Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Артық дене салмағы мен семіздіктің эпидемиологиясы (әдеби шолу)

Осы мақалада артық дене салмағы мен семіздіктің эпидемиологиясына әдеби шолу жүргізілген. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1997 жылы семіздікті жаһандық эпидемияғаайналды деп жариялады[1,2].

ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде ересек жастағы адамдардың 1,9 миллиарды артық салмаққа ие, оның ішінде 600 миллионнан астамы семіздіктен зардап шегуде. Бұл көрсеткіш, өз кезегінде семіздіктің таралуы 1980 жылмен салыстырғанда екі еселенгенін көрсетеді [3-5]. Семіздік – май тіндерінің физиологиялық жинақталатын жерлерімен қатар сүт бездері, бөксе және іш тұсында жинақталуы және дене салмағының артуы. Бұл май тінінің шамадан тыс жинақталуы есебінен дене салмағының артуымен байқалып, халықтың жалпы аурушаңдығы мен өлім-жітімі жағдайларының артуына апаратын, кез-келген жаста пайда болатын ауру. Қазіргі кезеңде семіздік мәселесінің өзектілігі бұл аурудың таралуының күрт өсуімен және артық салмақтың түрлі аурулар қаупінің себебін құраумен байланысты [6].

Артық дене салмағы мен семіздіктің негізгі себебі-ағзаға түсетін және шығындалатын калориялар арасындағы энергия тепе-теңдігінің бұзылуы, яғни тұтынудың жоғары, ал энергия шығынының төмен болуы. Тағамды шамадан тыс тұтыну барлық жағдайлардың 98%-да артық дене салмағының себебін құрайды, ал қалған 2% эндокриндік және неврологиялық дерттер, ұйқы безі, бауыр, аш және тоқ ішектің бұзылыстары (эндокриндік емес дерт семіздігі), генетикалық бұзылыстар құрайды [7,8].

2005 жылы Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымы семіздіктің кеңінен таралғандығын сипаттайтын мәліметтер жариялады: 15 жастан асқан 1,6 млрд адамда артық дене салмағы бар және 400 млн адам семіздіктен зардап шегеді. 2008 жылы 20 жастан асқан бір жарым миллиард ересектерде артық салмақ анықталған, ер адамдардың 200 милионынан астамы және 300 миллион әйел семіздікке шалдыққан. Жалпы алғанда, ересектердің жаһандық жиынтығында он адамның бірінен астамында семіздік анықталған.

Шамадан тыс және артық май жинақталуы ретінде анықталатын, денсаулыққа зиян келтіретін артық салмақ пен семіздік жаһандық деңгейде өлім-жітім қаупінің бес негізгі факторларының қатарына жатады. Жыл сайын, кемінде, 2,8 млн ересек адам артық тамақтану есебінен өлім- жітімге ұшырайды. Әлемде жеткіліксіз салмаққа қарағанда артық салмақ пен семіздік өлім-жітімге көбірек ұшыратады. Қант диабетінің - 44%, жүректің ишемиялық ауруының - 23%, кейбір қатерлі ісік ауруларының 7-41% жағдайлары артық салмақ пен семіздік әсерінен туындаған [9-11].

Әлемнің әртүрлі елдерінде өткізілген эпидемиологиялық зерттеулер дамыған елдердің тұрғындары арасында семіздіктің етек жайғанын көрсетеді. Соңғы жылдар зерттеулеріне сай, дене салмағының индексінің (ДСИ) көрсеткіші 25кг/м2 артықболуы АҚШ халқының жартысынан көбінде (61%), Ресейде (54%), Ұлыбританияда (51%), Германияда (50%), Испания, Италия, Шығыс Еуропа халқының жартысында, Франция халқының төрттен бірінде байқалған.

АҚШ- 30-39 жастағы ерлердің 50% дене салмағы қалыпты деңгейден 10% және одан көп щамаға асқан, 40 жаста – 20%- дан асқан, 50-59 жаста бұл көрсеткіш, сәйкесінше, 60% және 33% құраған. 40 жастан асқан американдық әйелдердің 49% семіздік байқалған. Әр онжылдық сайын семіздік жиілігінің артуы тіркелуде. Мысалы, 60-жылдар басында артық дене салмағы АҚШ халқы ересектерінің арасында 20%-да байқалса, 90-жылдар соңына қарай – ересек адамдардың 50%-да анықталған. Жапонияда артық дене салмағының жиілігі мардымсыз болуы назарға аларлық: 70-жылдар басында 10% әйелдер мен 8% ерлер, соңғы онжылдықта – жапондықтардың 16% [12].

Артық салмақ пен семіздік бұрынырақ табыс деңгейі жоғары саналатын елдерге тән саналып келсе, қазіргі уақытта табыс деңгейі төмен және орташа саналатын елдерде таралуы артуда, әсіресе, қалаларға тән. Қазіргі уақытта ДДҰ халық басына шаққандағы жалпы ішкі өнім төмен және орташа шаманы құрайтын елдерде семіздік таралуының ерекше өсуін анықтауда. Дамушы елдерде артық дене салмағы бар 5 жасқа дейінгі балалар саны - 35 миллион, дамыған елдерде – 8 миллионды құрайды.

