Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мерзімінен асқан және мерзімі ұзартылған жүктілердегі перинаталдық нәтижелер және жүктілікті жүргізу ерекшеліктері

АГжПҒО архивтік материалдарының мәліметтеріне сүйене отырып,мерзімі 41 аптадан асқан жүкті әйелдердің босану тарихы және нәрестелердің даму тарихының ретроспективті талдауы жүргізілді. Жасалған талдау нәтижесінде жүктіліктің мерзімінен асуының бірнеше қауіп факторлары белгілі болды, олар(жүкті әйел жасының 30 жастан жоғары болуы, май алмасу қызметінің бұзылысы, эндокринді аурулардың болуы,созылмалы инфекциялар және т.б). КТГ қорытындысы бойынша 44,4% жүктілерде ұрықтың гипоксиясы анықталды. Сонымен қатар оперативті жолмен босанудың жоғары жиілігі байқалды (31%). РДС синдром, ОЖЖ ишемиялық зақымдануы, кефалогематома дамуымен жүретін перинаталды асқынулар тек мерзімінен асып туылған нәрестелерде кездесті. Мерзімінен асып босанудан кейінгі, бала жолдасының гистологиялық зерттеуі нәтижесінде, бала жолдасының субкомпенсирленген және декомпенсирленген жеткіліксіздік белгілері анықталды.

Қазіргі заманғы акушерияда мерзімінен асқан жүктілік және мерзімінен кеш босану бұл- құрсақішілік ұрықтың және фетоплацентарлық жүйенің жағдайымен, босанудың басталуы және босанудың ағымы механизмімен, жүктіліктің хронологиялық ұзақтығымен тығыз байланысты күрделі биологиялық үрдіс болып табылады. Бұл мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы «ана-плацента-ұрық» жүйесінің физиологиясындағы күрделі биологиялық өзгерістермен байланысты. Бұл өзгерістер өз кезегінде, мерзімінен асқан босанудың асқынуларына және неонаталды аурушылдық пен перинатальды өлімшілдікке әкеледі [1, 2, 3].

Мерзімінен асқан жүктілік туралы алғашқы ақпарат Гиппократ пен Гален заманындағы медициналық трактаттарда сипатталады. Биологиялық мерзімінен асқан жүктілік деген қорытынды диагноз босанудан кейін, жаңа туылған нәрестеде мерзімінен асу белгілері мен бала жолдасының макроскопиялық өзгерістері негізінде, неонатологпен бірге қойылады. Мерзімінен асып туған нәрестені алғаш рет сипаттаған J. Ballntyne және H. Runge (1948), сол себепті бұл патологиялық жағдай Беллентайн- Рунге синдромы деген атқа ие болды.Бұл аталмыш классикалық синдромға нәрестедегі казеозды жағындының болмауы, бас сүйектері тығыздығының жоғарылауы, бас тігістері мен еңбектердің тар болуы, тырнақтардың ұзын болуы, түлеу белгілері бар құрғақ тері, табан мен алақан мацерациясы, тері тургорының төмендеуі сияқты белгілер кіреді. Заманауи мәліметтерге сүйенсек, мерзімінен асып босану кезінде балада мерзімінен асу белгілерінің болмауы, жүктіліктің мерзімінен асқандығын емес, ал жүктіліктің мерзімінің ұзартылғандығын білдіреді [2].

Ауқымды тарихының болғандығына қарамастан, берілген патологияның мәселесі әлі күнге дейін толық шешілмеген. Мерзімінен асып босанудың шынайы (биологиялық) және хронологиялық (мерзімі ұзартылған) түрлерін ажыратады. Мерзімінен асқан жүктіліктің шынайы түрінде, жаңа туылған нәрестеде мерзімінен асу белгілері анықталып, босану жүреді. Ал мерзімі ұзартылған жүктілік 294 күннен аса жалғасады және мерзімінен асу белгілері жоқ, функционалды жетілген, мерзіміне жеткен баланың туылуымен аяқталады. [4]. Мерзімінен асқан жүктіліктің жиілігі 14% шамасында кездеседі, ал орташа жиілігі 5-8% құрайды[5].

