Мақалада Қазақстан Республикасындағы жұмысшы қауымның денсаулығын қорғау қызметін ұйымдастыру талдауы көрсетілген, ол біздің еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды фактор болып табылады. Республикада кәсіби аурулар қызметінің дамуы сипатталған, құрылымдар көрсетілген, нормативтік құжаттарда кемшіліктер белгіленіп, талданады. Қызметті ұйымдастыруды жақсарту және кадрларды дайындау сапасын арттыружолдарыұсынылған.
Кіріспе.
ДДСҰ Дүниежүзілік Ассамблеясының 60-ншы сессиясында қабылданған Жаһандық Жоспарға сәйкес 2008 – 2017 жылдардағы жұмысшылар денсаулығы бойынша іс- әрекеттер жұмысшы қауымның денсаулығын қорғау ерекше өзекті мәселенің бірі және ұлттық жобаларды тиісті түрде дамытуды, жұмысшы қауымның денсаулығын қорғау бойынша заңнамалық құжаттарға қажетті түзету енгізуді, сонымен қатар осы маңызды мәселені шешуде мемлекеттік тәсілдерді қабылдаудыталап етеді [1]. Жұмысшы қауымның денсаулығы қоғамның әл-ауқаты мен тұрақтылығының стратегиялық әлеуеті болып табылады. Қызметкерлердің денсаулық жағдайына еңбек жағдайы мен еңбек үрдісінің әртүрлі факторлары теріс әсер етеді. Республикада көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда кәсіби аурулардың дамуына себеп болатын, жұмыс орындарының санитарлық- гигиеналық нормативтерге сай келмеуі әлі де сақталады [2]. Алайда осы уақытқа дейін республикада кәсіби патология қызметін ұйымдастыру туралы мағлұматтар жоқтың қасы.
Мақсаты.
Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстандағы жұмысшы қауымның денсаулығын қорғау қызметін ұйымдастырылуына талдау жүргізу болып табылады.
Қазіргі уақыттағы кәсіби ауруларды алдын алу қызметі және жұмысшы қауымды медициналық көмекпен қамтамассыз етуге арналған қолданыстағы нормативтік құжаттар, жарлықтар мен қаулылар зерттеліп, бағалау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшыларындың медико-санитарлық қамтамассыздандырылуы территориялық және ведомстволық принциптердің негізінде ұйымдастырылғандығын көрсетті. Онымен қоса, республикамызда кезеңдік медициналық көмек көрсетуде жүйелік тәсіл сақталмайды. Сондықтан Қазақстандағы жұмысшы контингенттің медико-әлеуметтік және санитарлық қамтамассыздандырылуының заманауи жүйесін әзірлеу және құру өзекті мәселе болып табылады.
Республикадағы белгіленген күрделі мәселерді шешуде кәсіби аурулар қызметі жауапты, олар 2002 жылы Қарағанды қаласында ұйымдастырылған, ҚР ДСМ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығымен (ЕГКА ҰО) үйлестіріледі, ол келесі құрамда қызмет етеді: басты: ҚР ДСМ ЕГКА Ұлттық орталығы (Қарағанды) және оның филиалдары: Шығыс-Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік- Қазақстан (Шымкент) және Батыс Қазақстан (Ақтөбе).
2002 жылға дейін Алматы қаласында ҚР ДСМ гигиена және кәсіби аурулар ҒЗИ негізінде Республикалық кәсіби аурулар орталығы жұмыс істеді. ЕГКА ҰО кәсіби аурулар клиникалары (Қарағанды қ., Өскемен қ., Шымкент қ., Ақтөбе қ.) ертеде де (КСРО кезеңінде) жетекшілік ететін аудандарда кәсіби патология сұрақтары бойынша тәжірибелік, ұйымдастырушылық-әдістемелік, емдік, диагностикалық, профилактикалық көмек көрсететін тәуелсіз ұйымдар ретінде қызмет еткен. Қазіргі уақытта еліміздің астанасында және ірі мегаполис Алматыда да кәсіби патология бойынша не тәжірибелік денсаулық сақтау орталықтары, не ғылыми-зерттеу бөлімшелері жоқ.
