Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы

Бронх демікпесі (БД) өкпенің басқа да созылмалы аурулары сияқты үдеуге бейім және асқынулармен өтетін, адамның қалыпты өмірінің барлық тұрақты аспектілерін(физикалық, психикалық, әлеуметтік) шектеуге алып келетін ауру. Бұл шектеулерді науқас адамның өмір сүру сапасының (ӨСК) көрсеткіші арқылы бақылауға болады.

ӨСК – адамның ауруға бейімделу дәрежесін көрсететін және әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес келетін, үйреншікті функцияларын орындай алатын интегралдық көрсеткіш. Көптеген зерттеулерде бронх демікпесінің (БД) науқастың өмір сүру сапасының көрсеткішін (ӨСК) айтарлықтай төмендететіндігі көрсетілген. Әртүрлі клиникалық жағдайларда науқастың ӨСК ерекшеліктерін зерттеуде БД ауыратын науқасты емдеу мен оңалту бағдарламаларын нақтылау үшін принциптік мәні бар.

Кіріспе. Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасының көрсеткіштерінің ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың еміндегі маңызды аспектілердің бірі - аурудың ағымының жай-күйін бақылау, яғни науқасқа іс жүзінде өзін толық сау сезінуге мүмкіндік беретін жағдайға қол жеткізу болып табылады. Әртүрлі популяцияда БД ауыртпалығы науқастың өмір сүру сапасының төмендеуіне алып келетіндігі туралы деректер бар. Ауру ағымының тұрақсыздығы балалардың мектептен қалуына, үлкендердің жұмыстан қалып, науқастың карьерасына нұқсан келтіруі мүмкін. Негізгі бұзылулар өздігінен мазасыздық туғызуы мүмкін, әсіресе, ағымы белгісіз болған жағдайда.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Мақалада бронх демікпесі мен өмір сапасына қатысты отандық және шетел материалдары талқыланған. БД ағымының бақылау деңгейі науқастың психо-әлеуметтік күйіне, физикалық жүктемелерді орындау қабілетіне, жалпы науқастың әлеуметтік бейімделуіне, яғни демікпесі бар науқастың өмір сүру сапасына әсер ететіндігі негізделген.

Нәтижелері және талқылау.Қазіргі таңда өмір сүру сапасының жалпыға ортақ анықтамасы жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өмір сүру сапасының негізгі өлшемдерін анықтайтын үлкен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, келесі сипаттама ұсынылды: «Өмір сүру сапасы ретінде аурулар, қайғылы жағдайлар немесе оларды емдеу әсер ететін, өмірдің сол тарапынан (өзіңнің физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайың) салауаттылық деңгейі мен қанағаттануы деп түсініледі, сондай-ақ, осы аурулардың нәтижесінде пайда болған немесе пайда болатын науқастарды бағалау кезіндегі теріс өзгерістер». Өмір сапасы деп адамның ішкі жан дүниесіндегі және қоғамдағы қолайлылығын түсінуге болады.

«Өмір сапасы» түсінігі мультифакторлы, яғни, көптеген компоненттерді қамтиды, олардың ішіндегі ерекшеленгендері:

  1. өмір сапасының медициналық аспектілері, бұл дегеніміз аурудың өзінің; оның белгілерінің ; аурудың нәтижесінде туындайтын физикалық мүмкіндіктің шектелуіне әсер етуін; сондай-ақ емнің науқастың күнделікті өміріне әсерін көрсетеді;
  2. психологиялық аспектілер, ол адамның өзінің денсаулығына субъективті қатысымен түсіндіріледі; науқастың ауруға бейімделу деңгейі және оның әлеуметтік- экономикалық жағдайына сәйкес келетін, олардың әдеттегі функцияларын орындай алу қабілеті;
  3. әлеуметтік-экономикалық аспектілер; адамның қоғамдағы әлеуметтік өміріне қатысу деңгейін көрсететін, оның әлеуметтік маңыздылығы.

Өмір сапасын бағалайтын көптеген құралдар мен тәсілдер бар. Олардың барлығы өмір сүру сапасының әртүрлі аспектілері бойынша сандық көрсеткішті алуға мүмкіндік беретін сауалнама және шкала болып табылады. Өмір сүру сапасын зерттеу пациенттің жағдайын бір сатылы бағалау және динамикалық бағалау үшін, мысалы, емнің тиімділігін анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бронх демікпесі бар науқастарды емдеудің тиімділігін бағалау кезінде сыртқы тыныс алу функциясының параметрлеріне негізделген объективті критерийлер қолданылады: ДМК1 динамикасы – дем шығаруды мәжбүрлеп аяқтау көлемі 1 секундта; ДЖЖ динамикасы –дем шығарудың ең жоғарғы жылдамдығы. Сонымен қатар, маңызды қосымша критерий - бұл пациенттің өмір сапасын субъективті бағалау болып табылады. Бронх демікпесі бар науқастардың өмір сүру сапасын бағалауда сауалнамалар - SF-36 (науқастардың қысқаша нұсқадағы жалпы денсаулықты зерттеу шаралары), PRISM (Nottingham Health Profile профилі, 45 пунктті қоса алғанда), жалпы денсаулық жағдайын бағалау үшін көрнекі аналогтық шкалалар - (мысалы, Sickess Impact Profile, 136 пунктті қоса алғанда немесе EQ-5D сауалнамасындағы шкала). Сондай-ақ денсаулықты анықтайтын ұзақ сауалнамалар мен қысқаша нұсқадағы құралдар арасында комромисс бар. Бронх демікпесі бар науқастар сауалнамасын талдау,белгілердің айқындалу дәрежесін анықтауға және аурудың науқастың қалыпты өмірлік белсенділігін шектейтін әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

