезеңде 66,4%, II кезеңде 68,6%; р<0,001.
АГ мен госпитализацияланған науқастарда I кезеңде 72,8% , II кезеңде 72,3% жүрек қантамырлық асқынулар анықталды. Ең жиі тіркелгені қанайналым жеткіліксіздігі (59,2 және 60,6%), ми инсульті (16,5 және 15,2%), миокард инфаркты (12,3 және 12,6%), гипертониялық криз (9,7 және 10,1%) және ритм бұзылысы (8,7 және 9,8%). АГ мен бірге қосымша аурулары бар науқастардың тіркелгені I кезеңде 89,4%, II кезеңде 91,2% жағдай, олардың ішінде кездескені ЖИА (48,7 және 49,2%), созылмалы бронхит (17,4 және 18,6%), қантты диабет (13,8 және 14,2%), семіздік (8,7 және 9,4%). Қосымша аурулардың орташа саны бір науқасқа шаққанда 1,8±1,4 және 1,7±1,5 I және II кезеңдерге сәйкес.
Шұғыл түрде госпитализацияланулар саны 2015ж. -3010, 2016 ж. -2985 құрады. АГ мен госпитализацияланған науқастар жиілігін талдауда жыл ішінде маусымдылығы барлық айда біркелкі болып шықты.
Осы зерттеулерге сәйкес, АГ мен госпитализацияланған науқастардың негізгі бөлігін 60 жастан асқан, асқынулар мен қосымша аурулары бар және көбінесе әйел науқастар құрайтыны анықталды. Ең көп кезедесетін қосымша аурулар ЖИА, созылмалы бронхит, қантты диабет және семіздік. 21% жағдайда жыл ішінде қайта госпитализацияланулар орын алды. Бұл көрініс талдаудың екі кезеңінде де қайталанды.
Миокард инфарктымен АГ бар науқастар жиілігін салыстырғанда өсу байқалды: I кезеңде 65,6%, II кезеңде 68,5%.
Инсульт бойынша госпитализацияланған науқастар ішінде АГ сы бар науқастар саны II кезеңде I кезеңмен салыстырғанда артқаны байқалды: ишемиялық инсульттер - 83,7 ден 85,1% дейін, геморрагиялық - 54,6 ден 59,7% дейін жоғарылады. Зерттеудің екі кезеңінде де АГ мен госпитализацияланған науқастардың ишемиялық инсульт бойынша жиілігі басынан өткерген миокард инфаркты барларға қарағанда айқын жоғары болды (I кезең - 66,2% қарсы 73,1%; II кезең - 69,5% қарсы 71,1%, р<0,05). Осыған сәйкес АГ инсульт бойынша госпитализацияланған науқастардың фондық ауруы болып табылды, әсіресе ишемиялық инсультке шалдыққан науқастар геморрагиялық инсультке шалдыққандардан жоғары. Госпитализацияланған науқастарда да, қайтыс болған науқастарда да АГ мен пациенттер саны өсуі байқалды, айқын және сенімдісі инсульттен қайтыс болған науқастарда болды.
Жүргізілген клинико-демографиялық зерттеу жыл бойына АГ мен госпитализацияланатын науқастардың біркелкі ағымын анықтауға мүмкіндік берді,олардың ішінде белгілі болғандай 60 жастан асқан науқастар арасында кең таралғаны,әйелдерде және қосымша патологиясы бар адамдарда тіркелу жиілігі анықталды.Инсульт пен қосымша АГ бар науқастар арасындағы таралу ағымы жоғары және болжамы нашар екендігін көрсетті.
Жас,жыныс,білімі,жұмысы, анамнезінде инсульттың болуы, инсультпен аурухана түсетін науқастардың қауіп факторына әсер етпейтіндігі корсетті (Т<2,0, р>0,05). Госпитализация уақытымен бастапқы жағдайының ауырлығы арасындағы тікелей тәуелділік орнады (Т>2, р<0.05).