Әуелі кәсіби патология мамандық ретінде ғылыми медициналық қызметінің бағыттарының тек бірі ретінде қабылдаған, Қазақстан өнеркәсіптерінің әртүрлі салаларындағы кәсіби аурушаңдылығын зерттеуге арналған ірі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілген. Алайда, соңғы 20 жыл бойы Қазақстандағы кәсіби аурушаңдықты зерттеуге арналған ғылыми зерттеулер жүргізілмеген, тек экологиялық қолайсыз аймақтарда (Батыс, Шығыс Қазақстан және т.б.) қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсерін зерттеуге бағытталған экологиялық ғылыми-медициналық зерттеулер жүргізілген.
Алғаш рет дәрігерлер лауазымының номенклатурасына (тізім) дәрігер-профпатолог мамандығы тиісті нормативтер, функционалдық лауазымдық міндеттерді және т.б. әзірлеу арқылыҚР ДСМ 20.05.1996 жылдан № 200 бұйрығымен 1996 жылы ресми түрде қосылғанын атап өткен жөн. ҚР ДСМ осы бұйрығы қазіргі уақытта өзінің күшін жойды. Осы уақытқа дейін республикада дәрігер-профпатолог жүктемесінің нормативтері және дәрігер-профпатолог кабинетінің штаттық кестесі бекітілмеген, бұл республиканың медициналық ұйымдарында дәрігер-профпатолог лауазымының жоқтығының себебі болып табылады. Республикадағы жалғыз облыстық орталығы Тараз қаласы болып табылады, 2000 жылы ірі көппрофильдіқалалық емхана негізінде облыстық профпатологиялық кабинет (орталық) құрылған және қазіргі күнге дейін қызметін толық атқаруда.
Кәсіби патология дәрігерлерік мамандығының штаттарын талдау үшін ҚР ДСМ екі бұйрығы зерттелді. ҚР ДСМ 25.05.2012 жылдан № 374 «Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже» бұйрығында , 4 тармағында көрсетілген: ... кәсіби патология бойынша медициналық қызмет көрсететін ұйымдар штаттары ... ҚР ДСМ 7.04.2010 жылдан № 238 «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» қоланыстағы бұйрығы бойынша бөлінеді. Бірақ ҚР ДСМ № 238 бұйрығында дәрігер профпатологтардың дәрігерлік лауазымдардың штаттық нормативтері көрсетілмеген.
Дәрігерлік жүктеменің нормативтері туралы. ҚР ДСМ 25.05.2012 жылдан № 374 «Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже» бұйрығында дәрігерлік жүктеменің ұсынылатын нормативтері көрсетілген: 1 -дәрігер-профпатолог зиянды жағдайлардағы 10 мың жұмысшыға,бұл норматив ескірген (КСРО кезінде бекітілген), негізделмеген және заманауи талаптарға жауап бермейді.
