Жарақаттану тұрғындар денсаулығының негізгі аурушаңдық көрсеткіштеріне, еңбекке қабілеттіліктің тұрақты және уақытша жоғалуына және мүгедектік пен өлім-жітім шығындарын ұлғайтатын патология болып табылады. Осы мақалада жарақаттанудың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы әлеуметтік- медициналық мәселелер бойынша әдеби шолу келтірілген.
Кіріспе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының 2017 жылғы ресми мәліметтеріне қарағанда жыл сайын тұрмыстық жарақаттардан 1,8 миллион адам қазаға ұшыраса, оның ішіне кіретін жол-көлік апатының нәтижесінде 1,25 миллионға жуық адам өлім- жітімге ұшырайды екен. Жол-көлік апатынан туындайтын жарақаттар 15-29 жастағы жас адамдардың өлім-жітімінің басты себебі болып табылады. Жол апатынан туындайтын өлім-жітімнің 90%-дан аса оқиғасы әлемдегі көлік құралдарының шамамен жартысына тиесілі болғанына қарамастан, осы оқиғалар табыс деңгейі төмен және орта елдерде орын алады. Әлемде жолда қаза табатын адамдардың жартысы «жол тәртібін сақтамаушылар», оның ішінде жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен мотоцикл жүргізушілері болып табылады. Болжам бойынша жол тәртібін бұзудан жол-көлік оқиғасының саны өсіп, 2030 жылға қарай өлім-жітім себебінің маңызы бойынша жетінші орынды алатын болады [1].
Жол-көлік жарақатының нәтижесінде зардап шеккен тұлғалар, олардың жанұялары және бүкіл ел айтарлықтай экономикалық зардап шегеді. Бұл залалдар емнің құнымен (соның ішінде сауығу мен апатты тексеруге), сондай-ақ төмендеген/шығындалған өнімділікпен (мысалы, жалақысын жоғалтуға) байланысты, алынған жарақаттың нәтижесінде қаза тапқан немесе мүгедек болған адамдар, олардың отбасы мүшелеріне жарақат алған туысын күту үшін жұмыстан (немесе мектептен) бос уақыт қажет. Жарақатқа байланысты шығынды ғаламдық бағалау шамалы, дегенмен 2010 жылы жүргізілген зерттеу ЖКЖ- ның елдерге ұлттық жалпы өнімнің шамамен 3%-ын қамтитынын болжаған. Бұл көрсеткіш кейбір табыс деңгейі төмен және орта елдерде 5%-ға дейін өседі.
Жарақаттар (жол-көлік жарақаты, суға бату, күю, биіктен құлау мен улану) 5-15 жастағы балалар арасында өлім-жітім мен мүгедектіктің басты үш себебінің бірі болып табылады. ЖКЖ көлемін төмендету 5% (13 мыңға дейін), қаза тапқандар саны 4,3% (1,7 мыңға дейін), жараланғандар саны 3% (16,9 мыңға дейін) құрайды. Орташа жылдамдықты 5%- ға дейін төмендету қауіпті апат санын 30%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Балаларға арналған орындық және қосымша құралдар (жастықтар) балалардың өлім-жітімін апат болған жағдайда 54-тен 80%-ға дейін төмендете алады. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2015 жылы ішкі себептердің қатерінен қаза тапқандар: 14468, соның ішінде 0-19 жас аралығындағы балалар - 1438. Көлік қайғылы жағдайлардан 2644 адам қаза тапқан, соның ішінде 0-19 жас аралығындағы балалар - 311; биіктен құлағаннан - 654/75, электрден жарақат алған - 109/23, суға батқаннан - 788/240, түтіннің әсерінен - 322/37, ыстыққа, жалындаған затқа күйгеннен - 8969/499. Өлім-жітімнің басты себептерінің құрылымында жарақаттан, уланудан және басқа ішкі себептердің әсерінен қаза табу 4 орында. Жарақаттан, уланудан және басқа ішкі себептердің әсерінен өлім-жітім көрсеткіші 2015 жылдың нәтижесі бойынша 2014 жылғы 87,6-ға қарағанда 100 мың халыққа шаққанда 82,5-тi құраған (5,8%-ға төмендеген). Ауыл тұрғындарының жарақаттан, уланудан және басқа iшкi себептердің әсерінен өлім-жітім көрсеткіші 86,8-дi құрайды, бұл қала халқының 79,2 өлім-жітімінен 9%-ға жоғары. Сондай-ақ өлім-жітім құрылымында өзіне қол жұмсаудан жоғары көрсеткіш 35%, көлікпен қайғылы оқиғаның орын алуы 28% көрсеткені байқалуда [2, 3].
