Бұл мақалада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік аумақтарынДағы тұрғынДарДың арасында жүректің миокард инфарктысына шалДығу жиілігі және оның 2010-2016 жылДарДағы динамикасы қарастырылған. Аумақ тұрғынДарының жүректің миокард инфарктысына алғашқы сырқаттану оқиғалары бойынша аурушаңДығын зерттеу нәтижелері мен сырқаттылықтың профилактикалық бағдарламасына пациенттерді тарту және оның тиімділігі туралы көзқарасын сараптау қортындысы берілген. Аумақтағы тұрғындардың арасында жүректің миокард инфарктысына шалдығуна байланысты өмір сүру сапасы мен медициналық көмектің қол жетімділігі бағаланған. Жүректің миокард инфарктысы бойынша аурулардың аймақтық профилактикалықжәне реабилитациялық бағдарламасынының моделі ұсынылған.
Зерттеу өзектілігі. Экономикалық тұрғыдан дамыған мемлекеттердегі тұрғындардың сырқаттылық, мүгедектік және өлім көрсеткіштерінің құрылымдық өзгерістері 21 ғасырдың басында созылмалы эпидемиялық емес аурулардың, әсіресе қан айналым жүйесі ауруларының жетекші орында болуына әкеліп соққан. Қазіргі кезеңде қан айналым жүйесі аурулары бойынша денсаулық көрсеткіштері дамыған мемлекеттерде тұрғындардың мүгедек болуы және олардың өлімі жүректің моикард инфарктысының асқынуынан болып шықты.
Жүрек қан тамырлар аурулары, соның ішінде миокард инфарктысы көбнесе еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өлуінің және олардың мүгедектікке ұшырауының негізгі себебі болып табылады. Басқаша айтқанда мүгедектік пен өлім оқиғаларының басым бөлігін еңбек етуге қабілетті жастағы тұлғалар құрайды. Ресми статистикалық деректі материалдар бойынша сырқаттылық, мүгедектік және өлім оқиғалары адамдардың жастық-жыныстық ерекшеліктеріне және атқаратын кәсібіне қарамастан ұлғая түсті. Сырқаттылық көрсеткішінің деңгейінің өсім беру беталысы 30-39 жастық топтар арасынан бастау алады. Ал оның максималды өсу қарқыны 40-49 жас аралығында жоғары болады және көрсеткіш деңгейінің 34 % құрайды. 65 жас пен одан да жоғары жастық топтарда жалпы көрсеткіштің 29% түзейді [1, 2, 3].
Көптеген авторлардың өнеркәсіп мекемелерінде және жалпы қоғамдық орталарда жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесіне қарағанда Қазақстан Республикасы тұрғындары арасындағы еңбекке қабілетті жастарында жүректің моикард инфарктысынан өлімге ұшырау деңгейі 12,5 % болғандығы анықталған.
Егер тұрғындардың жастық ерекшеліктеріне қарай өлім оқиғаларын зерттеу нәтижелерін сараптасақ, онда 20-29 жас аралығында жүрек қан тамырлары ауруының асқынуынан қайтыс болғандардың орташа үлес салмағы 7,5%-ды, 30-39 жас аралығындағы тұрғындар арасында 16,5%-ды, 40-49 жас аралығындағы тұрғындар арасынды 30,9 %, 50-59 жас аралығындағы тұрғындарда 42-42,9 %-ды түзеген болып шықты [4, 5].
Жеке ғалымдардың диссертациялық еңбегі психикалық- эмоциялық жағдайлардың қарқындылығына қызмет жасайтын еңбек етуге қабілетті жастағы тұлғалардың сырқаттарының өсу деңгейіне, динамикасына терең зерттеулер жүргізу мәселелері қарастырылған. Оның нәтижесінде, психикалық-эмоциялық жағдайлардың қарқындылығы миокард инфарктысының туындауына және өлім оқиғаларының туындауына алып келетін қауіпті себептердің бірі болып табылады.