Зерттеу нәтижесі бойынша, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және ауыл шаруашылығында цехтік медициналық қызметтің таратылуымен байланысты, қазіргі уақытта халықтың жұмыс істейтін бөлігі аумақтық амбулаторлық- емханалық мекемелерге тіркелетіндігін көрсетті. Жұмысшылардың белгілі бірбөлігі қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейді (шартты рұқсат етілген), олардың ұзақ әсері еңбектің ауырлығы мен қауырттылығының есебінен жұмысшылардың ағзасына елеулі ықпал етеді. Тіпті еңбек үрдісінің ауырлығы мен қауырттылығының рұқсат етілген көрсеткіштерінің өзі, жұмысшылардың ағзасына әсер етіп, функционалдық артық жүктемесінесоқтыруы мүмкін. Бұл категорияға еңбек үрдісінде жоғары жүктемесі бар бюджеттік сала жұмысшыларының үлкен тобы жатады: мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғаушы, сот жүйесінің жұмысшылары, қорғау құрылымының жұмысшылары, ТЖМ жұмысшылары (өрт сөндірушілер, құтқарушылар), дәрігерлер, мұғалімдер және т.б. Бұл топқа еңбегінде ауырлығы мен жүктемесі бар жұмысшыларды жатқызуға болады: құрылысшылар, ТБС, АЖҚС жұмысшылары, электриктер, энергетик, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жұмысшылары, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары, жүргізушілер, автожол жөндеушілер және т.б. Оларға тіркеу орны бойынша кәсіби денсаулықты қорғау қызметін учаскелік дәрігерлер, жалпы тәжірибе дәрігерлері және салалық мамандық дәрігерлері медициналық қызмет көрсетеді, бірақ олардың білімі мен шеберлігі толық жетілдірілмеген.
Халыққа медициналық көмек көрсетуді, соның ішінде АМСК қызметін жетілдіру бойынша, ДСМ нормативтік актісін дайындау кезінде жұмысшы қауымның денсаулығын қорғау және сақтау бойынша алғашқы профилактикалық көмек көрсету сұрақтары бойынша тиісті толықтырулар енгізілмеген. Мысалы: ҚР ДСМ 17.08.2013 жылдан № 479 «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» қолданыстағы бұйрығында, барлық параграфтарында (1,2,3) жұмысшы қауымға тиісті медициналық көмек көрсету туралы ұсыныстар жоқ және көрсетілмеген, осы бұйрықта тіпті ҚР Үкімет 25.01.2012 жылдан № 166 Қаулысынасәйкес халықтың міндетті профилактикалық тексерістерін жүзеге асыруға нұсқаулар жоқ.
Халықаралық тәжірибелер мен ТМД елдері, оның ішінде РФ талдауының негізінде, жұмысшы қауымға медициналық көмектің барлық кезеңдерінде профпатологиялық көмек көрсету Стандартын әзірлеуде және қайта қарау кезінде, дәрігер-профпатологтар және орташа медициналық қызметкерлер штатын зиянды еңбек жағдайындағы 10 мың қызметкерге емес, зиянды еңбек жағдайындағы 3000 қызметкерге немесе жалпылай (зиянды + рұқсат етілген жағдайлар) 5000 қызметкерге 1 мөлшерлеме (ставка) есебінен жүргізіледі. Дәрігерлік жүктемені дәрігер- профпатологтың 1 сағат қабылдауына 1,7 адам есебінен анықтауға ұсыныс берілді. Бұл ұсынысты ҚР ДСМ № 238 Қосымша № 13 - штаттық нормативтер, 5 тарауда - «Типтік штаттар және штаттық нормативтер» бұйрығына енгізу ұсыныс берілді.
Республикалық бюджеттен бөлінген барлық қаржылық ресурстар тек кәсіби аурулардың диагнозын қоюға бағытталған, көбінесе бұл диагноз кәсіби аурулардың асқынған түрі бар адамдарға қойылады. Қазіргі таңда Қазақстанда аурушаңдықты кәсібімен байланысын алғаш анықтау мәселерімен республикада тек Қарағанды және Өскемен қалаларының еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық Орталығы айналысады. Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан «ЕГ және КА ҰО» филиалдары әлі күнге дейін кәсіби аурулар диагнозын қоюға құқығы жоқ, алайда ол жақта да сертификатталған дәрігер профпатологтар және ғылыми дәрежесі бар, мамандар-профпатологтар жұмыс істейді. ТМД елдерінде және РФ медициналық ұйымдарында, лицензиясы бар, дайындалған сертификатталған дәрігер профпатологтар, 3 дәрігерден тұратын комиссия құрамында: бөлім басшысы және 2 дәрігер профпатолог аурудың еңбек жағдайымен байланысы бары мен жоқтығын анықтауға құқығы бар. Осы тактиканы біздің республикада да кәсіби патология диагностикасының Стандарттарын қатаң орындау арқылы енгізуге болады. Сонымен қатар, облыстық орталықтарда облыстық емхана немесе диагностикалық орталықтар негізінде, қызметті бақылау және үйлестіру өкілдігі бар облыстық (қалалық) кәсіби патологиялық кабинеттерді ұйымдастыруға болады.