Ғылыми жұмыстың мақсаты - мерзімі ұзартылған және мерзімінен асқан жүкті әйелдердегі, жүктілік пен босанудың ағымын және перинатальдық ерекшеліктерін бағалау.

Зерттеу әдістерімен материалдары: АГжПҒО мұрағаттық материалдарының деректері бойынша жүктілік мерзімі 41 аптадан асқан 74 босану тарихымен нәрестелердің даму тарихына ретроспективті анализ жүргізілді.Материалдарға талдау жасау барысында, мерзімінен асқан жүктіліктің қауіп топтарына жататын босану тарихындағы клинико- анамнездік мәліметтерге көңіл бөлінді. Жүктілік және босану ағымына, нәрестелердің жағдайына талдау жасалды. Соның ішінде мерзімінен асқан жүктіліктің көріністеріне ерекше назар аударылды.

Нәтижелері және оны талдау жасау: Зерттеу жүргізілген жүкті әйелдер жас ерекшеліктері бойынша келесідей ретпен бөлінді: 20 жасқа дейін-5(6,3%), 21-ден 25 жас аралығы- 22(27,8%), 26-дан 29 жас аралығы- 15(18,9%), 30дан 35 жас аралығы- 26(32,9%), 36 жастан асқан жүкті әйелдер- 11(13,9%).

Осылайша мерзімінен асқан жүктілік жас ерекшеліктері бойынша ең жиі 30 жастан асқан жүкті әйелдерде (46,8%) кездесті. Көп жағдайда ауылдық жердің тұрғындары - 48(65,2%) болды, ал қалалық жерлерден -26(34,8%). Алғаш босанушы әйелдер-34(43,3%), ал қайта босанушы әйелдер - 45(56,9%) құрады. 25(33,7%) жүкті әйелдердің анамнезінде менструальды жүйенің бұзылыстары (альгодисменорея типі бойыншы, кеш менархе) анықталды.Зерттеу нәтижесінде 22 әйелдің акушерлік анамнезінде жүктілікті көтереалмаушылық(15 әйелде I триместрде өздігінен түсік, 7-еуінде дамымай қалған жүктілік) және 14 жүкті әйелдің анамнезінде жасанды түсік болған,5 әйелде (6,3%) мерзімінен кеш босану анықталды. Генитальді инфекциялар (бактериальді вагиноз, хламидиоз, трихомониаз)жүкті әйелдердің 5-де (7,6%) кездесті.

Қосымша экстрагенитальді аурулары бойынша мәліметтер төмендегі кестеде көрсетілген.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей мерзімінен асқан жүктілікке зат алмасу қызметі бұзылыстары да алып келеді. Зерттеу нәтижелері бойынша 59,4% әйелде май алмасу қызметінің бұзылысы байқалды. Сондай-ақ темір жеткіліксіздік анемиясымен 51% (гемоглобин көрсеткіші 90-109г/л) эндокриндік бұзылыстар мен қалқанша без бұзылысынан болған аурулар 41,8 %, созылмалы

Кесте 1 - Экстрагенитальді аурулары бойынша талдау

Ауру түрлері

Нақты саны

%

1

Семіздік

44

59,4

2

Теміртапшылықты анемия (Hb 90-109 г\л)

38

51

3

Созылмалы пиелонефрит

37

46,8

4

Қалқанша безінің аурулары

31

41,8

5

Тыныс алу жүйесінің аурулары

21

28,3

6

Жүрек ақаулары

20

25,2

инфекциялар, яғни созылмалы пиелонефрит 46,8%, тыныс алу ағзаларының аурулары 23,8% , сонымен қатар жүрек қан тамыр бұзылыстарының аурулары 25,2%, оның ішінде 12,6% туа біткен ақаулар, 12,6%- жүре пайда болған ақаулар. Жүктіліктің құсумен асқынуы 37(46,8%) кездесті. Жүктілердің ісінуі 20(25,6%) кездесті. Гестационды тромбоцитопения 15(18,9%), гестационды гипертензия 9(11,4%), преэклампсия 7(8,86%) кездесті.

