Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауылдық аймақтардағы зертханалық қызметті дамыту шаралары жайлы тұрғындардың көзқарасы

Денсаулық сақтау саласының маңызДы бағыттарының бірі -меДициналық санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) Дамыту болып табылады. Атап айтқанда өңіріне және тұрғылықты жеріне қарамастан МСАК қолжетімділігі мен сапасын қамту. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаларына сүйене құрылады. Бірақ қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты анықтайтын факторлар ауылдық медициналық мекемелер жұмысының ұйымдастыру түрлері мен әдістеріне айтарлықтай әсер етеді.

Кіріспе: «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы жүйеде бар кемшіліктерді де неғұрлым анық көрсетіп берді. Олардың шешімін таппай республика азаматтарының денсаулығын одан әрі жақсарту қиын болмақ. Ең алдымен, бұл МСАК деңгейінің әлсіздігі және жүйенің өсіп келе жатқан қажеттіліктерімен оны қазіргі қаржыландыру қағидаларының бейадекваттығы. Бұдан басқа, әлемнің бүкіл елдерімен қатар, Қазақстан да медициналық қызметті тұтуыну мен құрылымының одан әрі өсуіне алып келетін халықтың өмір сүру ұзақтығының, созылмалы инфекциялы емес аурулардың өсуімен байланысты жаһандық қауіптер бойынша міндеттерді шешуі керек болады.[5]

Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулықты мемлекет дамуының маңызды факторы ретінде айқындады, сондай-ақ қызметкердің денсаулығы үшін мемлекеттің, жұмыс беруші мен оның өзінің ортақ жауапкершілік алатын денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қағидасын белгіледі. Еліміздің алдына әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөніндегі жаңа міндет қойылды, ол денсаулық сақтау сапасының жоғары деңгейін білдіреді. Бұл мақсатқа қол жеткізу жүйеден қысқа мерзімде өз күшін халықаралық және өз тәжірибесінің озық мысалдарына негізделген, әлемдік және отандық экономиканың кез келген ауытқулары кезінде қаржылық тұрақтылығын сақтай отырып, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін, жаңа, ұзақ мерзімді денсаулық сақтау үлгісін жасауға шоғырландыруды талап етеді. Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, осы Мемлекеттік бағдарлама қол жеткізілген табыстарды бекіту мен дамытуға және денсаулықты қорғау сұрақтарында қордаланған мәселелерді шешуге, сондай-ақ саланың 2050 жылға дейінгі жоспарлы және қарышты дамуы үшін негіз болуға бағытталатын болады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының жалғасы ретінде 2016-2020 жылдарға «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: Мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын қорғаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету. [1]

Өзектілігі: денсаулық сақтау саласының маңызды

бағыттарының бірі -медициналық -санитариялық алғашқы көмекті дамыту болып табылады. Атап айтқанда өңіріне және тұрғылықты жеріне қарамастан МСАК қолжетімділігі мен сапасын қамту. Ынталандыруды күшейтіп, өңірлер және амбулаториялық-емханалық және стационарлық қызметтер арасында мамандар бөлудегі теңсіздіктерді жоюды қолға алып отыр. Негізгі бағыт ретінде сырқаттанушылықтын басқару жүйесін енгізу, аурудын алдын алу, ерте анықтау яғни дұрыс диагностика жүргізу, және емдеуді қарастыратын медициналық көмек көрсетудің бірегей жүйесін енгізу болып отыр. [2]

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаттарына сүйене құрылады. Бірақ қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты анықтайтын факторлар ауылдық медициналық мекемелер жұмысының ұйымдастыру түрлері мен әдістеріне айтарлықтай әсер етеді: тұрғындардың қоныстану сипаты, қызмет көрсету радиусы, жұмыстар маусымдығы, дала жұмыстары кезіндегі ауа райының әсері, еңбек үрдісінің өзіне тән ерекшеліктері, шаруашылық-тұрмыстық іс-әрекет пен тұрмыс жағдайларындағы қолайсыздықтар, аймақтық-ұлттық ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары, білім және мәдениет деңгейі және т.б. [7]

Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетуді шартты түрде 3 сатыға бөледі:

Бірінші саты - ауылдық дәрігерлік амбулатория.

