Адамның кәсіби қызметі және оның функционалды жағдайы көбінесе қызмет ететін техниканың конструктивті ерекшеліктеріне, технологиялық процестер мен өндіріс мекемелеріне, яғни жұмыс орындарындағы көптеген өндірістік құрал-жабдықтарға тәуелді болып келеді. Тірек-қозғалыс жүйесінің патологиясына алып келетін өндірістік факторлар болып: ауыр жұмыс, вибрация, стереотипті қозғалыстар. Бұл талаптарды орындамау санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауына, еңбек қызметінің, аурушаңдықтың ұлғаюына, мүгедектікке алып келеді.
Тірек-қимыл аппаратының патологиясымен науқастардың саны өсті, бұл медико-социалды және экономикалық маңызды мәселе деп қабылданды. Ресми түрдегі мәліметтерге сүйеніп, жалпы жұмысшылардың жартысынан көбі физикалық еңбектің әр-түрлі дәрежедегі қарқындылығынан бос емес [1]. Адамның сенімді, нәтижелі еңбектері және оның функционалды жағдайы қызмет көрсетіп жатқан техниканың конструктивті ерекшеліктеріне байланысты, яғни технологиялық процестер, өндіріс орындары, өндіріс жабдықтарының конструкциясы және жұмыс орындарын ұйымдастыру эргономиканың заманауи талаптарында есепке алынады
[2]. Бұл талаптардың орындалмауы санитарлы гигиеналық талаптардың нашарлауына, еңбек ауырлығының артуына, өндіріс тапсырыстарының орындалуында қолайлы емес жұмыс қалпына, үлкен көлемдегі дененің иілуіне, жұмыстық жүктеменің өте жоғары қарқынына және басқаларға алып келеді [2,3]. Европалық бірлестіктердің мәліметтері бойынша 130 млн жұмысшының 45% әр-түрлі массадағы жүкті қолмен көтереді немесе алып жүреді, жиі қайталанатын стереотипті қимылдарды және қолайсыз жұмыс қалпында жұмыс істейді, ол ауырсыну синдромымен жүретін жоғары дәрежеде қаңқа бұлшық ет бұзылысына, елеулі социалды салдарға [4], соңында тірек - қимыл аппаратының ауруына алып келеді. 2004 жылы тіркелгендердің 10125 жағдайы кәсіби аурулар және уланулар: физикалық жүктемемен байланысты аурулар және жеке органдар мен жүйелердің шамадан тыс жүктемесімен 17,3% құрайды [4]. Кәсіптік және кәсіптік емес сипаттағы қауіп тобын анықтау мақсатында үлкен масштабты зерттеу жүргізілді, еңбек шарттарымен өзара байланысы анықталды, тірек - қимыл аппаратының бұзылысы вибрация, күйзеліс және ауыр физикалық еңбекпен байланысты екені дәлелденді [5,6].
Сондықтан, жетекші кәсіби факторлардың анықталуы, тірек-қимыл аппаратындағы аурушаңдықты қалыптастыруы, науқастардың реабилитациясын жетілдіру және мүгедектікті ескерту сұрақтарының шешімінде ерекше орын алады.
Біздің жұмысымыздың мақсаты тірек -қимыл аппаратының дегенеративті ауруларымен кәсіптік факторлардың арасындағы байланысын анықтау.
Материалдар және әдістер: ТҚА ауруы салдарынан алғаш рет мүгедектікке ұшыраған топтағы адамдардың социалды - гигиеналық мінездемесін анықтау үшін зерттеушілермен басқару тобындағыларға социологиялық сауалнама жүргізілді. Сол мақсатпен жасы мен жынысына байланысты 400 сау адам және 400 мүгедек адам таңдап алынды. Олардың ішінде 35,3% еңбекке жарамды жастағы (40-49 жас) адамдар болды. Бақылау тобында бұл топ 34,9% құрады.
Зерттеу нәтижелері: негізгі топтағы мүгедектердің басым көпшілігі 49,1% техникалық кәсіппен айналысады, қызметкерлер 37,4%, кәсіпкерлер 10,1% қалған 3,1% зейнеткерлер. Бақылау тобында көбінесе жұмысшы маманынан (47,8%), қызметкерлер 39,2%, 2% кәсіпкерлер, қалғандары зейнеткерлер құрады.
Негізгі топтағы басым адамдардың жұмыс дәрежесі зерттеулерде анықталды, кейбіреулерінің жалпы еңбек дәрежесі 30 жылдан астам 39,7%, бақылау тобында жұмыс дәрежесі 30 жылға дейінгілер көшбасында; негізгі топтың аз бөлігін (12,8%) жалпы жұмыс дәрежесі 9 жылға дейінгі мүгедектер құрайды; бақылау тобында 13,1% жұмыс дәрежесі 10-19 жылдағылар. 67,9% адамдарда алғашқы анықталған мүгедектік тірек - қимыл аппаратының аурулары салдарынан мүгедектік алғанға дейін физикалық күштемелі жұмыс басым болған, ал басқару тобындағыларда 44,9% психоэмоционалды күштемемен байланысты кәсіп басым болған.
65,2% сұрастырылған мүгедектер өздерінің материалды қамтамасыз етілуін сол уақытта қанағаттанарлықсыз деп баға берді, тек 0,48% ғана материалдық жағдайы жақсы болған. Бақылау тобындағы 56,4% адамдар өздерінің материалды жағдайы қанағаттанарлық; 14,2% қанағаттанарлы емес деп бағалайды.