«Ланцет» журналында (2016) 1975 жылдан 2016 жылдар аралығындағы 200 мемлекетте дене салмағы индексінің өзгеру тенденциясына қорытынды талдаудың нәтижелері берілді. Зерттеудің нәтижесі бойынша 1975 жылы әлемде 100 миллиондайересек (69 миллион әйелдер, 31 миллион ерлер) семіздікке шалдықса, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш671 миллионға (390 миллион әйелдер, 281 миллион ерлер) дейін өскен, яғни алты есеге артып отыр. Бұдан бөлек ересектердің 1,3 миллиардында артық дене салмағы анықталып отыр.

Дамушы елдерде тамақтануға тәуелді, созылмалы жұқпалы емес аурулардың (артериалдық гипертензия, диабет, жүрек- қантамыр аурулары) таралуы дамыған экономикасы бар елдерге қарағанда жылдам өсуде.

ТМД елдерінде жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер (Мәскеу қаласы мен облысында, Рязань облысында, Украинада, Грузияда, Өзбекістанда) бұл елдердегі артық дене салмағы мен семіздіктің таралуы әлемдік тенденциялардан аса айырмашылығы жоқтығын көрсетті. Соңғы зерттеулерге сай Украинада қалыпты салмақ ерлердің 44% және әйелдердің 25% ғана болған, ал семіздік республиканыңересек халқының 22% байқалған. Грузияда артық дене садмағы халықтың 34,4% анықталған, оның ішінде, семіздік 18 жастан асқандарға – 24% құраған. Сонымен қатар, ерлерге қарағанда әйелдер арасында семіздікке шалдығудың екі есе көптігі, жастар арасында семіздіктің жиілеу тенденциясының айқындығы назар аударарлық. Мысалы, ДСИ > 25 кг/м2 жағдайы 18-35 жас аралығындағы ерлердің 33% және әйелдердің 45% анықталған[13-15].

Ұлттық зерттеулердің деректері бойынша, 1995-96 жылдары Қазақстанда ересек халықтың 42%-да (немесе 4,36 млн адам), артық дене салмағы (27%) немесе семіздік (15%) анықталған, 5 жасқа дейінгі балаларда сиректеу (9% жуық) кездескен.Бұл орайда, семіздікке ерлерге қарағанда (34%) әйелдер (47%) жиірек шалдыққан және қазақ ұлты өкілдеріне (34%) қарағанда орыс (47%) және басқа ұлт өкілдері (50,5%) арасында жиі тараған. Бұл жағдайлардың аса көп жиілігі 50 жастан асқандар арасында да анықталған: ерлердің -52% (оның ішінде 15% семіздік) және әйелдердің 70,5 (оның ішінде 34% семіздік). 15-50 жас аралығында сиректеу кездескен: ерлердің 26,5%, әйелдердің 38,4%. Батыс (35%), орталық (39%) және оңтүстік (42%) өңір тұрғындарына қарағанда Алматы қаласында (46%) және оңтүстік-шығыс өңір тұрғындары жиірек шалдыққан [16,17,18].

2006 жылы 5 жасқа дейінгі балалардың 11,4% артық дене салмағы немесе семіздік байқалған, жиі кездесуі – Ақтөбе (16%) және Қызылорда (15,8%) және 2 еседей сирек – Жамбыл (7,8%) және Солтүстік-Қазақстан (8,3%) облыстарында[19].

2008 жылы 25-59 жастағы әр екінші әйелде (50,6%) және ерлердің сәл азырақ пайызында (45,4%) артық дене салмағы (әйелдердің 29%, ерлердің 34,4%) немесе семіздік болған (әйелдердің 25,7%, ерлердің 11%).Бұл жағдайлар 1524 жас аралығында 4,5 есе сирек кездескен, ерлерде (10,2%) және әйелдерде (11,5%)[20].

Артериалдық гипертонияның, инсулинге тәуелсіз қант диабетінің, атеросклероз бен жүректің ишемиялық ауруының, омыртқа бағанасының остеохондрозы мен полиартриттің, бауыр мен гепатобилиарлық жолдар ауруларының, ісіктер мен денсаулыққа қатысты басқа мәселелердің даму жиілігінің еселеп артуы артық салмақпен байланысты. Орташа дәрежелі семіздік жас ұзақтығын орта есеппен алғанда 3-5 жылға, ал аурудың айқын түрі – 15 жылға дейін азайтады.

