Мақалада сальмонеллез қоздырғышының антибиотиктерге сезімталдығы мен тұрақтылығын зерттеуі берілген. 2015 жылы «Сальмонеллез» диагнозымен емделген 5 ай мен 14 жас аралығындағы 122 балаға жүргізілген антибактериальді емнің және лабораторлық зерттеулердің нәтижесі анықталған. Ішек ауруларын емдеуде қолданатын 13 түрлі антибиотиктің әсері зерттелді.
Өзектілігі. тұрақты, байқалады. сальмонелланың антибиотиктерге антибиотиктерге сезімталдығы мен тұрақтылығын ғылыми түрде негіздеп, лабораториялық дәлелдеу арқылы, республика аумағында
Міндеті:
Сальмонеллез - балалар жұқпалы аурулары ішінде кең тараған жұқпалы дерт ретінде өзекті мәселеге айналған. Бұл жағдай, қазіргі кездегі эпидемиологиялық үдерістің өзгеруімен қоса, қоздырғыш сальмонелланың биологиялық қасиетінің және аурудың клиникалық ағымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі [1]. Қазақстанда, басқа да мемлекеттердегі сияқты, жұқпалы ішек аурулары ішінде - сальмонеллездер педиатрия саласында маңызды мәселеге айналған[2].
Сальмонеллездің таралуына көптеген себептер бар: жыл сайын миграциялық процестің ұлғаюы, адамдар арасында тазалық сақтау ережесінің бұзылуы, ет өнімдері қолданылатын жылдам тамақтану - фаст-фудтың өсуі. Сонымен қатар, антибактериальді және химиотерапиялық препараттарды өзбетімен көптеп қолдану да әсер етеді[3,4]. Сондықтан болар, соңғы жылдары антибиотиктерге сальмонеллездың штамдарының ұлғаюы Сальмонеллез қоздырғышының антибиотиктерге тұрақтылығы мен сезімталдығын анықтау, бұл экономикалық және әлеуметтік тұрғыда тиімді болып есептелінеді. Қоздырғыштың сезімталдығы анықталған жұқпалы ішек ауруын аз уақытта емдеп, қысқа мерзімде толық клиникалық жақсарумен ауруханадан шығаруға болады[4]. Осы бағытта зерттеу жұмыстары біздің елде көп емес деуге болады, қазақстандық ғалым Б.Н.Кошерованың ғылыми еңбегінде педиатрияда кең қолданатын сезімталдығы зерттелген(2006). Сальмонелла қоздырғышының кездесетін сальмонелла штамдарын тиімді емдеуге мүмкіндік болады [5].
Зерттеудің мақсаты: Балалардағы сальмонеллез қоздырғышының антибиотиктерге сезімталдығын анықтап, емдеу тиімділігін бағалау.
Сальмонелла қоздырғышының in vivo және in vitro жағдайында антибиотиктерге тұрақтылығы мен сезімталдығын анықтау
Зерттеу әдістері:
Бұл зерттеу жұмысына 5 айдан 14 жас аралығындағы "Сальмонеллез" диагнозымен Алматы қаласы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 122 ем қабылдаған балалар алынды (2015 ж).Сальмонеллез диагнозы бактериологиялық әдіспен дәлелденген. Нәжісті бактериологиялық зерттеуге науқас бала ауруханаға бірінші түскен күні, яғни, антибиотик қабылдамай тұрып алынды. Барлық санитарлық және эпидемиологиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, науқастардың нәжісі SS қоректік ортаға, висмут сульфатты агар қоректік ортасына себілді. Антибиотиктерге сальмонелланың сезімталдығын анықтау үшін HiMedia фирмасы шығарған 13 антибиотиктері бар диск пайдаланылды. Балаларда, соңғы жылдары жұқпалы ішек ауруларын емдеуде кең қолданылатын антибактериальді препараттардың әсері зерттелді.
Нәтижесі:
Барлық 122 бала сальмонеллезбен үйлерінен келіп ауруханаға жатқызылған. 78,7% бала 2 жастан асқан. 85% науқас аурудың орташа ауырлығымен, ал қалған, 15 % ауыр түрімен, жиі қосымша аурулары бар (анемия, рахит, бронхит, пневмония) балалар ауырған.
Нәжістің бактериологиялық зерттеу нәтижесінде сальмонелланың штамдары да анықталды: S.enteritidis 38(31,1%) балада, S.typhimurium 20 (16,4 %), S.virchov 64 (52,5%) науқастан бөлінді. Барлық балалар ауруының 1-2 тәулігінде айқын улану белгілерімен, ішек синдромымен түсті. Дене қызуы 38-38,8С шамасында 98% балада, 2-3 күн ұзақтығымен көрініс алды. Сальмонеллез 16(13,1%) науқаста гастриттік түрінде, 67 (54,9%) гастроэнтериттік түрінде байқалып, 39 (32%) в гастроэнтероколиттік түрінде өтті. Нәжіс көпшілік жағдайда 102 (83,6%) балада инвазивті сипатта, 5-6 рет тәулігіне. Ал 12 (9,8%) балада нәжіс секреторлы сипатта, жиі 1 жасқа дейінгі балаларда анықталды. Гемоколит 8 (6,6 %) науқаста 2 жастан асқандарда, 3-4 реттік жиілікпен, ауруының бірінші күні байқалған. Құсу науқастардың басым көпшілігінде 2-3 күн ұзақтығымен 76 (62,3%) балада анықталды. Гемограмма нәтижелері бактериальді инфекцияға тән қабыну үдерісімен: 109(89,3%) науқаста лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылау байқалды.
