Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқо шалғай орналасқан ауылдардағы ауыр халдегі жүкті әйелдерге ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсетуді бағалау

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті БДҰ мәліметіне сүйенсек, әлемде 20% жуық адам ауруханаға дейінгі мамандандырылған көмектің дер кезінде көрсетілмеуінен қайтыс болады. Демек денсаулық сақтау жүйесінде, шалғай орналасқан аудандарда ауруханаға дейінгі жедел жәрдем мен санитарлық авиациялық көмектің қажеттілігінің жоғарлағанын анықтайды. ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша тұрғындардың қалаға миграциялануы мен урбанизациясы жоғарылауына қарамастан, еліміздің жартысына жуық тұрғындары (46%) ауылдық елді-мекендерде тұрады. Еліміздің аумағы үлкен көлемді — 2 717 300 шаршы шақырымды алып жатыр.

Зерттеу мақсаты: Шалғай орналасқан ауылдардағы ауыр халдегі жүкті әйелдердің жағдайы мен медициналық көмекті ұйымдастыруды зерттеу және медициналық көмекті жақсарту үшін тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу міндеттері:

  1. ОҚО бойынша төтенше қызметтер туралы есепті деректерді талдау.
  2. Жедел жәрдем көрсету қызметкерлері мен шалғай орналасқан ауылдардағы әйелдерден медициналық көмекті бағалау бойынша респонденттердің пікірін зерттеу.
  3. Шалғай орналасқан ауылдардағы ауыр халдегі жүкті әйелдерге ауруханаға дейінгі медициналық көмекті оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Өзектілігі: Оның ішінде ОҚО жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырымды немесе республикамыздың 4,3% алып жатыр. Облыста 14 ауылдық аудан , Шымкент қаласынан өзге 7 қала, 11 ауыл, 868 елді-мекен бар. Шалғай ауылдарда орналасқан тұрғындардың арнайы жетілдірілген және арнайы мамандандырылған медициналық көмекті алу мүмкіндігі төмен. Осыған байланысты жедел жәрдем көрсету мен санитарлық авиация жұмысын жақсарту керек. Санитарлы авиация міндеттеріне науқасқа жедел жәрдем көрсету немесе арнайы маманды аталған мекенге шұғыл жеткізу немесе науқасты қажетті медициналық ұйымға тасымалдау. (Косумов К.А. 2014ж) ҚР-да қазіргі таңдағы өзекті мәселе шалғай орналасқан ауылдарда ауыл халдегі жүктілерге ауруханаға дейінгі көмектің уақытылы немесе дұрыс көрсетілмеуінен ана өлімі көрсеткіші жиі тіркеледі.

Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі нұсқаулық

  1. жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) уақтылығы мен толықтығы;
  2. ана денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде үдеріске қатысушылардың арасында сектораралық және ведомствоаралық өзара іс- қимылды қамтамасыз ету;
  3. денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану бөлігінде пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Әйелдердің ауыр жағдайлары (бұдан әрі – ауыр жағдайлар) мониторингінің негізгі міндеттері:
  4. шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз ету, барлық мамандық дәрігерлері мен медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінің арасында науқастарды қарау сабақтастығын сақтау;
  5. медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша уақтылы ақпарат алмасу;
  6. медициналық көмекті жақсартуға бағытталған іс- шараларды бірлесіп жоспарлау және өткізу.

Ауыр жағдайлар мониторингін өткізу кезінде медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы

Медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы мынадай деңгейлерде жүзеге асырылады:

  1. ауылдық дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық емхана, ауылдық аурухана;
  2. аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, диспансерлер, балалар емханасы, жедел медициналық жәрдем станциясы;
  3. облыстық аурухана, қалалық аурухана, облыстық диспансерлер; облыстық (қалалық) консультациялық- диагностикалық орталық, ауданаралық аурухана, перзентхана, перинаталдық орталық, жедел медициналық жәрдем ауруханалары; балалар ауруханасы, санитариялық авиация, ведомстволық ауруханалар мен емханалар;
  4. жоғары білікті мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсететін республикалық емдеу-алдын алу ұйымдары мен орталықтары, клиникалық ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары, медицина академиялары.

