Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарға өз ауруын басқару туралы білім беруді енгізу өмір сапасын жақсартумен қатар, науқастардың ауруханаға түсуді азайтып, ауру симптомдарын жеңілдетеді.Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бар науқастарды емдеудегі ең күрделі мәселелерінің бірі науқастардыңалған нұсқауларындұрыс орындау болып табылады. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастарға білім беру бағдарламасының өмір сапасы көрсеткіштеріне әсер етуін зерттеу зерттеудің мақсаты болып табылады.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарға өз ауруын басқару туралы білім беру бағдарламасының өз ауруын басқаруға тигізетін әсерін бағалайтын сауалнама құрастырдық. Сауалнаманың 1 блогы науқас туралы жалпы мағлұмат пен оның әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет, 2 блогы- денсаулық сақтау ұйымымен байланыс қызметі, 3 блогы- өз ауруын басқару туралы білім деңгейі, 4 блогы- қауіп факторлары. Сауалнама екі рет жүргізілді. Бірінші сауалнама білім беру бағдарламасын өткізбес бұрын жүргізілсе, екінші рет сауалнаманы 3 айлық білім беру бағдарламасының тәжірибелік сабағынан кейін өткіздік.
Кіріспе.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарға өз ауруын басқару туралы білім беруді енгізу өмір сапасын жақсартумен қатар, науқастардың ауруханаға түсуді азайтып, ауру симптомдарын жеңілдетеді.
Дегенмен көптеген факторлар науқастар мен медицина қызметкерлерінің қатысуына кедергі келтіреді.
Сапалы зерттеулер осындай бағдарламалардың аурудың ағымына әсері туралы жақсы сипаттайды.
Жарық көрген жүйелі шолуда өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастардың өз ауруын басқаруы туралы сапалы мәліметтер науқастар мен медицина қызметкерлері тұрғысынан жинақталған.
Бұл жүйелі шолу 31 ғылыми мақаланың нәтижесі негізінде жүргізілген.
Шолуда науқастардың өкпенің созылмалы обструктивті ауруына бейімделгені анықталған дегенмен ауруды басқару ұзақ үдеріс болып табылады.[1]
Эмоционалдық қаеттіліктің маңызы зор.Көңіл күйдің бұзылуы, депрессия және ренжігіштік қатар кездеседі.Сонымен қатар науқастар күнделікті өмір салтында көптеген кедергілерді басынан өткізеді.Науқасқа отбасы тарпынан қолдау көмегінің маңызы зор болғанымен оның ауыртпалығы да бар екені белгілі болды. Дәрігерлердің науқасқа өз ауруын басқару дағдыларын үйрету әсіресе психоәлеуметтік қажеттілікті қамтамсыз ету үшін көп уақыт керек екені анықталған.[2]
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарға өз ауруын басқару тиімді және дәрі- дәрмекпен емдеумен бірге қатар жүруі тиіс.Сонымен қатар науқастың өз ауруына деген және оны басқару туралы жеке нанымдары мерзімді қайта қаралуы тиіс.Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастар біркелкі топ болып саналмайды және ешбір медициналық араласу науқастардың барлығына бірдей тиімді бола бермейді.[3]
Осылайша тәжірибелік дәрігерлер науқастарға тиімді көмек көрсету үшін көбірек білім алуға мұқтаж екені анықталды.
Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бар науқастарды емдеудегі ең күрделі мәселелерінің бірі науқастардыңалған нұсқауларындұрыс орындау болып табылады.[4]
Комплайнс, немесебейімділік, соңғы жиырма жылдан астам уақыттан бері талқыланатын тақырып болып отыр. Көптеген пікірталастар дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынастың дамуы және оның науқастардың емге бейімділігін түсінуге, болжауға және жақсартуға әсер етуі туралы болып жүр.
«Комплайнс»түсінігі замануи медициналық әдебиеттерденауқастың емдік бағдарламаға белсенді, ерікті, толық қатысуы деген ұғымды білдіреді.
