Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алматы қаласының медициналық ұйымдарындағы санитарлық-гигиеналық жағдайды пациенттердің бағалауы

Ауруханаішілік ортаны оңтайландыру мен МҰ-дағы пациенттер үшін қолайлы жағдайларды әзірлеу аса өзекті мәселе.Әлемнің көптеген елдерінде денсаулық сақтау саласында белсенді түрде реформалар жүріп жатыр. Бұл ретте медициналық көмек сапасын арттыру басымдылыққа ие міндетке айналған. Бұл міндет Қазақстанға да қатысты екендігі анық.

ДДСҰ ұсынымына сәйкес медициналық көмек сапасы компоненттерінің біріне пациенттің медициналық көмек деңгейімен қанағаттанушылығын жатқызуға болады. Осы орайдағы негізгі қарастырылып отырған мәселе-пациенттердің санитарлық- гигиеналық жағдайға баға беруі.

Тақырыптың өзектілігі. Емдеу-профилактикалық ұйымдар денсаулықты қорғау қызметінің негізгі санитарлық- гигиеналық мекемелерге жатады, сол себептен ерекше өзектілікке медициналық ұйымдардың гигиенасы сұрағын қамтиды. Бұл ретте науқастар арасында стационарлық емдеудің сәтті болуы көптеген жағдайда аурухана ортасын, оның ішінде емдеу ұйымындағы қоршаған ортаны оңтайландыруға байланысты. Ғылымның түрлі облыстарындағы заманауи ғылыми әзірлеуді және талаптарды есепке алатын медициналық ұйымдардағы оңтайлы шарттарды жобалауға, құрылыс пен ғимараттарды пайдалануға қажетті кешенді әдісті қамтамасыз етеді [1, 2, 3, 4].

Маңызды рөлді арнайы жүргізілетін ғылыми зерттеулер, мұндай зерттеулер мен практика негізінде әзірленетін нормативтік құжаттар, оның ішінде санитарлық және эпидемияға қарсы ережелер мен нормалар атқарады[5].

Зерттеу мақсаты: Медициналық ұйымдардағы санитарлық- гигиеналық және тұрмыстық жағдай туралы халықтың ой- пікірін бағалау және санитарлық жағдайларды жақсартуға бағытталған әрекеттерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу матералдары және әдістері.Әлеуметтік негізгі зерттеу жүргізілді. Негізгі зерттеу аясында Алматы қаласының медициналық ұйымдарындағы емделушілер арасында емдеу-профилактикалық ұйымдардағы

санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді.

Зерттеуге 150 емделуші қатысты. Материалдарды жинау барысында және топтарды құрастыру кезінде таңдаудың кездейсоқтығы мен оның сандық және сапалық тұлғалылығының ұстанымдары қатаң сақталынды.

Көзделген жиынтықтың сапалылық тұлғалылығын қамтамасыз ету мақсатымен, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес Алматы облысы бойынша объектілер таңдалынып, анықталынды.

Сауалнаманы Алматы қаласындағы №6, 17,21 емханаларында, №1,7 қалалық клиникалық ауруханаларында жүргіздік.

Алынған мәліметтер негізінде зерттеу сұрақтарының әрқайсысының жиілігі мен құрылымы анықталған, негізгі зерттелетін құбылыстың хи-квадрат коэффициентінің бірқатар белгілерге тәуелділігі дәлелденіп, сонымен қатар Стьюдент критерийі көмегімен салыстырмалы жиынтықтардағы көрстекіштердің айырмашылығы есептелді.

Зерттеу нәтижелері.Емделушілердің медициналық ұйымдардағы санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалауы. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігінің пікірінше (орташа есеппен 78±0,7және 79±0,6 пайыз) медициналық ұйымдардағы санитарлық-гигиеналық жағдайлар көрсетілетін көмек тиімділігіне және сапасына әсер етеді деп нақтылады.Сондықтан да, МҰ-ның санитарлық- гигиеналық жағдайлары көрсетілетін медициналық көмек сапасын бағалау кезінде өте маңызды екендігін білдіреді.

Жеке гигиенаны сақтау шарттарын қанағаттанарлық деп стационар бойынша 58% респонденттер, ал емхана бойынша 59% респонденттер атаған. Шамамен 20% сауалнамаға қатысушыларды жағдайлар қанағаттандырмайды . Стационарлар мен емханалардағы жағдайға көңілі толмауының себептерінің құрылымына дәретханалардың болмауы және олардың нашар санитарлық жағдайы, ыстық сумен қамтудың болмауы, гигиена заттары мен құралдарының болмауы, шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейінің болмауы немесе жеткілікті деңгейде болмауы көрсетілген.

Стационардың жалпы жайлылық деңгейін

респонденттердің 19% «жоғары» деп, 71% -«орташа», 6% «төмен» және 2% «өте төмен» деп бағалады.

Емханада жалпы жайлылық деңгейі 17% «жоғары» деп, 73% -«орташа», 8% «төмен» және 3% «өте төмен» деп бағалады.

