Әрбір хирургиялық стационарда реаниматологиялық қызмет науқастарды емдік көмекпен қамтамасыздандыруда алғашқы орынға ие болып табылады. Үлкен мекемелерде жан сақтау және қарқынды терапия бөлімдерін (ЖСҚТБ) өзіндік бөліп көрсетеді. Шағындау ауруханаларда анестезиология және жан сақтау бөлімдері болады, ал жан сақтау көмегін арнайы қарқынды терапия палаталарында (ҚТП) көрсетеді. Көрсетілген бөлімдер ота жасайтын блокпен бір қабатта орналасады[1].
Өзектілігі: Қалайсыз оны бірінші қабатқа орналастырған жағдайда, ол науқастың туыстарының жиналуын тудырып, ол өз кезегінде бөлімшенің қызметіне кері әсерін тигізеді. ЖСҚТБ жұмыс тізбесі ота блогына жақын болады. Санэпид шараларын сақтау көзқарасынан алғанда, үш аймақты белгілейді[2]:
- қатаң режимдегі емдік аймақ, оған палаталар мен манипуляциялық бөлмелер кіреді;
- шекаралық аймақ (жалпы режим), кіреберістік бөлімді қамтиды;
- қызметтік кеңселерді қамтитын а ймақ (бөлім дәрігері, мейірбике) .
ЖСҚТБ негізгі бөлімдеріне жан сақтау залы, палаталар, биохимиялық жылдам-зертхана, таңу, материалды, құрылғылы, дәрігерлер және мейірбикелер бөлмесі т.б жатады. Жан сақтау залы ауыр жағдайда жатқан науқастарға көмек көрсетуге арналған. Бұл жерде ота бөлімінің режимін сақтайды, өкпеге ұзақ жасанды желдету жұмыстарын жасайды, торапты қантамырларды катетрлейді, трахеостамияны жүзеге асырады, гемосорбция сеанстарын дәне басқа экстракорпоралды детоксикация, бронхоскопия және қарқынды емнің басқа да түрлерін жасайды. Залда екіден алты науқастарға дейін болуы мүмкін, оларды бір-бірінен арнайы ілгіш пердерлер арқылы оқшаулайды.
Зерттеу мақсаты: Іле аудандық орталық ауруханасындағы халыққа көрсетілетін жан-сақтау-анестезиологиялық көмекті оңтайландырудың өзекті мәселелерін жетілдіру.
Жан сақтау залының қажетті құрылғыларының ішінде тұрақты бақылау жасауға монитор және өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің жұмыс жасауының негізгі паратметрлерін тіркеу[3] (тамыр соғысы, артериалды қысым, тыныс алу жиілігі және т.б.) үшін, дефибрилляторлар, наркозды құрылғы, сорғыш, жылжымалы рентген аппараты, көктамырға пункция жасайтын хирургиялық аспаптар жиынтығы, трахеостомия, дәрі-дәрмектер жиынтығы және басқа да құрылғылар болады. Залда науқастардың болу ұзақтығы науқастың жағдайына байланысты, ағза және жүйелердің қызметі тұрақталғанда оларды қарқынды терапия бөліміне ауыстырады. Қарқынды терапия палаталары өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің жағдайы салыстырмалы түрде тұрақталған науқастарды мұқият бақылауға арналған. Палатада 8-24 ш.м. 1 кереуетке жан жағынан өтуге болатындай орын қалдырылатындай етіп кереуеттер орналастырылады. Бұл жерде науқастар жан сақтау шараларын көрмейді, науқастар тынығу үшін түнгі уақыттарда жарық сөндіріледі[4-5]. Палаталар арасында науқастардың жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін шыныланған терезелер орнатылады. Оқшаулау- палаталарын бөлуге кеңес беріледі, бір бірінен оқшаулау қажет науқастарды алып келгенде, мысалы, тырысқақта, ашық формалы туберкулез және басқа ауруларда. Жан сақтау мен қарқынды терапия бөлімінің маңызды бөлімшелерінің бірі клинико-биохимиялық жылдам- зертхана болып табылады. Онда тәулік бойы қалыпты талдаулар (қан мен несепті клиникалық талдау, қанның ағуы мен тұтқырлығын, қандағы қант деңгейін, несеп диастазасын, ақуыздың жалпы санын, билирубинді, несепзәрді және қан сарысуын) жүргізіледі, олар өз кезегінде науқастың өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелерінің жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Айтылған бөлімшелерден басқа мақсатты түрде экстракорпоралды уытсыздандыру жүргізуге арналған кабинетті бөліп көрсету керек, онда лимфосорбция және гемосорбция, плазмаферез бен гемодиализ жұмыстары