ДДСҰ және ХЕҰ мүшесі болып табылатын мемлекеттерде еңбек медицинасы қызметін ұйымдастыру туралы ДДСҰ нұсқаулары, ХЕҰ ұсыныстары, халықаралық стандарттары жұмысшы контингентті медико-санитарлық қамтамассыздандыруы үшін біздің республикада орындалмайтынын талдау көрсетті. Көптеген бұйрықтар қысқа мерзімде дәрігер профпатологтар Ассоциациясының талдауынсыз және келісімінсіз қабылданған.
ҚР халық денсаулығын сақтауда және нығайтуда денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде,онымен қоса дипломға дейінгі деңгейде дәрігерлерді әзірлеуде кемшіліктерді жою керек. ҚР ДСМ № 374 бұйрығын жүзеге асыру үшін, ЖТД (отбасылық медицина), терапевттер және салалық мамандар дәрігерлері кәсіби патология (еңбек медицинасы) мәселелері бойынша даярланған болуы қажет. Алайда белгіленген дәрігерлерді дайындау бағдарламасында дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі деңгейде, жұмысшы қауымның денсаулығын сақтауға арналған сұрақтары, онымен қоса, кәсіби, өндірістік-шартталған және экологиялық патологияның МӘС,диагностикасы, профилактикасы мүлдем жоқ.
Өкінішке орай, ҚР медициналық ЖОО-да кәсіби, өндірістік- шартталған және экологиялық патологияны дипломға дейінгі деңгейде оқытылмайды, тиісті кафедралар жоқ. Кәсіби патология бойынша интернатура қарастырылмаған. Алайда кәсіби патология бойынша резидентура (2 жыл) бар, ереже бойынша резидентураға кәсіби патология бойынша негізгі білімі жоқ, медициналық жоғары оқу орындарының түлектері түседі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, жұмысшы қауымның денсаулығын қорғауды жақсарту үшін, халықаралық нормалар мен талаптарды есепке алумен еңбекке қабілетті қауымның денсаулығын қорғау бойынша қызметті міндетті түрде жетілдіру қажет.
Сонымен қатар, келесі сұрақтар шешуге жатады:
кәсіби патолоияның (еңбек медицинасы) кадрлік сұрақтарын реттейтін нормативтік базаға түзету жүргізумен бірге профилактикалық көмектің алғашқы кезеңінде жұмысшы қауымның медико-санитарлық қамтамассыздандырылуының ұйымдастырылуын жетілдіру:
а) ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрықтарына толықтырулар және өзгерістер енгізу: ҚР ҰЭМ 23.06.2015 жылдан № 440 және 24.06.2015жылдан № 451 бұйрықтарына қосарланушылығынан және мақсаттарының сәйкестігінен бір нормативті құжатқа біріктіру қажет;
б) ҚР ҰЭМ 128 және № 175 бұйрықтарын біріктіру (ертедегідей № 166 – ҚР Үкімет Қаулысы) және ҚР Үкіметі деңгейінде бекіту, себебі бұл екі құжат (№128 және №175) салалық ведомстволық және заңды түрде міндетті медициналық сақтандыру есебімен өнеркәсіптік кәсіпорындар, басқа ведомстволар мекемелер, ұйымдар үшін міндетті емес болып табылады;
- ММС жағдайында республика үшін бейімделген, ДДСҰ және ХЕҰ ұсынған,жұмысшы қауымға медициналық көмектің жаңа формасын енгізу мүмкіндіктерін қарастыру керек;
- АМСК кезеңінде жұмысшы қауымға медициналық көмек көрсету бойынша дәрігер-профпатологтарды және жоғары және орта топтағы мамандарды дайындауды жетілдіру – оларды дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі деңгейде кәсіби және экологиялық патология бойынша оқу үрдісінің бірізділігімен, толық теориялық және тәжірибелік кәсіби біліктілікпен қамтамассыз ету;