Үнемі өткізіліп отыратын «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Назар аударыңыз - балалар!» және т.б. кең ауқымды профилактикалық шаралардың нәтижесінде Жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау 0,5% (1 млн.687 мыңға дейін) артқан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде көлік құралдарының тоқтаусыз өсуіне қарамастан (+8%, 4,5млн. дейін) елде апат көрсеткішінің төмендеуінің тұрақты беталысы байқалуда.
Балалардың жол-көлік және тұрмыстық жарақат алу мәселелерінің әлеуметтік маңызы белгілі және осы мәселелерді шешу нені қабылдау керектігін білетін дәстүрлі медицина мен кімді және қалай оқыту немесе сақтандыру керектігін білетін педагогика ғылымдарының арасындағы шекаралық аймақта қалуда. Аталған мәселелердің сипаты барлық жағынан өз денсаулығыңды өзің сақтау ретінде өзіңнің қауіпсіз өміріңе жауапты қарым-қатынасқа және басқа адамдардың денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеуден көрінеді.
Кез келген мемлекетте жүзеге асырылатын профилактикалық бағыттағы әлеуметтік-медициналық жұмыс сол мемлекеттің тарихи жағдайларын есепке ала отырып қалыптасады. Профилактикалық шаралардың ұқсастықтары мен пен бірынғайлығына қарамастан, олардың әдістерінде, ұйымдастыру жолдарында өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан жер беті мемлекеттердегі сақтандыруға бағытталған әлеуметтік-медициналық жұмыстың мазмұнын салыстырмалы түрде талдау - осы қызметтің теориясы мен тәжірибесін одан әрі байыта түсетіндігі барлығын білеміз. Тұрмыстық жарақаттар бұрынғы заманнан бері адамзат баласының негізгі әлеуметтік-гигиеналық мәселесінің бірі болып табылады [4]. Адамдар әрқашанда өздерінің тұрмыстық қауіпсіздігін сақтауға тырысқан. Алайда экономикалық-тұрмыстық ақуалдың алдыға қарай дамуына байланысты бұл мәселе арнайы маманды талап еттi [5-7].
Адамды қоршаған тірлік ортасындағы қауіптіліктер әлемі мен олардың шиеленісуі үзіліссіз үдеуде, ал олардың алдын алу әдістері мен құралдары айтарлықтай кешеуілдетіп жасалады және жетілдіріледі. Тұрмыстық жарақаттың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтардың деңгейі техника, технология және әлеуметтік-экономикалық жүйелермен салыстырғанда әлдеқайда артта қалып келе жатыр. Қоршаған ортаның адамзат денсаулығына тигізетін әсері күннен-күнге күрделену үстінде. Осыған байланысты адам денсаулығы мен өмірін сақтау мәселелерін шешу үшін интегралдық және кешендік қадам жасау қажет. Қазіргі замандағы белгілі қауіпсізідік жүйелерімен белгілі бір саланы ғана қорғауға болады, осы күнге дейін адамзат баласын әртүрлі тұрмыстық жарақаттардан кешендік сақтау жолдары белгісіз болып келеді. Дәл осы әдістер белгілі қауіпсіздік мәселелерін шешеді, ал осы қауіпсіздік шаралары жалпы сауаттылыққа бағытталған және әртүрлі саладағы ғылыми-әдістемелік фундамент болып табылып.