Бронх астмасына ауруды басқару бағдарламаларытолығымен зерттелген. Бронх астмасына қарағанда өкпенің созылмалы обструктивті ауруларына жүргізілетін ауруды басқару дағдыларына үйрету маңыздылығы алға толық қойылмаған зерттелмеген.[5] Осыған орай зерттеудің негізгі мақсатыөкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастарға білім беру бағдарламасының өмір сапасы көрсеткіштеріне әсер етуін сауалнама көмегімен зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастарға білім беру бағдарламасының өмір сапасы көрсеткіштеріне әсер етуін зерттеу.
Материалдар және әдістері. Зерттеу дизайны проспективті, сипаттамалы және ашық. Зерттеуге өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен диспансерлік есепте тұрған 138 науқас кіргізілді. Зерттеуге 73 ер адам, 65 әйел адам қатысты.
Енгізу критериінеөкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын 18 бен 85жас аралығындағы науқастар. Енгізбеу критериі: 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, жасы 85тен асқан қарттар.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарға өз ауруын басқару туралы білім беру бағдарламасының өз ауруын басқаруға тигізетін әсерін бағалайтын сауалнама құрастырдық. Сауалнаманың 1 блогы науқас туралы жалпы мағлұмат пен оның әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет, 2 блогы- денсаулық сақтау ұйымымен байланыс қызметі, 3 блогы- өз ауруын басқару туралы білім деңгейі, 4 блогы- қауіп факторлары. Сауалнама екі рет жүргізілді.Бірінші сауалнама білім беру бағдарламасын өткізбес бұрын жүргізілсе екінші рет сауалнаманы 3 айлық білім беру бағдарламасының тәжірибелік сабағынан кейін өткіздік.
Зерттеу нәтижелері. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастарғаөз ауруын басқару туралы білім бергеннен кейін олар тыныс алу жүйесіне жақсы әсерін тигізетін жаттығуларды жасауды үйренді (сенімділік деңгейір<0,001).
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастар өз жағдайларыныңауырлығын бағалай алатын болды (р<0,02), сонымен біргежалпы жағдайның нашарлап келе жатқанын тани алатын болды(р<0,001). Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастарғаөз ауруын басқару туралы білім бергеннен кейін жеке құралдарының (спейсер, пикфлоуметр) пайдалану мақсатын түсіндіре алатын болды (р<0,03). Науқастар үйде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау үшін күнделік жүргізе бастады (р<0,001). Стрессті азайтуды және стресстік жағдайды бақылауды (жылағыштық, тітіркенуді) үйренді (р<0,001). Науқастар өз ауруын басқарубағдарламасына қатысқандарына қанағаттанғаны анықталды(р<0,001). Дәрі-дәрмектерді күнделікті тұрақты қабылдауды әдетке айналдырды(р<0,001). Олардың жағдайы әлдеқайда жақсырақ тұрақтанғаны анық болды (р<0,001).
Алғашқы медико- санитарлық көмек деңгейінде дәрігерлер өз ауруын басқару туралы бағдарламадан кейін психологтың кеңесін тағайындай бастағаны анықталды (р<0,02), сонымен қатар науқастар өзге науқастарға да өз ауруын басқару туралы бағдарламаға қатысуға ұсыныстар жасады. (р<0,001). Науқастар аурудың себебінен болатын асқынулар туралы кқбірек білгендері анықталды (р<0,001).
Қорытынды. Осылайша, өз ауруын басқарубағдарламасы бойынша науқастарды оқыту тыныс алу жүйесіне жақсартатын жаттығуларға,өз жағдайларыныңауырлығын бағалауға, жалпы жағдайның нашарлап келе жатқанын тани алатындығына,жеке құралдарының (спейсер, пикфлоуметр) пайдалану мақсатын түсіндіре алатындығына, үйде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау үшін күнделік жүргізе алатындығы сияқты көрсеткіштерге оң әсер етті. Стрессті азайтуды және стресстік жағдайды бақылауға жәнедәрі- дәрмектерді күнделікті тұрақты қабылдауды әдетке айналдырып,жалпы жағдайы әлдеқайда жақсырақ тұрақтанғаны анықталды. Науқастар аурудың себебінен болатын асқынулар туралы көбірек білгендері анықталып, өзге науқастарға да өз ауруын басқару туралы бағдарламаға қатысуға ұсыныстар жасады және дәрігерлер өз ауруын басқару туралы бағдарламадан кейін психологтың кеңесін тағайындай бастағаны анықталды.
