Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Тiл» және «язык» соматизмдерінің негізіндегі фразеологизмдердің ерекше тобы

Бұл мақалада қазақ және орыс тілдерінде қолданылатын «тіл» және «язык» соматизмдерінің негіздеріндегі фразеологизмдердің ерекше тобы қарастырылады. Мұндай фразеологизмдердің құрамында шынайы өмірде кездеспейтін, мүмкін емес қимыл- қозғалыстарды көрсететін тіркестер де кездеседі. Фразеологизмдердің мұндай ерекше тобы белгілі бір ирреалды әрекетті көрсетіп, осы құбылыстың шынайы өмірде кездеспейтіндігін айқынайды. Мұндай бірліктер тура мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады.Мұндай фразеологизмдерде ең жиі қолданылатын анатомиялық атаулар ауыз,бас, жүрек, көз және тіл сияқты атаулар болып табылады. Солардың арасынан «тіл» және «язык» лексемаларын талдадық.

Әсіресе, медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің сөйлеу қабілетін арттыру мақсатында құрамында қазақша анатомиялық атаулары бар соматикалық фразеологизмдерді кеңінен қолданудың маңыздылығы дау тудырмайды.

Кіріспе. Фразеологизмдер - қандай тілдің болмасын сөздік қорының бейнелілігі мен байлығын арттыра түсетін тілдік бірліктер. Өткен ғасырдың қырықыншы жылдарында тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптасқан фразеология ғылымында қазіргі таңда эр түрлі бағыттар мен эдістер пайда болды. Сондай эдістердің бірі - құрылымдық - ұялық эдіс. Оның негізіне фразеологизмдердің компоненттерінің тақырыптық топтастырулары жатады [1]. Фразеологиялық жүйені тіркеп талдау жэне даму барысын анықтау үшін оларды тақырыптық топтарға бөліп қарастырудың маңызы зор. Фразеологизмдерді тақырыптарға топтауда академик Ә.Қайдар мен Р.Жайсақова фразеологиялық бірліктердің тақырыптық-пэндік жүйеленуін екі түрлі негізге сүйене отырып жүргізуге болады деген пікір айтады. Бірінші негіз - ұйытқы , тірек қызметіндегі сөздердің лексикалық мағынасын ескере отырып, екінші негіз - фразеологиялық бірліктердің жалпы мағынасын, яғни берілген құбылыс немесе заттық мағыналарын ескере отырып жүйелеу қажет [2]. Осы жіктеуді негізгі ала отырып, түрік жэне қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдерді салғастыра зерттеген Ш.Қ.Құрманбаева етістікті фразеологизмдерді ұйытқы болған сөздерге қарай оларды 3 топқа бөледі: дене мүшелерінің атаулары ұйытқы болған етістікті фразеологизмдер; сан атаулары ұйытқы болған етістікті фразеологизмдер; жан-жануарлар атаулары ұйытқы болған етістікті фразеологизмдер. Фразеологизмдердің жалпы мағыналарына қарай: адамдардың іс-эрекетін білдіретін етістікті фразеологизмдер; эмоцияның күй-қалыбын білдіретін етістікті фразеологизмдер деп топтастырады [3]. Тақырыптық топтарға жіктеу фразеологизмдер үшін шартты болатындығын айтып өткен жөн. Себебі бір фразеологизмнің өзі бірнеші топқа қатысты болуы мүмкін. Соның ішінде адамның дене мүшелері ұйытқы болып келетін тұрақты тіркестердің алатын орны ерекше. Адамның дене мүшелерінің қатысымен белгілі бір ойды білдірудің мүмкіндігі мол. Олар фразеологиялық қордың басым бөлігін құрайды. Мұндай тіркестерді тіл білімінде соматикалық фразеологизмдер деп атайды. Соматикалық етістік фразеологизмдер адамның анатомиялық атауларын ғана емес, оның дене мүшелері мен ішкі ағзаларына қатысты эр түрлі қимыл-қозғалыстар мен іс-эрекеттердің тілдегі сипатын көрсетеді. Мұндай фразеологизмдердің құрамында шынайы өмірде кездеспейтін, мүмкін емес қимыл-қозғалыстарды көрсететін тіркестер де кездеседі. Фразеологизмдердің мұндай ерекше тобы белгілі бір ирреалды эрекетті көрсетіп, осы құбылыстың шынайы өмірде кездеспейтіндігін айқынайды. Мұндай бірліктер тура мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Оларды белорус ғалымы Н.Б. Мечковская фразеологизмдердегі қимыл-фантомдар деп атайды. Автордың тұжырымдауынша мұндай фантастикалық суреттемелер метатілдік сипаттағы идиомаларда өте өнімді болады [4].

