Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалар мен жасөспірімдердегі темір тапшылықты анемияның медициналық-әлеуметтік проблемалары (әдеби шолу)

Темір жеткіліксіздігі кезінде ағзадағы тіндерге тек қана оттегіні жеткізу бұзылысы емес, сонымен қатар тіндердің тыныс алу ферменттерінің белсенділігі төмендейді, яғни іс жүзінде барлық клеткалар зардап шегеді, бұл темір тапшылығының күйін клиникалық көріністердің «өзгеруіне» әкеп соғады [1]. Темір тапшылығы анемиясының клиникалық көріністерін алғаш рет 1554 жылы неміс дәрігері Йоханн Лангпен науқас қыздың мысалында сипаттады: «әлсіздік, төмен көңіл-күй, тахикардия, баспалдаққа көтерілу кезіндегі ентігу». 1615 жылы «хлороз» анықтамасы тері түсінің жасыл түстерін сипаттау кезінде пайда болды [2]. Ересектер мен балалардағы темір тапшылығының клиникалық көрінісі анемиялық синдромға қарағанда сидропенияның (темір жетіспеушілігінің) болуымен сипатталады [3]. Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда темір тапшылық анемиясының қысқа мерзіміне байланысты аурудың клиникалық симптомдары ересек балаларға қарағанда ерекшеленеді [4]. Темір құрамындағы ферменттердің жетіспеушілігінен дененің жасушаларында жасалатын редоксидтердің бұзылыстарынан туындаған жас балаларда сидеропенияның белгілері ересектерге қарағанда әртүрлі.

Өзектілігі: Баланы ерте жастан олардың сезімдері туралы ақпарат алу мүмкін емес. Олардың ата-анасының шағымдары бойынша есте сақтау, интеллект, білім беру процесстеріне негізделеді.

Темiр тапшылық анемиясы (ТТА) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өзекті мәселелерінің бiрi ретiнде қабылданған. ДДҰ сарапшыларының мэлiметтерi бойынша Жер шарының 3,6 млрд тұрғынында жасырын темір тапшылығы және 1,8 млрд тұрғынында ТТА анықталады екен. Әлемнің дамушы елдерiнде, әсіресе Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарында 60 % жуық балалар және құрсақ көтеретін жастағы әйелдердің жартысы анемиядан зардап шегедi. Экономикасы дамыған елдерде ТТА таралуы анағұрлым төмен. Мысалы, АҚШ пен Еуропада бұл көрсеткіш 7 % бен 12 % аралығында болса, Ресейде бала босанатын жастағы әйелдер арасында 30 % дейiн жетедi.

Соңғы онжылдықта темір тапшылы күйлердің (ТТК) мәселесі Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерiнде де өте өзекті. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларында жүргізілген медициналық- демографиялық зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, құрсақ көтеретін жастағы әйелдер арасында анемияның таралуы 35,5 %, 38,2 % және 60,4 % сәйкес келген. Бұл патология балалар, жасөспірімдер, ұрпақ беретiн жастағы әйелдер мен қарттар арасында кең таралған[5].

Жалпы темір тапшылығы және сонымен қатар темір тапшылық анемиясы да ағзаның барлық жүйелері мен қызметтеріне әсер ететін аз симптомдар деп аталатын бірқатар өзгерістерді туындатады. Адам ағзасындағы темір тапшылығы балалардағы физикалық және танымдық дамудың тежелуін, ересектердегі ой мен жұмыс істеу қызметінің нашарлауын, инфекциялық ауруларды жеңіл жұқтырудың артуын, диареяның және жедел респираторлық инфекциялардың өте ауыр өтуін, аналар өлімінің жоғары деңгейде жүруін, балалардың аз салмақпен туылуын және басқа да мәселелерді туындататын жағымсыз әсерлермен көрінеді.

Зерттеу мақсаты. Балалар мен жасөспірімдердегі темір жетіспеушілік анемияның клиникалық негіздеріне сүйене отырып, медициналық-әлеуметтік себептерін айқындау.

