Медициналық көмектің сапасысының жақсаруы мен қолжетімділігі - жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында және 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада бекітілген, ҚР азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік саясаттың маңызды нышандарының бірі. Жаңа жағдайдағы реформалау мен қаржыландыру мақсатында, ҚР денсаулық сақтау саласының алдында: халыққа медициналық көмекті үйымдастыру, сапасын жақсарту және тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру сияқты күрделі мәселелер тұр. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасының объективті критерийлерінің бірі болып—этика-деонтологиялық критерий саналады, ал сапасының субъективті критерийлерінің бірі болып—пациенттің медициналық көмекке қанағаттану деңгейі және шағымының жоқтығы саналады *1+.
Медициналық этика және медициналық деонтология - спецификалық жағдайдағы, үлкен парыздың, кәсіби қызметтің, жалпы адамзаттың адамгершіліктік үлкен міндетінің айқындылығы болып табылады.
«Материалдық және рухани қызмет салаларында, денсаулық сақтаудың қызметкерлерімен басқарылатын, денсаулықты сақтау мен нығайтуда адамдар мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық адамгершілік факторларының жиынтығын» медициналық этика қарастырады. Медициналық этика мен медициналық деонтологияның мағынасы, денсаулық сақтаумен тығыз байланысты, медициналық қызмет саласындағы коммерцализацияға қатысты әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне, нарықтық, маркетингтік үрдістердің еңгізілуіне байланысты кеңейе түсуде *2+.
Медицинадағы емдеу үрдісі барысындағы азаматтардың ерекше құқықтарының сақталуы керектігін және оның маңызды екендігін гуманистік тағлым ету дәлелдейді *3+. Әрбір пациенттің белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар. Егер оларды бұзған жағдайда әкімшілік, тіпті заң жүзінде жауапқа тартылады. Медициналық этика да, заң да негізінде бір сұрақты реттейді, олар:дәрігерлердің, медқызметкерлердің, пациент пен қоғамның өзара қарым-қатынасындағы міндеттері мен құқықтары, медициналық көмек көрсету және көмек алу шарттары, көрсетілетін көмек сапасы, еңбек мерзімі, көлемі және еңбек ақының реттілігі, т.б.*4+.
Атап кететін жағдай, соңғы кездері мейірбике мен пациенттің өзара қарым қатынасының көрінісінденеғұрылым жылдам өзгерістер болуда. Өзгерістердің негізгісі болып, науқастың құқықтарының артуы және мейірбике мен пациенттің өзара қарым қатынасындағы ерекшеліктер саналады. Өзгерістің түп негізі-өзара қарым - қатынастың патерналисттік типінің патерналисттік емес типіне ауысуында. Медициналық қызметкер мен пациенттің қарым-қатынасы тең құқылы екі серіктестер арасындағы диалогтай көрініс беретін түрі - патерналисттік концепция деп аталады. Бұл қарым қатынастың ерекшелігі -медициналық қызметкерлермен қызметтесу барысында, оның этикалық компетенттілігін мойындауына, пациентке-жеке, автономды түлғаға деген көзқарасына негізделеді *5+.
БМСК ке түсетін салмақтың ауырлығын есепке ала отырып, жалпы тәжірибелік дәрігерлер институтының кеңейе түсуімен қатар, жанүялық/участкелік мейірбикенің де ролі және өзіне тән қасиеттерінің ерекшеліктері артуда *6+.
Бірақ та, медициналық қызметкерлерде де, пациенттерде де этика-қүқықтық қарым-қатынас мәселесі, заңдық-нормативтік акт және өзара қарым қатынасты реттейтін басқа да қүжаттар туралы мәліметтің жеткіліксіздігі, білімнің толық еместігі сияқты мәселелер де орын алуда *7+.
Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау саласында этика-қүқықтық нормалары ескерілген, медициналық қызметкерлер мен пациенттердің өзара қарым қатынасын зерттеу актуальды тапсырма болып саналады *8+.
Мейірбике мен пациенттің этика-қүқықтық нормалармен қамтылған өзара қарым-қатынасын зерттеу және оларды толық жетілдіре отырып, мейірбике мен өзара іс- әрекетінің жақсарту жолдарын әзірлеу, нүсқауларды өңдеу біздің негізгі тапсырмамыз болып отыр *9+.
Осыған орай, алға қойылған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер атқарылады:
- Этика-қүқықтық нормалар туралы мейірбикелер мен пациенттердің білім деңгейін анықтау;
- Этика-қүқықтық нормалар туралы мейірбикелер мен пациенттердің білім деңгейін салыстыру сараптамасы және өзара қарым-қатынасына қанағаттану деңгейін анықтау;
- Мейірбикелердің психотипін анықтау және мейірбикелердің қызметінде кездесетін шиеленістік жағдайлардың жиілігімен қаншалықты байланыста екендігін анықтау.
- Медициналық қызмет көрсету кезінде,этика- қүқықтық нормаларды сақтауды жақсарту жөніндегі үсыныстардың нүсқамасы.
Біз келесі ғылыми зерттеу әдістерін қолдануды жоспарладық:ғылыми және арнайы әдебиеттердің мәліметтеріне сараптама жүргізу, анкета жүргізу, арнайы сүраунама көмегімен психотипті анықтау,математикалық және статистикалық сараптама.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ол алғаш рет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында, этика- қүқықтық нормаларды есепке ала отырып, мейірбикелер мен пациенттердің өзара қарым қатынасын зерттеу және оны дамыту мақсатындағы үсыныстарды әзірлеу.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығын атап көрсететін болсам, әзірленген үсыныстарды тәжірибелік денсаулық сақтау саласына еңдіру-медициналық қызметкерлерді этика-қүқықтық нормалармен ақпараттандырылуын жоғарлатады, сонымен қатар,этика-қүқықтық нормалардың медициналық қызмет көрсету кезінде сақталуын қамтамассыз етеді, нәтижесінде түрғындарды медициналық көмекпен қамтуда, сапасының жоғары болу мүмкіндігі артады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Конституция Республики Казахстан
- Мишаткиной Т.В., С.Д. Денисова, Я.С. Яскевич Биомедицин^ая этика, учебное пособие. - Минск: ТетраСистемс, 2003. - C.136-166.
- Уголовный кодекс Республики Казахстан, 1997.
- Г. Нокиной, В. Гуревич Отношение населения к своему здоровью и системе здравоохранения: Результаты социолог. исслед. - Алматы: Фонд XXI век, 2002. - C. 15-41
- Иванюшкин А.Я., Курило Л.Ф., Лопухин Ю.М., Седова Н.Н., Тищенко П.Д., Юдин Б.Г. Биоэтика: вопросы и ответы. - М.: Прогресс-Традиция, 2005. - C. 8-9, 48-59.
- Зыятдинов К.Ш. Некоторые этико-правовые проблемы взаимоотношений врача и пациента // Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. - 2000. - № 2. - С. 22-25.
- Закон Республики Казахстан «Об охране здоровья граждан», 2006.
- Шарманов Т.Ш. «Денсаулық сақтау экономикасы және мемлекеттік денсаулық қорғау қызметтінің перспективтері». - 2000 ж.
- Зыятдинов К.Ш. Некоторые этико-правовые проблемы взаимоотношений врача и пациента // Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. - 2000. - № 2. - С. 22-25.