«Медициналық көмектің сапасы» атты түсінік адамдардың медициналық қызметтің нәтижелілігінен қалыптасады. Мысалы, пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды. Өйткені пациентті медициналық көмектің жылдамдығы, дәрігердің қаншалықты ықылас танытқандығы, ем- шаралар өмірінің сапасына қандай әсер еткендігі туралы сұрақтар толғандыратыны анық. Сондықтан пациентке медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету туралы ақпарат маңызды.
Медициналық көмектің сапасы көптеген елдерде,соның ішінде дамыған елдер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген зерттеулер осы мәселеге арналған. Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару Мемлекет басшысының жіті назарында. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында адами әлеуеттің деңгейін көтерудегі маңызды бағыттардың қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау екендігін нақтылап көрсетті.
Медициналық қызмет көрсету сапасының Президенттің жіті назарында отырғандығы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Жолдауында көрініс тауып отыр.¥лт көшбасшысы еліміздің барлық аймақтарында сапалы медициналық қызмет алу үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқандығын атап өтті.
Осы тапсырма емдеу- профилактикалық ұйымдарында, медициналық көмек көрсетудің әртүрлі сатыларында медициналық іс-әрекет пен ресурстық қамтамасыз ету (жабдықтау технологиясы) стандарттарының жіктемесін жасау арқылы іске асырылып отыр *1+.
Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина
Мейірбикелік іс – үлкен көлемді кадрлық ресурстары бар денсаулық сақтау саласының құрамды бөлігі.
Мейірбикелік көмек денсаулық сақтау саласындағы көмектің экономикалық тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Мейірбикелік көмек жүйесінің дамуы - денсаулық сақтау саласының экономикалық тиімділігін келешекте арттырудың жалпы тенденциясы болып табылады.
Мейірбикелік көмек сапасын бақылау процедурасы - мейірбикелік қызметтің дамуындағы жаңа бағыт болып отыр. Оны бақылау міндеті бас мейірбикеге жүктелген. Бұл іс-әрекетті мейірбикелік қызметтің басшылары түрлі мейірбикелік мамандықтар бойынша мейірбикелік көмектің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, бақылау және бағалау әдістері, эксперттік шешімдер болғанда ғана тиімді іске асыра алады *2+.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттíк бағдарламасы қолжетімді, сапа- лы, әлеуметтік-бағдарлы және экономикалық жүйесінің дамуына қажетті шаралар қосындысын нақтылады *3+. Бүгінгі таңда медициналық көмектің сапасы тиімділік, баламалылық, өнімділік, моральдық-этикалық қағи- далар жағынан қарастырылады. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететíн бíрынŗай дамыған, əлеуметтíк бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және түрақты өсуі түрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бǐр¡ болып табылады.
Сондықтан ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде мына мақсатты негізге алуды жоспарладық: стационардағы мейірбикелердің қызмет сапасын бағалау жүйесін зерттеу және оны жетілдіру бойынша кеңестер (Алматы қаласы мысалында) дайындау.
Жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде келесі тапсырмалар қойылды:
- Медициналық көмек сапасын бағалаудың жалпы жүйесінде мейірбикелер қызметінің сапасын бағалаудың алатын орнын анықтау.
- Ресми статистикалық есеп беру үлгісіне сәйкес стационардағы мейірбикелердің еңбек сапасын бағалау жүйесіне талдау жүргізу.
- Стационардағы мейірбикелердің еңбек сапасына социологиялық бағалау жүргізу.
- Стационардағы мейірбикелердің еңбек сапасын бағалау жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми- негізделген кеңестер дайындау.
Қойылған мақсат пен тапсырмаларды шешу үшін келесі әдістерді қолдануды негізге алдық: эксперттік бағалау, анкета жүргізу, медициналық статистикалық мәліметтердің анализі, математикалық және статистикалық анализі.
Қорытынды. Қазақстандағы бүгінгі күнгі медициналық қызмет көрсетудегі сапаны басқарудың үлгісі сыртқы (мемлекеттік), ішкі (ауруханаішілік), тәуелсіз бақылау (сараптама) болып бөлінеді. Осы бағдарлама аясында денсаулық сақтау саласында ұлттық стандарттардың біріңғай жіктемесі және мәліметтер базасы; медициналық технологияларды бағалау жүйесі дайындалып, енгізілді; диагностикалау, емдеу және клиникалық нұсқаулар стандарттары дайындалып, іс жүзіне енгізілді және оның тиімділігінің мониторинг жүйесі құрылды.
Денсаулық сақтау саласында сапаны басқаруды жетілдіру туралы әдебиеттерге шолу жасауда, медициналық көмек сапасын қамтамасыз етудің түрлі механизмдері мен құралдарының бар екендігін көрсетіп отыр. Сыртқы және ішкі бақылауды, сондай-ақ тәуелсіз сараптаманы қатар жүргізу денсаулық сақтауда сапаны басқарудың тиімді үлгілерінің көпшілігіне ортақ сипаттама болып отыр.
Дүние жүзіндегі көптеген елдерде медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында, денсаулық сақтау саласының түрлі үлгілерінде және түрлі қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілетін медициналық ұйымдарды аккредитациялау жүйесі енгізілген.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету жүйесінде денсаулық сақтаудағы мемлекеттік бақылауды жетілдірумен қатар, медициналық ұйым деңгейінде медициналық көмек сапасын басқару мен тәуелсіз сараптама біртіндеп дамып келеді.
Медициналық көмек сапасын арттыру мәселесі тек біздің елде ғана емес, сондай-ақ бүкіл дүние жүзінде артып отыр. Медициналық көмек сапасының төмендігі, пациенттерді емдеуге жұмсауға болатын қажетті ресурстардың шығындалуына алып келеді, ал тұрғындар болса медициналық көмек сапасына күн өткен сайын сынмен қарауда.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Вялков А.И. Управление качеством в здравоохранении // Проблемы стандарт, в здравоохр.- 2003.- № 3.- C. 3-11.
- Жихарева Н.А. Изменение функциональных обязанностей врача и медицинской сестры как инструмент повышения качества медицинской помощи / Н.А. Жихарева // Молодые ученые – здравоохранению региона: Материалы 66-й научно-практической конференции студентов и молодых специалистов СГМУ. - Саратов: Издательство СГМУ, 2005. - C. 198-199.
- Государственная программа развития здравоохранения РК на 2011-2015 гг. «Саламатты Қазақстан». – Астана: 2010 г.