Қазіргі экономикалық тоқырауға байланысты еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың психикалық-эмоциялық жағдай қарқындылығының артуына, кардиологиялық және психотерапевтік көмек көрсету сапасының төмендеуіне, экологиялық жағымсыз жағдайлардың ұлғаюына жол ашады. Сонымен қатар, еңбек ету жасындағы тұлғалардың денсаулық көрсеткшітеріне кешенді талдау жүргізу нәтижесінде алынған клиникалық мәліметтер жағымсыз кардиологиялық жағдайлардың тым көп екендігін куәландырады [5, 6, 7] .
Миокард инфарктысының асқынуына байланысты жұмысқа қабілетті жастағы адамдардың денсаулық көрсеткіштерінің нашарлауына алып келетін негізгі себебі олардың арасында өлімнің шамадан тыс ұлғаюы болып табылады. Әлеуметтік- экономикалық жылдары кардиологиялық патологияға байланысты жұмысқа қабілетті жастағы адамдардың арасында өлім саны 24,8 % өскен. Бұл көрсеткіш нәтижелері деңгейі жұмысқа қабілетті жасында қайтыс болған адам санының ұлғаюымен анықталатындығын көрсетеді. Аталған мәселелердің ОҚО-ғы қалыптасу заңдылықтарын зерттеу сондықтан да өзекті мәселе болып отыр.
Жұмыстың мақсаты: Жергілікті аймақта жүректің миокард инфарктысы ауруының профилактикалық шараларын ұйымдастыруды ғылыми тұрғыда негіздеу және жүзеге асыру.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Біздің еліміздің кардиологиялық ғылымы мен тәжірибесі сауықтыру шараларында, диагностиканың жаңа әдістерін ойлап табуда, дәрілік заттарды дайындауда, жүрек хирургиясын дамытуда, зерттеудің эпидемиологиялық әдістерін енгізуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Алайда, кардиологиялық аурулар технологиясы дамыған мемлекет тұрғындарының мүгедек болуының және олардың қайтыс болуының негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Еліміздің кардиологиялық қызметі қан айналым ауруын, жүрек пен қан тамыры ауруларын, жүрек қан тамыры ауруларының медициналық, әлеуметтік және психикалық салдарын төмендету бойынша шаралар ойлап табуға аса көңіл бөлуде. Бұл сұрақ жүректің ишемиялық ауруымен және миокард талмасымен ауыратын науқастар үшін шешімі жоқ мәселе болып қалады, өйткені олар жұмысқа қабілетті тұлғаларда, шығармашылық белсенді тұлғаларда жиі даму үстінде. Қарастырылған жағдайлар бұл мәселенің тек медициналық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан да маңызды екендігін анықтап отыр.
Қазіргі таңда кардиологияда сауықтыру жөнінде тұлғалықты оның жүрек қан тамыры жүйесінің мүмкіндіктеріне сәйкес келетін әлеуметтік белсенділік деңгейіне дейін қалпына келтіру ғылымы мен өнері жөнінде айтылып жүр. Нарықтық жағдайларда басшылар контингентінің әлеуметтік-экономикалық және медициналық-биологиялық сипаттамаларында айтарлықтай өзгерістер орын алды.
ОҚО тұрғындарының жүректің ишемиялық ауруынан, күрделі жүрек талмасынан және басқадай себептерден қайтыс болуы, ауыруы, мүгедектікке ұшырауы секілді дүниелерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алынған зерттеу нәтижелерінің нақтылығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-гигиеналық, клиникалық-статистикалық, нұсқалы, корреляциялық және көп факторлы дисперсиялық талдаулар қолданылды.
Бұдан бөлек, қарқынды сезімталдық күшпен жұмыс жасайтын менеджерлердің ағзаларының функционалды хал-ахуалының және еңбек әрекеттерінің медициналық- әлеуметтік және гигиеналық ерекшеліктері зерттелді. Ағымдағы жағдайда біз әлеуметтік-гигиеналық, санитарлық-гигиеналық, физиологиялық-эргономиялық зерттеу әдістерін қолдандық.