Ілеспелі кардиологиялық патологиясы және гипертониялық ауруы бар науқастартың қайта госпитализациялану себептерінің құрылымдық талдауы.Өлім жағдайының 47% солардың үлесінде. АГ-ның негізгі асқынуы жүректің коронарлық ауруының дамуы (ЖКА), жедел миокард инфаркты және созылмалы жүрек жетіспеушілігі,сонымен қоса цереброваскулярлы аурулар болып табылады. Жүрек- қан тамыр жүйесінің аталған аурулары халықтың тек қана өлім деңгейін анықтап қоймай, адамдардың ерте еңбекке жарамсыз болуын және мүгедектікке алып келу себебі болып табылады. Кейбір науқастар арасында стационарға жылына бірнеше рет госпитализацияланатынын талдау көрсетті. Оларда ауруының өршуінің жиі себебі, дәрілерді қабылдауды тоқтатуынан немесе сүйемелдеуші терапияның толық көлемді болмауынан,яғни бұл жағдай материалдық жағдайдың жетіспеушілігімен байланысты. Одан өзге, амбулаторлы емделетін науқастарды біріншілік көмек көрсетететін дәрігерлер жиі госпитализацияға жолдама беретінін есепке алу қажет.
Ер адамдар ,әйел адамдарға қарағанда жиі қайта госпитализацияланады. (8,7% қарсы 6,1%, p<0,02). 50- 59жастағы науқастар ( 32,4% жағдайда) және 60-69 жастағы (35,1%) науқастар жиі госпитализацияланады. 50 жасқа дейінгі науқастардың жеткілікті жоғарғы деңгейде қайта госпитализациялануы ерекше көңіл аудартады, яғни бұл ауру ағымының жеңіл емес екендгін, тіпті жас және еңбекке қабілетті адамдар арасындағы асқынуының екендігін көрсетіп отыр. АҚҚ көтерілу дәрежесі бойынша науқастардың госпитализациялануының талдауы көрсеткендей, стационарға қайта түсетін пациенттердің (84,2%) АГ 3 дәрежелі науқастар,яғни жүргізілген антигипертензивті препараттадың эффектінің болмауы және АҚҚ ағымын бақыланбайтындығын көрсетеді. Госпитализацияланған науқастар арасында АГ 2 дәрежесі - мен 15,8% көрсетті. Осыған байланысты АҚҚ көтерілу дәрежесіне байланысты регоспитализацияныңнауқастар арасында гендерлік айырмашылығы анықталмады. АГ мен қосымша жүрек -қантамыр жүйесінің патологиясы бар науқастарға талдау кезінде,келесі қорытындылар алынды. АГ мен ЖКА бірігіп келетін науқастар жиі тіркелді, олар 77,4% болды,оның ішінде (81,8% қарсы 76,1% әйелдерде, p<0,05) ер адамдар жиілігі жоғары. Әйелдер мен ерлерде тұрақты күш түсу стенокардиясы бар науқастар 43,2% ұқсас жиілікте тіркелді. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз 24,8% науқаста анықталды,ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда көбірек кездеседі (36,2% қарсы 25,1% сәйкесінше, p<0,01). Жүрек жеткіліксіздігінің белгілері 53,8% науқаста анықталды (ерлерде 60,6% және әйелдерде 57,7% , p>0,05). СЖШ ФК II (22,2% жағдайда) и III (24,7% жағдайда) жиірек тіркелді. Ер адамдарда СЖШ-ның ( ФК III-IV) жоғары және тіпті терминальды (42% қарсы 32,8% у женщин, p<0,01) жиі тіркелді. Жүрек ырғағының бұзылу көрсеткіші 27,8% науқаста,ерлер мен әйелдерде ұқсас жиілікте (28,6% және 27,8% сәйкесінше, p>0,05) тіркелді. Қарыншалық экстрасистолиялық аритмия онымен қоса жоғары градациялы (Laun III және одан жоғары) ер адамдар жиі (14,5% , 7,8% әйелдерде, p<0,05) тіркелетіндігі байқалды. Тексерілген науқастар ішінде қарыншаүстілік аритмия(онымен қоса жыбыр аритмиясы ), жүрек өткізгіштігінің бұзылысының кездесу жиілігі бойынша арнайы гендерлік айырмашылық байқалмады. Қант диабеті 22,3% науқаста анықталды,ерлер мен әйелдерде бірдей жиілікте (20,2% қарсы 22,3% сәйкесінше, p>0,05). 