Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Артериалды гипертонияның і-іі дәрежесіндегі өмір сүру сапасының көрсеткіштері

Жүргізілген зерттеуде біз артериалды гипертониясы бар науқастарда артериялық қысымның тәуліктік мониторлау параметрлерінде болатын өзгерістердің өмір сүру сапасының көрсеткіштерімен байланыстығын зерттедік. Зерттеу жұмысы ОҚО, Түркістан қ. "Талғат" медициналық клиника базасында орындалды, зерттеуге 158 науқас қатысты.

Кіріспе. Артераилды гипертония (АГ) - жүрек қантамыр жүйесі ауруларының ішінде кең тараған түрі. Қазіргі таңда антигипертензиялық дәрілердің көптігіне қарамастан АГ- ны нәтижелі бақылау өзекті мәселелердің бірі болуда. Артериялық гипертонияны (АҚ) бақылауда жақсы нәтижеге жетпеу себептерінің бірі болып дәрілердің жеткіліксіз тиімділігі, науқас ағзасының гипотензивті емді жайсыз қабылдауы және науқастың гипотензивті емге ұсатанымдылығының болмауы жатады [1,2].

Көп жағдайларда, гипотензивті емді жүргізу барысында науқастың гипотензівті емге каңағаттануы ескерілмейді. Соңғы уақытта медициналық көмекті бағалаудың өлшемшарты ретінде өмір сүру сапасы кең қолданылып жүр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өмір сүру сапасына берген анықтамасы бойынша - оның субъективті қабылдауына негізделген физикалық, психологиялық, эмоциялық және әулеметтік тіршілік ету сипаттамасы [3,4].

Аз көлемдегі ауру нышаны АГ-ға тән белгілердің бірі, осыған орай ұзақ уақыт аурудың асқынулары пайда болғанша дерт анықталмайды. Науқас адамдар гипотензивті препараттардың көптігіне қарамастан медикаментозды емді қабылдау қажеттілігін түсінбеуі де мүмкін. Егерде жүргізіп жатқан гипотензивті ем барысында науқастың өмір сүру сапасы төмендеп кетсе аталған емнің науқасқа пайдалылығы төмендейді, керісінше өмір сүру сапасының жоғары болуы науқасты емді толық қабылдауға жетелейді [5]. Айтылып кеткенге қосымша, дертке байланысты адам өмірінде туындаған әулеметтік және психологиялық мәселелер жайлы мәлімет әдетте дәрігерлерге де беймәлім болып келеді.

Зерттеу мақсаты. Артериалды гипертониясы бар науқастарда артериялық қысымның тәуліктік мониторлау параметрлеріне байланысты өмір сүру сапасының көрсеткіштерін зерттеу.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу тиісті клиникалық практика стандарттарына (Good Clinical Practice) және Хeльcинcк Дeклaрaциясы принциптеріне сәйкес ОҚО, Түркістан қ. "Талғат" медициналық клиника базасында орындалды. Зерттеу дизайны бойынша бір мезетті көлденең зерттеу жүргізілді. Төменде келтірілген критерилер бойынша Европа кардилоготар одағының 2013 жылғы ұсыныстарына сай бірдей ем қабылдап жүрген 158 науқас іріктелді.

Кірістіру критерийлері: -жасы 18-55 жас;

Кесте 1 - зерттеуеге қатыстырылған науқастардың антопометриялық көрсеткіштері

Сипаттамалар

Науқас саны n=158

%

Еркектер

63

40

Жасы, жыл M±SD

52,4±12,1

 

Бойы, м. M±SD

164±7,7

 

Салмағы, кг. M±SD

75,1±14,7

 

ДСИ, кг/м2. M±SD

27,8±5,2

 

Артық салмақ

50

32

  • -кеңейтілген тексеру мәліметтері бойынша диагнозы артериялық гипертензия 1-2 сатысы;
  • -жазбаша ақпараттандырылған келісім;

Шығару критерийлері:

  • -психикалық ауытқулары бар науқастар;
  • -асқынуы, ауыр қосалқы аурулар;
  • -жоғары қаупін тудыратын (зерттеушінің пікірі бойынша) басқа жағдайлар/аурулар;
  • -жүктілік;

Іріктеліп зерттеуеге қатыстырылған науқастардың антопометриялық көрсеткіштері келесі кестеде келтірілген (Кесте 1).

Артериалды гипертониясы бар зерттелушілердің өмір сүру сапасын бағалау мақсатында олардың денсаулық сапасын өлшеудің кең тараған әдістерінің бірі болып табылатын MOS SF-36 (aFылш. Medical Outcomes Study-Short Form, қысқартқанда: MOS SF-36) қысқаша саулнамасын пайдаландық.. Сауалнама клинкалық маңызды симптомдарды бағалау мақсатында түрлендірілді – «Дене аурулары» тармақшасын біз «Бас аурулары» деп пайдаландық.

