Бұл мақалада жоғары оқу орындарында сабақ жүргізу барысында жаңа оқыту технологияларын қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар инновациялық, интербелсенді оқыту әдістерін қолданудың артықшылықтарына талдау жасаған. Мақсаты - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, студентті оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.
Мақалада студенттерді ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық, интербелсенді технологияларды қолдану әдістері туралы айтылады.
Оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқытудың маңызды аспектілерін жетілдіру және оқу процесін оңтайландыру, байыту, әдістемелік құралдар мен тәсілдердің алуан түрлі жұмыс түрлерін жасау және оқыту процесінде студенттер үшін қызықты.
Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» Құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді.
Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген:
«Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз... Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз... Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» [1].
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Инновациялық оқыту - жаңашылдықпен оқыту дәстүрі, нормативті оқытумен салыстырғандағы білімді игертудің ерекше балама түрі. Ол оқытушы мен студенттердің дамуын қамтиды; оларды демократиялық ұстаным негізінде ортақ шығармашылық және нәтижелі қызмет пен қаруландырады; оқу білім беру жүйесіне жаңалық ендiредi[2].
Оның студенттер үшін пайдасы төмендегідей: -оқу-әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды тиімді пайдалануына жағдай туғызады;
- кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;
- түйінді-ізденгіштік ойлау қабілетін дамытады;
- болашақ кәсібі жөніндегі танымын қалыптастырады;
- ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;
- алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңиді; Оқытушы-ұстаздарға тигізер пайдасы тіптен зор, олар: -оқу-әдістемелік материалдарын жедел жаңартуға мүмкіндік жасайды;
- оқытудың әртүрлі үлгілік технологияларын енгізеді;
- оқытудың ұқсастыра, теңей оқыту технологияларын қолдануына мүмкіндік туады;
- студенттер білімін бақылау мен қадағалау мүмкіндігі кеңиді;
- кәсіби мамандарды дайындаудың қолданылып келген технологияларының сапасын жетілдіреді.
Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады, сонымен қатар, бiлiм беру қызметі нарығында білім беретін оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Бiлiм беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бiрi - кэсiби бiлiмi бар маманның iзденгiштiк қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру.
Мұндай қызметтер тYрiне:
- бiрлесе оқыту;
- модульдық оқыту;
- проблемалық оқыту;
- деңгейлеп,саралап оқыту, тағы басқалары жатады[3].
Инновациялық бiлiм беру жаңа бiлiм алуға және ақпараттық қоғамның инновациялық серпiнiне негiзделген. Инновациялық бiлiм берудің негiзгi белгiлерi:
- антропоцентризм;
- өзін өзі басқару;
- кәсібилік.
Инновация теориясында инновациялық процесс, оларды коммерцияландыру жағдайында бәсекелестік, қызметтерді немесе техниканы, ресурстық қамтамасыз ету аясында жаңа өнімдерді өндіруде перспективалы идеялардың пайда болуын, оларды ұйымдастыру кезеңдерін реттейтiн, инновациялық іс-әрекеттің жиынтығы болып айқындалады[4].
Инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары.
Нидерландтық ғалым Карл ван Парререн келтiрген төмендегі қағидалар қазіргі күнгі инновациялық (интербелсендi) технологиялардың идеялары мен практикасын толығымен келтiредi.
- қағида.Студенттерде үйренуге деген тұрақты қозғаушы күш (мотивация) қалыптастыру.
Мотивацияны студенттердің жеке тэжiрибесiне негiздеу керек.
- қағида. Диалог арқылы үйрету/үйрену.
Оқытушы студенттермен «жоғарыдан төмен» қарай қарым- қатынас орнатпай, олармен тығыз ынтымақтастықта болады.
- қағида. Қадағалау арқылы үйрету/үйрену.
Оқу әрекеттерін үнемі бақылау, яғни мониторинг және диагностика жасау; қажет болғанда студенттердi түзетіп және қуаттап отыру керек.
- қағида. Бiлiм беру мазмұнын қажетті оқу бiрлiктерiне және мақсаттарға бөлу.
Бұл ұстаным студенттердің әртүрлі таным және бiлiм деңгейлерін ескерiп, көп варианттарға негiзделуi керек. Сонда ғана үйренушілердің түрлі категориялары өздерінің танымдық мүдделері мен қызығушылықтарын қалыптастыра алады.
- қағида. Оқу мазмұнын үйрену/үйретуге, пән мен тұлғаға бағытталған әрекеттермен қамтамасыздандыру сан алуан деңгейлерде жүзеге асырылуы керек (материалдық, танымдық, саналық).
Таным процесінің негiзiн белсендi әрекеттер құрайды, адам тек әрекет арқылы ғана үйрене алады.
- қағида. Үйренуде қажетті қарқын және соған сәйкес тәсілдер (мысалы, оқу, сөйлеу, жазу, компьютерлiк тiлдер, графикалық модельдер мен символдар) таңдалуы керек.
Таным процесi оңайдан күрделіге қарай ойысып, қарым- қатынас пен өзіндік түсініктің қажетті құралдарымен қамтамасыдануы керек.