Босану үйіне түскен кезде барлық әйелдерге КТГ жүргізілген. Қорытынды нәтиже, нәресте жағдайы көрсеткіштері бойынша жасалған. 41(55,6%) әйелде нәресте жағдайы 1.0 қалыпты деңгейді көрсеткен. Нәрсенің жағдай көрсеткіші 1,5 (гипоксия жеңіл дәрежесі) 21 (28%), нәрестенің жағдай көрсеткіші 2 (гипоксияның орта дәрежесі) 7(10,4%), нәрестенің жағдай көрсеткіші 2 ден жоғары (гипоксияның ауыр дәрежесі) 5(6%) анықталды. Осылайша 44% мерзімінен асқан жүктілерде гипоксияның әртүрлі дәрежелері кездесті.

Мерзімінен асқан жүктілерді акушерлік жүргізудің тәсілдеріндегі маңызды фактор, ол жүкті әйел ағзасының босануға биологиялық дайындығы болып табылады. Босанудың басталуы мен оның дұрыс жүргізілуі үшін жатыр мойнының жетілуі қажет. Біздің зерттеулерімізде барлық жағдайларда жатыр мойны жетілмеген болды. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің протоколына сәйкес (№17, 8 желтоқсан 2016ж) жүктілік мерзімі 41-42 аптасында, жатыр мойны жетілмегендіктен (Бишоп бағанасы бойынша) жатыр мойнын дайындау мақсатында мизопростол қолданылды. 5 жағдайда қосымша ламинарии енгізілді. Мизопростол тағайындалғаннан кейін жатыр мойыны 40(54%) әйелде 24 сағат ішінде, 28(37%) әйелде 48 сағатта, 4(5%) әйелде 72 сағат ішінде жетілді. Жатыр мойны жетілгеннен кейін, әйелдер индукцияға босану бөліміне ауыстырылды. Амниотомиядан кейін өздігінен босану әрекеті 45(60%) әйелде пайда болса, 29(40%) босанушыда қосымша окситоцинмен схема бойынша босануды ынталандыру жүргізу қажет болды.51 (69%) әйелде босану ағымы асқынусыз өтті, олардың барлығы табиғи жол арқылы босанды. Босану кезінде нәрестенің жүрек соғуы және босану ағымы динамикалык бақылауда болды. 23 (31%) босанушы оперативті жолмен босанды. Аталмыш кесір тілігі оталарын жүргізуге мынадай көрсеткіштер себеп болды : нәресте дистресі (8), босану ағымынын әлсіздігі (12), босану ынталандырудың тиімсіздігі (2), клиникалық тар жамбас (1).

Барлығы 74 нәресте туылды. Нәрестелер салмағы шамамен 2500-4000г аралығында болды. Соның ішінде салмағы 4000г жоғары туылған нәрестелер 34 ( 39%), 3500- ден 3900гр -10 (13,5%), 3000-3500 гр-20 (27.2%) және 2500-3000 г-10 (13,5%). Мерзімінен асқан жүктілікке макросомия белгілері тән екендігі бәрімізге мәлім. Осыған сәйкес біздің зерттеуімізде 34 ( 39%) нәресте 4000 гр және одан жоғары салмақпен туылды.54 (72%) нәрестеде туылғаннан кейін 1 минут ішінде жағдайы Апгар шкаласы бойынша 8-9 балды құрады ,ал 6-7 балл 19 (25 %) нәрестеде және 4- балл -1 (1.3 %) нәрестеде анықталды.