жүргізіледі,сонымен қатар қазіргі таңда қолданылмайтын құрылғыларды сақтайтын құрылғылы бөлмесі орналасады. ЖСБҚТ жұмысы кәсіптік зияндылықтар мен қиындықтарға және де ауыр жағдайдағы науқастардың арасында үнемі болуына негізделеді. Осыған орай, дәрігерлер мен медбикелерге арнайы бөлмелер бөлінеді, ол жерде бос уақыттарында тынығады немесе тамақтануға үзілістер жасай алады. ДСМ бұйрығына сәйкес ЖСБҚТ жұмысымен қамтамасыз етілуіне қажетті оның медициналық штаты 6 кереуетке 4,75 ставка есебі қажет. Мұндай есептеу науқасты күтім жасайтын фельшер-лаборанттар мен кіші мейірбике санын анықтауда қолданылады. Мейірбикелер 2 есе көп (3 кереуетке 4,75 ставка) болуы керек және 6 кереуетке арналған 1 ставкада күндізгі уақытта күтім жасайтын қосымша мейірбике болады. Бөлімде есеп-тіркеулік құжаттама, сонымен қатар ауру тарихы, жан сақтау қартасы және қарқынды терапия картасы жүргізіледі. Осы орайда, дәрі тағайындау қағазымен бланкілерін сәйкестендіруге, бақылауға және талдауға жөнелтуге көп көңіл бөлінеді. ЖСБҚТ санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау, ауыр жағдайда жатқан науқастардың қосымша ауруды және ауруханаішілік инфекцияны жұқтыруды төмендетуге бағытталады. Мәселен, анестезиогиялық-жан сақтау көмегін көрсетудегі және де қарқынды терапияны жүргізудегі, көктамырлық пункция, магистралды катетеризация, ларингоскопия, кеңірдек интубациясы, эпидуралды кеңістік пункциясының техникалық әдістері мне тәсілдері қамтиды. Сонымен қатар жұқпа пайда болуына жаңа қақпалар ашылуынан құтылу мүмкін болмайды. Эпидемияға қарсы қызмет режимін сақтау үшін жан сақтау және қарқынды терапия қызметтерін стационардың басқа бөлімдерінен оқшаулайды отадан кейінгі палатаны, соматикалық, «таза» және жұқпамен ауыратын науқастарды, қызметкерлеге бөлек кіру есігін жасай отырып, оларды осылай бөлуге болады. ЖСҚТБ қызметкер емес адамдарға кіруге тыйым салынады. Бұл бөлімдердің есіктері үнемі жабық болуы тиіс. Ал есіктерінде «Жан сақтау бөлімі! Кіруге болмайды!» деген жазудың болуы ұсынылады. Кіру үшін қоңырау шалу қажет, қызметкер есікті кілтпен ашады. Туған туыстарының өзіне ерекше жағдайларда ғана кіруге рұқсат етіледі.
АЖСҚТБ, кереует тығыздығына, мекеме профиліне, 6 және одан да анестезиолог-жан сақтау дәрігерлерінің штаттық құрамына орай стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы құрылымында құрылады .
АЖСҚТБ қызметінің барысын бөлім басқарушысы атқарады, ал түнгі ауысымда, демалыс және мерекерлік күндері бөлім басшысы тағайындаған, жұмыс тәжірибесі мол және жоғары біліктілік (бірінші, жоғарғысы болмаған жағдайда) деңгейі бар жауапты кезекші анестезиолог-жан сақтау дәрігері атқарады.
АЖСҚТБ келесі қосымша бөлмелер болады: медициналық қызметкерлерге орын, қысқаша демалуға және тәулік ішінде тамақтануға арналған шешіну бөлмесімен жабдықталған кезекші қызметкерлерге орын, санрұқсатнама, себезгі, әйелдер жеке гигиенасына арналған бөлме, санитарлық торап, аспаптарды, дәрі-дәрмектерді, сұйық орталарды, төсек жабдықтарын сақтауға арналған бөлме. Қарқынды терапия және жан сақтау палаталары болған жағдайда АЖСҚТБ бөлек жан сақтау залы, уытсыздардыру шараларын жүргізуге арналған орын, емдік шараларды, егуді, орап таңуды, ерте жастағы балаларға арналған бөлек палаталары, сепсисті және жұқпалы аурумен ауыртатын науқастарға арналған бөлек палаталары, жылдам-зертхана сонымен қатар наркоз алды және наркоздан «ояну» ота блогындағы (бір хирургиялық үстелге 2 кереует есебінен бірақ ота блогында 12 кереуеттен аспауы қажет, егерде басқа орындар болмаған жағдайда наркоз алды және наркоздан «ояну» палаталарын біріктіреді) палаталары болады.
Анестезиологиялық және жан сақтау көмегін көрестуді ұйымдастыру осы уақытта күшін жоймаған Стандарттың 3 тарауына сәйкес жүргізіледі.
