Бұл мақалада жоғары оқу орындарында сабақ жүргізу барысында жаңа оқыту технологияларын қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар инновациялық, интербелсенді оқыту әдістерін қолданудың артықшылықтарына талдау жасаған. Мақсаты - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, студентті оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.
Мақалада студенттерді ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық, интербелсенді технологияларды қолдану әдістері туралы айтылады.
Оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқытудың маңызды аспектілерін жетілдіру және оқу процесін оңтайландыру, байыту, әдістемелік құралдар мен тәсілдердің алуан түрлі жұмыс түрлерін жасау және оқыту процесінде студенттер үшін қызықты.
Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» Құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді.
Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген:
«Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз... Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз... Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» [1].
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Инновациялық оқыту - жаңашылдықпен оқыту дәстүрі, нормативті оқытумен салыстырғандағы білімді игертудің ерекше балама түрі. Ол оқытушы мен студенттердің дамуын қамтиды; оларды демократиялық ұстаным негізінде ортақ шығармашылық және нәтижелі қызмет пен қаруландырады; оқу білім беру жүйесіне жаңалық ендiредi[2].
Оның студенттер үшін пайдасы төмендегідей:
- оқу-әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды тиімді пайдалануына жағдай туғызады;
- кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;
- түйінді-ізденгіштік ойлау қабілетін дамытады;
- болашақ кәсібі жөніндегі танымын қалыптастырады;
- ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;
- алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңиді. Оқытушы-ұстаздарға тигізер пайдасы тіптен зор, олар:
- оқу-әдістемелік материалдарын жедел жаңартуға мүмкіндік жасайды;
- оқытудың әртүрлі үлгілік технологияларын енгізеді;
- оқытудың ұқсастыра, теңей оқыту технологияларын қолдануына мүмкіндік туады;
- студенттер білімін бақылау мен қадағалау мүмкіндігі кеңиді;
- кәсіби мамандарды дайындаудың қолданылып келген технологияларының сапасын жетілдіреді.
Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады, сонымен қатар, білім беру қызметін арығында білім беретін оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Білім беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бірі - кәсіби білімі бар маманның ізденгіштік қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру.
Мұндайқызметтертүріне:
- бірлесеоқыту;
- модульдықоқыту;
- проблемалық оқыту;
- деңгейлеп,саралапоқыту, тағыбасқалары жатады[3].
Инновациялық білім беру жаңа білім алуға және ақпараттық қоғамның инновациялық серпініне негізделген. Инновациялық білім берудің негізгі белгілері:
- антропоцентризм;
- өзін өзі басқару;
- кәсібилік.
Инновация теориясында инновациялық процесс, оларды коммерцияландыру жағдайында бәсекелестік, қызметтерді немесе техниканы, ресурстық қамтамасыз ету аясында жаңа өнімдерді өндіруде перспективалы идеялардың пайда болуын, оларды ұйымдастыру кезеңдерін реттейтін, инновациялық іс-әрекеттің жиынтығы болып айқындалады[4].
Инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары
Нидерландтық ғалым Карл ван Парререн келтірген төмендегі қағидалар қазіргі күнгі инновациялық (интербелсенді) технологиялардың идеялары мен практикасын толығымен келтіреді.
- қағида.Студенттерде үйренуге деген тұрақты қозғаушы күш (мотивация) қалыптастыру.
Мотивацияны студенттердің жеке тәжірибесіне негіздеу керек.
- қағида. Диалог арқылы үйрету/үйрену.
Оқытушы студенттермен «жоғарыдан төмен» қарай қарым- қатынас орнатпай, олармен тығыз ынтымақтастықта болады.
- қағида. Қадағалау арқылы үйрету/үйрену.
Оқу әрекеттерін үнемі бақылау, яғни мониторинг және диагностика жасау; қажет болғанда студенттерді түзетіп және қуаттап отыру керек.
- қағида. Білім беру мазмұнын қажетті оқу бірліктеріне және мақсаттарға бөлу.
Бұл ұстаным студенттердің әртүрлі таным және білім деңгейлерін ескеріп, көп варианттарға негізделуі керек. Сонда ғана үйренушілердің түрлі категориялары өздерінің танымдық мүдделері мен қызығушылықтарын қалыптастыра алады.
- қағида. Оқу мазмұнын үйрену/үйретуге, пән мен тұлғаға бағытталған әрекеттермен қамтамасыздандыру сан алуан деңгейлерде жүзеге асырылуы керек (материалдық, танымдық, саналық).
Таным процесінің негізін белсенді әрекеттер құрайды, адам тек әрекет арқылы ғана үйрене алады.
- қағида. Үйренуде қажетті қарқын және соған сәйкес тәсілдер (мысалы, оқу, сөйлеу, жазу, компьютерлік тілдер, графикалық модельдер мен символдар) таңдалуы керек. Таным процесі оңайдан күрделіге қарай ойысып, қарым- қатынас пен өзіндік түсініктің қажетті құралдарымен қамтамасыдануы керек.
