Ревматолог тәжірибесінде буындық синдром кезінде зақымдалған буынға жергілікті дипроспан енгізу буындық синдромды азайтып, буын серпімділігін жоғарылатып, науқастың жағдайын жеңілдетеді.
түрінде тағайындалатын қолданылады. Жергілікті қабынуға қарсы әсерге ие асқынуын тежеудің тағайындалатын жүйелік болып саналмайды. [1,2]
Остеоартроз - остеофиттерің қалыптасуына, сүйектің қайта түзілуіне, иммундық жүйенің қабынуын жақсаруына әкелетін қалыптан тыс бейімдік қалпына келу процестерін белсенді етуге әсер ететін макро және микрозақымданулардан туындайтын экстрацелюларлы матрикстық деградациясы мен жасушалық стресспен сипатталатын буын ауруы. [2]
Ревматоидты артрит -созылмалы эрозиялық артритпен және басқа ұлпалар мен мүшелердің жүйелік зақымдануларымен сипатталатын ревматикалық ауру.Ревматоидтық остеоартроздың кешенді глюкокортикостероидты (ГКС) препараттарды жергілікті енгізу кеңінен қолданылады. Жергілікті енгізу терапиясында буын ішілік периартикулярлы инъекция микрокристалдық формасы қолданатын ГКС жоғары және ревматоидты артриттің қосымша тәсілі ретінде терапияның алмастырушысы
Қалалық ревматологиялық орталықта ревматоидты артрит пен остеоартрозбен ауратын науқастарға дипроспан қолдану мен тиімділігінің ретроспективті талдауы жүргізілді. Дипроспанмен жергілікті емдеу, емдеудің басқа түрлеріне қарсы көрсетілімдері бар науқастардың буындағы аурулары мен қабынуларын азайту үшін және қабынуға қарсы ем шаралардың жеткіліксіз әсері жағдайында тағайындалады. Ревматоидты артрит пен остеоартроз диагнозымен 2016жылы стационарда ем алған 1280 науқастың ауру тарихы талданды.
2016 жылы қалалық ревматологиялық орталықта ревматоидты артритпен 1008 науқас емделді. Оның ішінде 107 науқас (10%) дипроспан қабылдаған. Науқастардың 94-і әйел адам, 13-і ер адамдар. 2016 жылы остеоартрозбен емделген 272 науқастың 68-і (25%) дипроспан қабылдаған. Оның 63-і әйел, 5-і ер адамдар. Остеоартрозбен ауырғандардың 94%-на дипроспан тізе буынына, 6%-ы иық буынына енгізілген. Емдеу әсері ауырсынуды бағалау парағымен және науқастардың ауру тарихындағы күнделікті жазбалармен бағаланды.
Орташа алғанда ВАШ көрсеткіші 70-80 мм тең болды. Дипроспан қолданғаннан кейінгі ауырсынудың азаюын алғашқы күні ақ 60 % РА науқастанған, 45% ОА-бен науқастанғандар байқады. Емделіп шығу барысында барлық науқас дерлік өздерін жақсы сезіну, ауырсыну белгілерінің төмендеуі (ВАШ 10-нан 30мм) дипроспан енізілген буындардағы қозғалыстың артуы байқалды. Бірде бір науқаста жағымсыз реакциялар сезілмеді. Тек науқастардың 5%-да буын ішілік егу кезінде АҚҚ үйреншікті деңгейінен жоғарылағаны көрсетілген.
Ревматолог тәжірибесінде буындық синдром кезінде зақымдалған буынға жергілікті дипроспан енгізу буындық синдромды азайтып, буын серпімділігін жоғарылатып, науқастың жағдайын жеңілдетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Lane N.E. Brandt K., Hawker G, et al. OARSI-FDA initiative: defining the disease state of osteoarthritis // Osteoarthritis Cartilage. - 2011. - №19(5). - Р. 478-482.
- Князева А.К., Комарова Е.Б. , Блудова Н.Г. Эндотелиальная дисфункция у больных ревматоидным артритом с коморбидной патологией // Современная ревматология. - 2017. - №11(4). - С. 25-29.