Темір тапшылығы осы биометалдың сіңірілу, тасымалдау және қорға жиналу қызметтерінің жүре пайда болған немесе тұқым қуалайтын бұзылыстары нәтижесінен дамиды. ТТА- ның ең жиі себебіне созылмалы қан жоғалтулар жатады. Науқасқа білінбейтін, көп емес, бірақ ұзақ уақытқа созылған қан жоғалту (асқазан-ішек жолдарының аурулары) темір қорын үнемі және біртіндеп азайтып, анемияның дамуына алып келеді. Мысалы, 1мл қанда 0,5 мг темір болса, онда қанталайтын геморройы бар адамда күніне 2 шай қасық қан (5 мг темір) жоғалту нәтижесінде физиологиялық тәуліктік жоғалту деңгейі артып, ал ішектен сіңірілетін темір оның орнын толтыра алмауы салдарынан ТТА дамиды. Қалыпты жағдайда етеккірінің бір айналымы кезінде 30-60 мл қан (15-30 мг темір) кетеді. Әйелдің тамағы құнарлы (ет, балық және басқа да темірге бай өнімдер) болса, ішектен күніне 2 мг темір барынша сіңіріледі де, ол бір айда – 60 мг жетіп, анемия дамымайды. Егер әйел айналым сайын 80-120 мл қанмен 40-60 мг темір жоғалтса, оған қосымша физиологиялық жоғалтуларын ескерсек (1 мг/тәу), онда тағаммен түскен темірдің барынша сіңірілуіне қарамастан биометалдың тапшылығы туындап, анемияға алып келеді. Гиперполименорреяның себептері: жатырдан әр түрлі дисфункциялық қан кетулер (әсіресе пре- және климакс кезеңдері), эндометриоз, жатыр миомасы, жатырдың қатерлі ісігі, геморрагиялық диатездер, жатыр ішілік кофнтрацептердің болуы және т.б.

Анемия балалардың өсуіне және дамуына әсерін тигізеді:

  • Қазақстанда жыл сайын 1000-ға жуық бала туу алдында немесе тумай жатып бақилық болады - себебі анасында анемияның асқынған түрі болғандықтан;
  • Қазақстанда 6-24 айлық әрбір екінші балада интеллектуалдық немесе жеке қабілеттерінің дамулары бұзылады;
  • 20 жасқа жеткенде шамамен 1,5 млн. жуық балалар жоғары кірістер алуға және өз қабілеттерін жүзеге асыра алмайды. Анемия ата-аналардың денсаулығына әсерін тигізеді:
  1. 22,6% аналар босану кезінде немесе босанғаннан кейін қайтыс болып жатады, себебі анемияның ауыр түрінен;
  2. әрбір төртінші еркек анемиядан зардап шегеді;
  3. Физикалық әлсіздік, төзімділіктің төмендеуі, тұрғындардың 20-40% бала туу функцияларының төмендеуі байқалады;
  4. тұрғындардың 17-20% еңбек өнімділігінің төмендеуі байқалады.

Павлодар облысында жыл сайын темір тапшылығы анемиясының 6 мың жағдайлары тіркеледі, 2014 жылы ауру көрсеткіші -100 мың тұрғынға 1082,9 құрады, 2015 жылы 100 мың тұрғынға - 832,7 құрады. Қазақстан

Республикасының аумағында анемия проблемасы маңыздылығын ескере отыра және оны жою үшін қажетті шараларды қолдану үшін Қазақстанда анемияның алдын алу бойынша Стратегия әзірленді:

  • 2004 жылы жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде микронутриеттермен фортификациялау (байыту) туралы ҚР заңының баптары қабылданды, оған бірінші кезекте жататындар «В» тобындағы дәрумендер, ниацин, фолий қышқылы және макро, микро элементтері - кальций, калий, темір, йод;
  • 2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) туралы қаулысы шықты;
  • 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) ережесі» 19 қаңтардағы N32 Қаулысы бекітілді;
  • 2009 жылғы 18 қыркүйекте жоғарғы және бірінші сұрыптағы ұндарды міндетті түрде байыту «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі шеңберінде бап қабылданды.

Күнделікті тамақтану барысында байқалатын негізгі дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі фортификацияланған ұнды (байытылған) пайдаланғанда денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізеді.

Бидай ұнын байыту (дәрумендеу) не үшін қолданылады?

  1. Бірінші және жоғарғы сортты бидай ұнын өндіру кезінде 65-90 % микронутриенттер және дәрумендер жоғалады;
  2. Бірінші сортты бидай ұны Қазақстандағы қол жетімді және арзан негізгі азық-түлік өнімі болып табылады, оны міндетті байытылуы анемия деңгейін және 15-25% барлық тұрғындар арасында дәрумендер тапшылығын төмендетеді.
  3. Ұнды міндетті фортификациялаудағы 57 әлем елдері тәжірибесі көрсеткендей, бұл стратегияның табысты мәселесі барлық тұрғындар арасында микронутриенттер тапшылығының алдын алу болып табылады.