Босану бөлімінде асфиксиямен туылған барлық нәрестелерге реанимациялық көмек көрсетілген. Босану неонатолог дәрігердің қатысуымен жүргізілген. Нәресте туылғаннан кейін мерзімінен асқан жүктілік және мерзімінен кеш босану диагнозы нәрестенің мерзімінен кеш туылу корсеткіштеріне байланысты,акушер-гинеколог және неонатолог дәрігерлерінің шешімімен қойылған.74 босанудың 11 (14.9%) жағдайында мерзімінен кеш босану диагностикаланған. Диагноз босанудан кейін баладағы мерзімінен кеш туылу көрсеткіштерінің жиынтығымен қойылады. Ол көрсеткіштерге: нәрестелерде терінің мацерациясы, тері түсінің қою-жасыл болуы, тері тургорының төмендеуі, бас сүйектерінің тығыздануы, дымқыл майлағыштын болмауы жатады. 2 нәрестеде қағанақ суымен аспирация байқалған , 2 нәрестеде орталық жүйке жүйесінің ишемиясы диагностикаланған, 1 нәрестеде кефалогематома, тыныс жеткіліксіздігі3 нәрестеде және 3 нәрестеде РДС синдромы байқалған.

Кешіккен босану кезінде плацентаны гистологиялық зерттеу қорытындысында ошақты серозды мембранамен плацентаның компенсерленген созылмалы жеткіліксіздігі -3 жағдайда ; ошақты - іріңді мембранамен плацентаның субкомпенсерленген жеткіліксіздігі -4 жағдайда, декомпенсерленген созылмалы палацента жеткіліксіздігі -4 жағдайда кездесті.

Қорытынды.

  1. Жүктіліктің мерзімінен асуына әкелетін қауіп факторларына: әйел жасының 30 дан асқан болуы(46,8%); май алмасу бұзылысы (59,4%) бар әйелдер; экстрагениталды аурулар: оның ішінде темір тапшылықты анемия(51%), қалқанша безі аурулары(41,8%), созылмалы пиелонефрит(46,8%); сонымен қатар етеккір циклының бұзылысы; кіші жамбас ағзаларының инфекциялық қабыну аурулары жатады.
  2. Мерзімінен асқан жүктілердегі жүктілік ағымы жүктіліктің I-II жартысындағы гестозбен, (46,8%), гестационды тромбоцитопениямен(18,9%),артериалды гипертензиямен(11,4%)асқынған және де КТГ да 44,4% жағдайда ұрықтың гипоксиясы анықталған.
  3. Босану ағымы 51(69%) әйелде асқынусыз, табиғи босану жолдары арқылы өткен, ал 23 (31%) әйелде босануды ынталандыру нәтижесіз болғандықтан және 14 әйелде босану әрекетінің әлсіздігі себебінен, 8 әйелде ұрықта дистресс синдромы жағдайына байланысты кесар тілігі отасымен босану жүргізілген.
  4. Мерзімінен кеш босану диагнозы 11(14,9%) әйелге қойылған. Оның ішінде ұрықтың РДС синдромына байланысты перинатальды шығындар , ұрықта орталық жүйке жүйесінің ишемиялық зақымдалуы және нәрестеде кефалогематома белгілері болған.
  5. Мерзімінен кеш босануда, плацентаны гистологиялық зерттеу қорытындысы бойынша компенсирленген (3), субкомпенсирленген (4) және декомпенсирленген (4) созылмалы плаценталық жеткіліксіздік белгілері байқалды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Чернуха Е.А. Переношенная и пролонгированная беременность. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 188 c.
  2. Баранов, В.С. Пренатальная диагностика в акушерстве: современное состояние, методы,перспективы : метод. пособие. - СПб.: Н- Л, 2002. - 64 с.
  3. Габриелян, А.Р. Современные аспекты акушерской тактики при переношенной беременности : дисс. … канд. мед.наук - М., 2005. - 155 с.
  4. Караганова Е.Я. Перинатальные исходы запоздалых родов. - 2008. - 136 с.
  5. Румянцева, В.П. Эффективность и исходы родовозбуждения при пролонгированной и переношенной беременности // Акуш. и гин. - 2011. - № 6. - С. 47-52.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.