«Білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттерге кеткен қаражат демей экономикалық инвестиция деп түсіну керек. Сондықтан жаңа ұлттық көзқарас ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білім беру ісі еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени гүлденудің тірегі болуға тиіс.».
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында білім беру процесінің көмекші құрылымдарымен қатар негізгі құрылымдарыныңда информациялық-коммуникациялық технологиялар статусына бейімделген жаңа білім беру жүйесі қалыптасу үстінде.
Жоғарғы білім глобализация мен инновациялық өзгерістердің интенсивтік процесстерімен сипатталады. Мұндай өзгерістердің мақсаты білім беру сапасын көтеру болып табылады. Білім беруде инновациялық әрекеттерге ерекше көңіл аударылады, себебі ол бүкіл білім беру жүйесінің жоғарғы қайтымдылықпен дамуына ықпалын тигізеді. Білім беру жүйесінің қайтымдылығының оның ішінде қашықтықтан білім берудің қайтымдылығының негізгі көрсеткіші ретінде жеке-жеке білім беру траекториясына негізделген оқытудың мүмкіндігін алуға болады.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №169 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережесі» жасалынып, ғылыми кеңесте бекітілді. Қазіргі таңдағы дамудың жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайын әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістерге бейімделуді талап етіп отыр. Әлем қазіргі таңда «білім экономикасын» және «білім қоғамын» құру үстінде. Бұл кеңейтілген ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жолдауында айтқан: «Біз білім беруді одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс».Сол себепті әрбіз ұстаз оқыту барысында өз шәкірттерін жаңашылдық арнасына бағыттап, әрбір әдісін сапалы және тиімді түрде жүргізу қажет.
Қашықтықтан білім алу негіздері.
Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамып жетілуі білімді бағалауға мүмкіндік береді. Оқытуда пайдаланылатын әдістемелер, технологиялар, әдіс- тәсілдер білім берудің жаңартылған талаптарына байланысты өзгеріп отырады.
Сапалы білімді меңгеруге талпынған қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақтың жеткілікті дәрежеде білім алуға сауаты бар, өйткені олар жаңа технологияның барлық түрлерін пайдалануға толыққанды мүмкіндігі бар.
Кәсіби дамуға ұмтылатын қабілетті маман өзінің қызметінен ұзамай жаңаша білім алу жолдарын іздейді. Тіпті үйінен шығуға мүмкіндігі болмайтын мүгедек жандар білім алуға құмарланып жан-жақты оқу процесстер, индустрия, инновация, тьютор, ақпараттық- жолдарын қарастырады. Осыған орай оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз – оқу процессі барысында заманауи талаптарға сай компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделіп инновациялық және дәстүрлі оқыту әдістерін қолдану арқылы, күндізгі және сырттай білім алудың негізгі түрін айтамыз.
Соңғы 15-20 жыл уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінде көптеген жаңаша елеулі өзгерістер енгізіліп жатыр. Оқу мен білім технологиясы нарықты өркендету жолында күресудің негізгі тиімді құралы болып отыр. Осыған орай заманауи технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жүйесі маңызды рөл атқарып отыр. Қашықтықтан білім беру жүйесін дамытудың ең негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың кез-келген мектептер, колледждер және университеттердегі оқу бағдарламасы бойынша білім алуға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жұмыс бабымен жұмыстан шығуға мүмкіндігі болмайтын жағдарға жағдай туғызу. Біз осылай еткенде ғана әрбір жанның тең құқылы білім алуға жағдайы келетінін, болашағы зор жаңа істерді өркендетуге мүмкіндігі болатынын, жаңа технологияның жақсы жаққа қарай күнделікті дамып жатқанын көрсете аламыз. Сонымен қатар өсіп келе жатқан әрбір жасөспірім болсын не егде жастағы азамат, азаматша болсын шет елге шықпай ақ, өзінің негізгі жұмысын істеу барысында қашықтан білім алуға құқылы.