Санитарлық-гигиеналық зерттеу жұмысын зерттеу нәтижелерін өлшеу және бағалау әдістері арқылы (микроклимат - СанПин 2.2.4.548-96 «Өндіріс орындарының микроклиматына қойылатын гигеналық талаптарына» сәйкес), ГН 2.2.4/2.1.8.562-96 «Тұрғын үй құрылысын салу аумағында, тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелерде және жұмыс орнындағы шуыл деңгейіне» сәйкес шуылдарды өлшеу және бағалау әдістері арқылы жүргіздік.
Қарқынды сезімталдық күшпен жұмыс жасау салдарынан жүрек талмасымен ауратын науқастарды сауықтыру тиімділігі мен этаптық сауықтырудың ұйымдастырушылық және медициналық-психикалық технологиясын жүзеге асыру шараларын дайындау жұмысы клиникалық-құралдық зерттеу әдісі арқылы жүзеге асырылды.
Біздің елімізде орын алған экономикалық қаржылық тоқырау тұрғындардың денсаулығына кері әсер етіп, олардың арасында миокард инфактысынан туындайтын өлім оқиғаларын жоғарлатып жіберді.
Зерттеу нәтижелерінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қолданылған таңдамалы статистикалық жиынтықтың ренпрезентативтілігі қамтамасыз етілді. Ал орта және салыстырмалы шамалдардан алынған көрсеткіштердің орташа квадраттық ауытқуын және стьюдент критериін анықтау көрсеткіштердің арасындағы айырмашылықтарды анық көрсетуге жағдай туғызды.
Зерттеу нәтижелері. Миокардтың жіті инфарктысының таралу деңгейі Қазақстан Республикасының 100 000 тұрғынына балап есептегенде 2014 жылы 73,0 оқиғаны құраса, 2015 жылы 78,5 оқиғаға дейін жоғарылаған.
Ал, 2016 жылы оның деңгейі одан ары көтеріліп, 81,9 ‰00 дейін жеткен. Көптеген зерттеу нәтижелеріне қарағанда мегаполис тұрғындарының жіті инфаркт ауруына шалдығу деңгейі ауыл тұрғындарына қарағанда айтарлықтай жоғары болып шықты.
Біздің қол жеткізген ресми мәліметтерге қарағанда, Шымкент қаласы тұрғындарының миокардтың жіті инфарктыға шалдығу деңгейі 2014-2016 жылдары 87,6 ‰00- дан 97,6 ‰00 көтерілген.
Ал, бұл көрсеткіштің деңгейі Қазақстан Республикасы тұрғындарының аурушаңдық көрсеткішінен 20,0% жоғары болса, ОҚО-ы тұрғындарының аурушаңдығынан (73,9‰00- ден 76,1‰00-ге дейін) 21,8 %-ға дейін жоғары болып қалыптасқан.
Миокардтың инфарктысы жыныстық-жастық ерекшеліктерге тәуелді екендігі барлық осы тақырыптағы зерттеу нәтижелерінде анықталған десе де болады. Миокардтың жіті инфарктысы 20-29 жастағы ер адамдар (8,7±0,72 ‰00) мен қыздардың арасында (6,1±0,43 ‰00) ең төмеңгі деңгейде қалыптасқан.
Оның деңгейі тұрғындардың жастық топтары артқан сайын еселеп арта түседі. Осылайша, 30-39 жастағы тұрғындар арасында (ер кісілерде 17,9±1,34; әйелдерде 15,2±1,23) алдыңғы топтағылардың көрсеткішінен 2,9 және 2,5 есеге, ал 40-49 жастағылар арасында (39,3±3,64 және 31,6±2,97 ‰00) 2,2 және 2,1 есеге жоғары болып шықты. 50-59 жастағы ер кісілер (69,4±5,83 ‰00) мен әйелдер (47,5±4,62 ‰00) арасындағы көрсеткіштердің деңгейі алдыңғы жастық топтағы гендерлік топтар көрсеткішінен 1,8 және 1,5 есеге жоғарылады.