Мүгедектік құрылымында ІІІ-топта 63,4 мүгедек, одан кейін ІІ-топ мүгедектері 36,3%, І-топ мүгедектер сұрастырғандар ішінде 2,4 болды. Мүгедектікке дейін басым адамдар жылына 1 рет 37,73% немесе 2 рет 36,39% реабилитация курсынан өткен. ІІІ-топтағы мүгедектер арасында еңбек қабілеттілігін сақтағандардың үлес салмағы 37,78%, ал ІІ- топтағы мүгедектер арасында 26,77% құрайды.
Мүгедектерді еңбек шартына байланысты бөліп зерттегенде мүгедектердің көп бөлігі 67,42% ІІ-топтағылар және ІІІ-топтағы мүгедектер 58,53% Олардың 3,68% өздерін толыққанды еңбекке жарамды және қалған 5,81% еңбекке жарамды болып табылады: жағдайы жасалған жұмыс мекемелерінде 5,81% II- топ мүгедектері және 3,68 % III-топ мүгедектері жұмыс атқарған.
Сараптама қорытындысына қарай мүгедектердің басым бөлігі: 53,71% II-топ және 44,97% III-топ мүгедектері техникалық мамандықтармен, ал қалған 7,86% және 4,09% табиғатты қорғау және экология салаларында жұмыс жасайтындарын көрсетті.
Кесте 1 - Мүгедектік тобына және еңбектің түріне қарай, тірек-қимыл аппаратының бұзылысы нәтижесінен алғаш мүгедек атанған науқастар саны
Еңбектің түрі |
II топ мүгедектері |
III топ мүгедектері |
||
Абс. сан |
% |
Абс. сан |
% |
|
Техникалық |
123 |
53,71 |
286 |
44,97 |
Гуманитарлы |
38 |
16,59 |
96 |
15,09 |
Экологтар |
18 |
7,86 |
51 |
8,02 |
Шенеуніктер |
21 |
9,17 |
106 |
16,67 |
Табиғат қорғаушылары |
0 |
0 |
26 |
4,09 |
Басқа мамандық иелері |
29 |
12,66 |
71 |
11,16 |
Барлығы |
229 |
100,0 |
636 |
100,0 |
Тірек-қимыл аппаратының бұзылысы нәтижесінен алғаш мүгедек атанған науқастардың әлеуметтік-гигиеналық анализдерінің көрсеткіші : ең көп 53,71% мүгедектер техникалық мамандықтарда жұмыс жасайды, 49,06% қара жұмыс иегерлері: олардың 26,55% 30-ға дейінгі жас аралығында, 26,55% 30дан жоғары жас аралығындағы мүгедектер: 61,56% мүгедектер қанағаттанарлық жағдайда жұмыс жасаған: 68,39% мүгедектерде жұмыс барысында физикалық жүктеме байқалған: 5,81% III топ мүгедектері және 3,68% II топ мүгедектері жағдайы жақсы жұмыс орындарында қызмет атқарған.
Қорытынды: тірек- қимыл апаратының бұзылысы бар мүгедектерде ауыр қауіп тудырушы фактор ретінде ауыр жүмыс түрлері, вибрация, қозғалыс стереотипі, бұлшықеттер мен байлам аппараттарының шамадан тыс жұмсалуы жатады. Жоғарыда көрсетілгеннің барлығы жұмыс жағдайын жақсартуды талап етеді, негізгі шараларға, бірінші кезекте автоматизациялау және жұмыс жүйелерінің механизациясы, рациональді еңбек режимі және демалысы, жұмыс түрінің қайталануы, бригада құрамының көбеюі және т.б. [1,2,7,8]. Сонымен қатар жұмыс уақыттарында, жұмыстан тыс уақыттардағы жұмысқа қабілетін қайта қалпына келтіру жөніндегі коплексті профилактикалық шаралар жүргізілуі тиіс [9,10].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Измеров Н.Ф. Мед. Газета. - 2006. - № 74. - С. 10-11.
- Комплексная профилактика развития перенапряжения и профессиональных заболеваний спины у работников физического труда: Методические рекомендации (утв. МЗСР РФ, 07.09.2006 г., № МР 2.2.92128-06).
- Матюхин В.В., Афанасьева Р.Ф., Елизарова В.В., Ямпольская Е.Г., // Сб. научных трудов Тверского гос. ун-та. Тверь: Мин-во общего и профессионального образования. - 2002. - С. 13-24.
- Матюхин В.В., Е.Г. Шардакова Э.Ф., Ямпольская, Елизарова В.В., Лагутина Г.Н. // VI конгресс «Профессия и здоровье». - М.: 2005. - С. 115-117.
- Майко О.Ю., Багирова Г.Г. Функциональные индексы при оценке эффективности лечения гонартроза препаратами структум и хондролон // Тер. архив. – 2006. - №6. – С. 47-52.
- Felson D.T., Goggins J Nin J et al. The effect of body weight on progression of knee osteoarthritis is dependent on alighment // Arthr. And Rheum. – 2004. - №50(12). – Р. 3904-3909.
- Зайцева Е.М., Смирнов АВ, Алексеева ЛИ. Оценка минеральной плотности костной ткани субхондральных отделов бедренной и большеберцовой костей при гонартрозе // Научно-практическая ревматология. – 2005. - №1. – С. 27–30.
- Чичасова НВ. Проблема боли при остеоартрозе // Лечащий врач. – 2007. - №2. – С. 50–56.
- Олюнин Ю.А. Хроническая ревматическая боль. Особенности развития и принципы лечения // Русский медицинский журнал. - 2013. - №21(6). – С. 304–309.
- Олюнин Ю.А. Хронический синовит в ревматологии. Оценка активности и тактика лечения // Русский медицинский журнал. - 2005. - №13(8). – С. 548–551.