Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балаларда сирек кездесетін эхинококк торсылдағы

Бес жыл ішінде «Балаларға Шұғыл Медициналық Жәрдем Орталығынан» («БШМЖО») тоқсан үш науқас жылауық құрты ауруымен емделіп шықты, соның ішінде 1 науқас бүйрек жылауық кұртымен және 3 науқас бас ми жылауық құртымен. Авторлармен мына клиникалық жағдай көрсетілген: бүйректегі жылауық құрт торсылдағының жарылуы екіншілік уретрогидронефроз дамуына және бас миының үлкен жылауық құрт торсылдағы дамуына әкелген.

Өзектілігі. Жылауық құрты антропозонозды аурулардың ауыр түрлерінің бірі болып табылады, әлемнің көптеген елдерінде таралып, маңызды медициналық және ұлттық- шаруашылық мәселе болып қалуда.Әсіресе жылауық құртымен аурушаңдық біздің елімізде көбірек, мал шаруашылығымен айналысатын адамдар арасында ғана емес, сондай-ақ қала тұрғындары арасында да өскені жиі байқалады [1, 2].

Бүйрек жылауық құрты салыстырмалы сирек кездесетін ауру, бауыр, өкпе, ішастар, шарбы, бұлшық ет және көкбауыр жылауық құртынан кейін алтыншы орынды алады. Бүйрекке енген онкосфералар, негізінен, бүйректің қыртысты қабатында, сирек жағдайда, бүйрек маңы тіндерінде дамиды. Бүйрек жылауық құрты басқа ағзалардың жылауық құртымен бірге зақымдануы кездеспейді. Оң және сол бүйректің жылауық құртымен зақымдану жиілігінде көп айырмашылық жоқ [3,4].

Бас миында да жылауық құрты сирек орналасады және аурудың 0,5 - 2,5% жағдайында ғана патологиялық үрдіс дамиды. Бірақ соңғы деректерде бас миының жылауық құртымен зақымдануы 7-ден 9% дейін өскен, көлемді бас ішілік зақымданудың арасында 7-ші орынды алады. Балалар және жасөспірімдер арасында жылауық құртының айтарлықтай бөлігін бас миы жылауық құрты құрайды (50- 80%).Аурудың клиникалық көрінісі басішілік қысымның жоғарылауымен, тітіркенгіштікпен және еңбектің төмен түсуімен көрінеді. Бала жасындағы науқастар арасында аурудың өршуі кезінде, басішілік үрдістермен бірге дене қызуының жоғарылау көріністері де орын алуы мүмкін[5].

Материалдары мен зерттеу әдісі. Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында соңғы 5 жылда жылауық құрт диагнозымен 93 науқас емделді. Солардың ішінде, 1 жағдай бүйрек жылауық құртына, ол аурудың 1℅ құрады және 3 жағдай (3%) бас миы жылауық құртына, қалған жағдайлар бауыр және өкпе жылауық құртына тиесілі. 67 бала қалалық тіркеуде, қалған 26 бала жақын облыстардан келген. Солардың арасында, 53,7℅ ер балалар, ол 50 баланы құрайды және 46,3℅ қыз балалар (43 бала). Жасына сәйкес бөлсек, 5 жасқа дейінгі балалар үлесі 18,3 (17 адам), 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар үлесі 35,5℅ (33) және 10 жастан жоғары балалар үлесі - 46,2℅ (43). Орта жас 8,9 құрады.

Біз өзіміздің тәжірибемізде кездескен,оң бүйрегінің жылауық құрты торсылдағы және Dowling әдісімен ота жасалған бас миының үлкен көлемді жылауық құрты торсылдағы жағдайларымен бөлісуді жөн көрдік.

Бала М., 6 жаста, «БШМЖО» жедел хирургияның қабылдау бөліміне мына шағымдармен түсті: іштегі ауру сезімі, мазасыздық, дене қызуының 38,90С көтерілуі. Ауру тарихынан: ауру жедел 05.10.2013ж.күні дене қызуының жоғарылауы мен іш ауруынан басталған. Жедел хирургияның қабылдау бөлімінде жауапты хирургпен қаралып, «энтеровирусты инфекция, асқазан-ішектік түрі» диагнозымен №1 Балалардың жұқпалы аурулары (БЖА) ауруханасына жолданған. 07.10.2013ж. іштегі ауру сезімі күшейіп, №2 балалардың қалалық клиникалық ауруханасында (БҚКА)ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) жүргізіліп, «жедел іш» диагнозымен жедел хирургияның қабылдау бөліміне жолданған.