Соматикалық фразеологиялық бірліктердің эр түрлі тілдерде кездесуі жайлы қазақ жэне неміс тілдері құрамындағы соматикалық фразеологизмдерді салғастыра зерттеген М.Х.Абилгалиева былай дейді: «Так как логика человеческого поведения и основные функции частей тела универсальны, то такие фразеологизмы появляются спонтанно в разных языках и носят универсальный характер» [5]. Қазақ жэне орыс тілдерінің фразеологиялық қорын қарастыра келе, мұндай фразеологизмдер, яғни фантастикалық, мүмкін емес қимыл-қозғалыстарды көрсететін фразеологиялық бірліктер екі тілде көптеп кездесетіндігін байқадық.

Зерттеу әдістері. Қимыл-фантом фразеологизмдерге тірек (таяныш, ұйытқы) болатын соматизмдердің эр қайсысын жеке дара қарастыра келе, олардың қолданылу жиілігі эр түрлі болатынын көреміз. Көзге көрінер негізгі мүшелер мен ағзалардың негізінде, олардың атқарар қызметі негізінде қалыптасқан қимыл-фантом фразеологизмдері басқа анатомиялық атаулар негізінде қалыптасқан фразеологизмдерден басым түседі. Ішкі ағзалардың адам өміріндегі маңыздылығы мен қажеттілігіне қарамастан, бұл атауларды тірек еткен фразеологизмдер сирек кездеседі. Мұндай тіркестерде екі тілде де ең жиі қолданылатын анатомиялық атаулар бас, жүрек, көз, қан жэне тіл сияқты атаулар болып табылады. Осы соматизмдер ішінен «тіл» жэне «язык» лексемаларын талдауға алып көрейік. Себебі бұл соматизмдер екі тілдің эр түрлі құрылымды, туыстас тілдер емес екендігіне қарамастан, қос тілде де фразеологиялық бірліктерді құруда жиі қолданысқа түседі жэне тақырыптық көп түрлілігімен ерекшеленеді. Оның қажеттілігі мен қызметі айқын. Осы соматизмдер негізінде құралған қимыл-фантом фразеолеогизмдер салғастыра зерттелінеді.

Жалпы салғастырмалы зерттеудің негізгі міндеті туыстас тілдер мен туыстас емес тілдердің фразеологиялық жүйелерінің маңызды жэне терең ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықтау болып табылады. Мұндай зерттеулер эр түрлі тілдердегі зерттелінетін тілдік құбылыстардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсінуге, тілдік құрылымды терең тануға, терең зерттеуге, тек бір тілді қарастырған кезде жасырын қалатын құбылыстарды айқындауға көмектеседі.

Әр түрлі құрылымды екі тілдегі фразеологизмдерді салғастырмалы зертеу үшін компонентті талдау әдісін қолданамыз. Ең алдымен соматикалық лексемалардың тура номинативтік мағыналарының семасын анықтау қажет. Ол үшін екі тілдің түсіндірме сөздіктерін қолдану қажет.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «тіл» лексемасына бірнеше анықтама беріледі:

  1. жан-жануарлардың дэм сезетін, адамдардың сөйлеу дыбыстарын шығаратын ауыз қуысындағы негізгі мүше.
  2. сағаттың уақыт мөлшерін білдіріп тұратын көрсеткіші [6].

