Ресми ақпарат көзДерін пайДалана отырып, ҚазақстанДағы және басқа елДерДегі суппозиторий Дәрілік препараттар нарығына салыстырмалы талДау жасалДы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы өнДірісінДегі суппозиторий Дәрілік қалыптарДың ассортиментін кеңейту қажеттілігі көрсетілген.
2018 жылдың қаңтар айында жасалған зерттеулерге сүйенсек, ҚР мемлекеттік реестрінде 8000-нан астам дәрілік заттар тіркелген, оның 915-і Қазақстанда өндіріледі. Бұл жалпы көрсеткіштің 11%-ын ғана құрайды. Ал елімізге сырттан келген дәрілік заттардың көшін Үндістан бастап тұр. Жалпы қоры 1111 дәрілік затпен 14%. болады.
Кесте 1 - ҚР дәрілік заттар импортының алғашқы ондығын мына кестеден
Үндістан |
1111 (14%) |
Қазақстан |
915 (11%) |
Германия |
771 (10%) |
Ресей |
698 (9%) |
Украина |
448 (6%) |
Ал медикаменттер импортының бағасы бойынша алдыңғы қатарда Германия (16%), Франция (12%), Үндістан (9%) және Ресей (7%). Айта кететін қызықты факт - заманауи фармацевтикалық өндіріс бойынша алдыңғы қатардағы елдер АҚШ, Швейцария және Ұлыбритания бағасы бойынша да, саны бойынша да ҚР-дағы ДЗ басты он импортер елінің қатарына кірмейді.
Енді дәрілік қалыптарға келетін болсақ, көшті таблеткалар(45%) бастап тұр. Бұл жалпы көрсеткіштің жартысына жуығын алуда. Әрине, қоладануға тиімді, әрі бағасы жағынан да қолжетімді. Алайда таблеткалардың сіңуі мен әсер етуі жылдамдығы басқа дәрілік қалыптарға, мысалы, инъекциялық дәрілер немесе суппозиторийлерге қарағанда баяу келеді (сурет 2). [2]
Диаграммадан байқағанымыздай, елімізде
суппозиторийлардың тек 10%-ы өндіріледі. Оларды өндіретін ФитОлеум ТОО және ПК "Фирма "Кызылмай" фирмалары. Бұл фирмалар көбіне фитопрепараттар өндірісімен айналысады. Бұл фитопрепараттар ішінде
шырғанақ, қырмызыгүл, мыңжапырақ, женьшень, т.б. кездеседі. Әрине, бұл дәрілік заттардың елімізде өндірілетіні көз қуантарлық жайт. Алайда маркетингтік зерттеулерге сүйенер болсақ, реестрде фитопрепарттарға
қарағанда, химиялық жолмен алынған дәрілік заттар саны әлдеқайда көп (сурет 4).
Қорытынды: Осылайша, жүргізілген маркетингтік зерттеу отандық фармацевтік нарықта суппозиторилер пішініндегі дәрілік құралдардың толық сегменті барын және өткізілген зерттеулер осы секторда фармацевтикалық нарық бағасы жағынан да, сандық жағынан да динамикалық өсу үстінде екендігін, отандық өндірушілермен импортталатын құралдардың орнын басу жағынан да тартымды екендігін көрсетті.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
- Приказ МЗСР РК от 27 мая 2015 года №392 «Об утверждении надлежающих фармацевтических практик». - Астана: Астана китап, 2015. - 35 с.
- Паршина, Н. Сравнительный анализ систем обеспечения качества лекарственных средств в развитых странах и СНГ // Фармац. - 2003. - №5. - С. 3-7.
- Drlica, K. DNA gyrase, topoisomerase IV. - E.: Microbiology and Molecular Biology Reviews, 1997. - 392 p.