Клиникада жалпы қан анализі (ЖҚА) тексерілген (түкен кезде): гемоглобин - 132г/л, эритроцит - 4,3*1012/л, ТК - 0,9, лейкоцит - 7,8х109/л, тромбоцит - 301*109/л, эозинофил - 4%, моноцит - 2%, лимфоцит - 18%, эритроциттің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)- 9мм/сағат. Жалпы зәр анализі (ЖЗА) (түскен кезде) - реакция - қышқыл, тығыздығы - 1010, эпителий - 3-6 к/а, лейкоцит - 0-2 к/а. Іш қуысы және бүйректің УДЗ-де - оң бүйректің тостағанша - астау жүйесінің (ТАЖ) кеңеюуі, оң бүйректегі түзіліс. Компьютерлі томографияда (КТ) - оң жақты гидронефроз, оң бүйректің торсылдағы. Тамырішілік урография - оң жақты уретрогидронефроз, созылмалы обструктивті пиелонефрит. КТ тамырішілік контрастты затты жібергеннен 1 сағаттан кейін - оң жақты уретрогидронефроз. Диагностикалық цистоскопия - уретроцеле жоқ. Оң жақ зәр шығару түтігі қылтимасының өтімсіздігі, қызарған. Сол жақ - патологиясыз.

Бала жағдайы талқыланып, диагноз қойылды: Оң жақ бүйрек қызметінің төмендеуімен жүрген обструктивті мегауретер, отаға алынды.

Ота – Цистотомия. Политано – Ледбеттер бойынша оң жақты уретроцистонеостомия, оң жақ зәр шығару түтігінің интубациясымен. Ота кезінде кеңейген оң зәр шығару түтігі тесігінен фибрин жапырақшаларымен лайлы зәр және екі хитинді қабықша 1,0*0,5см және 1,5*0,8см бөлінді.Патогистологиялық зерттеу бойынша – алынған материалда хитинді масса.

Отадан кейінгі кезең жақсы өтті, науқас іштің оң жақ бөлігіндегі ауру сезімінің жойылғанын байқады, ұру симптомы теріс. Отадан кейінгі жарақат біріншілік тігіспен бітті, 10 тәулікте тігіс алынды, оң жақ зәр шығару түтігінен катетер 14 тәулікте алынды. Өкпенің рентгенсуретінде – патологиялық үрдіс және түзіліс анықталмады.

Қорытынды клиникалық диагнозы – Эхинококкоз. Оң жақ бүйректің жылауық құртты торсылдағының жарылуы. Оң жақты екіншілік обструктивті уретрогидронефроз. Екіншілік пиелонефрит, ремиссия кезеңі.

Бала Ш, 2 жас 10 ай№1 БЖА ауыстырылды, ол жақта «Іріңді менингит, белгісіз этиологиялы. Екі жақты ошақты- жайылыңқы пневмония» диагнозымен жақан. Түскен кездегі шағымы: жөтел, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, тері түстерінің бозаруы, тырысулар. Қарау кезінде науқас арық, тері қабаты ақшыл – сұр түсті, тургоры біршама төмендеген.

Status nervous: Есі анық. Қарашығы D=S, жарыққа әсері сақталған. Көз алмасы қозғалысы толық. Оң жақты жеңіл гемисиндром. Бас пішіні гидроцефальды, бас сүйегінің пішіні өзгерген – сол жақ шүйде төмпешігі шығыңқы. Бас айналым өлшемі 51 см.