Еңбекті қорғау өндіріссіз жүзеге асырылмайды, яғни еңбекке қатысты екінші орында орналасқан [7]. Тұрмыстық тіршіліктің қауіпсіздігін қорғау өмі сүру үдерісіндегі адамзаттың қауіпсіз және тиімді іс-әрекеті болып табылады. Сонымен қатар адамзат іс-әрекетінің негізгі мәселелері болып табылады. Адам баласының өміріне тұрмыстық үдерістен келетін қауіптілік жоғары болып табылады. Адамның тұрмыстық қауіпсіздігін қамту мәселесі ғылыми- техникалық жетістік кезеңінде орнықты. Қазіргі уақыттағы адамдардың техносферадағы тұрмыстық жағдайлары және адам өміріндегі ағзаның мүмкіндігін арттыратын адаптациялық, физиологиялық және психологиялық себептер қалыптасады.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының (ДДСҰ) көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының тұрмыстық саласындағы өлім көрсеткіші Еуропалық Одақ елдерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе жоғары болып келеді [8, 9]. Сараптаушылардың көрсеткіші бойынша әлем бойынша тұрмыстық сала бойынша жыл сайын 200 мың адам өледі және 120 млн. адам жарақаттанады. Қазақстан Денсаулық сақтау Министрлігінің статистикалық көрсеткіші бойынша жыл сайын 15 мың бақытсыз жағдай болып, 600 жуық адам қайтыс болады, ал 1,5 - 2 мың адам мүгедек болып қалады [10]. Тұрмыстық жағдайдағы қауіпсіздік мәселесі азаймайды және қолданбалы сипаттағы сұрақтармен шектеліп қалмайды. Бұл мәселенің әлеуметтік- экономикалық мағынасы зор. Қазақстан
Республикасындағы адам құрбандықтары түріндегі орасан ысыраптар, елеулі моральдық, материалдық және экологиялық нұқсандарды экономикалық-гигиеналық тұрғыда есепке алу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық төтенше жағдаяттардың туындау жиілігі дамыған елдердегі осы көрсеткіштен елеулі асады. Тұрмыстағы адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қанағаттанарлықсыз жағдайлар адам өмірінің ұзақтығына және еліміздің өлім көрсеткішіне кері әсер етеді. Қазіргі уақыттағы ресейдегі қайтыс болған адамдардың ішіндегі еңбекке жарамдылардың өлімі 30 % құраса, 1980 жылы 2025 % құраған. Қазақстанда бұл көрсеткіш одан да жоғары және 38 % құрайды. Дамыған елдердің көрсеткіші бойынша адамның орташа өмір сүру мерзімі 70 жас. Қазақстанда орташа өмір сүру мерзім 64,4 жасты құрайды (еркектер - 59, әйелдер - 70,2). Ресейде адамның орташа өмір сүру мерзімі 65 жас аралығын көрсетеді.
Сараптаушылардың арнайы есептеулері үрейді ұшырады, себебі қазіргі уақытта 16 толған жігіттердің орташа өмір сүруі 60 жасқа дейінгі мерзімді құрайды. Еліміздегі халықтың денсаулығы да нашар. Көптеген адамдардың иммудық жүйе қорғанысы төмендеп, инфекциялық аурулардың саны артып түр. Ауру балалар күнен-күнге көптеп туылып жатыр. Қандайда бір жедел қауіпсіздік шараларын қолданбаса, бұл жайсыз медициналық- гигиеналық жағдай болашаққа әсер етеді. Болып жатқан оқиғалар, әсіресе адам өлімі болатын үлкен апаттық жағдайлар адам өміріне моральды-психологиялық әсерін де тигізеді.