Біздің Республикамызда дәруменді-минералды кешен әзірленді және бекітілді. 2010 жылдан бастап Степногорск қаласында перемикс өндірісі басталды. 70% - ға дейін ұнды ішкі тұтынудағы 20-ға жуық ірі диірмен тәжірибемен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құнарландырылған ұн және нан тұтынушыларға қолайлы, өйткені бұл өңдеу процесінде жоғалған микроэлементтерді қалпына келтіреді. ҚР ДМ МСЭҚК 2011 жылғы 6 сәуірдегі «Жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялауға бақылауды күшейту туралы» №70 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялануға бақылау мен қадағалау жүргізіліп отырылады.

Мониторинг қорытындысы бойынша, 2016 жылы Павлодар облысында бірінші және жоғарғы сұрыптағы 16176 тонна ұн өндірілген, оның ішінде 6233 тонна ұн жоғарғы сұрыптағы, 9943 тонна ұн бірінші сұрыптағы. 49 тонна жоғарғы сұрыптағы және 1 сұрыптағы ұн - 205 тонна байытылған ұн өндірілді, ол 0,7% және 2% құрады.

Павлодар облысында жоғары және бiрiншi сорттағы бидай ұнын байытумен (фортификациялау) жеті кәсіпорын айналысады: ЖК Главацкий «Лоза» ФШ, Павлодар қаласы «Аслан» ЖШС, «Павлодар қаласы «Группа Интер» ЖШС, Павлодар қаласы ЖК Тетенева, Павлодар қаласы «Аквамарин-PV» ЖШС, «Лейла» дейірмен кешені «Еркен» ШҚ Екібастұз қаласы, Ертіс ауданы «Уразбаев» ШҚ.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» N 193-IV Кодексінің 160-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар азық-түлік өнімдерін өндіру барысында, темір тапшылығы жағдайларының алдын алу мақсатында өндірісте тек қана құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылған ұнды және өзге де тамақ өнімдерін пайдалануға міндетті.

Қорытынды: Егер ағзадағы темір қоры азайса, гемоглобин деңгейі де қарқынды түрде төмендейді, бұл қан эритроциттерінің тіндерге оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді. Бұл жағдай ағзаның барлық жүйесінің, мүшелерінің, тіндерінің және жасаушаларының тыныс алу бұзылыстарына әкеліп соғады. Әсіресе бізге қозғалып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, кез-келген жастағы адамдарға кері әсерін тигізетін ми және бұлшықет мәселелері өте маңызды. Гемоглобиннің қажетті деңгейі іштегі нәрестенің толық дамуы үшін жүктілік кезінде өте қажет. Гемоглобин түзілуі темір ғана емес, сонымен бірге темірдің сіңірілуі мен фоли қышқылының белсенділігін қамтамасыз ететін цинк, мыс, марганец, никель, В6 және В12 дәрумендері, С дәрумені қатысуы арқылы жүзеге асатын көп сатылы процесс. Егер ағзадағы темір қоры азайса, гемоглобин деңгейі де қарқынды түрде төмендейді, бұл қан эритроциттерінің тіндерге оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді. Бұл жағдай ағзаның барлық жүйесінің, мүшелерінің, тіндерінің және жасаушаларының тыныс алу бұзылыстарына әкеліп соғады. Әсіресе бізге қозғалып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, кез-келген жастағы адамдарға кері әсерін тигізетін ми және бұлшықет мәселелері өте маңызды. Гемоглобиннің қажетті деңгейі іштегі нәрестенің толық дамуы үшін жүктілік кезінде өте қажет. Гемоглобин түзілуі темір ғана емес, сонымен бірге темірдің сіңірілуі мен фоли қышқылының белсенділігін қамтамасыз ететін цинк, мыс, марганец, никель, В6 және В12 дәрумендері, С дәрумені қатысуы арқылы жүзеге асатын көп сатылы процесс.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. А.Е. Абатуров, И.Л. Высочина, О.Н. Г ерасименко. Рациональная терапия железодефицитных анемий у детей препаратами железа для применения внутрь // Здоровье ребенка. - 2006. - №3(3). - С. 16-24.
  2. Л. А. Анастасевич, А. В. Малкоч. Железодефицитная анемия у детей грудного и младшего возраста // Лечащий врач. - 2006. - №7. - С. 66-70.
  3. Коровина Н.А., Захарова И.Н., Заплатников А.Л., Малова Н.Е. Профилактика и лечение железодефицитных состояний у детей / / Лечащий врач. - 2004. - №1. - С. 24-28.
  4. А.Г. Румянцев, Т.В. Казюкова. Профилактика дефицита железа у детей раннего возраста / / Трудный пациент. - 2007. - №5(2). - С.38-42.
  5. Н. М. Богданова Дефицит железа и его отрицательное влияние на развитие детей раннего возраста. Диетологические возможности постнатальной коррекции дефицита железа / / Лечащий врач. — 2011. — №8. — С. 38-45.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.