Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сүт безі қатерлі ісігін диагностикалауда скринингтің маңызы

Бұл мақалада 2015-2016 ж.ж. Ақтөбе қаласы №2 қалалық емхананың сүтбезі қатерлі ісігін анықтау бойынша Ұлттық скринингтік бағдарламаның нәтижелері келтірілген.

Кіріспе. Сүтбезінің қатерлі ісігі әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық ауру болып табылады. ДДҰ деректері бойынша, әлемде жыл сайын 1 000 000 жаңа сүтбезі қатерлі ісігі тіркеледі. Сүтбезі қатерлі ісігінің ең жоғары көрсеткіштері экономикалық дамыған елдерде Еуропа, АҚШ және Канадада байқалды. [1]. Сүтбезінің қатерлі ісігімен ауыру ықтималдығы жасына байланысты артады. 10 жыл ішінде сүтбезі қатерлі ісігінің қаупі 40-49 жас аралығындағы әйелдер үшін 1:72 құрайды, 50-64 жас аралығындағы әйелдер үшін- 1:36, ал 70 жастан асқан әйелдер үшін - 1:29. Әйелдер арасында сүтбезінің қатерлі ісігі басқа қатерлі ісік аурулармен салыстырғанда өлім- жітімінің көп таралуына себеп болып отыр. [2]. Ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы-оның жергілікті сипатта болған кезде ісік сатысын анықтап емделуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, скрининг әйелдегі психологиялық ауыртпалықты жояды, оларда аурудың жоқтығына сендіреді.[3].Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігін және ісік алды ауруларды ерте анықтау бойынша скринингте мақсатты топ 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы, сүт безі қатерлі ісігіне диспансерлік тіркеуде тұрмаған әйелдер жатады. Тиісінше, Қазақстанда әйелдің жасы тек тәуекел факторы болып табылады. Алайда Канадада (Онтарио қ.) сүтбезі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скрининг келесі қауіпті факторларға ие: жас (50-74 жас), менопауза, өмірсалты, тұқымқуалаушы генетикалық факторлар.[4].

Маммографиялық скрининг 50-69 жас аралығында топта қатерлі ісік ауруларының өлімін 15% -ға азайтады, сонымен қатар гипер-диагностика ықтималдығын 30% -ға арттырады. EUSOMA мәліметтері бойынша, АҚШ-та және

Еуропаның дамыған елдерінде өткен жиырма жыл ішінде ерте скрининг, үздіксіз диагностика және емдеу жүргізу арқасында сүтбезі қатерлі ісігінің өлім көрсеткіші жыл сайын 1-2% төмендеуде. Қазақстан Республикасында жалпы онкологиялық аурулар құрылым ішінде сүтбезі қатерлі ісігінің өлім жағдайы бірінші орында - 11,6% (2011 жыл). «2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасында онкологиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламасы» шеңберінде онкологиялық скрининг, ісік жағдайын едәуір жақсартты. 2012 жылы сүтбезі қатерлі ісігінің аурушаңдық көрсеткіші- 23,5 / 100000, ал өлім көрсеткіші- 8,4 / 100000 құрады.[5].

Зерттеу материалдары мен әдістері.

Бұл зерттеуге сүтбезі қатерлі ісігінің скрининг бойынша статистикалық деректерді салыстыру негізінде 2015-2016 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласы №2 қалалық емхананың 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы сүтбезі қатерлі ісігі бойынша диспансерлік учетте тұрмаған әйелдер алынды. Ақпараткөзі-АИС «Поликлиника» бағдарламасы,онк ологиялық науқастар тіркелімі.

Талдау мен нәтижелер.

2015 -2016 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы №2 қалалық емханада Ұлттық скринингтік бағдарлама аясында сүтбезінің ісік алды және ісік жағдайларын ерте анықтау бойынша 2993 әйел зерттелініп, оның ішінде 83 әйелде ауру белгілері анықталды (2,77%). Жыл бойы жоспардың орындалу көрсеткіштер деңгейі оңтайлы жүргізілді (100%). Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде сүт безі қатерлі ісігінің ерте анықталу (І-ІІ саты) жағдайыжалпы анықталған жағдайдың 90,2% құрады (кесте 1).