ДДҰ деректеріне сай ғаламшарда артық дене салмағы бар, яғни ДСИ>25кг/м2 құрайтын адам саны -1,7 млрд. Бұл топтағы адамдардың 250 миллионы созылмалы семіздік ауруы мен оған қосарлана жүретін кең таралған ауруларға шалдыққан. Әлемдегі мезгілінен бұрын болатын әр үшінші өлім-жітімнің семіздік пен адамның аз қимылдауынан туындайтын аурулармен байланысты екендігі анықталған. Қазіргі кезде әлемде семіздіктің таралуының қарқындылығы соншалық, ДДҰ сарапшыларының болжамына сай бұл сандар 2025 жылға таман екі еселенбек. Әр 10 жыл сайын артық дене салмағы мен семіздіктің таралуы 10% өсіп отырады [2].

Артық салмақ пен семіздік төменгі физикалық белсенділік деңгейімен, калориясы жоғары тамақ және көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз тұтынумен тікелей байланысты. ЖИА, ишемиялық инсульт пен 2 типті қант диабетінің қаупі дене салмағының индексі артқан сайын көбейе түседі. ЖИА шамамен 21% ДСИ 21 кг/м2 асқаннан кейін айқындалып отыр [2,3,4,9,12].

Артық дене салмағы мен семіздікке, сондай-ақ, олармен тығыз байланысты жұқпалы емес ауруларға жол бермеудің мүмкіндіктері аз емес. Ол үшін қоршаған ортаны жақсарта отырып, тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу, ақпараттандыру деңгейін арттыру, салауатты тамақтануды қалыптастыру, табиғи тағам өнімдерін таңдау, дене шынықтырумен белсенді түрде айналысу семіздікке тосқауыл қоюда аса маңызды рөл атқарады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Katovich M.J., Pachori A. Effects of inhibition of the renin-аngiotensin system on the cardiovascular actions of insulin // Diabetes, Obesity and Metabolism. – 2000. - №2. – Р. 3-14.
  2. Всемирнаяорганизацияздравоохранения.Ожирениеиизбыточныйвес // Информационныйбюллетень. – 2015. - №31. – С. 88-94.
  3. Шарманов Т.Ш., Тәжібаев Ш.С., Балғымбеков Ш.А. Артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алу бойынша жетекші құрал. – Алматы: 2012. – 63 б.
  4. Романцова Т.И. Эпидемия ожирения: очевидные и вероятные причины // Ожирение и метаболизм. -2011. - №1. - С. 5-13.
  5. James Toouli, Michael Fried,AamirGhafoor Khan, James Garisch, Richard Hunt, Suleiman Fedail, DavorŠtimac, Ton Lemair, Justus Krabshuis. Obesity // WGO GlobalGuideline. -WorldGastroenterologyOrganization. - 2009. – №2. - P. 5- 11.
  6. Беляков Н.А., Мазуров В.И. Ожирение. Руководство для врачей – СПб.: 2003. – 520 с.
  7. Бессенен Д.Г., Кушнер Р. Избыточный вес и ожирение. Профилактика, диагностика, лечение. – М.: Бином, 2004. – 240 с.
  8. Шарманов Т.Ш. Питание важнейший фактор здоровья человека. – Алматы: Асем систем, 2010.- 370 с.
  9. ВОЗ: Глобальная стратегия по питанию, физической активности и здоровью. ВОЗ. – Женева: 2004. – 21 с.
  10. ВОЗ: План действий для Глобальной стратегии по профилактике неинфекционных болезней и борьбе с ними. Резолюция WHA61.14; см. текст плана действий в документе WHA61/2008/REC/1, Приложение 3.
  11. ВОЗ: Проблема ожирения в Европейском регионе ВОЗ и стратегии ее решения. ВОЗ. – 2009. – 408 с.
  12. ВОЗ: Руководство программы СИНДИ по питанию. ВОЗ. – 2000. – 49 с.
  13. Гинзбург М.М., Крюков Н.Н. Ожирение. Влияние на развитие мета-болического синдрома. Профилактика и лечение. – М.: Медпрактика-М, 2002 – 128 с.
  14. Джусипов А.К., Абылайулы Ж.А., Шалхарова Ж.С., Ошакбаев К.П. Метаболический синдром. – Алматы: 2003. – 176 с.
  15. Мамедов М.Н. Метаболический синдром в России. Распространенность, клинические особенности и лечение. – М.: 2011. – 160 с.
  16. Медико-демографическое исследование в Казахстане 1995. Институт питания МН-АН РК, Академия профилактической медицины, Алматы и Макро Интернэшнл, США. - 1996. – 281 с.
  17. Общенациональное исследование состояния питания населения (15-80 лет) Республики Казахстан, 1996. Казахская академия питания, Программа развития ООН. – Алматы: 2001. – 227 с.
  18. Медико-демографические исследование Казахстана, 1999, Академия профилактической медицины, Отдел медикодемографических исследований Макро Интернэшнл Инк. – 1999. – 214 с.
  19. Мультииндикаторное кластерное обследование в Казахстане, 2006. Агентство по статистике Республики Казахстан, Казахская академия питания, ЮНИСЕФ. – Алматы: 2007. – 307 с.
  20. Исследование по оценке статуса питания и здоровья населения Казахстана. Минздрав РК, Казахская академия питания. – Алматы: 2008. – 296 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.