Бұл сатыда ауыл тұрғындары медициналық дәрігерге дейінгі білікті көмекті ала алады (терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық және т.б.).

Екінші саты - аудандық медициналық мекеме, мұндағы жетекші мекеме аудандық аурухана (АА) және орталық аудандық аурухана (ОАА). Ауыл тұрғындары арнайы мамандандырылған медициналық көмекті оның негізгі түрлері бойынша алады. Ауданаралық арнайы мамандандырылған орталықтар, диспансерлер, денсаулық орталықтары және т.б. болуы мүмкін. Денсаулық сақтау қызметінің басшысы ауданның (немесе аудандық медициналық бірлестіктің) бас дәрігері, әрі ол орталық аудандық аурухананы да басқарады. Мамандықтары бойынша міндетіне емдеу-консультативтік және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы кіретін ауданның бас мамандары анықталады.

Үшінші саты - облыстық аурухана, диспансерлер, стоматологиялық емхана, облыстық МСЭҚ (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау) орталығы және т.б. Бұл сатыда барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің бірінші тізбегі әрекетінің құрылымы.

Ауылдық дәрігерлік амбулатория медициналық қызмет көрсету жүйесіндегі науқастардың бірінші, яғни алғашқы жанасу звеносы болып табылады. Оның негізгі міндеті - учаске халқына қол жетерлік білікті дәрігерлік көмек көрсету және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар жүргізу. Учаскедегі халық саны - 5000-нан 7000 адамға дейін болуы мүмкін. Ауыл тұрғыны баратын жақынарадағы медициналық мекеме медициналық пункт (МП) болып табылады. МП тұрғындар саны 800-ге дейінгі елді-мекенде ұйымдастырылады екен.

Аталмыш МП негізгі міндеттері болып медициналық дәрігерге дейінгі көмек және аурулардың алдын-алу, аурушылдық пен жарақаттануды төмендету, халықтың санитарлық-гигиеналық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған санитарлық-сауықтыру және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу. МП фельдшері жедел ағынды аурулар мен жарақаттанулар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді, егулер, физиотерапевтік шаралар және т.б. жүргізеді.

Ауылдық аудандардағы денсаулық сақтаудың негізгі бағаны және аудан халқына сапалы медициналық қызмет көрсететін нысан ОАА, мұнда арнайы мамандандырылған медициналық көмек негізгі түрлері бойынша көрсетіледі және ауданның барлық медициналық мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасалады. ОАА-ның құрылымдық бөлімдері: негізгі мамандандырылған бөлімдерімен стационар, аудандық емхана, емдеу- диагностикалық бөлім, ұйымдастыру-әдістемелік кабинет, жедел және шұғыл медициналық көмек бөлімі және басқа да құрылымдық бөлімдер.

Ауданның емдеу-профилактикалық бөліміне ұйымдастыру- әдістемелік басшылықты ОАА ұйым әдіс кабинеті жүргізеді. Оның функцияларына кіреді: дәрігер-мамандардың ауылдық учаскелік ауруханаларға шығу жоспарын ұйымдастыру: емдеу-диагностикалық және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, ауданның медициналық мекемелерінің негізгі жұмыс көрсеткіштерін зерттеу (аурушылдық, летальдік, балалар мен жалпы өлім деңгейлері, клиникалық және патологоанатомдық диагноздардың сәйкессіздігі және т.б.), қажетті шараларды өңдеу және жүргізу сұрақтары бойынша осы мекемелердің дәрігерлеріне консультация және практикалық көмек көрсету. Емдік диагностикалық бөлімнің негізгі бағыты клиникалық зертханалық диагностика - ауруды диагностикалау, алдын алу және емдеу немесе адамның денсаулық жағдайын бағалау және интерпретациялық нәтижелерді қоса алғанда, жүргізілген зертханалық зерттеулер аспектілері бойынша кеңес беру көмегін қамтамасыз ету үшін ақпарат алу мақсатында жүзеге асырылады. МСАК деңгейінде зертханалық диагностикалау мамандардың жолдамасы бойынша КДЗ-да, ОМЗ-да, ММЗ-да жүзеге асырылады. Зертханалық-аспаптық зерттеулерді, оның ішінде МСАК деңгейінде жедел-диагностикалау әдісі арқылы жүргізу. [4] Ауылдық аймақтардағы зертханалық қызметті дамыту шаралары жайлы зерттеу жүргіздік.