Аурухана палатасының аса тығыздалуын 57% респонденттер атап көрсеткен. Бұл ретте орташа есеппен 28,8% респонденттер аурухана палаталарының алаңы көбірек болу керек деп санайды.

Палаталар мен бөлмелердің санитарлық жағдайы туралы респонденттердің 72% қанағаттанарлық деп бағаласа, 8% қанағаттанбайтындықтарын атап өткен, ал, емделушілердің 20% жауап беруге қиналатындықтарын көрсетті. Жалпы алғанда, санитарлық жағдай қанағаттанарлық болып табылады.

Медициналық ұйымдардағы дәретханалардың санитарлық жағдайына респонденттердің 42% қанағаттанарлық баға берді, 48% қанағаттанарлықсыз екендігін атап өтті. Бұл өз кезегінде емдеу профилактикалық ұйымдардағы дәретханалардың жыларман халде екендігінің айғағы екенін көрсетеді.

Медициналық ұйымдардағы тазалау мен залалсыздандыру тәртібінің сақталуын айтарлықтай жоғары бағалады. Жоғары бағалағандар 70% құраса, қанағаттанарлық баға бергендер 25% және қанағаттанбағандар 5% құрады.

Респонденттердің жартысы яғни, 47% медициналық ұйымдардың косметикалық жөндеуді талап ететіндігін атап өткен, төрттен бір бөлігі 28%, күрделі жөндеу қажет деп санаса, 25% емделуші жөндеу жұмыстарының қажет еместігін атап өткен.

Медициналық ұйымдардағы жасанды жарықпен қамтамасыз етілуіне респонденттердің 42% қанағаттанатындығынайтты. 14% үздік деп бағаласа 35% жақсы екендігін белгіледі. Жарықтың жағдайы ұнамайтындар 9% құрады.

Сауалнамаға қатысушылардың стационарда болу кезеңінде төсек орын тысының алмастыру жиілігі туралы сұраққа келесідей жауап берілген: 37% - қажет болған жағдайда, 32% - аптасына 1 рет қана, 13% - 10 күнде 1 рет. Үй төсек орнын 14% респонденттер ғана пайдаланған. 4% бір ретте ауыстырмады деп теріс баға берді.

Медициналық ұйым аймағының көлемі мен көріктендіру деңгейі бойынша жеткілікті деп орташа есеппен 44,2% респонденттер атап көрсеткен. Алайда 48,8% респонденттер аймақты көріктендіру тіптен жоқ деп санайтындығын айтқан.

53% респонденттер стационарда тамақ сапасын қанағат тұтқан, толық қанағаттанбаған 22%, ал, 15% жауап беруге қиналған (сурет 11). Сауалнамаға қатысқандардың арасында тамақтандыру көлемі бойынша ұқсас баға келтірілген. Қанағаттанарлық деңгейде орташа есеппен 56,8% көрсеткен. Алайда алты респонденттердің бірі тамақтану көлемімен (15,3%) қанағаттанбаған. Үйден жеткізілетін қосымша тамақтың қажеттілігі фактін орташа есеппен 27,9% респонденттер белгілеген.

Қортынды.Пациенттердің/халықтың және пікірін зерттеу нәтижесінде олардың медициналық ұйымдардағы санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайларын бағалау бойынша қызықты нәтижелер алынған. Оның ішінде сауалнамаға қатысушылардың абсолютті көпшілігі (80%-ға дейін) медициналық ұйымдардағы санитарлық- гигиеналық шарттар көрсетілетін көмектің тиімділігіне және сапасына әсер етеді.

Респонденттердің көпшілігі (72%) емханаларда жеке гигиенаны сақтауға қажетті талаптарды «қанағаттанарлық» деп санайды. емделушілердің 28%-ы емханалардағы жағдайды «қанағаттанарлықсыз» деп санаған. Қанағаттанбаушылық себептері: ыстық судың болмауы (41% ауылдық және 35% қалалық тұрғындар); шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы; жайлы жабдықталған дәретханалардың болмауы немесе олардың нашар санитарлық жағдайы.

Халықтың стационарларда және емханаларда жеке гигиена үшін санитарлық-гигиеналық жағдаймен қанағаттанбаушылығының негізгі себептері анықталған. Мұндай қанағаттанбаушылықты жою медициналық көмек пен оның сапасын қанағаттанушылық деңгейін арттыруға көмектесетін болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Акжигитов Г.Н. Организация и работа хирургического стационара. - М.: Медицина, 2000. - 288 с.
  2. Габович Р.Д. Гигиена. - К.: 1995. - 294 с.
  3. Лошонди Д. Внутрибольничные инфекции. - М.: Медицина, 1978. - 456с.
  4. Уилер И.Т. Проектирование больниц (пер. с англ.) - М.:2002. - С. 83-103.
  5. Щербо А.П. Больничная гигиена: руководство для врачей. - СПб.: 2007. - 58 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.