- қағида. Үйрету мен бiлiм игеруде көмектесу студенттердің оқу тапсырмаларын қандай деңгейде орындағанына байланысты оқытушының сырт көзбен пайымдаған мiнездемесiне сүйенбей, олардың нақты қабілеттеріне (мәселен, қарым-қатынас жасау және ойлау әрекеттері, өз тәжірибесін жүзеге асыра бiлу) негiзделуi керек.
Бiлiм мазмұны оқытушы тұрғысынан субъективтiк тұрғыдан анықталмай, үйренушінің мүдделерінен туындауы керек.
- қағида. Студенттердің ой-толғанысы (рефлексия) мен өздерінің даму жетiстiктерiн бағалай бiлуi (құзырлылық сезімі).
Баға қоюды (мәселен, бес балдық немесе жүз балдық жүйемен) оқытушы мен студенттер бiрлесе құрастырып, қабылдаған бағалау талаптарымен (критерийлермен) алмастыру қажет.
- қағида. Студенттердің өзіндік тұрғыдан жасалатын жұмыстарына қажетті тапсырмаларды алдын-ала дайындау. Осы әрекет арқылы студенттердің әрекеттерін, сөздерін, ойларын үйренішті қалыптан басқа жаққа бұруға болады.
- қағида. Студенттердің бастамашылдығы мен
шығармашылығын ынталандыру.
Бұл арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін едәуір көтеріп, олардың оқу мазмұнына тереңірек үңілуіне ықпал жасауға болады.
- қағида. Субъективтікті қалыптастыруға ықпал жасау.
Бұл ұстаным студенттердің оқу материалын жағымды тұрғыдан қабылдап, өзін-өзі анықтауына, өз әрекеттеріне деген жауапкершілігіне, өзіндік тұрғыдан өмір сүруіне бастайды.
- қағида. Студенттік аудиторияда әлеуметтік қасиеттері
басым және қоғамға кіріктірілген үйренуші тұлғасын қалыптастыруға бастайтын жағдайларды
қамтамасыздандыру.
«Оқудың/оқытудың басты мақсаты - тұлға қалыптастыру» деген қағиданы растайтын ұстаным.[5, 62-63].
Инновациялық технология бойынша оқыту бiлiмдi меңгертуге емес, жеке әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, субъектінің өзіне тән жеке тұлғалық ерекшелiктерiн, қабілеттерін назарға алып дамыту - басты міндеттердің бiрi. Ә. Әлімов инновациялық технологияларға интербелсендi оқу/оқыту деген атау бередi.
Интербелсенді оқу/оқыту бiлiм игеру процесiне қатысушылардың (үйренуші мен үйренушілердің) тиiмдi қарым-қатынасына негiзделедi. Ағылшын тiлiнен келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды бiлдiредi: «inter» дегенiмiз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегендi бiлдiредi, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Интербелсенді оқу дегеніміз - өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни үйретуші-үйренуші, үйренуші- үйренуші, үйренуші-өзімен-өзі форматтарында жасаған қарымқатынас (әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен әрекеттері).
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
- Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.
- Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
- Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.
Интербелсенді оқу/оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқу/оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады.
Кесте 1 - Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
Қағидалар |
Мақсаттар |
Орта қалыптастыру |
|
Әрекет арқылы үйрету/үйрену |
|
Өмірмен байланыстыру |
- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру. |
Өзінділік пен дербестікке баулу |
|
Интербелсенді оқу/оқыту студенттің өз тәжірибесі және өзге де студенттердің тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Студенттер таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым- қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.
Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; -ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
- ақпаратты жан-жақты талдау;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- -оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- басқа да балама пікірлерді ескеру;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
- ортақ жұмысқа жұмыла білу;
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;
- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;
- студенттік топты ұжым ретінде қабылдау.
Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
- – бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- – жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,
- – рөлдік және іскерлік ойындар,
- – пікірталастар,
- – ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай, т.б.),
- – шығармашылық жұмыстар,
- – кейс-стади,
- – презентациялар,
- – компьютерлік оқыту бағдарламалары,
- – тренингтер,
- – интервью,
- – сауалнама, т.б.
Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту керек: олар өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шәкірттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау) іс жүзінде қолданады [5, 49-52].
Қорыта келгенде, білім беру жүйесінде инновациялық оқыту технологиясын қолдану оқыту процесінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.Оқыту технологияларының қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана оқытушының шеберлігімен және осы шеберлікті шындай түскенде ғана жүзеге асады. Сондықтан, мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ болашақ маман иесі сапалы білім және тәрбие алатынына сенімдіміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Егемен Қазақстан», 29 қаңтар 2011 жыл.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология // Жалпы редакциясын басқарған Қ.Қ. Құсайынов. – Алматы: Мектеп ЖАҚ, 2002. – 314 б.
- Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – Алматы: Білім, 2008. – 172 б.
- Серикова С.К., Сабирова Д.А. Казахстан интерактивная модель обучения литературе в школе // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы.- 2017. - №4(62). – Б. 283-289.
- Әлімов А. Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану: Оқу құралы. – Алматы: 2009. — 163 б.