Кейбір авторлар (Н.В.Воротынцева және басқалары), жедел ішек ауруында антибактериальді емнің алдында зерттесе, 95% науқаста қоздырғышты анықтауға болады деген[6]. Біздің науқастардан да патологиялық бөлінділерді зерттеуге ауруханаға түскен күні, яғни, ем қабылдаудан бұрын алынды.
Нәжістен бөлінген сальмонелла қоздырғышы in vitro жағдайында жоғары сезімталдығы карбопенемге (98%), фторхинолондарға: ципрофлоксацинге (99%), левофлоксацинге (99%),сезімталдық цефалоспориннің III тобы: цефтриаксонға (79,5%), цефтазидимге (80,3%), цефиксимге (83,6%), аминогликозидтерге: гентамицин (62,2%), амикацин (81,9%), цефалоспориннің II тобына әлсіз сезімталдық: цефокситинге (31,1%)байқалса, ал цефазолин (88,5%) мен ампициллинге (51,6%) тұрақтылығы анықталды.
Барлық науқастарға (100%) қабылдау бөлімінен аминогликозидті антибиотик - гентамицин ауыз арқылы тағайындалды. Тек 20 балада (16,4%) гентамициннің әсері қабылдағаннан кейін 3- ші күні байқалды. Жалпы жағдайы жақсарып,дене қызуы тұрақталып, диарея белгілері азайды.Бірақ, гентамицин көп жағдайда 102 (83,6%)
науқаста тиімді әсер етпеді, бұл аминогликозид- гентамицинге қоздырғыштың in vivo жағдайында тұрақтылығын көрсетті.Сондықтан, ары қарай сальмонеллезді емдеуде келесі антибиотиктер тағайындалды: 25% балалар цефалоспориннің III тобы- цефтриаксонды, 16,4% бала - цефтазидимді, аминогликозидті антибиотик - амикацинді 20% науқас қабылдады. 22,2% ересек балалар ципрофлоксацинмен емделді. Фторхинолонмен емделудің 2 тәулігінде науқастарда улану белгілері мен ішектік синдром азайып, жағдайының жақсаруы байқалды.
2% науқаста карбопенемдердің (меронем, имипенем) тиімділігінің жоғарылығы анықталды.Сонымен, сальмонелланың антибиотиктерге сезімталдығын зерттеу нәтижесінде, науқастардан бөлінген қоздырғыштар in vivo және in vitro фторхинолондарға (ципрофлоксацинге, левофлоксацинге) 99% жағдайда, карбопенемдерге 98% жағдайда өте жоғары көрсеткіш берді.
Сальмонеллалар амикацинге in vitro 81,9% жағдайда сезімталдық көрсетіп, тәжірибе жүзінде де науқастарға 2-3 күнде тиімді әсер етті.
Антибиотиктерге қоздырғыш сезімталдығын (in vitro) цефтриаксонға(79,5%), цефтазидимге (80,3%) жағдайда анықталып,емдеуде (in vivo)жаFдайында мынадай нәтиже берді: цефтриаксон 85,2%, цефтазидим 95,9% науқасқа әсері тиімді болды. (in vitro) жағдайында сезімталдығы төмен (31,1%) антибиотик цефокситин, тәжірибе жүзінде (in vivo) 97,5% балада әсері жоғары болды. Цефазолинге резистенттілік 88,5%, ампициллинге 51,6% жағдайда анықталып, сальмонеллезбен ауырған науқастарда (in vivo) 96% және 85% жағдайда да емдеу әсері байқалмады.
Балалардағы сальмонеллез қоздырғышының антибиотиктерге сезімталдығы мен тұрақтылығын зерттеуде мынадай қорытынды жасауға болады:
- Сальмонелла қоздырғышы фторхинолондарға in vivo және in vitro зерттеуде 99% жағдайда жоғары сезімталдық пен емдеу тиімділігін көрсетті. Ципрофлоксацин и левофлоксацин педиатрияда жиі қолданылмайды, мүмкін тұрақтылық әлі байқалмағаны содан болар.
- Карбопенемдер тек ауыр жағдайларда қолданылады, сальмонелла бактериясы өте жоғары сезімтал 98% өте жоғары сезімтал.
- 3.Осы зерттеу жүргізу нәтижесінде балалардағы сальмонеллезді емдеуде: цефтриаксон, цефтазидим, цефокситин, цефиксим, амикацинді қолдану тиімді, әсіресе, ауыз арқылы ішетін препараттарды (цефиксим, ампицид)қабылдау.
- 4. Жүргізілген зерттеулер осы аймақтағы балалар сальмонеллезін емдеуде сезімтал антибактериальді емді тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Учайкин В.В. Руководство по инфекционным болезням у детей. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. - 808 с.
- Эпидемиологическая характеристика инфекционной заболеваемости в Республике Казахстан // Педиатрия и детская хирургия Казахстана. - 2005. - №3. - С.36-41.
- Табаева А.А., Котова А.Л. Сальмонеллезы редких групп. - Алматы: 2001. - 193 с.
- Кошерова Б.Н. Патогенетическое обоснование терапии сальмонеллезов у детей: автореф. ... д-р.мед.наук - Алматы, 2006. - 52 с.
- Дмитраченко Т.И., Семенов В.М. Резистентность S.typhimurium к антибактериальным препаратам // Клиническая микробная и антимикробная химиотерапия. - 2001. - №3. - С.12-18.
- Воротынцева Н.В., Милютина Л.Н. Этиологическая структура и вопросы диагностики острых кишечных инфекций у детей // Клиника, диагностика и патогенез инфекционных заболеваний у детей. Сб.науч.трудов НИИ Эпидемиологии. - М.: 1990. - С. 5056.