Қазақстан республикасының фармацевтикалық өнекәсібі. 2016 жылдың қорытындысы

Қазіргі таңда дәрілік зат заманауи медициналық көмектің құрамдас бөлігі болып табылады,ол адам ауруларының кең ауқымды алдын алу, диагностикалау және емдеуге мүмкіндік береді, өмір сүру ұзақтығын және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Дәрі-дәрмектердің белгілі бір жиынтығына тұрақты қолжетімділік дәрілік заттың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде негізгі түйін болып табылады. Сонымен бірге, фармацевтика өнеркәсібі - ең жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін салалардың бірі және инновациялық даму локомотивтерінің бірі болуы мүмкін. Фармацевтика өнеркәсібінің ерекшелігі - бұл басқа салалармен салыстырғанда жаңа өнімдерді жасаудың ұзақ циклі, себебі бұл процесс ғылымиға және ресурсқа негізделген.Әдетте, жаңа препараттардың дамуыұзақ уақытты және қымбат клиникалық сынақтарды қоса есептегенде шамамен 10-15 жылға созылады.Фармацевтика өнеркәсібінің дамуы биология және химия саласындағы жетістіктерге байланысты және фармацевтикалық нарықтың дамуының ғаламдық перспективалары химия, биология және медицина, ғылымды қажет ететін био- және нанотехнологиялар бойынша соңғы жетістіктермен анықталады және сондай-ақ ірі фармацевтикалық компанияларды және олардың жаңа өнімдер мен қызметтерді дамытудың аса қауіпті кезеңдерін қабылдайтын инновациялық бизнестің әртүрлі кішігірім нысандары бар қоршаған ортасын қамтитын инновациялық жүйені дамыту. Отандық фармацевтикалық нарықтың жай-күйі екі негізгі сипаттамамен ерекшеленеді:дайын дәрілік заттар мен клиникалық тиімділігі жоғалған және ескірген субстанция өнімдерінің басымдылығы, сондай – ақ, импорттың жоғары үлесі.Отандық нарықтың сегменті 70-80 жылдары өндірісте шығарылған препараттардың басымдылығымен сипатталады. Заманауи отандық инновациялық препараттарға тиесілі пайыздық үлес 0,2%. Осылайша, фармацевтикалық саланың дамуы химия, биология салаларының жетістіктеріне байланысты. Қазақстандық фармацевтикалық өндірістің көлемінің ұлғаюына нарықтағы ішкі сұраныстың жоғары өсуі негізгі серпін тигізді. 2016 жылғы көрсеткіш бойынша өндірілген фармацевтикалық өнім 42,4 млрд.теңгені құрады және бұл көрсеткіш соңғы бес жылда рекорд орнатты.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: "Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ салалық талдау орталығының деректері бойынша 2016 жылы өндірілген

фармацевтикалық өнім көлемі 42,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 33,3% -ға көп. Отандық фармацевтикалық өнімнің негізгі өндірушілері Оңтүстік Қазақстан облысы (56,5%), Алматы облысы (22,3%) және Алматы қаласы (12,7%). Өнім көлемінің ұлғаюы АҚ "Химфарм", ЖШС "Абди Ибрахим Глобал Фарм", ЖШС

ӨНЕРКӘСІПТІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ.

"Вивафарм" кәсіпорындарында шығарылатын өнім есебінен орын алды. (сурет 1)

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Отандық фармацевтикалық өндіріс өнімдердің өсу үрдісінің құрылымын, фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлерінің өндіріс көлемін, фармацевтикалық өнеркәсіпөнімдерінің экспорты және импортын өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру.

Ғылыми жұмысты зерттеу.

Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібінде 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы өнім көлемі 42,4 млрд. теңгені құрады. Жылдық кезеңдегі өсу "Химфарм" АҚ,"АбдиИбрагим Глобалфарм" ЖШС, "Вива фарм" ЖШС, "Эйкос-фарм" ұйымдарындағы шығарылған өнім көлемінің өсуі табиғи түрдегі негізгі дәрілік заттардың өндірісінің 1,6 есеге, яғни 17,7 млн.кг.ға дейін өсуі есебінен болды. Отандық фармацевтикалық өнімнің негізгі өндірушілері Оңтүстік Қазақстан облысы (56,5%), Алматы облысы (22,3%) және Алматы қаласы (12,7%) болып табылады.(Сурет 2)

Сауда көрсеткіштері мен сауда нарықтары 2016 жылдың қаңтар - қараша айларындағы фармацевтикалық өнімдерді экспорттау өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,7% - ға төмендеп, 18,8 млн. АҚШ.долл. құрады.