Бұл әлеуметтік-экономикалық және медициналық, ал кейбір жағдайда көптеген аумақтарда саяси қиындықтар тудырады. Қоғамның қауіпсіздігін төмендетіп, аймақтың одан ары қарай дамуын тежейді. Ірі табиғи апаттар мен қопарылыстарды болдырмауға ерекше көңіл аудару керек, себебі сарапшылардың есептері бойынша апаттың алдын- алу жолына жұмсалатын қаржы саны апат болған жерді қайта қалпына келтіруге жұмсалатын қаржыдан 10 - 15 есе аз болып келеді. Тұрмыстық апаттар, жарақаттар, бақытсыз жағдайлар, сырқаттар көрсеткішін сараптау нәтижесі осындай жағдайлардың болуының негізгі себебі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, адамдардың техногенді қауіптіктің және одан қорғанудың жолдарын білмеуінен тундайды. Қауіптікті тудыратын негізгі себеп адамның өзіндік іс-әрекеті болып табылады.
Профилактика ұғымының негізінде тұрғындар тобы мен жеке индивидтердің мүмкін болатын физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-мәдени қиындықтарын шешуге; адамдардың денсаулығы мен өмір сүру деңгейін қорғауға, сақтау мен қолдауға; алдыға қойған мақсаттарына жетуге және ішкі өмірлік потенциалын ашуына көмектесуге бағытталған ғылыми дәлелдемелер мен уақытында орындалатын әрекеттер түсіндіріледі.
Әлеуметтік медицина мен әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі ғылыми зерттеулер көптеген созылмалы аурулардың әлеуметтік факторлар мен науқастардың өмір сүру стиліне байланыстылығына негізделіп, көпсалалы бағыт алуды болжайды. Практикалық әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби қызметі үшін денсаулық сақтаудағы профилактика мәселелерінде әлеуметтік қорғау мекемелерінің рөлінің маңыздылығын мойындау да үлкен мәнге ие. Психо- әлеуметтік технологиялар мен әлеуметтік-терапевтік әдістерді қолдана білетін әлеуметтік жұмыскерлер клиентпен жұмыс жасау кезінде оған өз денсаулығын есепке ала тұрып, өмірлік жоспарларын айқындауға көмектеседі [11-13].
Қоғамдық профилактика әлеуметтік және гигиеналық сипаттағы іс-шаралар кешені. Олар мемлекет, аймақ, қала, аудан, тіпті әрбір ұйым шеңберінде мемлекеттік деңгейде жоспарланып, өткізіледі. Негізінен, бұл шаралар қоғамдық денсаулықты қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне; ауруды туғызушы себептерді жоюға; еңбек, демалыс, материалдық қамтамасыздандыру, тұрмыстық, халықтық тұтынуға қажетті тауарлар мен қызметтерді кеңейтуге, сонымен қатар, денсаулық сақтау, мәдениет пен білім, дене шынықтыру салаларын дамытуға жағдай жасауға бағытталады [14-16].
Қоғамдық профилактика іс-шараларының тиімділігі көбіне, азаматтардың өз денсаулықтарын қорғауға деген саналы көзқарасына, тұрғындардың қоғамдық профилактикалық шараларға қатысуына, әрбір азаматтың өз денсаулығын қорғауға жасалынып жатқан қызметтерді қаншалықты пайдаланып жатқанына байланысты.
Қоғамдағы жіктелу үрдістерінің күшеюі отбасының маңызды қызметтерін қозғап (репродуктивті, тәрбиелік, экономикалық, сауықтыру), нәтижесінде халықтың денсаулығының бұзылуына алып келуде. Ең қауіптісі – отбасының сауықтыру қызметін жоғалтып алуы мүмкін. Халықтың төмен табысы отбасының барлық бюджетінің адамдардың тамаққа және киімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруына жұмсалып, денсаулықты қолдауға, сақтауға мүмкіндік қалдырмайды.