Зерттеу мақсаты. Алматы облысында ауылдық аймақтарда медициналық санитарлық алғашқы көмек деңгейінде зертханалық диагностикалық қызметті дамыту үшін зертханалық қызметтің талдаулары негізінде ұсыныстар құрастыру

Зерттеу міндеттері:

– МСАК деңгейінде емдік- профилактикалық

мекемелердің зертханалық қызметінің шараларын зерттеу және оған кешенді баға беру.

– Денсаулық бағдарламасына сәйкес интегральді модельді енгізу туралы Алматы облысында МСАК деңгейінде емдік- профилактикалық мекемелердің клиникалық зертханалық қызметінің заманауи жағдайы туралы және оның даму қағидасы туралы сауалнама жүргізу әдісі арқылы әр түрлі саладағы дәрігерлерді және клиникалық зертханалық диагностика қызметкерлеріне және науқастарға әлеуметтік зерттеу жүргізу.

– Келтірілген факторларды есепке ала отырып медициналық сақтандыру жүйесі бойынша зертханалық диагностиканың сапасын дамыту қағидаларын және жолдарын анықтау.

Зерттеу әдістері: Арнайы құрастырылған сауалнама.

Сауалнаманы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылының 100 жуық тұрғындары анонимді түрде толтырып берді.

Сауалнама қорытындысы:

1. Сұрақ. Сіздің медициналық мекемеңіздегі зертханалық қызметі қол жетімді ме?

Ия

Жоқ

100

-

үнемі

Кей кезде

Ешқашан

Жауап беруге қиналамын

78

17

5

-

2. Сұрақ. Сізге қызмет көрсететін медициналық мекеменің зертхана талдауларына кезек па?

қызметті бес

йе бойынша бағалаңыз?

Үздік

Жақсы

Қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

53

30

17

-

3. Сұрақ. Сіздің медициналық мекемеңіздегі

өзгертпейді

Өзгертпеуі мүмкін

өзгертеді

Бөлшектеп өзгертеді

Жауап беруге

қиналамын

38

2

59

1

-

5. Сұрақ. Денсаулық бағдарламасын енгізу медико-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде диагностикалық зерттеулердің деңгейін, сапасын және тізімін өзгертеді ме?

6. Сұрақ. Сіздің медициналық мекемеңіздегі диагностикалық зерттеулер тізімі медико-санитарлық алғашқы көмек көрсетуге

Сәйкес келмейді

Сәйкес келуі

мүмкін

Сәйкес келеді

Толықтай сәйкес келмейді

Жауап беруге

қиналамын

Жауап жазбаған

6

1

89

3

-

1

сәйкес келе ме?

Vestnik KazNMU №2-2018

қандай

басым деп ойлайсыз?

қызметті

,і қолданасыз ба?

9.

;. Сіз ақылы медициналық

жолдама алған кезден бастап

іңіз бе?

10.

. Сіз

н

өткізген кезден бастап нәтижесін

11.

кезеңі?

Зертханалық зерттеулердің тізімінің жеткіліксіздігі

Зертхананың жабдықталуы

әлсіз

Кадр жеткіліксіздігі

Қызметкерлердің еңбек ақысы және әлеуметтік қорғанысы мәселелері

21

16

54

14

Иә, қолданамын жеке медициналық орталықта

Иә, қолданамын

емханада

мемлекеттік

Жоқ, ақылы

қолданбаймын

қызметті

мүлде

45

13

42

Бір күн

Үш күн

Бес күн

Бір апта

Екі апта

94

4

2

-

-

Сол күні

Келесі күні

Үшінші күні

Төртінші күні

Бір аптадан кейін

85

8

5

-

2

13. Сұрақ. Ауылдық аймақтарда зертханалық-диагностика қызметін жақсарту үшін Сіздің ұсыныстарыңыз бар ма?