Ал 60-64 жастағылардың арасындағы (ер кісілерде 81,9±6,58 және әйелдерде 53,1±4,52 ‰00) олардың жастық топтағы тұрғындар көрсеткішінен айырмашылығы 1,2 есе және 1,1 есеге дейін жоғары болса, 65-70 жастағыларда (93,7±7,65 және 83,8±7,02 ‰00) 1,1 және 1,4 есеге жетеді. 70 жастан асқандар арасында (ер кісілерде 72,3±6,05 және әйелдерде 98,4±8,34) өзгеше жастық ерекшелік байқалады.
Бұл жерде ер кісілер арасындағы көрсеткіші алдыңғы топтағылар көрсеткішінен керісінше 1,3 есеге төмен болса, әйелдер арасында 1,3 есеге жоғары болып қалыптасқан. Айта кететін заңдылық ер кісілер мен әйелдердің арасындағы жастық топтағы айырмашылық нақты жоғары болса, гендерлік айырмашылықта шынайылығы мен анықталып отыр.
Алынған нәтижелер миокард инфарктысының қалыптасуында гендерлік және жастық ерекшеліктердің әсері нақты болып шықты.
Бұл аурушаңдықтың ең жоғары деңгейі (128,9±9,67) жұмыссыздар арасында қалыптасса, жасы ұлғайған зейнеткерлер арасында 108,6±8,73 ‰00 жетеді. Жұмысшылар мен менеджерлер арасында оның деңгейі 74,6±6,32 және 69,8±5,38 ‰00 немесе аса жоғары емес. Себебі жұмыс барысында дене қимылының көп болуы, олардың арасында жіті миокард инфарктысын аса жоғары көтере қоймайды. Қызметкерлер арасындағы гиподинамия (98,9±7,62‰00) олардың арасындағы семіздік пен атеросклероз оқиғаларын арттырып, аталған ауру деңгейін жоғарылатады. Бұл көптеген зерттеу нәтижелерінде де өз дәлелін тапқан.
Жұмыссыздар тобында әлеуметтік-гигиеналық сипаттағы денсаулыққа зиянды себептердің таралуы жоғары. Олардың арасында темекі шегу (89,2 %), алкогольдік ішімдікті қабылдау (76,8 %), сапасыз тамақтану (97,5 %), демалыс ережесін сақтамау (51,4 %), және гиподинамия (89,2 %), өте жоғары деңгейде таралған. Ал, жұмысшылардың (74,2 %), қызметкерлердің (62,3 %) және менеджерлердің (61,9 %) арасында темекі шегу оқиғаларының таралуы аса жоғары. Алкогольдік ішімдікті қабылдау жұмысшылардың (43,6 %), қызметкерлердің (32,4 %), менеджерлердің (24,7 %) арасында жиі кездеседі. Гиподинамия қызметкерлердің (42,3 %), зейнеткерлердің (46,3 %) және жұмыссыздардың (39,7 %) арасында айтарлықтай жоғары деңгейде кездеседі. Сапасыз тамақтану оқиғаларының таралуы зейнеткерлер мен жұмыссыздар арасындағы (39,7 %) үлес салмағы жоғары.
Жалпы жіті миокард инфарктысына алып келетін зиянды себептер зейнеткерлердің арасында қалыптасқан. Олардың арасында темекі шегу (26,4%), алкогольдік ішімдікті қабылдау (19,1 %), демалыс ережесін сақтамау (6,2 %) оқиғалары аса жоғары емес. Алайда осы топтағы жастық көрсеткіш жіті миокард инфарктысына алып келетін негізгі қауіпті себеп болып табылады.
