Қазіргі нарықтың экономикалық кезеңінде көп өндірісте әліде жүмыс барысында нормативтік заңдар сақталмайтындығы, жеделдетілген жүмыс, жаңа химиялық улы заттардың қолданылатындығы, ортаның ластануы т.б. адам ағзасына әсері сақталуда. Жоғарыда айтылғандар жаңа қолайсыз факторлар мен жедел жағдайларды туғызуда. Өнеркәсіпте кездесетін зиянкестік факторлар Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және еңбекті қорғау орындары айналысады.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 25–тарау, 155-бабы өндірістік қызметті жүзеге асыратын әрбір азаматты медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады.
Медициналық тексеріп қарау міндетті және профилактикалық болып бөлінеді. Міндетті медициналық тексеріп қарау алдын-ала және мерзімдік болып бөлінеді. Міндетті медициналық тексеріп қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган белгілейді. Өндірістік және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды түлғалар алдын-ала немесе мерзімдік медициналық тексеріп қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайына байланысты жүмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жүмысқа жібермеуі тиіс.
Кәсіптік аурулардың дамуында негізінен әртүрлі өнеркәсіп факторлары және жүмысшылардың кәсіптік мамандығы маңызды роль атқарады. Жүмыс барысында жүмысшылар әртүрлі зиянды заттармен тікелей немесе тікелей емес қатынаста болады. Сол себептен олардың кәсіптік анамнезін білу керек. Кәсіптік анамнезінде жүмысшы өндірістің қай саласында, кім болып істейді, яғни мамандығы, қандай зиянды заттармен жүмыс жасайды, зиянды заттардың шектеліп рүқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) және қанша уақыт қатынаста болатынын, ол заттың физикалық және химиялық жағдайын, ағзаларға қай жолмен түсіп, қай жолмен шығатынын, қай ағзаларға жиналып әсер ететінін білу кәсіптік ауруды табуда және профилактикалық жүмысты жүргізуде өте маңызды. Сол өнеркәсіптік жағдайларда бір жүмысшылардың кәсіптік ауруларға үшырайтыны, ал біреулерінің үшырамайтыны жалпыға мәлім. Бүл жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты.
Өнеркәсіптік зияндығы бар мекемелерде кәсіптік аурулардың алдын алу үшін бірқатар шараларды жүргізу керек. Негізінен медициналық – профилактикалық шаралар олар біріншіден, өндірісті алдын ала қарап тексеру және медициналық болжам жасау. Мүнда зиянды факторлардың жүмысшылардың организміне әсерін тексеріп, болдырмау шараларын жүргізу. Екіншіден, өнеркәсіпте жүмыс істейтін адамдарды кезеңдік тексеруден өткізу.
Бүл байқаудың бірінші мақсаты – созылмалы кәсіптік ауруларды ертерек анықтап білу және екінші маңызды мақсаты – ол, жүмыс жасауға кедергі болған жалпы ауруды анықтау. Негізінен мүнда, өнеркәсіпке байланысты мамандандырылған медициналық қызметкерлер жүмыс істейді. Олардың ішінде кәсіптік-патологтар, цех дәрігерлері негізгі орын алады. Өндірістік дәрігердің негізгі міндеті: ауруды уақытында табу және емдеу, жүмыс жағдайына санитарлық – гигиеналық мінездеме беру, сырқатнаманы дүрыс жүргізу және жедел улану жағдайында санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жауапты қызметкерлеріне шүғыл хабарлама беру. Санитарлық ағарту және басқа профилактикалық жүмыстарды берілген заңдарға, мемлекеттік – стандарттық мәліметтердің шектеліп рүқсат етілген концентрациясын жүмыс ортасында сақтау туралы жүмыс жүргізу.
Міндетті және профилактикалық медициналық тексеріп қараудың уақтылы өтуін мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитеті органдары бақылайды.
Біздің бүдан айтпағымыз Алматы қаласы Жетісу аудандық мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының МСЭҚБ өндірісті бақылау бөлімінің 2012 жылға жүргізген алдын – ала және кезеңдік медициналық тексеру қорытындысы дәлел. Бүл жерде 2012 жыл бойында тіркеуде түрған өнеркәсіптік мекемелер мен олардан тексеру барысында алынған мәліметтер, ауру көрсеткіштері және жіберілген кемшіліктерге қолданылған шаралар көлемі көрсетілген. (1-кесте)
Ікесте - Жетісу ауданы бойынша 2012 жылы жүргізілген алдын - ала және кезеңдік медициналық тексеру
№ |
Көрсеткіштер |
2011ж |
2012ж |
1 |
Тіркеуде түрған обьектілер |
363 |
344/301 |
2 |
Оның ішінде жүмыс істеп түрғандар |
320 |
301 |
3 |
Оның ішінде қауіпті жүмыс жағдайында |
5210 |
4479 |
4 |
Пайыздық үлесі % |
55,9 |
60,4 |
5 |
Жұмысшылар саны |
9315 |
7414 |
6 |
Оның ішінде әйелдер |
1510 |
1130 |
7 |
Пайыздық үлесі % |
16,2 |
15,2 |
8 |
№166 бұйрық бойынша 2012 жылға арналған медицналық тексеруге кіретіндер |
5210 |
4479 |
9 |
Пайыздық үлесі % |
55,9 |
60,4 |
10 |
Оның ішінде әйелдер |
1510 |
895 |
11 |
Пайыздық үлесі % |
29 |
20,0 |
12 |
№166 бұйрық бойынша 2012 жылы медициналық тексерумен қамтылғандар |
5210 |
4479 |
13 |
Қамтылғандар пайыздық үлесі % |
100 |
100 |
14 |
Оның ішінде әйелдер |
1149 |
895 |
15 |
Пайыздық үлесі % |
98,3 |
100 |
16 |
Кәсіптік аурулардың тіркелу жағдайлары |
0 |
0 |
17 |
Кәсіптік ауруға негіздеу |
0 |
0 |
18 |
Соматикалық аурулардың пайда болуы, барлығы |
1137 |
214 |
19 |
Оның ішінде әйелдер |
176 |
36 |
20 |
Пайыздық үлесі % барлығы |
21,8 |
4,8 |
21 |
Пайыздық үлесі %, әйелдер |
15,3 |
4,0 |
22 |
100 адамға шаққандағы жалпы аурушаңдық |
49,44 |
34,81 |
23 |
ВУТ бойынша еңбекке қабілеттілікті жоғалту |
398,8 |
283,54 |
24 |
Басқа жұмысқа ауыстыру, барлығы |
44 |
55 |
25 |
Оның ішінде уақытша, барлығы |
38/6 |
21/34 |
26 |
Айыппұл салынды / ұсталды |
10/10 |
15/15 |
27 |
Салынған айыппұл сомасы |
196560 |
367286 |
28 |
¥сталған айыппұл сомасы |
196560 |
367287 |
29 |
Жұмыстан шектетілгендер / обьекттер саны |
45/4 |
310/15 |
30 |
¥йғарым барлығы / орындалғаны |
7/5 |
15/15 |
31 |
Орындалған санитарлық ұйғарымдардың пайыздық үлесі % |
71,4 |
100 |
32 |
Бауыр және ұйқы безі аурулары |
21 |
22 |
Осы жағдайларға байланысты көптеген медициналық – профилактикалық алдын-алу шаралары жүзеге асырылды, оның ішінде витаминдермен емдеу, санаторлы-курортты ем тағайындау, уақытша еңбек демалысы және т. б.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 109 б.
- Утверждены постановлением Правительства РК № исх: 166 от: 25.01.2012. Правила проведения обязательных медицинских осмотров.