2016 жылдың қаңтар - қараша айларындағы млн. АҚШ.долл құрады, бұл 2015 жылдың ұқсас фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің импорты 853,7 көрсеткішінен 22,2% төмендеген. (Сурет 4).

 

Кесте 1 - 2016 жылдың қаңтар - қараша айларындағы фармацевтикалық өнеркәсіптің негізгі өнім түрлерінің экспорты және импорты

ҚР оңтүстік үш өңірі: Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысы, және Алматы қаласында фармацевтикалық өндіріс көлемінің 92,3% ақшалай, ал 88% тоннамен құрады. Мұнда "АбдиИбрахим ГлобалФарм" ЖШС, "Kelun-KazPharm" ЖШС, "Dolce" ЖШС (Алматы облысы), Алматы фармацевтикалық фабрикасы "Нобел" ЖШС, "Аврора" ЖШС, "Alimor Cheminnova Kazpharm" ЖШС, "Bs-Alimor Pharm Industries" ЖШС, "Dosfarm" ЖШС (Алматы), "Зерде-Фито" ЖШС, "Химфарм" АҚ (Шымкент) сияқты және өзге де ірі компаниялар жұмыс істейді.

Дәрілік препараттарды өндірушілер үшін жаңа инновация күтілуде, яғни әр үш жыл сайын дәрілік заттың сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету мақсатында өндірушілер еуропалық және американдық стандарттарға сәйкес инспекцияланатын болады. Ал қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында инспекциялау дәрілік заттың тіркелу тарихында бір рет ғана өткізіледі, яғни дәрілік затты немесе өндіруші ұйымды тіркеу сатысында ғана жүргізіледі.Сонымен қатар, дәрілік препараттардың фальсификациясымен күресу үшін препараттарды 2D кодтау жүйесін енгізу және тіркелмеген қаптаманы анықтау үшін әрбір препараттың қорабына бірегей штрих-код белгілеу жоспарлануда.

Қорытынды: Отандық фармацевтикалық өнімнің негізгі өндірушілері Оңтүстік Қазақстан облысы (56,5%), Алматы облысы (22,3%) және Алматы қаласы (12,7%) болып табылады. 2016 жылдың қаңтар - қараша айларындағы фармацевтикалық өнімдерді экспорттау өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,7% - ға төмендеп, 18,8 млн. АҚШ.долл. құрады.Ал фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің импорты 853,7 млн. АҚШ.долл құрады, бұл 2015 жылдың ұқсас көрсеткішінен 22,2% төмендеп кеткен.

ТАУАРДЫҢ АТАУЫ

ЭКСПОРТ

ИМПОРТ

Жекезаттарданнемесезаттардыңқоспаларынан

жасалған дәрілік заттар

59,0%

52,8%

Иммундықсарысулар

10,9%

11,14%

Вакциналар

7,8%

9,9%

Құрамында антибиотиктер бар дәрілік заттар

6,9%

5,4%

Құрамында гормондар бар дәрілік заттар

5,1%

3,0%

Құрамында кортикостероидты гормондар бар дәрілік заттар

1,9%

2,3%

Құрамында алкалоидтар бар дәрілік заттар

0,9%

3,3%

Құрамында пенициллин бар дәрілік заттар

0,9%

1,1%

Құрамында дәрумендері бар дәрілік заттар

0,8%

2,4%

Басқалары

5,7%

8,6%

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Фармотрасль Казахстана URL: http://www.generic.kz/kazakhstan-pharmacy
  2. Агентство РК по статистике URL: www.stat.kz
  3. Экспорт фармацевтической продукции: проблемы и перспективы, URL: http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/ analytics/export_pharm.php;
  4. Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному (ФИИР) развитию Республики Казахстан на 2010-2014 годы URL: http://www. ru.government.kz/resources/docs/doc12
  5. Казбеков Б., Казбекова Ж. Проблемы и пути развития фармацевтической промышленности Казахстана. URL: http:// kz/napr/export
Жыл: 2018
Қала: Алматы
Категория: Медицина