С.И.Ожеговтың «Словарь русского языка» сөздігінде «язык» лексемасының келесі мағынаға ие:

  1. подвиждный мышечный орган в полости рта, восприниающий вкусовые ощущения, у человека участвующий также в артикуляции.
  2. такой орган животного как кушанье.
  3. в колоколе: металлический стержень, производящий звон ударами о стенки [7].

Көріп отырғанымыздай, екі тілде де «тіл» және «язык» соматизмдерінің алғашқы мағыналары сәйкес келеді. Яғни олар қос тілге ортақ ұғымдар. Бұл соматизмдер сөйлеу аппаратының бір бөлігі болғандықтан, олар жалпы сөйлеу процесінің өтуін көрсетеді. Ұйытқы, тірек болып тұрған тіл соматизмі фразеологизм құрамындағы басқа компоненттерге «басшылық» етіп, ықпал жасап, фразеологиялық мағынаны өз төңірегіне топтастырып, үйіріп тұрады. Мысылы, сөйлеу процесінің басталуын және өту жолдарын көрсететін фразеологизмдер: казақ тілінде: тіл шешілді, тіл берді, тілге тиек етті, тіл қағысты, тіл қайырды, тіл тартты, тіл ұстартты, тіл шешілді, тілі [тілімен] бидай қуырды, тілімен құс ұстаған, тіліне сөз берді, тілін сұғып алды, тілін тіске жаныған, тілінің тиегі ағытылды, тілі мен жағына сүйенеді, тілі қышыды, тілі шалды; орыс тілінде: болтать языком, давать волю языку, язык развязался, язык хорошо подвешен, язык свербит, приходит на язык, развязать язык, распускать язык, срываться с языка, стучать языком, тянуть за язык, чесать [трепать, мозолить] язык, чесать [трепать, трещать, молоть] языком. Келесі фразеологизмдер керісінше «кенет сөйлемей қалу, үндемеу, үн шығармау, сөйлетпеу» деген мағыналарда айтылады. Қазақ тілінде: тіл байлайды, тілді байлайды, тілі байланды, тіл-жағы байланды, тіліне бұғау түсті, тілін шайнады; орыс тілінде: держать язык на привязи, язык заплетается, язык прилип [присох] к гортани, наступать на язык, придерживать язык (язычок), прикусить [закусить] язык, проглотить язык, связать язык, укоротить язык. Жалпы сөйлеу процесі мен оның қалай өткендігін көрсететін бірінші топ фразеологизмдері екінші топқа қарағанда екі тілде саны жағынан басымырақ келеді. Бұл екі топ мағыналары жағынан бір-біріне қарама-қайшы, антонимдік топтар болып келеді.

Мұндай тіркестер жайында Н.Б.Мечковская былай дейді: « ...лексически связаны с названиями отделов речевого аппарата, однако это только уничижительные метонимии (или синекдохи); в собранном виде идиомы относятся не к артикуляции или акустике, но к речи, высказыванию в целом» [4]. Бұл құбылыс екі тілге де тән. Сонымен қатар бұл фразеологизмдерде тіл соматизмі адамның бір мүшесі бола тұра, кейбір жағдайларда оған бағынбайтындығын байқауға болады. Мысалы, казақ тілінде: тіл шешілді, тілі бидай қуырды, тілінің тиегі ағытылды, тілі қышыды десек, орыс тілінде: язык развязался, язык свербит, язык чешется, срываться с языка. Н.Б.Мечковскаяның пікірінше бұл құбылыс адам мен оның тілі арасындағы шиеленісті көрсетеді: «Суть конфликта в том, что человек не может его запустить в дело, то, напротив, язык действует как бы без спросу (как в одной русской пословице сказано с осуждением Язык прежде ума рыщет)» [4].

