Жіңішке тасшыгүл (androsace filiformis) экстрактісішң бактерияға қарсы белсенділігін зерттеу

МақалаДа жіңішке тасшыгүл (Androsace filiformisRetz.) Дәрілік өсімДік шикізат экстрактісінің бактерияға қарсы белсенДілігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеудің нәтижелері бойынша, зерттелген жіңішке тасшыгүл экстрактісі бактерияға қарсы әртүрлі дәрежеде әсері бар екендігін көрсетті.

Кіріспе: Жіңішкетасшыгүл ақдодалдар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы: Androsace filiformisRetz. Тұқымдастығының латынша атауы: PrimulaceaeVent.[1].

Жіңішке тасшыгүл өте құнды емдік қасиеттері ие, ал осы өсімдіктің шөбі терапиялық мақсаттарда қолдануда ұсынылады. Шөп ұғымына гулдер, сабақтар және жапырақтары кіреді. Мұндай аса құнды емдік қасиетінің болуын, оның құрамындағы иілік заттар, антрахинондар және сапониндердің болуымен түсіндіріледі.

Жіңішке тасшыгүл негізіндегі қайнатпа мен тұндырманы жараларды емдеуді жеделдету үшін ұсынылады.

Бұл өсімдіктің протистоцидтік және бактерицидтік қасиеттерге ие екендігін эксперименталды түрде дәлелдегенін атап өткен жөн[2-3].

Өзектілігі: Дәрілік өсімдіктерді шикізат ретінде және әртүрлі дәрілік зат дайындау үшін пайдалану ғасырлар бойы келе жатыр, бірақ әлі күнге дейін өсімдктердің салыстырмалы түрде қасиеттерінің аз мөлшері ғана зерттелген.

Қазақстан Республикасында өсетін бактерияға қарсы қасиеттері бар экстрактілерден биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу перспективті бағыт болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында өсетін Androsace Filiformisөсімдік экстрактілерінің химиялық құрамы мен қасиеттерін салыстырмалы талдау ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады.

Осылайша, Androsace Filiformis экстрактісінің бактерияға қарсы қасиеттерін зерттеу өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Жіңішке тасшыгүл (Androsace Filiformis) экстрактісінің бактерияға қарсы белсенділігін зерттеу

Зерттеу материалы мен әдістері: Шикізат ретінде жіңішке тасшыгүл өсімдігінің (шөптің) үсті бөлігі пайдаланылды. Экстракт перколяция әдісімен алынды. Экстрагент ретінде 40%,60%,70%,95% концентрациясындағы этанол және хлороформ қолданылды [4].

Дәрілік препараттарды зерттеу үшін классикалық микробиологиялық әдістемелер пайдаланылды. Олардың микробқа қарсы әсерінің тиімділігін (белсенділігін) санды әдісі бойыншазерттелді. Санды әдіс бойынша зерттеуге алынған сынамаларды қоректік орталарына егіп, өскен калониялары саналды. Сандық әдістің принципі: бұл 1,0г.

немесе 1,0мл. зерттелетін материалдағы

микроорганизмдердің колония түзуші бірлік (КОЕ) санымен анықтау болып табылады.

Экстрактілерді зерттеу үшін оларды бақылау тест- культураларымен жасанды түрде контаминациялау арқылы жүргізілді.

Экстрактінің микробқа қарсы әсерінің тиімділігін бағалау үшін Америкалық типтік микроорганизмдер жиынтығының (АТСС) Escherichia coli АТСС25922, Staphylococcus aureusАТСС6538, Pseudomonas aeruginosa АТСС27853, Klebsiella pneumonia ATCC700603 тест - культуралары қолданылды.

Жасанды түрде контаминациялау үшін 28 - 37°С термостатта 18-20 сағат аралығында өсірілген тест- культураларынан суспензия дайындалды.

Эксперимент жасау үшін тәуліктік (18 сағ.) тест - культуралары мен 0,9% натрий хлориді ерітіндісін пайдалана отырып, жеке-жеке E.coli, S. aureus, Kl. рneumoniaе және P. аeruginosa культураларынан суспензия дайындап, оларды стандартты 0,5 бірлікке жеткіздік (0,5 McFarland). Осы стандарт 0,5 бірлікте - шартты түрде 1,0мл ерітіндіде 1,5х108 бактериялық клеткаларға сәйкес келеді [5-6].

Талқылаулар мен нәтижелер:

  1. Зерттеуге алынған экстрактың 10,0 мл\гр-н 90,0 мл 0,9% тұзды ерітіндімен араластырып зерттелетін үлгіні дайындап алдық.
  2. 5,0 мл зерттелетін үлгіге 0,2 мл тест-культураларына қосып, араластырып тәжірибелі сынама дайындап алынды.
  3. Дайындалған тәжірбиелі және бақылау (зерттеу үлгілері қосылмаған) сынамаларды қоректік орталары бар Петри табақшаларының бетіне 0,1 мл-ден себінді жасалды. Қоректік орталар ретінде Мюллера Хинтон ортасы қолданылды. Себінді (егу) жасалған Петри табақшаларын 28-370С- та 24-48 сағат аралығында инкубациялап, содан кейін колония түзуші бірлік (КТБ) санын санау жүргізілді.
  4. КТБ саны 15 және 300 аралығында жатқан тәжірибедегі және бақылаудағы колонияларды санап, табақшаларды есепке алу жолымен өңдеу қорытындылары жүргізілді. Қайталанатын орташа арифметикалық анықтамалардан орташа санын есептегеннен кейін, редукция факторын (RF) мына формула бойынша есептелінді:

LogRF = log (КОЕ Ко) – log (КОЕ D)

мұнда: КОЕ Ко - дәрілік заттың әсері жоқ мл-гі КТБ-ның саны,

КОЕ D - дәрілік заттың әсері бар мл-гі КТБ-ның саны.

Дәрілік препараттардың микробқа қарсы әсерінің тиімділігін зерттеу нәтижелері кестеде келтірілген (1-кесте).

Қорытынды. Осылайша, зерттеудің нәтижелері бойынша, біз зерттеген жіңішке тасшыгүл экстрактісі микробқа қарсы әр түрлі дәрежеде әсері бар екендігін көрсетті. Жіңішке тасшыгүл өсімдігінің 70% этанолды экстрактісі жоғары бактерияға қарсы белсенділікті көрсеткендіктен, одан әрі зерттеулерге қолдануға перспективті деп есептеуге болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Губанов И. А. Проломник нитевидный // Иллюстрированный определитель растений Средней России.-Т-во науч. изд. КМК, Инт технолог.иссл. -2004. - Т. 3. - С. 28-31.
  2. Рысин Л.П. Конспект лесной флоры средней полосы Русской равнины. -М.:Сосудистые растения, 2009. - 131 с.
  3. Харкевич С. С. Сосудистые растения советского Дальнего Востока //Наука. - 1985. -Т.2. - С. 157-163.
  4. Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств // НФаУ. - М.: МТК-Книга, 2013. - Т. 1. - С 87-89.
  5. Дамянова С., Костова И., Тодорова С., Енчева Р., Ergezen M., Стоянова А. Антимикробна активност на екстракти от листа на глог (GrataegusmonoginaJacq.)//Хранителна наука техника и технологии. - 2011. - Т.3. - С. 17-20.
  6. Дамянова С., Тодорова С., Стоянова М., Стоянова А., Енчева Р. Антимикробнаактивност на екстракти от глог (GrataegusmonoginaJacq.) // Научнитрудове РУ „А. Кънчев”. - 2011. - Т.50. - С. 76-79.
Жыл: 2018
Қала: Алматы
Категория: Медицина