Зерттеу нәтижелері және талқылау. АҚ-ның тәуліктік бақылауды талдау кезінде САҚ және ДАҚ орташа тәуліктік көрсеткіштері 153/92 мм сын. бағ. межеледі, күндізгі АҚ 153/93 мм.сын.бағ., максималды АҚ 170/101 мм.сын.бағ., минимальды АҚ 136/80 мм.сын.бағ. және түнгі АҚ 151/91 мм.сын.бағ. құрады. Тамыр соғысы минутына 77 рет (Кесте 2).

Кесте 2 - Зерттелуші топтағы артериалдық қысымның тәуліктік бақылау көрсеткіштері (M±SD)

Көрсеткіштер

M±SD

24-САҚ, мм.сын.бағ.

153±10,0

24-ДАҚ, мм.сын.бағ.

92±9,3

24-САҚ күнд., мм.сын.бағ.

153±10,5

24-ДАҚ күнд., мм.сын.бағ.

93±10,5

24-САҚ maх, мм.сын.бағ.

170±13,1

24-ДАҚ maх, мм.сын.бағ.

101±9,5

24-САҚ min, мм.сын.бағ.

136±8,9

24-ДАҚ min, мм.сын.бағ.

80±10,7

24-САҚ түн, мм.сын.бағ.

151±13,5

24-ДАҚ түн, мм.сын.бағ.

91±10,5

Тамыр соғысы, рет

77±11,7

SF-36 өмір сүру сапасы сауалнамасының нәтижелері көрсеткендей артериалды гипертония адамның өмір сүруінің кейбір аспектілеріне (физикалық, психологиялық және әулеметтік тұрғыдан) әсер етіп шектейді. 1 суретте келтірілген өмір сүру сапасы сауалнамасының нәтижелеріне назар аударсақ, ең жоғары көрсеткіштер "Физикалық жұмыс істеу (PF)" параметрі бойынша анықталды - балл. Ары қарай зерделейтін болсақ, 2-ші орында 77 балмен "Рөлдік қызмет (RР)" параметрі, 70 балмен "Бас ауру (Headache (HD)" және "Пcиxикалыщ денсаулық (MH)", 68 балмен "Жалпы денсаулық (GH)" және "Өмірге қабілеттілік (VT)", "Эмoциoнaлды жағдай (RE)" - 67 және "Әлеуметтік жұмыс істеу (SF)" - 66 баллдар. Тамыр соғысының орташа мән 77-ні құрады.

Физикалық жұмыс істеу (PF) - физикалық белсенділікті бағалайтын шкала, айтылғанның ішіне өзін-өзі күту, жүру, тепешекпен көтерлу, ауыр заттарды тасымалдау және аса физикалық күш жұмасау кіреді. Шкала денсаулық жағдайына байланысты шектелмеген күнделікті істелінетін физикалық жұмыс көлемін көрсетеді, зерттелушінің ойы бойынша бұл шкала жоғары болған сайын жоғары физикалық ауыртпалықты көтере алады. Бізідің зерртеумізде бұл көрсеткіш жоғары балды көрсетті (78 балл), бұл дегеніміз зерттеуге қатысқан І-ІІ дәрежелі артериалды гипертониясы бар зерттелушілердің физикалық белсенділігі шектелмеген.

Рөлдік қызмет (RР) - ағзаның тіршілік әрекетін шектеуде физикалық проблемалардың маңызын көрсететін шкала, күнделікті жүріс тұрысты атқарғанда ағзаны қаншалықты лимитерлейтінің көрсететін дәреже, яғни денсаулық проблемалларына байланысты жұмысты атқаруды немесе күнделікті жүріс тұрысты шектеу дәрежесін сипаттайды: зерттелушінің ойы бойынша шкала көрсеткіші жоғары болған сайын күнделікті жүріс тұрысты шектейтін денсаулыққа байланысты проблемалар кем. Сауалнама нәтижесі бойынша рөлдік қызмет шкаласы орташа 77 балл құрады, яғни физикалық жұмыс істеу шкаласы сияқты бұл параметр бойынша айқын шектелу анықталмады.

Бас ауру (HD) - ауырсыну синдромының қарқындылығымен оның қалыпты тіршілікпен айналсуға әсерін бағалайды, соңғы бір ай көлемінде үй ішіндегі және түздегі жұмыстарды қоса отырып: зерттелушінің ойы бойынша шкала көрсеткіші жоғары болған сайын аурсыну сезімін аз сезінген, ал шкала көрсеткіші аз болған сайын ауырсынуға байланысты физикалық белсенділікте анағұрлым шектеу болған. Зертелушілер аталған параметр бойынша орташа есеппен 70 балл көрсеткен, яғни аурсыну сезімін аз сезінген. Жалпы денсаулық (GH) - қазіргі жағдайда денсаулық жағдайын, емделудің мүмкіншіліктерін және ауруға төзімділігін бағалайды: көрстекіш жоғары болған сайын сол құрлым зертелушінің денсаулығы жағдайы жақсы.