Осылайша, отбасының экономикалық қызметтерінің барлық элементтері тікелей немесе жанама түрде отбасы денсаулығымен байланысты [17-19].
Қауіп-қатер тобындағы отбасыларға тұрмысы төмен отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, асоциалды отбасылар, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушы отбасыларын жатқызуға болады.
Аталған мекемелер іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары болып: балалар мен отбасылардың әлеуметтік сәтсіздіктерінің факторлары мен себептерін айқындау; қиын өмірлік жағдайды жеңу мен өз-өздерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде балалары бар отбасыларды қолдау; әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық – педагогикалық, құқықтық және басқа да қызметтің формалары мен түрлерін ұсыну.
Қауіп-қатер тобындағы отбасылармен әлеуметтік жұмыс бойынша маманның практикалық іс-әрекеті диагностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативті кезеңдерді қарастырады.
Диагностикалық кезеңде отбасының тұрмыстық жағдайлары мен материалдық мүмкіндіктері қарастырылады, эмоционалды-психологиялық климаты, танымдық, жалпы мәдениеттілік деңгейі, бос уақытты өткізу тәртібі, рөлдер мен міндеттерді бөлу, өзара бірыңғай іс-әрекеттілікті ұйымдастыру, сонымен қоса, отбасының жалпы және отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке мәселелері анықталады [20-23].
Ұйымдастыру кезеңінде жағдай мен ресурстарды бағалауға отбасының мүшелерін қосу үшін жағдайлар жасалады, көмекші бағдарламаларды бейімдеу мен жобалау, біріккен отбасылық-тұрмыстық еңбекті ұйымдастыру, қарым- қатынасты, сыртқы және ішкі байланыстарды жақсарту қарастырылады.
Коммуникативті кезеңде қалыптасқан дағдылар мен білімдер қолданылады, қолданатын құралдар кеңейтіліп, жалпы көмекті өз-өзіне көмекке ауыстыру ынталандырылады.
Осылайша, қауіп-қатер тобындағы отбасылармен әлеуметтік-медициналық жұмыстың ерекшелігі әлеуметтік жұмыскердің супервизиясы мен (патронаж, сүйемелдеу) өмір сүру дағдыларына үйретудің өзара үйлесімділігі негізінде жатыр [24-26].
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша. Жарақаттан, уланудан және басқа ішкі себептердің әсерінен өлім-жітім көрсеткіші 2015 жылдың нәтижесі бойынша 2014 жылғы 87,6-ға қарағанда 100 мың халыққа шаққанда 82,5-ті құраған (5,8%-ға төмендеген). Ауыл тұрғындарының жарақаттан, уланудан және басқа ішкі себептердің әсерінен өлім-жітім көрсеткіші 86,8-ді құрайды, бұл қала халқының 79,2 өлім-жітімінен 9%-ға жоғары. Сондай-ақ өлім-жітім құрылымында өзіне қол жұмсаудан жоғары көрсеткіш 35%, көлікпен қайғылы оқиғаның орын алуы 28% көрсеткені байқалуда. Жарақаттар (жол-көлік жарақаты, суға бату, күю, биіктен құлау мен улану) 5-15 жастағы балалар арасында өлім-жітім мен мүгедектіктің басты үш себебінің бірі болып табылады [27-29].
Жарақаттану түріне қарай тұрмыстық, спорттық, көліктік жарақаттану деп бөлінеді.
Тұрмыстық жарақаттану жағдайлары мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Қауіпті жағдайларды болдырмас үшін, сыртқы және ішкі өрттен сақтануға арналған баспалдақтар бала бойынан биік ағаш шарбақтармен қоршалуы тиіс. Ал, балабақшадағы баспалдақ қанаттары үлкендердің бойынан төмен дайындалғаны дұрыс.