Клиникада ЖҚА тексерілген (түкен кезде): гемоглобин - 112г/л, эритроцит - 3,3*1012/л, ТК – 0,9, лейкоцит - 7,8х109/л, тромбоцит - 301*109/л, таяқшатәрізді - 6℅, сегмент - 70℅, тромбоциты 301*109/л, эозинофил - 4%, моноцит - 2%, лимфоцит - 18%, ЭТЖ – 9мм/сағат. Іш қуысы және бүйректің УДЗ-де – оң бүйректің ТАЖ кеңеюуі, оң бүйректегі түзіліс. Іш қуысы ағзаларының КТ-да: Өкпенің, бауырдың, ұйқыбезінің көптеген торсылдақты түзілісі. Бас миының КТ-да – сол жақ шүйде аймағының жылауық құртты торсылдағы, өлшемі 5,4*6,1 см.Қойылған диагнозы: Эхинококкоз.

Консилиум шешімі - бірінші кезекте бас миы торсылдағының экстерпациясын Dowling әдісі бойынша жүргізу болды. Бұл кезде науқас басын, 300 көтеріліп қойылған үстел басынан, торсылдақ жоғары болатындай қылып орналастырады. Созылып, жұқарған мидың қатты қабығы мен торсылдақтың жарылуының алдын алу үшін, краниотомия мен фрезді саңылау жасауаса үлкен сақтықпен жүргізілуі керек.Мидың қатты қабығы периферия бойынша ашылады, өйткені торсылдақ күмбезі онымен жабыса біткен.Ми қыртысы 5 см көлемінде кесіліп, торсылдақ ирригация және ватник көмегімен бөліп алынды.Торсылдақ пен ми арасына резиналы катетер арқылы, физиологиялық ерітінді енгізіп, абайлап ирригация жүргізіледі, бұл кезде ота үстелі басы 450 төмен түсірілді, ал хирург қыртысты бөлікті ұстап тұрады.Физиологиялық ерітінділермен үзіліссіз ирригация жүргізілу нәтижесінде, хитинді қабықша қабырғасы толық ерекшеленіп көрінді.Қалдық қуыс 80℅ глицерин ерітіндісімен өңделді. Сүйек кесіндісі орнына қойылып, отадан кейінгі жарақат толық жабылып тігілді.

Отадан кейінгі 10 күні бақылау КТ-да қалдық қуыстың көлемі 3 есе кішірейген. Жалпы милық және ошақты белгілер азайған. 4 айдан кейінгі жүргізілген КТ-да: қалдық қуыс көлемі 1,2 см. Бала жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Психомоторлық дамуы жасына сәйкес. Жалпы милық және ошақты белгілер жойылған.

Екі жағдайда да, балаларға ауруханадан шыққаннан кейін, амбулаторлы түрде гельминттерге қарсы емжүргізілген.

Қорытынды: Бүйрек пен мидың жылауық құрты салыстырмалы сирек кездесетін ауру, бауыр, өкпе, ішастар, шарбы, бұлшық ет және көкбауыр жылауық құртынан кейін алтыншы орынды алады. Бүйрекке енген онкосфералар, негізінен, бүйректің қыртысты қабатында, сирек жағдайда, бүйрек маңы тіндерінде дамиды. Бүйрек жылауық құрты басқа ағзалардың жылауық құртымен бірге зақымдануы кездеспейді. Жылауық құрты антропозонозды аурулардың ауыр түрлерінің бірі болып саналады, әлемнің көптеген елдерінде таралып, маңызды медициналық және ұлттық- шаруашылық мәселе болып қалуда. Науқастарды дер кезінде емдеу жақсы нәтиже көрсетеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. A.M.Бронштейн Токмалаев К.М. Паразитарные болезни человека: протозоозы и гельминтозы. - М.: 2002. - 207 с.
  2. М.А. Алиев, Ж.А.Доскалиев, М.А., Сейсембаев. Проблемы эхинококкоза в Казахстане и Кыргызстане // Медицина и экология. - 1997. - №3. - С.48-53.
  3. Ю.В. Лобзина, С.С.Козлова, А.Н. Ускова, Руководство по инфекционным болезням с атласом инфекционной патологии. - СПб.: 2000. - Ч.3. - 139 с.
  4. Гуния Дж., Т.Раквиашвили, Д. Сиоридзе К вопросухирургического лечения множественного эхинококкозаголовного мозга // Материалы 4-го съезда нейрохирургов. России. - М.: 2006. - С.163-168.
  5. М.Х. Кариев Клиника и хирургическое лечение эхинококкоза головного мозга // Тр. Моск.об-ва нейрохирургов. — М.: 2002. - С.19-22.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.