9,8% науқаста бүйректің созылмалы ауруы тіркелді, (олардың 12,9% ерлерде және 7,4% әйелдерде, p>0,05). Тексерілген науқастардың 13,4% дициркуляторлы эцефалопатия белгілері болды, АГ-ның бұл асқынуы әйел адамдарда жиі екендігі байқалды (15,8% әйелдерде, 8,8% ерлерде, p<0,05). Әрі қарай АГ мен госпитализацияланатын науқастардың непосредственных құрылымдық себептерін анықтадық. Регоспитализацияның ең жиі кездесетін себептерінің бірі, госпитализацияға дейінгі кезеңде науқастарда АҚҚ коррекцияланбаған ( 32,3% науқаста). Екінші жиілікте госпитализациялану себебі ЖИА, 25,6% науқаста анықталды. ЖСШ декомпенсациясы 19,2% науқастың госпитализациялану себебі, 5,2% науқаста жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы жыбыр аритмисяы фонында дамыған. Жүрек ырғағының бұзылысы 8 % науқаста негізгі себеп ретінде тіркелген, оның ішінде жүрекшелер жыбырының тахисистолиялық формасы негізі варианты ретiнде(4,9% жағдайда)тіркелген. Ерекше тоқталатын жағдай (13,8%-да) госпитализацияның нақты себебі анықталмады. Айқын және бақылауға көнбейтін АҚҚ -ның болуы себебінен госпитализацияланатын науқастар жиі ер адамдарға қарағанда әйел адамдар екенi(48,3% қарсы 19,2% сәйкесінше, p<0,001) анықталды. Сол уақытта ЖКА өршуімен және СЖШ декомпенсациясымен жиі госпитализацияланатын науқастар ер адамдар (53,2% ерлер,36,4% әйелдерде, p<0,01). екені анықталды. ЭГ мен 12 ай бойы регоспитализация болатын науқастар 7,6%, жиі ер адамдар әйел адамдарға қарағанда. Қайта түсетін науқастардың көпшілігі орта және ересек жастағылар(50-69 жас). Үлкен жастағы (>70 жастан) науқастардың регоспитализациясы сирек болады, оның себебі АГ мен ауыратын науқастардың өмір сүру ұзақтығының қысқылығымен байлагнысты болуы мүмкін.
Қорытынды: АГ мен ауыратындардың басым көпшілігін 60 жастан асқан науқастарда асқынуларымен және жиі кездесетін қосымша аурулары, ЖИА-жүректің ишемиялық ауруы, СЖШ-созылмалы жүрек шамасыздығы, қант диабеті, семіздік, цереброваскулярлы аурулар құрайтындығы анықталды. Госпитализацияланған науқастардың көпшілігінде АҚҚ көтерілуінің 3 дәрежесі және өте жоғары қауіп тобы бар. Жедел ми қан айналымы бұзылысы бойынша госпитализацияланған науқастардың көпшілігінде АГ фондық ауру болып табылады, оынмен қоса қайта госпитализациялану себебі болып табылады. Науқастардың регоспитализациясының ең жиі себептері госпитализацияға дейінгі кезеңде АҚҚ бақыланбайтын формасы, ЖКА-ның өршуі, СЖШ-ның декомпенсациясы және жүрек ырғағының бұзылысы, жыбыр аритмиясы болып табылады. АҚҚ адекватты түрде бақыламаудан әйелдер, ал ерелер ЖКС және СЖШ асқыныуынан жиі госпитализацияланған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения: Статистический сборник. - Алматы: 2016. - С. 43-50. http://mirknig.com/knigi/zdorovie/1181360083
- Протоколы заседаний Экспертного совета РЦРЗ МЗСР РК, 2015
- ШҚМЖЖА жүйке қан-тамыр және терапия бөлімінің жылдық есебі. Стационарлы науқастың картасы.