Топ бөлмелерінің есіктері әйнек болмауы керек, өйткені балалар қозғалыс кезінде әйнекті оңай сындырып, жарақат алуы мүмкін. Немесе, олар сынбайтын қалың әйнектен жасалауы керек. Жылыту батареяларын ағаш тіректермен қоршаған дұрыс. Кей жағадайларда балалар шкафтың, ілінетін сөрелердің, вазаның, шыны ыдыстың т.б. нәрселердің құлауы салдарынан жарақат алуы мүмкін. Жиһаздар құламайтындай мықты бекітілуі және оның үстінде тұрған заттар дұрыс орналастырулары тиіс. Аквариум, құстары бар торлар, ілулі кашподағы гүлдер, оларды баптап күтуге лайықты болу үшін, бала бойының деңгейінде орналасуы тиіс.
Тамақтану кезінде балаларды үстел басына дұрыс отырғызбау, олардың ыстық тамақтан күйіп қалуына әкеледі. Сондай-ақ тәрбиеші мен ата-аналар баланы пышақ пне шанышқаны дұрыс қолдана білуге үйретуі тиіс. Кезекші балаларға ыстық тамақ тасуға қатаң тиым салынады. Топқа ыстық тамақ әкелетін тәрбиешінің көмекшісі өте сақ болуы тиіс. Бала үнемі тәрбиешінің қатаң қарауында болуы керек. Ауылдық жерлерде топқа ыстық су әкелінетін жағдайларда қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс [30, 31].
Осылармен қатар дәрі-дәрмектермен улану жағдайлары да кездеседі, баланы әдемі қораптар қызықтырады, дәріні кәмпит екен жеп қоюы мүмкін.
Балалар арам шөптермен уланып қалмас үшін, ойын алаңдарында улы жемістер өсетін бұталарды, арам шөпті жұлып отыру керек.
Еңбек сабақтарында балалар кесетін, өткір, сүйір заттарды қолданбаулары тиіс. Балалардың ұсақ заттарды (ілгек, шеге және т.б.) ауыздарына салмауын қадағалау керек. Еңбек сабағына қажетті ине, қайшыны арнайы металл қорапшада ұстау керек. Ойын алаңдарында үлкен адамдарға арналған құралдарды балаларға пайдалануға болмайды. Жапырақ өртеу сияқты қауіпті жұмыстарға балаларды араластыруға болмайды, өйткені бұл балалар денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Электр тогының соғуы салдарынан алынған жарақаттар тұрмыстық жарақаттануға жатады. Себепсіз электр заттарын пайдалануға болмайды. Тоққа қосу розеткалары балалардың бойынан биікте орналастырылуы тиіс.
Балабақшада жыртқыш құстарды, жануарларды ұстауға, тікенекті гүлдер мен өсімдіктерді өсіруге тиым салынады.
Спорттық жарақаттану көбінесе балабақшадағы ересек топтарда кездеседі. Бұндай жарақаттарға спорттық құралдардың тиісті деңгейде бекітілмеуі, сырғанақ еден, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, шанамен сырғанау кезінде жолда бөгде заттардың болуы, бассейнде шомылу кезінде оның тереңдігін білмеу, күн астында ұзақ болу кезінде күн тиюден қорғайтын бас киімнің болмауы және т.б. жағдайлар себеп болады. Қолданылатын спорт құралдарының сапасы, тазалығы, санитариялық жағдайы да назардан тыс қалмауы керек [32, 33].
Жазатайым оқиға міндетті түрде травматологиялық орынға немесе «жедел жәрдемге» жүгінумен аяқталады. Тек жеңіл соғып алу кезінде ғана дәрігердің көмегіңсіз амалдауға болады: ауырған жерге суық салыңыз, ол ісік пен ауырғанды азайтады, және көгерген жерді сорып алу үшін жақпа май немесе гель жағыңыз. Ауырған жерді жылытуға болмайды, әсері тікелей қарама-қарсы болады [34, 35].