Науқасқа анестезиологиялық және жан сақтау көмектері біріктіреді:
- науқастарға жедел және жоспарлы түрде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған сонымен қатар жоғары технологиялық көмек көрсету;
- анестезия әдістін анықтау, ота алдындағы дәрі-дәрмекті дайындалу және босандыру, диагностикалық және емдік шаралар сынды әр түрлі жедел араласуларда анестезия әдістерінің түрлерін жүргізу;
- отадан кейінгі кезеңде науқастардың жағдайын «ояну» палаталарында есін жиғанға және өмірлік маңызды мүшелердің қызметі тұрақталғанша бақылау;
- өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылу деңгейін бағалау, әр түрлі шұғыл жағдайлардағы, сонымен қатар экстракорпоралды уытсыздандыру, гипербарилы оттектендіру, электрокардиостимуляция және т.б. әдістері арқылы жан сақтау мен қарқынды терапия бойынша ауқымды шаралар кешенін жүргізу;
- қарқынды бақылау (өмірмен қамтамасыз ететін жүйе жағдайын, сонымен қатар зат алмасуды, тыны салу мониторингін және қанайналымды зертханалық және функционалды диагностика әдістерін қолдана отырып, жылдам-бақылау), мақсатты түрде бағытталған және толыққанды бұзылыстарды түзету;
- науқастарға (көрсетілімі бар жағдайда) жан сақтау шараларын басқа бөлімдерде жүргізу;
- АЖСҚТБ жағдайында науқастарға келесі ем шаралар жүргізуге көрсетілімдер жасау, сонымен қатар, өмірлік маңызды мүшелердің қызметі тұрақталғаннан кейін жақын аралықта жүргізілген ем шаралар мен тексерулерден кейін АЖСҚТБ - дан науқастарды профильді бөлімге ауыстыру;
- тәжірибелік анестезиология мен жан сақтау сұрақтарына қатысты басқа бөлім дәрігерлерінің кеңесуі;
- № 907 бұйрығына сәйкес рәсімдеуді және медициналық құжаттаманы жүргізу;
- бөлім жұмысының тиімділігін және көрсетілген медициналық көмекті талдау, ауруханалық өлім-жітімді төмендету және медициналық көмек сапасын жақсарту шараларын жүргізу және ұйымдастыру;
Ота залы, жан сақтау және қарқынды терапия палаталары АЖСҚТБ (ЖСҚТБ) келесі медициналық жабдықтармен қамтамасыздандырылуы міндетті:
- жоспарлы және шұғыл ота залдарында ота үстелдерінің санына сәйкес наркозды-тыныс алу құрылғылары мен жасанды желдету құрылғылары;
- жан сақтау және қарқынды терапия палаталарында 1 қосымша (қордағы) және кереует санына байланысты өкпені жасанды желдету аспаптары;
- жоспарлы және шұғыл ота залдарында ота үстелдерінің санына сәйкес мониторлар;
- жан сақтау және қарқынды терапия палаталарында 1 қосымша (қордағы) және кереует санына байланысты мониторлар;
- жоспарлы және шұғыл ота залдарында ота үстелдерінің санына сәйкес электроаспираторлар (сорғыш аспаптар);
- жан сақтау және қарқынды терапия палаталарында 1 қосымша (қордағы) және кереует санына байланысты электроаспираторлар (сорғыш аспаптар) (орталық вакуумды желісін қолдануға рұқсат етіледі);
- жоспарлы және шұғыл ота залдарында ота үстелдерінің санына сәйкес перфузорлар (шприцті сорғыштар);
- жан сақтау және қарқынды терапия палаталарында әр кереуетке 3 данадан кем емес перфузорлар (шприцті сорғыштар) және инфузоматтар;
Қорытынды: Осылайша, реанимациялық- анестезиологиялық көмекті ұйымдастыру м әселелері бойынша әдебиеттерге шолу жасау көмек көрсету құрылымы, сондай-ақ сапа өлшемдеріне сәйкес халықты мамандандырылған көмекпен қамтамасыз ету көлемі мен деңгейінің өзіндік ерекшеліктері болатынан анықтады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- О.А.Долина Анестезиология и реаниматология. - М.: «Медицина», 2006. - 103 с.
- Бунятян А.А., Рябов Г.А., Маневич А.З. Анестезиология и реаниматология. - М.: «Медицина», 1984. - 249 с.
- Прасмыцкий О.Т., Канус И.И., Олецкий В.Э. и др. Сердечно-легочно-мозговая реанимация. Уч.-метод. пособие. - Минск: БГМУ, 2002. - 416 с.
- Прасмыцкий О.Т., Павлов О.Б. Основы анестезиологии и реаниматологии. Метод. рекомендации для студентов. - Минск: БГМУ, 2002. - 129 с.
- А.А.Бунятян Руководство по анестезиологии.- М.: Медицина, 1994. - 152 с.