Енді қос тілдегі қимыл-фантом фразеологизмдердің ұқсатықтары мен айырмашылықтарына келер болсақ, тіл соматикалық компоненті екі тілде де фраземажасамда белсенді түрде қолданылады. Екі тілде де олар жалпы сөйлеу процесі мен сөйлемеу, сөйлетпеу ұғымдарында қолданылады және бірінші топқа жататын фразеологизмдердің саны екінші топқа қарағанда көбірек. Дегенмен қазақ тілінде екінші топ қимыл-фантомдарының (сөйлемеу, сөйлетпеу) орыс тілімен салыстырғанда саны аз болып келеді. Сондай-ақ бұл фразеологизмдер сөйлеу процесін айқындаумен қатар, адамның эмоциясын, көңіл- күйін де көрсете алады. Мысалы, қазақ тілінде ащы тілін сұғып-сұғып алды деген тіркес 'кекесінді өткір сөзбен түйреді’ деген мағына береді, тіл байлайды деген тіркес 'қатты тебірену, таңғажайып сүйсіну’ мағынасында да қолданылады, тілі байланды, тіл жағы байланды деген тіркестер 'қорыққаннан, науқастан сөйлей алмай қалды’ деген мағына береді. Бұл фразеологизмдер қорқу, шошу, жақтырмау тәрізді жағымсыз эмоциялар мен қатар тебірену, сүйсіну тәрізді жағымды эмоциялық көңіл-күйлерге байланысты туындағанын байқауға болады. Ал орыс тілінде язык прилип [присох] к гортани тіркесі 'таң қалғаннан, қорқыныштан, оқыс жағдайдан үндемей қалу’ деген мағына береді. Алайда мұндай фразеологизмдер орыс тілінде аз кездеседі.

Тіл соматизмінің негізінде қалыптасқан бұл фразеологизмдерді ұйытқы, тірек сөзінің негізінде топтастырудан басқа, жоғарыда атап өткен фразеологизмдердің жалпы мағыналарына қарай бөлінетін топтастыру қатарына жатқызуға болады. Адамдардың іс- әрекетін білдіретін етістікті фразеологизмдер өз ішінен сөйлеу, күлу, көру, ойлау мәнді етістікті фразеологизмдер болып бөлінеді. Тіл соматизмінің негізінде құралған қимыл- фантом фразеологизмдер сөйлеу мәнді етістікті фразеологизмдер тобына жатады. Сонымен қатар эмоцияның күй-қалыбын білдіретін етістікті фразеологизмдер тобына да енеді. Бұның өзі тақырыптық топтарға жіктеудің фразеологизмдер үшін шартты болатындығын айқын көрсетеді.. Себебі бір фразеологизмнің өзі бірнеше топқа қатысты болуы мүмкін. 

Нәтижелер. Қазақ және орыс тілдерінің ерекшеліктерін, қарастырылып отырған фразеологизмдердің семантикалық, стилистикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік факторларының үйлесімділігін ескере отырып, қимыл-фантом фразеологизмдерінің екі тілдегі сәйкестігінің келесі түрлерін атап өту қажет:

  1. Толық сәйкестілік, мағынасы, мазмұны, бейнелілігі және жартылай морфологиялық және синтаксистік деңгейлерде. Мысалы: тіл шешілді - язык развязался, тілді байлады - связать язык.
  2. Жартылай сәйкестілік, мағынасы жағынан сәйкес. Мысалы: тіл -жағы байланды - язык прилип [присох] к гортани, тілін тіске жаныған - распустить язык,тілін шайнады - язык заплетается,тіліне бұғау түсті - наступать на язык.

Екі тілдегі тіл және язык соматизмдері негізіндегі қимыл- фантом фразеологизмдері көп жағдайда тек жартылай ғана сәйкес келеді. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлеу мәнді етістікті фразеологизмдердің семантикалық ерекшеліктерін салғыстыра зерттеген М.Н.Сыздыкова мұндай тіркестердің толық сәйкестігі жайлы былай дейді: «...несмотря на нередкое совпадение ...по значению, компонентному составу и структурной органзации, об эквивалентности следует говорить с большой осторожностью. Это объясняется тем, что исследуемые фразеологизмы... в определенной степени отличаются друг от друга, отражая специфические особенности образного мышления народа» [10].

Сөйтіп, қоршаған орта, объективтік шындық адамзатқа ортақ болғандықтан, мағыналық жағынан тіл және язык соматизмдері тірек болған қимыл-фантом фразеологизмдер екі тілде көбіне ұқсатық табады. Дегенмен де құрылымдық жағынан кейбір алшақтық ұшырасады.

