Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балаларда бауыр патологиялары кезінде липидтер алмасуының ерекшеліктері

Қан сарысуының фосфолипидтердің қанығу деңгейінің төмендеуі, ультрадыбыстық өзгерістердің болуы, өт қабының қабатының тығыздалуы созылмалы холециститтің болуына қосымша диагностикалық критерий болып табылады.

Өзектілігі. Соңғы жылдары балаларда липидтер алмасуының бұзылыстарымен байланысты гепатобилиарлы жүйенің ауруларына шалдығудың күрт өсуде, атап айтқанда өттегі холестероз (ӨХ), алкогольсіз май стеатогепатозы (АМСГ). Бала кезіндегі патологияның бұл түрі аз зерттелген және практикалық дәрігерлерге аса белгілі емес [1].

Ересектер мен балалардың арасында АМСГ және ӨХ қалыптастыру қаупі болып: семіздік, қант диабеті, метаболикалық синдром, атерогенді гиперхолестеринемия, атеросклероз, артериалды гипертония табылады. Ересектер арасында атерогенді дислипидемияның жүрек-қан тамырлары және гепатобилиарлық екі аурулардың кең ауқымын үйлестіре отырып, тұтас ағзаның зат алмасу процессінің үлкен проблемасы екені белгілі. Балалардағы өт жолдарын зақымдануы қабыну және басқа да зат алмасудағы бұзылулармен тығыз байланысты. Липидтердің метаболизмі тұрақты түрде өзгерістерге ұшырап, холестаз және де басқа да өттің түрлі патологияларына әкеледі [2.3]. Зерттеу мақсаты. Дислипидемия аясында гепатобилиарлы аурулардың диагностикасы мен алдын-алуды жақсарту үшін липидтер алмасуының параметрлерінің өзгеру үлгілерін зерттеу.

Зерттеу деректері мен әдістері. Зерттеуге ата-аналарының рұқсатымен ерікті ақпараттық келісім бойынша 25 бала алынды. Барлық зерттелінгендер саны 25, 2 жастан 14 жасқа дейін, олардың ішінде 11 ұл бала және 14 қыз бала құрады. Балалардың орташа жасы 8,73 ± 0,85 тең болды.

Барлық зерттеуге алынған науқастардағы бауырдың функционалды жағдайын бақылауға созылмалы холециститтің емдеу және диагностика хаттамаларына сәйкес зерттеу жүргізіліп, трансабдоминальды ультрадыбысты «Toshiba Aplio 500» аппаратында зерттеу жүргізілді.

Сонымен қатар, қанның сарысуында липидті метаболизмнің жай-күйін анықтау үшін жалпы холестерин (ЖХ), триглицеридтер (ТГ) және жоғары тығыздықтағы липопротеинді холестерин (ЖТЛХ), фосфолипидтер (ФЛ), бос май қышқылдары (БМҚ) анықталды.

Зерттеу нәтижесі және талдау. Балаларға арналған майларға деген қажеттілік белоктың қажеттілігінен асып кетеді, бірақ ол көмірсуларға қарағанда төмен. Өмірдің бірінші жартысында балаға 6,3 г / кг дене салмағының, екінші жартысында 5,5 г / кг-ны алуға болады. Ақуыздардың, майлардың және көміртектердің оңтайлы ара қатынасы өмірдегі алғашқы 3 айда 1:3:6 және қосымша тамақ өнімдерін енгізгеннен кейін - 1:2:4 тең. 1 жастан асқан балаларға 1 кг дене салмағының майларына қажеттілігі 1-3 жасқа дейін біртіндеп азайып 4,3 г тең болады, 3-7 жыл - 3,7 г, 7-11 жыл - 3 г, 11-14 жыл - 2,5 г, 14 жастан асқан - 2 г тең. Белок, май және көмірсулар арасындағы байланыс ересектер деңгейіне байланысты өзгереді (1:1:4).

Зерттелінген балалардың көпшілігі қалыпты дене дамуы мен орташа дене салмағы (ОДС) мәндеріне ие болды: 17,54 ± 0,75 кг/м2. Созылмалы холециститпен ауыратын балаларда ОДС көрсеткіштері басқалармен салыстырғанда жоғары 25 кг/м2 тең болды. Зерттеудегі балалардың 100%-да анамнезінде жүрек-қантамыр патологиясы немесе гиперхолестеринемиясының бірінші және екінші дәрежедегі туыстары бар екендігі тіркелді.

