Жедел ішек инфекциялары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы теориялық және тәжірибелік жағынан маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Зерттеудің негізгі мақсаты ЖІИ жеке нозологиялық формаларының (бактериялық және вирустық этиологиялы ішек инфекциялары мысалында) негізгі эпидемиологиялық белгілерін зерделеу және Алматы қаласы мысалында олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларын жетілдіру. Зерттелетін ғылыми жұмыста эпидемиологиялық зерттеу әдістері, атап айтқанда, ретроспективті эпидемиологиялық және оперативті эпидемиологиялық талдау, статистикалық әдістер қолданылады. Эпидемиологиялық зерттеу жоғарғы сырқаттанушылық жағдайында өзекті болып қана қоймай, сонымен қатар тәжірибелік нәтижені қаматамасыз етеді. Халық арасындағы белгілі бір аумақтағы бірнеше нозотүрлерді салыстырмалы зерттеу сырқаттанушылықтың негізгі себептерін анықтап, эпидемиялық процесстің сипаттамасында ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауды қамтамасыз етеді.
Өзектілігі. Жедел ішек инфекциялары теориялық және тәжірибелік жағынан қызығушылық тудыратын, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Халық арасындағы әлеуметтік-экономикалық факторлар, су және алиментарлық берілу жолдарының белсенділігі, зертханалық сынақтардың нәтижелілігінің төмендігі кең таралған ішек ауруының қоздырғыштарының шешімін таппаған мәселелер екенін дәлелдейді [1].
ДДҰ сарапшыларының айтуынша, жыл сайын әлемде жедел ішек инфекциясымен шамамен бір миллиард адам зақымданып,соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім 30% -дан аса көрсеткішті құрайды, кем дегенде 4 млн. адам осы аурудан көз жұмады. ҚР аумағында ЖІИ ең жиі кездесетін аурулар арасында екінші орынды алады[2].Яғни, 100000 халыққа шаққанда I орында жіті жоғары тыныс жолдарының инфекциялары - 4036,5 (4430,5 2015ж. сәйкес кезеңімен) болса, II орынды жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) - 74,8 (76,2) құрайды[3].
Қазақстандағы соңғы екі онжылдықта азық-түлік өнімдерін, сақтау және сату, өндіріс технологиясын түбегейлі жетілдіру, көшіп-қону процестері, халықаралық туризмнің қарқынды дамып өсуімен сипатталады. Бұл процестер микроорганизмдер популяциясында жаһандық өзгерістермен сипатталып, жеке қоздырғыштардың рөлі, вируленттілігі, резистеттілігі және микробқа қарсы препараттарға тұрақтылығы, жедел ішек инфекцияларыныңэпидемиялық процесі көріністерінің сипатының өзгеруіне алып келеді[4].
Жоғарыда аталған статистикалық мәліметтерді ескере отырып,біздің зерттеулеріміз ЖІИ эпидемиялық процесі көріністерінің заманауи заңдылықтарына сипаттама береді, сонымен қатар эпидемиологиялық қадағалау жүйесін оңтайландыруда аса қажет екенін көрсетеді.
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: ЖІИ жеке нозологиялық формаларының (бактериялық және вирустық этиологиялы ішек инфекциялары мысалында) негізгі эпидемиологиялық белгілерін зерделеу және олардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жетілдіру.
Ғылыми жұмыстың зерттеу нысандары: ірі қалада (Алматы қ.) жедел ішек инфекциясымен (ЖІИ) сырқаттанған науқастар және тасымалдаушылар.
Ғылыми жұмыстың зерттеу объектісі (тәсілдері): ірі қала
(Алматы қ.) жағдайындағы жедел ішек инфекциясының (ЖІИ) эпидемиологиясы.
Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістері: ғылыми жұмыста эпидемиологиялық зерттеу әдістері, атап айтқанда, ретроспективті және оперативті эпидемиологиялық талдау, статистикалық әдістер қолданылды.