PRISM әдісі аурудың ағымдағы әсерімен науқастарды өзін- өзі бағалаудың графикалық әдісі болып табылады. Бұл науқастың соматикалық және психопатологиялық ауруларының белгілі бір симптомдарының мәнін жеке-жеке бағалауға мүмкіндік береді.

Көрнекі аналогтық шкала басқа да неғұрлым объективті сынақтар болмаған жағдайда, жеке науқастарда бронх демікпесі ағымының ауырлық дәрежесін сандық бақылау мақсатында диспепсияны бағалауда қолданылады.

Денсаулықтың жалпы жағдайының сауалнамасы SF-36 АҚШ-тың Медициналық Нәтижелер Орталығында 1992 жылы д-р Джон Уорд Кэти Дональд Шербойрнмен жасалған. Ол 14 жастағы және одан жоғары жастағы науқастарға арналған. SF-36 құрамында 8 негізгі шкала (физикалық, жұмыс жасайтын, рөлдік қызмет, ауырсыну, жалпы денсаулық, өміршеңдік әлеуметтік жұмыс істеу, эмоциялық жағдай және психикалық денсаулық) бар. Әр шкала бойынша баллдар 0-ден 100-ге дейін белгіленеді, мұндағы 100 толық денсаулық.

Қорытынды. Медициналық көмек көрсету барысында маңызды фактор ретінде – емдеу шараларымен қоса, науқастың өмір сүру сапасын ескеру қажет. Бұл пациенттің өмір сүру сапасын, жалпы денсаулық жағдайын неғұрлым жақсартуға септігін тигізеді.Қазіргі таңда бронх демікпесіменауыратын науқастардың өмір сүру сапасын бағалау әдісі емдеу нәтижелерінің бөлінбес кешенді талдамасының құрамы болып табылады. Жүргізілетін емдік іс шараларының және оңтайландыру іс-шараларының нәтижелігін ақпаратты, сенімді және үнемді бақылау әдісі бола отырып науқастардың ӨСС-ін бағалау осы дертпен күрес бойынша жалпы күштерді, соның ішінде болжамдау маңыздылығын қосады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. А. Г. ЧучалинКачество жизни у больных бронхиальной астмой и хроническимобструктивным заболеванием легких. – М.: Атмосфера, 2014. - 256 с.
  2. Чучалин А. Г., Белевский А. С., Смоленов И. В. и др. Качество жизни больных бронхиальной астмой в России: Результаты многоцентрового популяционного исследования // Пульмонология. — 2013. — № 5. — С. 88–96.
  3. Огородова Л. М., Федорова О. С. Европейские данные в пользуиспользования теста по контролю над астмой ACT: исследованиеAIRE // Атмосфера. Пульмонология и аллергология. — 2005. —№4. — С. 46–48.
  4. Суховская О. А., Илькович М. М., Игнатьев В. А. Исследованиекачества жизни при заболеваниях органов дыхания // Пульмонология. — 2013. — № 1. — С. 96–99.
  5. Чучалин А. Г., Белевский А. С., Смоленов И.В.,Смирнов Н. А., Алексеева Я.Г. Факторы, влияющие на качество жизни больных с бронхиальной астмой // Пульмонология. — 2004. —№ 1. — С. 67–83.
  6. Яшина Л. А. Астма-контроль — пути достижения // Укр. пульмонол. журнал. — 2003. — № 1. — С.11–16.
  7. Global Strategy for Asthma Management and Prevention. Revised 2016.http:// www.ginasthma.com /Guidelineitem.
  8. Bousquet J., Knani J., Dhivert H. et al.Quality of life in asthma. Internal consistency and validity of Sf 36questionnaire // Am. J.Respir. Crit. Care Med. — 2011. — Vol. 149. — P. 371–375.
  9. Morisky D. E., Green L. W., Levine D. M. Concurrent and predictivevalidity of a self#reported measure of medication adherence //Medical Care. — 2006. — Vol. 24, № 1. — P. 67–74.
  10. J. E. Ware,K. K. Snow, M. Kosinski, B. GandekSF936 Health Survey. Manual and interpretation guide. The Health Institute, NewEngland Medical Center. — Boston: Mass, 1993. — 198 p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.