Қорытынды. Қазақ және орыс тілдері фразеологизмдерін қарастыра келе, қимыл-фантом фразеологизмдері тобына жатқызуға болатын адамның дене қозғалысының, ым, ишарат, әсіресе артикуляциясының тілдік көрсетіліміндегі фантастикалық құбылыстарды айшықты түрде, нақыш- бояумен көрсете алатын фразеологиялық бірліктердің саны көптігін байқаймыз. Мұндай тіркестерді құруда екі тілде де тіл соматизмінің қолданылу жиілігі өте жоғары. Ол сөйлеу аппаратының басқа да бөліктеріне қарағанда фантастикалық, мүмкін емес қимыл-қозғалыстарды көрсетуге бағытталған фразеологизмдерде жиі қолданылады. Екі тілдің түсіндірме сөздіктеріндегі анықтамаға сәйкес, яғни адамдардың сөйлеу дыбыстарын шығаратын ауыз қуысындағы негізгі мүше ретінде, осы соматизм негізінде құрылған фразеологизмдер сөйлеу, сөйлесу, сөйлемеу процестерін көрсетеді. Сөйлеу және сөйлесу қарым-қатынас формаларының бірі болып саналады. Себебі сөйлесу дегеніміз - адамдардың белгілі бір тілді пайдалану арқылы бір-бірімен пікір алысуы. Ал тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы екенідігі баршаға аян. Сонымен қатар бұл тіркестер адамның эмоциялық жағдайын, көңіл-күйін де айшықты бейнелейді.

Салғастырылып отырған тілдердегі тіл жіне язык соматизмдері негізіндегі қимыл-фантом фразеологизмдері арасында айырмашылықтан гөрі ұқсастықтары басымырақ. Бұған элеуметтік, экстралингвистикалық факторлар себеп болады. Себебі көршілес жатқан қазақ жэне орыс халықтарының көп ғасырлық ортақ даму тарихы, мэдениеті бар.

Жалпы соматикалық фразеологизмдер қорынан қимыл- фантом фразеологизмдерді жеке дара бөліп қарастыру, зерттеу екі тілдің фразеологизмдердін жаңа қырынан тануға, жаңа тұрғыдан зерттеуге зор мүмкіндік тудырады. Сыры мол, мазмұны терең, тұлғасы сан алуан фразеологизмдердің күрделі табиғатын толық біліп, терең түсіну үшін оның толып жатқан тың проблемларын жанжақты зерттеу өте қажет. Осы зерттеулердің ғылыми- теориялық мэні де, практикалық қажеттілігі де бүгінгі таңда ешқандай дау тудырмайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Р.Ә.Авакова. Қазақстан лингвистикасындағы фразеологиялық бағыттар // «Академик Ә.Т.Қайдар жэне тіл білімінің мэселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Алматы: 2004. - Б. 93-99.
  2. А.Т.Кайдаров, Р.Е.Жайсакова. Принципы классификации фразеологизмов и классификационные группы в казахском языке // Изв. АН КазССР, Сер. филол. - 1979. - №3. - С. 8-10.
  3. Ш.Қ. Құрманбаева. Түрік жэне қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдерге салғастырмалы талдау: автореф. дис. ... Филол. ғыл. Канд - Алматы, 1999. - 78 б.
  4. Н.Б.Мечковская. На семиотическом перекрестке: мотивы движения тела в невербальной коммуникации, в языке и метаязыке // Логический анализ языка. - М.: 2000. - С. 380-391.
  5. М.Х. Абилгалиева. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: Автореф. дис. ... канд. филол. Наук - Алма-Ата, 1992. - 33 с.
  6. А.Ы.Ысқақов. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: 1986. - 449 б.
  7. С.И.Ожегов. Словарь русского языка. - М.: 1989. - 528 с.
  8. І. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы: 1977. - 356 б.
  9. А.И.Молотков Фразеологический словарь русского языка. - М.: 1978. - 544 с.
  10. М.Н.Сыздыкова. Семантические особенности глагольной фразеологии русского и казахского языков. - Алматы: 2002. - 14 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.