Сонымен, жіті миокард инфарктысынан аурушаңдықтың, зиянды себептердің, әртүрлі әлеуметтік және жастық- жыныстық себептердің таралу деңгейі айтарлықтай жоғары.
Айта кететін жағдай, ауыл тұрғындары арасында осы аурулардың таралу деңгейі қала тұрғындары арасында қарағанда төмен болғанмен, олардың арасында осы патологиядан туындайтын өлім көрсеткішінің деңгейі айтарлықтай жоғары. Себебі, ауыл тұрғындары арасында жіті миокард инфарктысына ұшыраған ауруларға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейіңгі (ФБ) және жедел медициналық жәрдем алу мүмкіндігі қала тұрғындарына қарағанда барынша төмен.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына жіті миокард инфарктысына байланысты дер кезінде арнайы стенттеу, шунттау сияқты жоғары технологиялық кардио- хирургиялық дәрігерлік көмек алудың мүмкіндігі жоғары. Осыдан қала тұрғындарының жіті миокард инфарктысынан өлімге ұшырау көрсеткіші (5,53±0,42 ‰00), ауыл тұрғындарының осындай көрсеткішінен (8,09±0,62 ‰00) 46,3 % дейін төмен. Айта кететін жағдай, қала тұрғындары арасындағы жіті миокард инфарктысынан өлім көрсеткіші 2010 жылдан бері 8,27±0,78 ‰00-ден 5,53 ‰00-ге дейін төмендеген.
Ауыл тұрғындарының жіті миокард инфарктысына шалдыққан науқастарға көрсетілетін жедел медициналық және арнайы кардиологиялық дәрігерлік көмектің көрсетілу технологиясы мен дер кезінде орындалу дәрежесі жақсару үстінде. Сонымен қатар, оларға стент және шунт жасау сияқты жоғары технологиялық медициналық көмекті кардиологиялық орталықта алу мүмкіндіктері де арта түсуде.
Алайда, әлеуметтік тұрғыда нашар қамтылған тұрғындар арасында жіті миокард инфарктысынан өлімге ұшырау көрсеткіші жоғары деңгейде қалып отыр.
Олардың арасында зейнеткерлердің өлім көрсеткіші (17,29±1,48 ‰00) ең жоғары деңгейде болып шықты. Олардың арасындағы ең қауіпті себеп жүрек миокардысының атеросклерозы екендігі еш күмән туғызбайды, жұмыссыздардың арасындағы салауатсыз өмір сүру салттарының аса жоғары болуы олардың жіті миокардқа жиі ұшырап, өлімнің жиі туындауына себеп болып отыр (15,43±1,32 ‰00).
Еңбек ету ортасы химиялық поллютанттармен жоғары деңгейде ластанған жұмысшылардың (13,94±1,21 ‰00), экологиялық жағдайы нашар аумақ тұрғындарының (11,87±9,83 ‰00) осы аурудан өлімге ұшырау оқиғалары аса жоғары болып қалуда.
Регрессиялық сараптау әдісінің көмегімен әлеуметтік- гигиеналық себептердің жіті миокард инфарктысынан туындаған өлімге қосатын үлес салмағын анықтадық.
Тұрғындардың жасының артуы жіті миокардтан өлімге ұшырау деңгейін 4,9 % дейін жоғарылатса, экологиялық себептердің зияндылығынан 1,3 % дейін жоғарылады. Осы себептердің арасында жұмыссыздық, одан туындайтын алкоголизм мен сапасыз тамақтану оқиғалары 1,7 %-ға, 1,2 %-ға және 0,6-ға дейін жіті миокард инфарктысынан өлімге ұшырау деңгейін арттырады. Темекі шегу (0,8 %), өмір сүрудің экологиялық және кәсіби-өнеркәсіптік себептері өлім деңгейін 0,7 % жоғарылатты.
