Тірек -қимыл жүйесінің аурулары науқастарға психоэмоционалДық және физикалық қасірет алып келеДі. Науқастың физикалық мүмкіндігі шектеліп, өмір сүру қабілеттілігі төндеп, жиі мүгедектікке алып келеді. Сондықтан мұндай ауруларды емдеу кезінде жақсы нәтижеге жетуде мейірбикелер өте маңызды рөл атқарады
Тірек -қимыл жүйесінің аурулары науқастарға психоэмоционалдық және физикалық қасірет алып келеді. Науқастың физикалық мүмкіндігі шектеліп, өмір сүру қабілеттілігі төндеп, жиі мүгедектікке алып келеді. Сондықтан мұндай ауруларды емдеу кезінде жақсы нәтижеге жетуде мейірбикелер өте маңызды рөл атқарады. Мейірбике күтімінің мақсаты - тірек-қимыл жүйесі бұзылған науқастардың өмір сүру қабілеттілігін жақсарту. Осы тақырып бойынша материалдың толық ашылуы мейірбикелік қызмет көрсету сапасын арттырады, сонымен қатар тірек -қимыл жүйесі бұзылған науқастарға орта буын медицина қызметкерлерінің көмек көрсету және медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тірек-қимыл жүйесінің аурулары біздің елімізде жиі кездесетін аурулардың бірі. Мұндай ауруларды емдеу еліміздің экономикалық шығындарына байланысты. Тірек- қимыл жүйесінің аурулары әртүрлі болады. Жиі кездесетін буын аурулары: остеоартроз, остеопороз, артоза-артрит.
Буын ауруларының күтімінде міндетті түрде мына күтімдер болуы тиіс:Халі ауыр науқастрадың төсектегі қалпын өзгерту;Зақымдалған буындар мен тері күтімі;Зақымдалған буынға түсетін салмақты азайту;Күнделікті жеке бас тазалығы кезінде көмек көрсету;Науқастардың жүріп-тұру кезіндегі оңалту шараларын оқыту және жүзеге асыру (арба, балдақ т.б.)Жалпы күнделікті күтімді жүзеге асыру;Науқас жатқан аймақтың тазалығын қамтамассыз ету;Науқастың дұрыс тамақтануын және емдік диетаны сақтауын қадағалау;Күнделікті емдік дене шынықтыруды жасату; Науқаспен әңгімелесу.
Буыны ауыратын науқастарға жасалатын күтімдердің кейбірінің ерекшеліктеріне тоқталсақ. Күтім: жалпы және негізгі болып екі түрге бөлінеді.Жалпы күтім дегеніміз - бөлімшенің тазалығы, жеке бас тазалығы, және науқастың дұрыс тамақтануы, төсек жаймасының ыңғайлылығы, науқастың кимінің тазалығы, дәретке отыру кезінде науқасқа көмектесу.
Негізгі күтімге дәрігер берген нұсқауларды дер кезінде және толық қатаң орындау, сонымен қатар науқастың жағдайын үздіксіз бақылау кіреді.
Күтімнің ерекшелігі аурудың немесе жарақаттың ерекшеліктеріне байланысты болады. Мұндай күтімді «Арнайы күтім» деп атайды.
Зақымданған буынға салмақ түсірмеу бұл да күтімнің бір түрі. Өйткені буын ауруларының дамуы зақымданған буынға салмақтың мөлшерден тыс көп түсуінен болатындықтан , емнің ең бастысы зақымданған буынға салмақ түсірмеу болып табылады. Науқасқа көп жүруге, баспалдақтан түсіп, шығуға, аяққа салмақ салуға, ауыр заттарды көтеруге тиым салынады. Науқас жүрген кезде арнайы таяққа немесе балдаққа сүйеніп жүруі қажет, сонымен қатар жүріс арасында 5-10 минут тынығу қажет. Егер науқастың жұмысы жоғарыда тиым салынғандарға байланысты болса, онда ол кісі жұмыс орнын ауыстыруы қажет.
Тамақтандыру. Науқастың әртүрлі мәселелерін шешу кезінде, емдік тамақтанудың маңызы зор. Дұрыс тамақтану дененің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет. Тамақ әртүрлі және оның құрамы қоректік заттарға бай және теңгерімді болуы тиіс. Ағзаға кальцидің сонымен қатар фосформен басқада микроэлементердің, дәрумендердің (В,С,Д) түсуін қамтамассыз етуі керек. Егер буын ауруына шалдыққан науқастың артық салмағы болса, онда емдік тағам науқастың салмағын азайтуға және буынына салмақтың аз түсуіне бағытталуы тиіс. Сондықтан мұндай науқастарға нөмірі №8 емдік стөлі тағайындалады. Науқасқа жиі разгрузычный кұндер жасау керек.
Артроз бен артритпен ауыратын науқастарға кейбір тағамдарды жеуге тиым салынады (ет, сүт, дәмдеуіштер, алькоголь және т.б. ). Бірақ науқастың рационы дәрумендер мен микроэлементтерге бай болуы керек. Артроз бен артритпен ауыратын науқастардың жағдайының жақсаруына қосымша дәрумендерді ішуі әсер етеді.
Буыны ауыратын науқастардың негізгі күтіміне науқастарды дәрігердің рұқсатымен аптасына бір рет жылы ваннаға шомылдыру, қыздырушы компресс жасау, қыздырғыш қою, электрожамылғы беру кіреді.
Ваннаға түсіру кезінде мейірбике судың температурасына қарау керек, су өте ыстық немесе салқын болмауы тиіс. Дәрігердің нұсқауымен мейірбике науқастың ауыратын буынына қыздырушы компресс қояды.
Мейірбикелердің күтіміне науқастармен әңгімелесу де кіреді. Әңгімелесу: Науқастарға дәрілерін күнделікті ішу керектігі жайлы және буындарының ауруына байланысты физикалық белсенділікті шектеуге бейімделу керектігі жайлы болуы тиіс.
Мейірбикелік процессті ұйымдастыруды жақсарту үшін ауруханада жатқан буыны ауыратын науқастардың проблемаларына талдау жасау керек.