Әлем бойынша сүт безі қатерлі ісігі әйел онкопатологиясыңда актуалды проблемалардың бірі болып табылады. Мақалада сүт безі қатерлі ісігінің заманауи мәселелері, эпидемиологиялық жағдайы аналитикалық зерттелді. Науқастарда ісіктің бірінші белгілері мен алдын алу шаралары талқыланды.
Кіріспе. Онкологиялық аурулардың пайда болуында қоршаған ортаның көптеген факторлары өз әсерін тигізеді. Әлемде жыл сайын қатерлі ісіктердің 10 млн жаңа жағдайы тіркеліп, шамамен 8 млн науқас көз жұмады. Дүниедегі барлық өлімнің 13% қатерлі ісік ауруларына тиесілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) болжамы бойынша 2020 жылға дейін бүкіл әлемде қатерлі ісікке қатысты ауру-сырқаушылық пен өлім-жітім 1,5-2 есеге артады. Ауру-сырқаушылықтың өсуі ерлерде өкпе мен тоқішек-тікішек қатерлі ісігі, ал әйелдерде сүт безі және жатыр денесі қатерлі ісігі есебінен өрбиді деген болжам бар[1].
Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (International Union Against Cancer, UICC) ұйтқы болуымен, қоғамдастықтың назарын қатерлі ісік ауруларының жаһандық мәселелеріне аудару мақсатында, 2005 жылдан бастап жыл сайын бүкіл әлемде 4-ақпан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күні аталып өтеді. ДДСҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, тиімді тамақтану, белсенді өмір салты және темекішегушіліктен бас тарту арқасында онкологиялық дерттердің 40% алдын алуға болады [2].
Зерттеу мақсаты. Сут безі қатерлі ісігінің әлемдегі және Қазақстандағы жағдайын зерттеу, алдын алу жолдарын талқылау.
Зерттеу әдісі. Бұл жумыс аналитикалық әдіс негізінде жасалды.
Бүкіл әлемде сүт безі обыры әйелдердегі жәлпы қатерлі ісіктер қурамында аурушаңдық пен өміршеңдік көрсеткіштері бойынша бірінші орынды иелейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде сүт безi қатерлi iсiгiнен болатын өлім соңғы 20 жылда 22% көбейген. Жыл сайын әлемде орташа есеппен 500 мың әйел осы дертпен ауырса, оның 250 мыңы өмірмен қоштасады. Осыған орай әр жыл сайын 21 қазан - «Дүниежүзі әйелдердің сүт безi қатерлі iсiгiнен қорғау күні» деп жариялануы да тегін емес. Барлық жерде сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Қазіргі уақытта АҚШ-та аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халық санына шаққанда 91 науқасты құрайды [3].
Бүгінгі күні әрбір бесінші қазақстандықта алдағы өмір бойына қатерлі ісік ауыру қауіп-қатері бар. Қазақстанда 2014 жылғы статистика бойынша сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халық санына шаққанда 19,1 құрады. Жыл сайын 29 мың әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырса, олардың 17 мыңы қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 15 жыл бұрын жыл сайын 2 мыңға жуық науқас жаңадан есепке алынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш жылына 3 мыңнан аса науқас жаңадан есепке алынып отыр. Осыған орай, аурушаңдық көрсеткішінің интенсивті өсуіне байланысты үшінші мың жылдықта сүт безінің қатерлі ісігі онкологияның өзекті мәселесі болып отыр.
Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безi қатерлі iсiгi бiрiншi орын алса, ол барлық қатерлі ісіктердің 21 пайызын (2014 жылдық көрсеткіш) құрайды. Республикада 2013 жылы қатерлі iсiкке шалдыққан 3263 ауру анықталса, 2014 жылы ол 3272-ге өскен. Елімізде сүт безi қатерлі iсiгi әрі қарай өсуі әбден мүмкін көрінеді. Сондай-ақ сүт безi қатерлі iсiгiмен ауыратындардың жасарғаны да анықталып, оны алдын ала емдеудегі әсерлі жолдары қарастырылуда. Егер бұрын аурудың ең биiк шыңы 50-60 жастағы әйелдерде көбірек кездессе, қазіргі таңда 30-40 жастағы қыз-келіншектерде осы аурумен аурыратындар да жиі кездеседі. Сүт безі қатерлі ісігі 15-30 жас пен 50-59 жас аралығындағы әйелдерде өте жиі кездеседі [4].
Сүт безi қатерлі iсiгi төрт сатыдан тұрады: I және II сатыларда сүт безi қатерлі ісігімен радикальды (толық) емделуi ықтимал және аурулардың 80-92%-ы бес жылға дейін өмір сүреді, ал III және IV сатылар кеш анықталған болып саналады және бұл кезең ең қауіпті жағдайға жатады. Өкінішке орай, ісіктің ерте сатыларындағы науқастар саны бұл ауру бойынша қаралатын жалпы әйелдер санының 10-15 пайызын құрайды. Науқастардың 50-60% бiрiншi қаралған сәтте сүт безi қатерлі ісігінің III және IV сатысында болады екен [5].
