Бірқатар зерттеушілер әдетте медициналық ұйымдардың жұмысы науқастар мен медициналық қызметкерлер пікірінің есебінсіз, МҰ-дағы іс-әрекеттердің түрлі көрсеткіштері кәсіби талдау материалдарының негізінде бағаланады дегенге назар аударады. Қарастырылып отырған мақалада қоғамдық денсаулық сақтау мен денсаулық сақтауды басқару практикасы ретінде зерттеудің таңдалынған бағытын анықтауға, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. МҰ-дағы санитарлық- гигиеналық шаралардың дұрыс бағалануына медицина қызметкерлерінің тікелей қатысуының байланыстылығы толығымен көрсетілді.
Тақырыптың өзектілігі. Медициналық ұйымдардағы гигиеналық сұрақтар ерекше өзекті болып табылады.Санитарлық – гигиеналық жағдай – бұл, жалпылай айтқанда емдік мекемедегі қоршаған орта болып табылады. Адам ағзасына ауруханалық ортаның санитарлық – гигиеналық факторлары айтарлықтай әсер ететіндігі көрсетілген.Алматы қаласы емдеу- профилактикалық ұйымдарындағы медициналық қызметкерлер арасындағы сауалнама санитарлық- гигиеналық және тұрмыстық жағдайлардың жағдайы мен мәні, пациенттердің кейбір бағалауымен салыстыру, анықтау туралы қызметкерлердің пікірін ұсынуды қалыптастыру мақсатында жүргізілді[1, 2, 3].
Зерттеу мақсаты: Медициналық ұйымдардағы санитарлық- гигиеналық және тұрмыстық жағдай туралы медицина қызметкерлерінің ой-пікірін бағалау және санитарлық жағдайларды жақсартуға бағытталған әрекеттерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу матералдары және әдістері. Әлеуметтік негізгі зерттеу жүргізілді. Негізгі зерттеу аясында Алматы қаласының медициналық ұйымдарындағы медицина қызметкерлері арасында емдеу-профилактикалық ұйымдардағы санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Зерттеуге 120 медицина қызметкерлері қатысты. Материалдарды жинау барысында және топтарды құрастыру кезінде таңдаудың кездейсоқтығы мен оның сандық және сапалық тұлғалылығының ұстанымдары қатаң сақталынды.
Көзделген жиынтықтың сапалылық тұлғалылығын қамтамасыз ету мақсатымен, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес Алматы қаласы бойынша объектілер таңдалынып, анықталынды.
Сауалнаманы Алматы қаласындағы №6, 17,21 емханаларында, №1,7 қалалық клиникалық ауруханаларында жүргіздік.
Алынған мәліметтер негізінде зерттеу сұрақтарының әрқайсысының жиілігі мен құрылымы анықталған, негізгі зерттелетін құбылыстың хи-квадрат коэффициентінің бірқатар белгілерге тәуелділігі дәлелденіп, сонымен қатар Стьюдент критерийі көмегімен салыстырмалы жиынтықтардағы көрстекіштердің айырмашылығы есептелді.
Зерттеу нәтижелері.Медициналық қызметкерлердің медициналық ұйымдардағы санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалауы.
Сауалнамаға қатысқан медициналық қызметкерлердің көп бөлігі (60±2,36%) емдеу-профилактикалық ұйымдардың орналасқан жерімен «қанағаттанарлық», ал қалғаны 31,9% «маңызды емес» және 8,1% «жауап бере алмаймын» (сурет 1) деп белгілеген.
құралдарымен (қолғаптар, маскалар және т.с.с.) қамтамасыз етілген көрсеткен. 18% жауапты жоқ және жауап бере алмағандар алған.
Сауалнамаға қатысқан медициналық қызметкерлер медициналық ұйымдардағы АІИ-дің алдын алуға қажетті шарттарын 85±2,24% орындайтындықтарын айтқан. Бұл ретте орта медициналық қызметкерлердің инструментарийлерді өңдеу режимін орташа есеппен 90±1,45% медициналық қызметкерлер сақтайтындығын растаған.
78,4±1,98% медициналық қызметкерлер көрсетілетін медициналық көмек сапасын және қол жетімділігін бағалаған кезде медициналық ұйымның орнаасқан жері маңызды деп санайды, 16,1% маңызды емес десе, 5,5% жауап бере алмаған.
Медициналық ұйымдардағы жайлылықтың жалпы деңгейін көптеген қызметкерлер қала мен ауыл арасындағы елеулі айырмашылықтар болмаған жағдайда, «орташа» (орташа деректерге бойынша 57±2,36%) деп анықтаған. Жоғары баға (38±2,31%) берген, төмен деп 5% белгілеген.
Орташа деректер бойынша 89,6% медициналық қызметкерлер медициналық қалдықты жоюға қойылатын гигиеналық талаптарды білетіндіктерін атап өтті.
Қортынды.Медициналық ұйымдардағы жайлылықтың жалпы деңгейі қызметкерлердің көпшілігі «орташа» деп анықтаған. Бұл ретте 38% респондент жоғары баға берген. Суық жыл мезгілінде аурухана палаталарындағы температуралық режимді медициналық қызметкерлер қалада 85,1% жағдайда «жылы» десе, ауылдық елді мекенде 66,4% ғана бағалаған. Бұл ретте 18,6% ауылдық респонденттер мен 9,6% қалалық респонденттер (р< 0,05) жылу сезінуді «суық» деп көрсеткен.
Медициналық ұйымдар минималды көлемде қажетті құрал- жабдықпен жабдықталмаған және штаттық кестеде санитарлық-гигиеналық жағдайларды бақылайтын мамандар жоқ. Санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайларды жақсартуға бағытталған медициналық ұйымдар қызметін жоспарлаған және жүзеге асырған кезде,
ең біріншіден, осы зерттеудің нәтижесінде анықталған кемшіліктерін ескеру қажет етіледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена. – Алматы: 2006. – 412 с.
- Ю. Д. ГубернскийГигиена жилых, общественных зданий лечебно-профилактических учреждений. Материалы всесоюз. совещ.– М.:2000. - 99 с.
- Резник В.Л., Арыстанова Г.Т., Токмолдинов Ф.С., Янышевская С.Н. Роль некоторых медико-социальных и санитарногигиенических факторов в оценке качества и доступности медицинской помощию // Центрально-Азиатский научнопрактический журнал по общественному здравоохранению. – 2005. - Vol.4, № 4. - P. 34-39.