- қағида. Үйрету мен білім игеруде көмектесу студенттердің оқу тапсырмаларын қандай деңгейде орындағанына байланысты оқытушының сырт көзбен пайымдаған мінездемесіне сүйенбей, олардың нақты қабілеттеріне (мәселен, қарым-қатынас жасау және ойлау әрекеттері, өз тәжірибесін жүзеге асыра білу) негізделуі керек.
Білім мазмұны оқытушы тұрғысынан субъективтік тұрғыдан анықталмай, үйренушінің мүдделерінен туындауы керек.
- қағида. Студенттердің ой-толғанысы (рефлексия) мен өздерінің даму жетістіктерін бағалай білуі (құзырлылық сезімі).
Баға қоюды (мәселен, бес балдық немесе жүз балдық жүйемен) оқытушы мен студенттер бірлесе құрастырып, қабылдаған бағалау талаптарымен (критерийлермен) алмастыру қажет.
- қағида. Студенттердің өзіндік тұрғыдан жасалатын жұмыстарына қажетті тапсырмаларды алдын-ала дайындау. Осы әрекет арқылы студенттердің әрекеттерін, сөздерін, ойларын үйренішті қалыптан басқа жаққа бұруға болады.
- қағида. Студенттердің бастамашылдығы мен
шығармашылығын ынталандыру.
Бұл арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін едәуір көтеріп, олардың оқу мазмұнына тереңірек үңілуіне ықпал жасауға болады.
- қағида. Субъективтікті қалыптастыруға ықпал жасау.
Бұл ұстаным студенттердің оқу материалын жағымды тұрғыдан қабылдап, өзін-өзі анықтауына, өз әрекеттеріне деген жауапкершілігіне, өзіндік тұрғыдан өмір сүруіне бастайды.
- қағида. Студенттік аудиторияда әлеуметтік қасиеттері басым және қоғамға кіріктірілген үйренуші тұлғасын қалыптастыруға бастайтын жағдайларды қамтамасыздандыру.
«Оқудың/оқытудың басты мақсаты - тұлға қалыптастыру» деген қағиданы растайтын ұстаным. [5, 62-63].
Инновациялық технология бойынша оқыту білімді меңгертуге емес, жеке әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, субъектінің өзіне тән жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін назарға алып дамыту - басты міндеттердің бірі. Ә. Әлімов инновациялық технологияларға интербелсенді оқу/оқыту деген атау береді.
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуші мен үйренушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Интербелсенді оқу дегеніміз - өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни үйретуші-үйренуші, үйренуші- үйренуші, үйренуші-өзімен-өзі форматтарында жасаған қарымқатынас (әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен әрекеттері).
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
- Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.
- Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
- Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.
Интербелсенді оқу/оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқу/оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады.
Кесте 1 - Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
Қағидалар |
Мақсаттар |
Орта қалыптастыру |
|
Әрекет арқылы үйрету/үйрену |
|
Өмірмен байланыстыру |
- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру. |
Өзінділік пен дербестікке баулу |
|
Интербелсенді оқу/оқыту студенттің өз тәжірибесі және өзге де студенттердің тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Студенттер таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым- қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.
Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
- ақпаратты жан-жақты талдау;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- басқа да балама пікірлерді ескеру;
- шешім қабылдау жэне қиын мэселелерді шешу;
- ортақ жұмысқа жұмыла білу;
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара эрекеттесу;
- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани жэне моральдік ережелерді қабылдау;
- студенттік топты ұжым ретінде қабылдау.
Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- жеке жэне бірлескен зерттеу жұмыстары,
- рөлдік жэне іскерлік ойындар,
- пікірталастар,
- ақпараттың эртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай, т.б.),
- шығармашылық жұмыстар,
- кейс-стади,
- презентациялар,
- компьютерлік оқыту бағдарламалары,
- тренингтер,
- интервью,
- сауалнама, т.б.
Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде эсіресе бірлескен топтық жұмыс эдістерінің маңызын баса айту керек: олар өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-эрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шэкірттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау) іс жүзінде қолданады [5, 49-52].
Қорыта келгенде,білім беру жүйесінде инновациялық оқыту технологиясын қолдану оқыту процесінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.Оқыту технологияларының қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана оқытушының шеберлігімен жэне осы шеберлікті шындай түскенде ғана жүзеге асады. Сондықтан, мүмкіндігімізше өз пэнімізде қолдансақ болашақ маман иесі сапалы білім жэне тэрбие алатынына сенімдіміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Егемен Қазақстан», 29 қаңтар 2011 жыл.
- Қ.Қ. ҚұсайыновҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі // Педагогика жэне психология. - Алматы: Мектеп ЖАҚ, 2002. - Б. 12-14.
- Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. - А.: Білім, 2008. - 52 с.
- Серикова С.К., Сабирова Д.А. Казахстан интерактивная модель обучения литературе в школе // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы.- 2017. - №4(62). -С. 275-283.
- Әлімов А. Қ. Интербелсенді эдістемені ЖОО-да қолдану: Оқу құралы. - Алматы: 2009. — 63б.