Кесте 1 - 2015-2016 жылдары №2 қалалық емханадасүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша Ұлттық скринингтік бағдарламаның негізгі көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер

жылдар

2015

2016

1

жоспар

1492

1501

2

Жоспардың нақты орындалуы

1492

1501

 

% жоспардың орындалуы

100%

100%

3

Анықталған науқастар саны

40

43

 

%анықталған аурулардың қамтылуы

2,6%

2,8%

4

СБҚІ анықталуы

9

12

5

І саты

3

4

6

ІІ саты

5

7

7

ІІІ саты

1

0

8

IV саты

0

1

 

%СБҚІ анықталуы

0,6%

0,7%

2016 жылы Ақтөбе қаласы №2 қалалық емхананың Ұлттық скринингтік бағдарламадағы анықталған қатерлі ісік пен сүт безінің алдын-алу жағдайлары 2,8% -ды құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда (2,6%) 2 есе өсті. Скринингтік зерттеудің сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды анықталған жағдайлардың жас құрылымында 50 жастағы әйелдер басым (кесте.2).

Жасы

2015

2016

 

Абс.с

%

Абс.с

%

50 лет

13

32,5

14

32,5

52 лет

11

27,5

13

30,2

54 лет

7

17,5

7

16,2

56 лет

4

10

6

13,9

58 лет

4

10

3

6,9

60 лет

1

2,5

0

0

Барлығы

40

100%

43

100%

Кесте 2 - 2015-2016 жылдары №2 қалалық емханада сүт безінің қатерлі ісігін скринингтік зерттеулерде анықталған патологиялық жағдайларды жас тобына бөлу 2015 -2016 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы №2 қалалық емхананың Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде сүт безінің ісік алды және ісік жағдайларын ерте анықтауда патологиялық жағдайлар бойынша мастопатия барлық тексерілген әйелдер ішінде - 1,35% құрайды (сурет 1) .

Зерттелініп алынған деректер, біріншіден, Ақтөбе қаласы №2 қалалық емханада сүт безі қатерлі ісігін анықтауға жүргізілген Ұлттық скринингтік бағдарламаның кең көлемде қамтылғанын, әйелдержауапкершілігінің жоғары деңгейін және емхана қызметкерлерінің санитарлық- ағартушылық жұмысын тиімді жүргізгендігін көрсетіп отыр. Екіншіден, сүт безі қатерлі ісігінің жәнеісік алды жағдайлардың диагностикасындазерттеулердің нәтижелері скринингтіңтиімділігін дәлелдейді.

Қорытынды. Деректерді талдау сүт безінің алдын-алу және ісік жағдайларын анықтауда скринингтік диагностиканың тиімділігін көрсетті, бұл сүт безі қатерлі ісігі жағдайларын емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ли И.Н.,Талаева Ш.Ж., Кайбуллаев Б.А. Современные подходы к лечению рака молочной железы // Онкология и радиология Казахстана. - 2010. - №2. - С. 55-67.
  2. КорженковаГ. П., Курдюкова Л. Н., Иванкина О. В. Скрининг рака молочной железы // Вестник РОНЦ им. Н. Н. Бло- хина РАМН. - 2007. - №2. - С. 8-11.
  3. Комарова Л.Е. Скрининговая маммография рака молочной железы. За и против? // Сибирский онкологический журнал. - 2008. - №2. - С. 9-13
  4. Мусина Д.С., Самарова У.С., Рахимжанова Ф.С., Карабаев К.С., Ибраев С.Е. Оценка состояния скрининговой программы на раннее выявление рака молочной железы в павлодарской области // Мedicine. - Almaty: 2017. - №7. - С.14-17.
  5. Исмаилова Г.Н., Ермекбаева Б.А., Жусупова Б.Т., Искакова А.М., Есмагамбетов Ж.А., Шаймарданова Г.М., КумисбековаР.К.Ракмолочной железы: Современные подходы диагностики и лечения // Научно- практический медицинский журнал. - 2014. - №4. - С.10-19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.