Трансабдоминальды ультрадыбыстық зерттеуге сәйкес, бауырдағы әр түрлі өзгерістер анықталды: біркелкі емес эхоструктура (50%), өт жолдарының кеңеюі (92,9%), гепатомегалия (35,7%), тамыр қабырғаларының қалыңдауы және тығыздалуы (28,6%).

Кесте 1 - Зерттеуге алынған балалардағы липидтердің көрсеткіштері (n = 25)

Көрсеткіш

Дислипидемия-ның диагностикалық критериі

Отбасылық

гиперхолестеринемия, (n = 25)

Бауырдың гликогенді ауруы (n = 25)

Созылмалы холецистит, (n = 25)

Жалпы холестерин, ммоль/л

> 4,8

5,37 ± 0,52 (100%)

4,59 ± 0,82 (45,5%)

3,82 ± 0,11 (0%)

Триглицеридтер,

ммоль/л

> 1,32

1,58 ± 0,28 (12,5%)

3,09 ± 0,63 (63,6%)

0,91 ± 0,06 (0%)

Холестерин ЖТЛХ, ммоль/л

< 1,0

1,09 ± 0,16 (6,7%)

1,09 ± 0,11 (27,3%)

1,19 ± 0,04 (4,8%)

Бос май қышқылдары, ммоль/л

> 0,8

0,42 ± 0,08 (0%)

1,02 ± 0,11 (88,9%)

0,49 ± 0,03 (6%)

Фосфолипидтер

ммоль/л

< 2,47

2,09 ± 0,15 (0%)

3,69 ± 0,72 (0%)

2,49 ± 0,10 (45,0%)

 

Созылмалы холециститпен ауыратын балаларда (1 сурет) холестериннің және оның қан сарысуындағы фракцияларының құрамында ешқандай ауытқулар жоқ. Олар сарысуының қанықтыру деңгейінің төмендеуімен сипатталады. Белгілі ФЛ эндогенді өт қышқылымен бірге холестериннің ерігіштігін қамтамасыз етеді; олардың мазмұны, әдетте, өт келуіне пропорционалды түрде азаяды. Қанның сарысуындағы ФЛ қанығу деңгейі шөгінділердің қалыптастыру үрдісін көрсетеді және балалардағы созылмалы холецистит үшін қосымша критерийлердің бірі болып табылады.

Қорытынды. Қан сарысуының ФЛ қанығу деңгейінің төмендеуі, ультрадыбыстық өзгерістердің болуы, өт қабының қабатының тығыздалуы созылмалы холециститтің болуына қосымша диагностикалық критерий болып табылады. ӨХ үшін тәуекел тобына ультрадыбыстық және липидті метаболизм бұзылыстарында өтпелі гиперхолестеринемия және ТЖЛП холестеринді мәндері түріндегі өт қабының қабырғасында өзгерістер бар балалар жатады. Бауыр гликогены бар балалардағы қан сарысуындағы БМҚ-ның жоғары мәндері қайталама гематопатияны көрсете алады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. кестеге сай барлық зерттелінушілер арасында жоғары тұрақты гиперхолестеринесия анықталды, сонымен қатар, ЖТЛП холестериннің мәні де 79,1% құрады. Бұл гипертриглицеридттердің жеңіл дәрежесі деп те атауға болады.
  2. Семенова О. В., Жукова Л. И. Диффузное утолщение стенки желчного пузыря, выявляемое при эхографии у детей с заболеваниями желчевыводящей системы // Вестник ВГМУ. - 2005. - №3. - С. 88-96.
  3. Зиатдинова Нелли Валентиновна, Адельшина Э. Н., Маланичева Т. Г. Частота и структура заболеваний органов пищеварения у детей дошкольного возраста // ПМ. - 2011. - №48. - С. 188-195.
  4. Шкуринская М. П., Сизых Т. П. Болезни желчевыводящих путей у детей: современное состояние вопроса и роль санаторнокурортного лечения // Сиб. мед. журн. - Иркутск: 2004. - №8. - С. 53-59.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.