Зертеу нәтижесінде аталған шкала бойынша орташа 68 баллды құрады, яғни зерттелуші топта артериялды гипертонияға қарсы ем әсер етуде және ағзаның ауруға төзімділік көрсетуде.

Өмірге қабілеттілік (VT) - зертелушінің толықанды күшпен қуатты сезінуі. Төменгі көрстекіштер зертелушінің шаршағандығын және өмірлік белсендігінің төмендегенін көрсетеді. Сауланмаға қатысқан зерттелушілердің жауабы орташа 68 балды құрап, толықанды күшпен қуатты сезінуі орташа шектелгендігі анықталды.

Әлеуметтік жұмыс істеу (SF) - әулеметтік белсенділіктің каңағаттану (көршілермен, достармен, жанұямен және әріптестермен уақыт өткізу, қарымқатынас) дәрежесін бағалайды және зерттелушінің физикалық пен эмоциялық жағдайының шектелуі дәрежесін көрсетеді: көрсеткіш жоғары болған сайын әулеметтік белсендік соңғы 4 аптада жоғары болады. Сауалнаманың барлық шкалаларының ішінде ең төменгі көрсеткіш 66 бал әлеуметтік жұмыс істеу шкаласында анықталды, бұл науқастардың әулеметтік белсендігінің шектелгендігін көрсетеді.

Эмoциoнaлды жағдай (RE) - жұмысты орындауға немесе күнделікті тіршілікті атқаруға эмоциялық жағдайдың кедергі болу дәрежесін бағалауды жобалайды, аталғанға қосымша, орындауға жұмсалған көп көлемді уақыт, жасалған жұмыс көлемінің азаюы, оның сапасының төмендеуі: көрсеткіш жоғары болған сайын эмоциялық жағдай зертелушінің күнделікті белсендігін солғұрлым аз шектейді. Эмоциональды жағдай нәтижесі біздің зертеуімізде 67 балды құраған, яғни зертелушінің күнделікті белсендігінің шектелуі байқалады.

Психикалық денсаулық (MH) - көнілкүйді, күйзелістің болуын және үрейді сипаттайды, оңтайлы эмоциялардың жалпы көрстекішін бағалайды: шкала мәні жоғары болса соңғы ай ішінде зерттелуші өзін солғұрлым тынық және жайбырақат сезінген. Шкаланың төменгі мәні зерттелушіде күйзелістің, үрейлік жағдайлардың және психологиялық жайсыздықтың болғаның көрсетеді. Сауалнама нәтижелері зерттелушілерің аталған психологиялық жағдайларға аз мөлшерде ұшырағаның көрсетті.

Зерттеуді жалғастыра отырып біз орташа тәуліктік САҚ мен өмір сүру сапасының көрсеткіштері арасындағы байланысты анықтадық. Орташа тәуліктік САҚ мен өмір сүру сапасы шкалалрының мәні өлшенбелі болғандықтан екі мән арасындағы байланысты өлшеу үшін Пирсон коэфицентін пайдаландық. 3 кестеден көріп тұрғанымыздай орташа тәуліктік САҚ-ға өмір сүру сапасының барлық шкалалры бойынша Пирсон коэфицент мәні 0,2-ден төмен, яғни екі мән арасындағы байланыс - өте әлсіз корреляция.

Бұл дегеніміз, екі мән корреляциясы өзара теріс байланыста болады, яғни біз зертеп отрыған топта орташа тәуліктік САҚ жоғары болған сайын өмір сүру сапасының төмендейтіндігіне көз жеткіздік.

Қортынды. І-ІІ дәрежелі артериалды гипертонясы бар науқастарда өмір сүру сапасының аз мөлшерде шектелуі болады. Орташа тәуліктік САҚ жоғары болған сайын өмір сүру сапасы солғұрлым төмендейді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Блинова В.В., Скворцов Ю.И., Мартынова Е.Ю. Оптимизация диспансерного наблюдения за больными артериальной гипертензией с метаболическими нарушениями // Саратовский науч.-мед. журн. - 2010. - №-6. (2). - С. 325–328.
  2. Маркова Е.Н., Николаев Ю.А., Митрофанов И.М. Влияние трансцеребральной импульсной электротерапии и хлоридных натриевых ванн на показатели липидного обмена у больных артериальной гипертензией // Атеросклероз.- 2013. - №- 9. (1).- С. 36–41.
  3. Stady protokol for the WHO project to develop a Quality of Life Assesswent instrument // Quality of Life Research . – 2013. – V. 2. – P. 153–158.
  4. Пушкарев Л.А. Методика оценки качества жизни больных и инвалидов: метод. рекоменд. - М.: БНИИЭТИН, 2000. – 16 с.
  5. Новик А.А, Ионова Т.И. Руководство по иссле дованию качества жизни в медицине. 2-е изд. под ред. Ю.Л.Шевченко. - М.: ОЛМАПРЕСС, 2007. – 313 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.