Біздің тарапымыздан «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» мәліметтері бойынша 1996-2016 жылдардағы Алматы қаласының ЖІИ- на ретроспективтік ортажылдық зерттеулер жүргізілді.
Нәтижелері.Алматы қаласы аумағында 2006-2016 жылдар аралығында ЖІИ мәліметтеріне ретроспективті эпидемиологиялық талдау жүргізілді. Осы жылдар аралығындағы 100000 халыққа шаққанда интенсивтік көрсеткіштерді алып салыстыратын болсақ, 2006жыл-141,7, 2007 жыл-108, 2008 жыл- 138,4, 2009 жыл-81,6, 2010 жыл- 54,5, 2011 жыл- 49,8, 2012 жыл- 53,2, 2013 жыл-45,4, 2014 жыл-36,6, 2015 жыл-35,9, 2016 жыл-42,5көрсеткішті көрсетті [сурет 1].
2007-2008, 2011-2012,2015-2016 жылдар аралығында ЖІИ- мен сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады. 2007 жылдан 2008 жылға қараған кезеңде ЖІИ-мен жалпы сырқаттанушылық саны +30,1%-ға өсіп, ал 14 жасқа дейінгі балалар тобыжалпы сырқаттанушылықтың 91,6%-н құрап, бұл көрсеткіш +40,5%-ға көтерілген. ЖІИ айлық сырқаттанушылықты зерттеу нәтижесінде 2008 жылғы сырқаттанушылықтың айлық өсу мерзімі мамыр айына(6,3%) келсе, күрт өсу кезеңі тамыз айында(13,5%) болды. Бұл жылы әлеуметтік-кәсіби топ бойынша зерттеу жүргізгенде ЖІИ-мен сырқаттанушылықпенжоғарғы үлес салмағын ұйымдастырылмаған балалар тобы (89,7%)алды. Сонымен қатар инфекцияның берілу жолы бойынша тағамдық - 95,3%, тұрмыстық-қатынастық берілу жолы - 4,7%-ды құрады. Екінші өсу кезеңі 2011 жылдан 2012 жылға қарай (жалпы сырқаттанушылық - 6,7%, 14 жасқа дейінгі балалар - 12,8%)байқалды. 2012 жылы сырқаттанушылықтың жоғары көрсеткіші Алматы қаласы бойынша Алатау, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарында тіркелді. Бұл аудандарда айлық сырқаттанушылықты зерттеу нәтижесіндежоғары көрсеткіш қаңтар (11,0%),сәуір (10,0%), қараша (9,5%) айларында тіркелді. Бұл жылы тағамдық жолмен -56,3%, тұрмыстық-қатынас арқылы- 7,2%, жеке бас гигиенасын сақтамағандықтан - 36,5%, өзге анықталмаған берілу жолына - 22,5% үлестік көрсеткіш келді. Соңғы 2015 жылды (35,91) 2016 жылмен (42,48) салыстырғанда ЖІИ-мен сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 18,3%-ға, 14 жасқа дейінгі балалар арасында- 21,4%-ға көтерілді [сурет 2].
Алматы қаласы бойынша ең жоғары көрсеткішті Алатау, сы тамыз айында (17,2%) сырқаттанушылықтың көрсеткіші Наурызбай, Жетісу, Ауезов ең жоғары болғанын көрсетті.
аудандарында көруге болады. Айлық зерттеу қорытынды Науқастардың ЖІИ (А00-А09) нозологиялық құрылымы бойынша статистикалық мәліметтерді қарастыратын болсақ, 2010-2013 жылдар аралығында сырқаттанушылықтың күрт өсу көрінісін байқауға болады. Сырқаттанушылықтың шарықтап өсу көрсеткіші 2013,2016 жылдары көрініс берген. 1 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 2013 жылы (4017 оқиға) ең көп тіркелген. Ауру ауырлығы бойынша бірінші кезекте орташа ауырлықта ең көп кездессе, ауыр түрде екінші, жеңіл ағымды ауру өте аз тіркелген [кесте 1].