Қорытынды. Сонымен, тұрмыстық жарақаттанудан сақтандыруға бағытталған профилактикалық шаралар – тіршіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды құрамдық бөлігі. Бұл шаралар еңбек ету жасындағы тұрғындардың тіршілігін мен дамуын қамтамасыз ету негізі болып табылады. Ауыл тұрғындарының арасында өмір сүру деңгейінің төмендеуі, олардың денсаулығының нашарлауы, әлеуметтік-гигиеналық мәселелерінің артуы олардың әлеуметтік-медициналық тұрғыда өзгеріске ұшырауын туындатады. Бұл өзгерістер қала тұрғындары арасында қалыптасқан жағдайдан анағұрлым күрделі, сондықтан ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау қала тұрғындарының денсаулығын қорғауға қарағанда айтарлықтай өзекті деп айтуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Иващенко, E.H. Социально-гигиенические аспекты инвалидности вследствие травм различных локализаций и потребность инвалидов в медико-социальной помощи: автореф. дис. ... канд. мед. наук - М., 1994. — 21 с.
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организации здравоохранения в 2004 году». – Астана: 2015. – 261 с.
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организации здравоохранения в 2015году». – Астана: 2016. – 259 с.
- Актуальные проблемы организации специализированной медицинской помощи жителей села / Н.М. Водяненко, Н.В. Поляков, Н.П. Сергеев и др. // Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. - 2002. - №2. - С. 35-37.
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организации здравоохранения в 2016 году». – Астана: 2017. – 283 с.
- Булешова А.М., Алимова Л.Б., Жақсыбергенов А.М., Бейсенбаев А.А. Организация амбулаторной травматологической помощи при переходе к рыночном отношениям в здравоохранении // Республиканский научно-практический журнал «Вестник» ЮКГФА . – 2013. –Т.2-4(65). - С. 30-38.
- Алимова Л.Б., Булешова А.М., Жанабаев Н.С., Бейсенбаев А.А. Социологическая оценка амбулаторной травматологической помощи населению крупного мегаполиса Южно-Казахстанской области // Республиканский научно-практический журнал «Вестник» ЮКГФА. – 2013. - Т.2-4(65). - С. 34-37.
- Булешова А.М., Жанабаев Н.С., Алимова Л.Б., Бейсенбаев А.А. Характеристика амбулаторной травматологической службы по данным социологического опроса пациентов траматологических пунктов города Шымкент // Республиканский научно-практический журнал «Вестник» ЮКГФА . – 2013. – Т.2-4(65). - С. 37-41.
- Файзуллин, И.Г. Новый подход к решению проблемы дорожно-транспортного травматизма в сельскохозяйственных районах / И.Г Файзуллин // Казанский медицинский журнал. - 2001. - №5. - С. 396-397.
- Анохин, H.A. Общие закономерности развития суицидной ситуации в стране // Здравоохранение Российской Федерации. -2000. - №3. - С. 20-22.
- Винакова, И.Н. Современное состояние травматизма среди женщин в Белгородской области // Медико-экологические информационные технологии 99: материалы второй междунар. науч.-техн. конф., 19-21 мая 1999 г. – Курск: 1999. - С.54-55.
- Marvel, J.P. Trauma, the forgotten disease // Del. Med. J. - 2005. - Vol. 77, №6. - P. 209-210.
- Воронин, Н.И. Роль фельдшера в профилактике и лечении травм у сельскохозяйственных рабочих // Фельдшер и акушерка. -
- - №3. - С. 12-14.
- Санникова, Е. В. Эпидемиология травм и пути повышения качества и эффективности лечения пострадавших: автореф. дис. ... канд. мед. наук - СПб., 1999. - 20 с.