Медициналық ұйымдардың қызметіндегі өзара іс-қимыл тікелей және кері байланыстарды көздейді және мыналар арқылы жүзеге асырылады:

  1. диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес медициналық ұйымдардың барлық деңгейінде ауыр жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету;
  2. науқастарды толық диагнозды, жүргізілген емді, диагностикалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көрсете отырып, медициналық ұйымның тиісті деңгейі мен бейініне консультацияға немесе емдеуге жатқызуға жіберу;
  3. ауыр жағдайдағы науқас әйелдердің жағдайының мониторингі.

Барлық деңгейдегі медициналық ұйымдар басқа денсаулық сақтау ұйымдарының, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның негізді сұратуы бойынша статистикалық және өзге түрдегі медициналық ақпаратты ұсынуы тиіс. Өзара іс-қимыл кезінде туындайтын және денсаулық сақтау субъектісінің құзырынан тыс болатын өзге мәселелер денсаулық сақтауды басқару органына ұсыныстар енгізу арқылы шешіледі.

Ауыр жағдайлар кезінде хабарлау үлгісі

Әйелдердің қиын жағдайлары туындаған жағдайдасәйкес тізбе бойынша мынадай хабарлау үлгісін сақтаған жөн:

1) стационардағы емдеуші дәрігері, бөлімше меңгерушісі, жауапты кезекші дәрігер мыналарға міндетті:

  • реанимация және жіті терапия бөлімшесінің (бұдан әрі - РЖТБ) дәрігерін шақыруы тиіс, ол 30 минуттың ішінде келуі тиіс (егер болса);
  • 10 минуттың ішінде бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарына ауыр жағдайдағы пациент туралы хабарлау керек;
  • диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес медициналық көмек көлемін көрсетеді;

2) бас дәрігердің орынбасары мыналарға міндетті:

  • туындаған жағдай туралы бас дәрігерге жылдам хабарлайды;
  • 20-30 минуттың ішінде консилиум құрады;
  • 30 минуттың ішінде денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының бас мамандарына, аудан басшыларына хабарлайды (акушер-гинеколог, педиатр);
  • қажет болған жағдайда санитариялық авиация бригадасын (бұдан әрі - санавиация) шақырады;
  • пациенттің ауыр жағдайы кезінде емдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, қан компоненттерімен қамтамасыз етеді;

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтауды жергілікті басқару органдары (бұдан әрі – ДБ) мыналарға міндетті:

  • әйелдердің қиын жағдайлары кезінде өңірлік дербестелген хабарлау үлгісін жасайды (барлық қатысушыларды көрсете отырып);
  • өңір жетекшісінің келуін қамтамасыз етеді;
  • пациенттің жағдайы тұрақтанғанға дейін әрбір 3 сағат сайын ауыр жағдай мониторингін жүзеге асырады;
  • санитариялық авиацияның жұмысын үйлестіреді;
  • медициналық ұйымдарды бірінші қажеттіліктегі дәрілік заттармен, қан компоненттерімен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
  • әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді мамандандырылған көлікте тасымалдауды үйлестіреді;
  • перинаталдық көмекті өңірлендіруге сәйкес санитариялық көліктің ауыр науқастарды тасымалдау кезінде шұғыл көмек көрсетуге толық дайындығын қамтамасыз етеді;
  • облыстық санитариялық авиацияның тәулік бойғы режимдегі қызметін қамтамасыз етеді;
  • ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету жөніндегі өңірлік штабқа өңірдегі негізгі проблемалар туралы ақпарат береді.

Облыстық санитариялық авиация:

  • қызметін тәулік бойы жүзеге асырады; хабарлау және тіркеу жүйесі нақты ұйымдастырылған диспетчерлік пунктінің болуы (аудандарды, медициналық ұйымдар және олардың ара қашықтығы, кестелерінің және білікті мамандар бригадасының құрамы, телефон нөмірлері мен олардың негізгі жұмыс орны және қалааралық байланысқа шығуы көрсетілген өңір картасының болуы);
  • 20-30 минуттың ішінде медициналық ұйымның өтінімі келіп түскеннен кейін бейінді білікті мамандар бригадасын жібереді;
  • әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді мамандандырылған көлікте тасымалдауды тиісті деңгейден стационарда емделуге жатқызғанға дейін камтамасыз етеді;
  • санитариялық авиация бригадасы пациентті тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда 48-72 сағаттың ішінде әйелдің жағдайы тұрақтанғанға дейін емдеу-консультациялық, қажет болған жағдайда операциялық көмек көрсетуге тиіс;
  • тасымалдау кезінде әрбір 15-30 минут сайын пациенттің гемодинамикалық көрсеткіштері мен жағдайын объективті бағалау жүргізеді;
  1. республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдар:
  • шақырту келіп түскеннен кейін бір тәуліктің ішінде жетекшінің, қажет болған жағдайда мамандар бригадасының өңірлерге баруын қамтамасыз етеді;
  • барынша төмен деңгейден ауыстырылған және республикалық деңгейде мамандандырылған көмек көрсетуді қажет ететін әйелдерді (жүкті, босанатын, босанған) кедергісіз емдеуге жатқызуды;
  • жоғары мамандандырылған медициналық көмекті;
  • ауыр жағдайларда стационарлардың науқастарды емдеуге жатқызуға дайындығын қамтамасыз етеді;
  1. көшпелі бригада, аудандар мен облыстардың жетекшілері:
  • көмек туралы дабыл түскеннен кейін бастапқы тәуліктің ішінде ауыр жағдайдағы пациент жатқан медициналық ұйымға келуі тиіс;
  • науқас жағдайының ауырлығын белгілеуді, оны тасымалдаудың орындылығы мен мүмкіндігін;
  • емдеу-консультациялық, қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетеді.
  1. Республикалық орталықтар:
  • жедел тәртіпте келіп түскен әйелдер мен балалардың ауыр жағдайларын есепке алу картасын тіркеуді жүзеге асырады;
  • күн сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, денсаулық сақтау басқармалары және Республикалық ақпараттық-талдау орталығы ауыр жағдайлар туралы мәліметтерді жібереді;
  • ауыр жағдайлардың мониторингін жүзеге асырады;
  • облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ай сайын келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне өңір бойынша жағдайдың талдауын ұсынады.

Қорытынды: Хабарлануға тиісті жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайлары: жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңде геморрагиялық шокпен 1000 мл.-ден аса көп қан жоғалтқан жүкті, босанатын, босанған әйелдер; босанғаннан және операциядан кейінгі кезеңдерде 3 тәуліктен аса дене қызуы көтерілгендер; жарақаттық, аллергиялық шок белгілері бар жүкті, босанатын, босанған әйелдер; 12 сағаттан аса өкпені жасанды желдетуге ұзақ болған жүкті, босанатын, босанған әйелдер; тыныс алу жеткіліксіздігі 11-111 сат. ауыр дәрежедегі пневмония; декомпенсация сатысындағы жүре пайда болған, туа біткен жүрек кемістіктері; жүкті, босанған әйелдер диагноздарының қиын верификациялануы. Дер кезінде мамандандырылған көмек ана мен бала өмірін сақтап қалуға көмегін тигізеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. H. Critchley, А. Poston, J. Walker, Pre-eclampsia // RCOG Press. - London: 2003. - Р. 189-207.
  2. Alanis MC, Johnson DD. Early initiation of severe preeclampsia induction of labor is versus elected cesarean delivery and newborn // American Journal of Obstetrics and Gynecology. - 2008. - №199(3). - Р. 257-262.
  3. Протоколы МЗ РК № 262 от 04 мая 2011г.
  4. Бикташева Х.М. и др. Преэклампсия в системе «мать-плацента-плод» // Материалы научно-практической конференции. - Алматы-Актау: 2010. - С. 1-4.
  5. Абрамченко В.В. Ф.Д. Каримова. Современные аспекты охраны репродуктивного здоровья населения // Материалы V юбилейной научно-практической конференции. — Нижневартовск: 2001. - С. 111-118.
  6. Абрамченко В.В., Н.П. Шабалов. Клиническая перинатология. - Петрозаводск: Интелтек, 2004. - 424 с.
  7. Айламазян Э.К. Акушерство: учебник для медицинских вузов. 4-е изд., переработанное. - СПб.: СпецЛит, 2005. - 527 с.
  8. Айламазян Э. К. Неотложная помощь при экстремальных состояниях в акушерской практике. 3-е изд. - СПб.: 2002. - 432 с.
  9. Аккер Л.В., Варшавский Б.Я., и др. Показатели оксидантного и антиоксидантного статуса у беременных с гестозом / / Акушерство и гинекология. - 2000. - №4. - С. 17-20.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.