Кесте 1 - Науқастардың ЖІИ (А00-А09) нозологиялық құрылымы бойынша статистикалық мәліметтер
Жыл |
Барлығы |
Бактерия |
Балалар |
Ауырлығы |
||||
Анықталған |
% |
1 ж.дейін |
Жаңа туылған |
ауыр |
орташа |
жеңіл |
||
2010 |
3448 |
1946 |
56.4 |
1618 |
47 |
519 |
2927 |
2 |
2011 |
4488 |
2766 |
61.6 |
2083 |
59 |
469 |
4018 |
1 |
2012 |
5253 |
3145 |
59.9 |
2298 |
56 |
124 |
5128 |
1 |
2013 |
8360 |
3929 |
47.0 |
4017 |
132 |
161 |
8196 |
3 |
2014 |
8156 |
3319 |
40.7 |
4206 |
114 |
251 |
7904 |
1 |
2015 |
7583 |
3617 |
47.6 |
3602 |
84 |
256 |
7331 |
- |
2016 |
8477 |
2770 |
32.7 |
3686 |
120 |
221 |
8253 |
2 |
Кесте 2 - Науқастардың анықталмаған этиологиялы ЖІИ (А09) нозологиялық құрылымы бойынша статистикалық мәліметтер
Науқастардың анықталмаған этиологиялы ЖІИ (А09) нозологиялық құрылымы бойынша статистикалық мәліметтерге зерттеу жүргізетін болсақ 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі сырқаттанушылық деңгейі өсіп, 2016 жылы(3333) ең жоғарғы көрсеткішке ие болған. Осы жылдар аралығын зерттеу кезінде балалар арасында летальдылық тіркелінген(2011жыл-2, 2013 жыл - 1, 2015 жыл - 1)[кесте 2].
Қорытынды. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша ЖІИ-мен сырқаттанушылықтың негізгі себебі - жуылмаған көкөністер мен жемістерді пайдалану кезінде тағам өнімдерінің сақтау шарттары мен қолданылу технологиясыныңбұзылысы, балаларды күту кезінде анасы тарапынан жеке бас гигиенасының сақталмауы болып саналады.
Жыл |
Барлығы |
Бактерия |
Балалар |
Ауырлығы |
||||
Анықталған |
% |
1 ж.дейін |
Жаңа туылған |
ауыр |
орташа |
жеңіл |
||
2010 |
1238 |
- |
- |
403 |
8 |
181 |
1057 |
- |
2011 |
1573 |
1 |
0.1 |
500 |
18 |
175 |
1398 |
- |
2012 |
1781 |
- |
- |
570 |
15 |
56 |
1724 |
1 |
2013 |
2460 |
2 |
0.1 |
1044 |
91 |
60 |
2400 |
- |
2014 |
2906 |
- |
- |
1268 |
75 |
80 |
2826 |
- |
2015 |
2725 |
1 |
- |
1032 |
58 |
83 |
2641 |
- |
2016 |
3333 |
1 |
- |
1248 |
86 |
66 |
3264 |
2 |
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Асилова М.У., Э.И. Мусабаев, Г.Б. Убадуллаева. Ауруханалық инфекциялардың құрылымында вирустық диарея.// Инфектология журналы. - 2011. - №3, Т.3. - Б. 56-59.
- Халиуллина.С.В. Балалар мен ересектердің инфекциялық ауруларының этиологиялық құрылымы. // Практикалық медицина. - 2012. - №1(56). - Б. 13-15.
- ЖІИ-на жасалатын зерттеулердің анализі // Инфектология журналы. - СПб.: 2014. - №1. - Б. 58-59.
- Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В., Кулагина М.Г., Бродов Л.Е. Острые кишечные инфекции. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-390 с.