Ұсынылған ұсыныстар

Саны

1

Аппараттар керек

29

2

Анализ санын көбейту керек

3

3

Анализ тізімін көбейтсе

10

4

Анализатор керек

7

5

Кадр керек

31

6

Зертхананы жабдықтау

13

7

Жалақыны көбейту

2

8

Үнемі кезек соны азайтса

1

9

Бәрі жақсы

1

10

Жауап жазбағандар

3

Ауыл халқына МСАК қолжетімділігіне әсер ететін факторлар:

Ауылдық жерлерде мемлекеттік медицина ұйымдарының желісін дамытудың стандарттарын әзірлеу және енгізу кезінде иілімділік, жеке қадам жасау;

тиісті материалдық ынталандырумен, ауылдағы дәрігерлік және орта медициналық персоналдың функционалын кеңейту;

Ауылдық денсаулық сақтауда ұтқыр (көліктік) және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) әрі қарай дамыту;

online режимінде жоғары тұрған буын мамандарының көмегімен диагностикалау жүргізу мен емді анықтауға мүмкіндік беретін телемедицинаны жаппай енгізу арқылы қосымша қолдау көрсетілетін болады.

Қорытынды: алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде зертханалық зерттеулердің сапасы төмендегілерге байланысты:

® Жоғарғы технологиялық құрылғыларды және заманауи тұтыну материалдарын қолдану;

® Клиникалық зертханалық диагностиканың заманауи біліммен мамандардың біліктілігін арттыру, атап

®

айтқанда клиницист -дәрігерлер, зертхана дәрігерлері, зертхана мамандарының біліктілігін арттыру;

® Жаңа инновациялық зерттеу әдістерін енгізу;

® Аудандық аурухана және аудандық орталық ауруханаларының клиникалық диагностикалық медициналық зертханаларын ISO 15189-2015 стандартына сәйкес аккредитациялау;

® Зертханалық тәжірибеге зертханалық зерттеулердің сыртқы және ішкі сапа бақылауын енгізу;

® Жаңа нормативті-құқықтық актілерді құрастыру және енгізу.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
  2. О.Н. Костин. Основные тенденции и проблемы организации лабораторной службы в регионе // Гений Ортопедии. - 2010. - №3. - С. 88-96.
  3. https://baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_muragat/regmedia-32854
  4. М.Рысулы., Г.Е. Аскарова., С.Н. Щербо «Медициналық санитарлық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде Point of care қолданылуы» // Лабораторная медицина журналы. - 2017. - С. 142-149.
  5. М.Рысулы., Г.Е. Аскарова., М. Кошимбеков «Зертханалық зерттеулер нәтижесін талдау барысында дәрігер клиницисттердің рөлі мен маңызы» // Вестник КазНМУ. - 2017. - №1. - С. 308-314.
  6. http://lektsii.com/1-95016.html
  7. Рысулы М.Р. Модели лабораторной диагностики в республике Казахстан: состояние и перспективы обеспечения ПМСП // Лабораторная медицина. - 2013. - №2(5). - С.15-20.
  8. Бейсембаев Ш.А. Стандартизация и контроль качества в клинико-диагностических лабораториях РК // Лабораторная медицина. — 2013. — №3(6). — С. 9—10.
  9. Жангелова М.Б., Бейсембаева Ш.А., Шайкенова Л.Б., Дуйсенбаева А.Ж., Менеджмент лабораторной диагностической служб ы // Лабораторная медицина. — 2013. — №2(5) — С. 24—27.
  10. М.Рысулы. Оценка качества лабораторных исследований на уровне оказания первичной медико-санитарной помощи (ПМСП) в Республике Казахстан // Вестник Аккредитации. - 2016. - С. 12-17.
  11. Қазақстан Республикасы ИСО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттікке қойылатын айрықша талаптар» мемлекеттік стандарты.
  12. Порядок лабораторного обеспечения медицинской помощи. Основные разработчики: Щербо С.Н., Сапрыгин Д.Б., Меньшиков

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.