- Раднаев, А.Б. К вопросу эпидемиологии травматизма в Бурятии // Диагностика и лечение политравм: материалы Всероссийской конференции, 8-10 сент. 1999 г. - Ленинск-Кузнецкий: 1999. - С. 9-10.
- Теодоридис, К.А. Медико-социальные аспекты дорожных мототранспортных несчастных случаев в России: автореф. дис. ... д-р. мед. Наук - М., 2000. – 40 с.
- Вяльцин, C.B. Оптимизация лечебно-профилактической помощи социально дезадаптированным группам населения в условиях сельского района: автореф. дис. ... канд. мед. наук - Уфа, 2003. - 23 с.
- Государственный доклад о состоянии здоровья населения Российской Федерации в 2001 году году // Здравоохранение Российской Федерации. - 2003. - №5. - С. 3-6.
- Гусева, И.А. Китаев Медико-социальные аспекты профилактики инвалидности вследствие травм // Сбор. науч. трудов. JL. -
- - С. 24-28.
- Еременко, А.И. Анализ глазного травматизма в Краснодарском крае // Кубанский научный медицинский вестник. - 1995. - №5(6). - С.92-93.
- Иващенко, E.H. Социально-гигиенические аспекты инвалидности вследствие травм различных локализаций и потребность инвалидов в медико-социальной помощи: автореф. дис. ... канд. мед. наук - М., 1994. - 21 с.
- Завальнюк, А.Х. О причинах травматизма в сельском хозяйстве и концепция его предупреждения // Сов. Здравоохранение. -
- - №4. - С.40-42.
- Капарулин, А.Н. Организация травматологической помощи в сельском районе // Здравоохранение Российской Федерации. 2004. - №5. - С.53 - 54.
- Козин, Н.Д. Профилактика инвалидности вследствие травм лиц трудоспособного возраста в промышленном городе: автореф. дис. ... канд. мед. Наук - М., 1995. – 16 с.
- Лукашов, A.M. Управляемые факторы риска как ресурсы здоровья населения в современных условиях: (на примере г. Москвы): автореф. дис. ... канд. мед. Наук - М., 1999. - 22 с.
- Михайлова, Ю.В. Проблемы смертности от травм, отравлений и других последствий воздействия внешних причин // Профилактика заболеваний и укрепление здоровья. - 2002. - №5. - С. 15-18.
- Семенова, О.В. Эпидемиологическая характеристика изменений бедренных костей при системном остеопорозе: автореф. дис. ... канд. мед. Наук - Ярославль, 1999. - 24 с.
- Тишук, Е.А. Медико-статические аспекты действия алкоголя как причины смертности населения // Здравоохранение РФ. - 1997. - №3. - С. 73-78.
- Харисова, И.М. Обращаемость населения за медико-профилактической помощью в сельских районах / И.М. Харисова, И.Ф. Гузатуллин // Здравоохранение РФ. - 2004. - №4. - С. 20-22.
- Croser, J.L. Trauma care systems in Australia // Injury. - 2003. - Vol. 34, №9. - P. 649-651.
- WHO. The World Health Report 2000 / Health Sistems: Improving Performance. Geneva, 2000. –Доступноиз URL: http:/www.who.int/en/
- Гафаров, Х.З. Травматизм приоритетная медико-социальная проблема //Казанский медицинский журнал. - 1999. - №4(1). - C. 312-314.
- Гречухин, И.В. Обоснование нового подхода к системному анализу травматизма // Хирургия на пороге XXI века: Материалы 77й итоговой научно-практической конференции сотрудников АГМА. — Астрахань: 2000. - С. 214-217.
- Цаприлов, А.Г. Динамика травматизма в Могилевской области // Труды врачей и фармацевтов Могилевщины: (к 135-летию врачебного общества). - Могилев: 1999. - С. 346-347.
- Шипунов, Д.А. Эпидемиологическая модель дорожно-транспортного травматизма крупного промышленного центра: автореф. дис. ... канд. мед. наук - М., 2001. - 24 с.