Алынған ғылыми нәтижелер жіті миокард инфарктысына ұшыраған тұрғындар арасында медициналық көмекті жетілдіруді ұйымдастыру жүйесі технологиясының моделі жасалды (сурет 1).
Жіті миокард инфарктысына шалдыққан ауруларға ауылдағы медициналық бекеттің фельдшері шұғыл көмек беріп, жедел кардиологиялық топтық көмегін шақыруы тиіс. Білікті дәрігерлік жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқасты орталық аурухананың немесе облыстық клиникалық аурухананың кардиологиялық бөлімшесіне жеткізіп, науқасқа арнайы білікті медициналық көмек беруі тиіс. Егер науқастың жадайы мүмкіндік берсе, оны кардиологиялық орталықтың кардио-хирургиялық бөлімшесіне жеткізіп, жоғары технологиялық стенттеу және шунттау операциялары жасалуы тиіс. Әрбір кезеңде көрсетілетін медициналық көмекті дер кезінде және сапалы етіп ұйымдастыру керек.
Сурет 1 - Жүректің жіті миокард инфарктысына байланысты науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру технологиясының моделі
- ОҚО Шымкент қаласы және әкімшілік аудандардағы тұрғындардың жіті миокард инфарктысымен ауыру деңгейі 100 000 тұрғынға балап есептегенде 76,1 оқиғадан 97,6 оқиғаға дейін жетіп отыр. Қала тұрғындарының осы аурудан туындаған аурушаңдығының деңгейі Қазақстан Республикасы тұрғындарының аурушаңдығынан 20,0 %-ға, ОҚО тұрғындарының аурушаңдығынан 21,8 %-ға жоғары болып шықты.
- Тұрғындардың жіті миокард инфарктысына шалдығуын арттыруға олардың арасындағы жасы ұлғайған адамдардың артуы 4,9 % арттырса, экономикалық тоқырау себептері (1,3 %), оның ішінде алкоголизмнің артуы 1,2%-ға, жұмыссыздың 1,7 %-ға, сапасыз тамақтану 0,6 %, өмір сүру ортасының экологиялық-гигиеналық себептерінің үлес салмағы 0,7 % құрады.
- Жіті миокард инфарктысына шалдыққан тұрғындарда медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру технологиясының моделі науқастарға көрсетілетін білікті және жоғары технологиялық кардио-кардиохирургиялық көмекті барынша жеңілдетеді.
Тәжірибелік ұсыныс.
- Жіті миокард инфарктысына шалдыққан тұрғындардың арасында әлеуметтік-экономикалық шараларды жетілдіру керек.
- Осы науқастарға көрсетілетін білікті және жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмектің қол жетімділігі мен сапасын барынша арттыруға жол ашу қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Издибаев Н.Е. Жүрек ишемиясы ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздықты бағалау (Шымкент мұнай зауыты мысалында): дис. ... канд.мед.наук - Шымкент, 2016. - 78 с.
- Тоқбергенов А.М. Ауыл тұрғындарының арасындағы қан айналым жүйесі ауруларының медициналық-әлеуметтік қырлары және олардың алдын алу шаралары (Төлеби ауданы мысалында): дис. ... канд.мед.наук - Шымкент, 2016. - 62 с.
- Булешов М.А., Каусова Г.К., Ембердиев А.У., Булешова А.М., Сарсенбаева Г.Ж. «Рекомендации по совершенствованию первичной медико-санитарной помощи населению крупных сельских административных районов на примере скорой и неотложной медицинской помощи» // «Вестник» ЮКГФА Республиканский научный журнал. - 2013. - №3(64). - С. 47-50.
- Булешов М.А., Булешова А.М., Талгатбек А.М., Ембердиев А.У. «Результаты оценки региональных различий в ожидаемой продолжительности жизни населения Южно-казахстанской области» // Сборник научных трудов по материалам IV Международной научно-практической онференции. - Белгород: 2015. - С. 95-99.