Сүт безінің әр тұсында түйін немесе томпайған жердің пайда болуы, емшек ұшынан сұйықтың көрінуі аурудың бастапқы белгiлерi болып табылады. Бірінші өсу сатысында әйел ешнәрсені өзінен сезбейді, тек кездейсоқ жағдайда өзін-өзі сипағанда сүт безінде 1-2 сантиметр көлемдей түйінді байқайды. Дерттің екінші, әсіресе, үшінші, төртінші өсу дәрежелерінде денеде ауру сезімі ұялайды. Қолтық астында лимфа бездерінің шошынып ұлғаюы, қол бойында ісіктің көрінісі кейіннен пайда болады. Қатерлі iсiкпен ауырған науқастар дерті асқынған кездерде қатты шаршап, қажиды, элсiрейдi. Əлсiздiк, жүдеу бiрнеше күнге, аптаға, айға созылады[6].
Сүт безi iсiктерiнщ алдын алушaрaлaры:
- Әйелдерде гормоналды дисбалансты алдын алу және дер кезіңде емдеу
- Бiрiншi жүктілікті мiндеттi түрде сақтау және сәбиге 24-36 айға дейiн емшек емiзу.
- Қайта жүкті болу жиiлiгiн және жүктілік санын қазіргі кезде дамыған әрі зиянсыз - екіқабаттылықтан сақтану тэсiлдерiн пайдалану жолымен реттеу (бiрiншi босанудан 45 жылдан соң ғана қайта жүкті болу ұсынылады).
- Емшектен баланы шығару біртіндеп-біртіндеп орындалуы керек және әр емізуден кейін сүт сорғышпен емшекті толық сауып, босату қажет, содан кейін барып, оны сыртынан қатты қысып байлаған жөн.
- Тиiмдi тамақтану қағидаларын сақтау.
- Салауатты өмір салтын ұстау [7].
Бастапқы сатысында анықталмаған сүт безінің қатерлі ісігінің қауіптілігі өте жоғары. Жалпы алғанда, бұл ауруды емдеудің мынадай түрлері бар: хирургиялық жолмен толықтай сылып тастау; сәулемен емдеу жәнеде химиялық дәрілермен емдеу [8].
Қорытынды. Қазіргі таңда сүт безі қатерлі ісігі әйел онкопатологиясында аурушаңдық және өміршеңдік көрсеткіштері бойынша алдынғы қатарды иелейді. Ауру бірінші сатыларында анықталса, обырдың кейінгі болжамы оң болып, науқастың өміршеңдігі жөғарылайды. Алайда, аурудың көп уақыт белгісіз кешүыне және науқастардың дәрігерге кеш қаралуыңа байланысты, обыр III-IV сатысында жиі анықталады. Қазіргі таңда дамыған мемлекеттер аурудың еміне ғана емес, алдын алу жолдарынада аса көп мән бөлуде. Сондықтан, әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары жайлы іс-шаралар жургізү обырдың аурушаңдық көрсеткішін азайтатыны анық.
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
- Global geocancerology. Ed. by G.M. Howe. - Edinburg: Churchill Livingstone, 2006. - 350 p
- Stewart B.W., Wild C.P. World cancer report 2014 // The Health Well. - 2017. - Р. 3-8.
- Кулигина Е. Ш. Эпидемиологические и молекулярные аспекты рака молочной железы // Практическая онкология. - 2010. - Т.11, №4. - С. 203-216.
- Нургазиев К.Ш.,Сейтказина Г.Ж., Байпеисов Д.М. и др. Қазақстан Республикасы онкологиялық қызметінің 2014 жыл көрсеткіштері // Онкология и Радиология Казахстана. - 2014. - №12. - С. 3-6.
- Давыдов М.И., Аксель Е.М Онкология // Вестник РОНЦ им. Н.Н. Блохина РАМН. - 2010. - №2., Прил. 1. - С. 55-56.
- Bostner J., Skoog L., Fornander T., Nordenskjold B., Stal O. Clinical Cancer Research // Cancer. - 2006. - №16. - Р. 1624-1633.
- Призова Н.С. Статистическое обоснование необходимости проведения медико-социальной реабилитации у женщин-инвалидов вследствие злокачественных новообразований молочной железы // Проблемы стандартизации в здравоохранении. - 2012. - № 11(12). - С. 46-48.
- Dezheng Huo, Ningqi Hou, Nora Jaskowiak et al. Use of postmastectomy radiotherapy and survival rates for breast cancer patients with T1-T2 and one to three positive lymph nodes // Annals of surgical oncology. - 2015. - Vol. 22, Issue 13. - P. 4295-4304.