Талқылау.Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастарғаөз ауруын басқару туралы білім бергеннен кейін олар тыныс алу жүйесіне жақсы әсерін тигізетін жаттығуларды жасауды үйренді. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастар өз жағдайларыныңауырлығын бағалай алатын болды, сонымен біргежалпы жағдайның нашарлап келе жатқанын тани алатын болды. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастарғаөз ауруын басқару туралы білім бергеннен кейін жеке құралдарының (спейсер, пикфлоуметр) пайдалану мақсатын түсіндіре алатын болды. Науқастар үйде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау үшін күнделік жүргізе бастады. Стрессті азайтуды және стресстік жағдайды бақылауды үйренді. Науқастар өз ауруын басқарубағдарламасына қатысқандарына қанағаттанғандықтары анықталды. Дәрі-дәрмектерді уақытылы тұрақты қабылдауды әдетке айналдырды. Олардың жағдайы әлдеқайда жақсырақ тұрақтанғаны анық болды.
Ал алғашқы медико- санитарлық көмек деңгейінде дәрігерлерге келетін болсақ олар науқастарға өз ауруын басқару туралы бағдарламадан кейін психологтың кеңесін тағайындай бастағаны анықталды, сонымен қатар науқастар өзге науқастарға да өз ауруын басқару туралы бағдарламаға қатысуға ұсыныстар жасады. Науқастар аурудың себебінен болатын асқынулар туралы көбірек мағлұмат білгендері анықталды.
Сондықтан өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқастарғаөз ауруын басқару туралы бағдарлама ауру ағымы мен болжамына және өмір сапасына әсер ететін көрсеткіштерге оң нәтиже береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Barrecheguren M, Bourbeau J.Self-management strategies in chronic obstructive pulmonary disease: a first step toward personalized medicine // Curr Opin Pulm Med. - 2018. - №24(2). - Р. 191-198
- А.Ю.Трофимова, В.П.Колосов.Эффективность образовательного направления у больных хронической обструктивной болезнью легких // Бюллетень. - 2010. - Вып.37. - С.37-41.
- Мещерякова Н.Н. Качество жизни - важнейший интегральный показатель состояния здоровья // Пульмонология и аллергология. - 2005. - №2. - С. 37-39.
- Jutkowitz E, Nyman JA, Michaud TL, Abraham JM, Dowd B.For what illnesses is a disease management program most effective?J // Occup Environ Med. - 2015. - №57(2). - Р. 117-123.
- Yang IA, Brown JL, George J, Jenkins S, McDonald CF, McDonald VM, Phillips K, Smith BJ, Zwar NA, Dabscheck E.COPD-X Australian and New Zealand guidelines for the diagnosis and management of chronic obstructive pulmonary disease: 2017 update // Med J Aust. - 2017. - №207(10). - Р. 436-442.
- Yoo KH, Chung WY, Park JH, Hwang SC, Kim TE, Oh MJ, Kang DR, Rhee CK, Yoon HK, Kim TH, Kim DK, Park YB, Kim SH, Yum HK . Shortterm Evaluation of a Comprehensive Education Program Including Inhaler Training and Disease Management on Chronic Obstructive Pulmonary Disease // Tuberc Respir Dis. - 2017. - №80(4). - Р. 377-384
- Blackmore C1, Johnson-Warrington VL, Williams JE, Apps LD, Young HM, Bourne C, Singh SJ.Development of a training program to support health care professionals to deliver the SPACE for COPD self-management programInt // J Chron Obstruct Pulmon Dis. - 2017. - №12. - Р. 1669-1681.
- С. А. Пупышев, И. М. Акулин, Л. В. Куколь. Определение мотивационного потенциала пациентов для участия в программах самоуправления заболеванием (self-management) при хронической обструктивной болезни легких // Вестник санкт- петербургского университета. - 2016. - С.73-79.