- Бакалаврларды, интерндерді және резиденттерді дайындау бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМБС) тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу:
а) «Жалпы медицина (ЖМ)» мамандығы бойынша кәсіби және экологиялық патология (еңбек медицинасы) бойынша міндетті дайындықты енгізу;
б) Жалпы тәжірибе дәрігері (отбасылық дәрігер), учаскелік дәрігерлер және салалық мамандар дәрігерлерінің дайындық бағдарламаларына кәсіби патология (еңбек медицинасы) және экологиялық аурулар бойынша бөлім енгізу;
в) Интернатура және резидентураның клиникалық мамандықтарының бағдарламасына кәсіби патология (еңбек медицинасы) және экологиялық аурулар бойынша бөлім енгізу;
- Ғылыми-педагогикалық кадрларды әзірлеу үшін кәсіби патология (еңбек медицинасы) мамандығы бойынша магистратура және докторантурада (PhD) міндетті түрде білім алу керек;
- АМСК кезеңінде жұмысшы қауымға медициналық көмек көрсету үшін фельдшерлер мен медбикелерді әзірлеу бағдарламаларын жетілдіру керек.
Кәсіби патологиялық қызмет жүйесін тиімді басқару және жетілдіру мақсатымен жұмысшылардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша облыстардағы қызметтің дамуына барлық күшті бағыттау қажет, сол үшін кәсіби патологиялық қызметтің немесе еңбек медицинасы қызметінің жаңа үлгісін құрау керек, ол келесі сатыларды қарастыру қажет:
- – саты. Республикада АМСК деңгейінде кәсіби патологиялық кабинеттерді ұйымдастыру, ірі қалаларда (Алматы, Астана) кәсіби (еңбек медицинасы) және экологиялық патология орталықтарын құру, білікті кадрлар дәрігер-профпатологтармен қамтамассыз ету.
- – саты. Медициналық университеттер бар облыстарда – еңбек медицинасы және кәсіби патология кафедраларын (курстарын) ашу, ал университеттік клиникаларда кәсіби патологиялық бөлімшелер (төсектер) немесе күндізгі стационар ұйымдастыру.
- – саты. Республикадағы кәсіби патологиялық қызметтің үйлестірілуіне жауапкершілікті кәсіби аурушаңдықтың Ұлттық орталығына жүктеу.
Осылайша, кәсіби патологиялық қызметті (еңбек медицинасының қызметі) реформалау және жетілдіру шегінде, алғашқы және арнайы медициналық кәсіби патологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі мәселері кәсіби, өндірістік-шартталған және экологиялық патологияларды ерте кезеңдерінде анықтау және алдын алу болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Глобальный план действий по охране здоровья работающих на 2008-2017 гг.: пути и перспективы реализацииШестидесятая сессия Всемирной Ассамблеи Здравоохранения (19.04.2007). https://www.zdrav.ru/articles/76173-globalnyy-plan-deystviy-po- ohrane-zdorovya-rabotayushchih-na-20082017-gg-puti-i
- Джакупбекова Г.М., Аманбекова А.У., Газизова А.О., Отарбаева М.Б., Акынжанова С.А., Ким А.Н., Фазылова М.-Д.А. Профессиональная заболеваемость в Казахстане // Медицина труда и промышленная экология. - 2014. - №8. - С. 5-8.