Қашықтан білім берудің білім саласындағы негізгі мақсаттарының бірі: ол білім берудің ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейінің дәрежесін жоғарылату. Қашықтан білім берудің негізгі артықшылықтарына тоқталар болсақ. Олар:
- Қаржы мен уақыттың үнемділігі;
- Білім беру жүйесінің тиянақтылығы;
- Студент пен оқытушының қарым-қатынасы жеткілікті түрде болуы;
- студентте оқытушыда оқытудың уақыты мен орнын қалауымен таңдау;
- Ата-аналарының күнделікті балаларының не өтіп жатқанын бақылау;
Қашықтан білім беру жүйесінде сабақ өту барысы онлайн немесе оффлайн режимінде жүргізіледі.
Оқу сабағының «онлайн» режимінде өту кезінде оқу процесі телефон, чат, бейнеконференция арқылы ұйымдастырылады.
Оқу сабағының «оффлайн» режимінде өту кезінде оқу процесі тілдесу арқылы яғни асинхронды түрде, ондағы электрондық пошта, аралық немесе қорытынды бақылау тапсыруымен, тьютордың тапсырмасымен әрбір студенттің оқулық бойынша жұмысы арқылы жүргізіледі.
«MOODLE» -курсты басқарудың негізгі жүйесі (CMS), ол ашық түрдегі қолжетімділік бағдарлама, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға бағытталған негізгі бағдарлама, тьютор мен тыңдаушы арасындағы іс- әрекеттерді жүргізуге арналған пакет.
Қашықтықтан оқыту барысында қолданысқа енгізілгеніне көп болмаған «Интернет күнделігі». Бұл жаңашылдық облыс, қала, ауыл, аудан, Республика аумақтарының мектептерінде кеңінен қолданылуда. Бұл «Интернет күнделігі» инновациялық әдіс арқылы кез- келген жерде ата-аналар өз балаларының білім сапасын, сабаққа деген үлгерімін біліп отырады. Ал оқушылар үй жұмысын уақытылы біліп отыруға мүмкіндігі болады. Мұндай жаңаша әдістің қоғамға енуі қазіргі заманғы ата- аналар үшін тиімді және ұтымды әдіс болып табылады. Қорытынды.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы электронды оқытудың білім жүйесінің инновациялық дамудың басты бағыттары болып табылады. Жаңаша білім беруді модернизациялаудың негізгі құралының бірі e-learning жүйесі тәжірибелер жүргізу барысында көрсеткіштері бойынша айқындайды. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің жаңаша ақпараттандыру мақсатына электронды түрде білім беру өз септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің басты негізгі міндеті - ол оқытудың жаңаша технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру жүйелері, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу». Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін бізге заман талабына сай білім қажет. Өз еліміз Қазақстанның дамыған 50-елдің қатарына қосылуға септігін тигізетін ол тек қана-білім». Сондықтан да білім беру жүйесін жүргізу барысында қазіргі даму кезеңінің оқу үрдісінің технологияландыру мәселесін алға қойып отыр. Мұндағы оқу барысында мұғалімнің білімділігі, оқушыларға, студенттерге білім беруі жоғарғы деңгейде болғанда ғана нәтижесі көзге көрінеді. Әрбір сабағын қызықты әрі сапалы, қазіргі заманның талаптарына сай жаңа өзіндік әдістерін қолдану арқылы жүргізген абзал. Ұстаз алдындағы негізгі мақсаты - оқушыға сапалы білімді тиімді жолмен жеткізу. Қашықтан білім беру барысында сабақ үлгерімінің жақсы болуы оқушы, студенттің өзінеде тікелей байланысты болып табылады.
Білім инемен құдық қазғандай - деп ата-бабаларымыз айтпақшы, еліміздің өркендеуі үшін әрбір ұрпақ жеткілікті түрде білім алуы қажет. Қай жерде, қандай жағдай болмасын талмай еңбектеніп білім алған адам ғана биік шыңдарды бағындыра алады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011 - 2020 годы.
- Е.В. Гончарова Технологии организации образовательного процесса в вузе: Коллективная монография. - Нижневартовск: Изд-во Нижневарт. гос. ун-та, 2014. - 171 с.
- А.В. Феоктистов Современные вопросы теории и практики обучения в вузе:сборник научных трудов. - Новокузнецк: СибГИУ, 2009. - 378 с.
- Полат Е.С. Дистанционное обучение: организационные и педагогические аспекты. - М.: ИНФО, 2005. - 243 c.
- Скибицкий Э.Г., Егоров В.В. Дистанционное обучение: теория, практика и перспективы развития: Монография. - Алматы: Ғылым, 2004. - 221 с.