Жарақат алу бойынша 2013-2015 жж Деректері мен статистикалық жинақтары сараланып, талДанДы. Аталған жылДарДың І тоқсанынДа жарақат алу 9,4% асқан, ал жалпы мүгеДектік себептері ішінДе жарақат салдары жетінші орында.
Өзектілігі: Халықаралық еңбек ұйымының дерегіне жүгінсек, жыл сайын әлемде тек өндіріс орындарынан 270 миллион адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алады екен. Ал оның 160 миллионы біржола мүгедектікке душар болып қалатын анықталған [1]. Бұл жағымсыз жағдай қазір біздің елімізде де белең алып тұр [4]. Өндірістік жарақатпен қоса жол-көлік оқиғаларынан болатын жарақттың орны бірінші орында тұр. Қазақстан республикасының 2030 стратегиялық даму бағдарламасында атап көрсетілгендей, экономикалық және әлеуметтік даму бағытындағы басты мәселелердің бірі автотранспорт құралдарын тиімді пайдалану, жолаушыларды тасымалдау қызметтерін арттыра отырып жол қозғалысы қауіпсіздігін жоғарылату. Осы аталған мәселелерді тиімді орындау жол қозғалысын жетілдіру, жол апаттары себептерін зерттеу және жол апаттарын болдырмау, алдын алу іс-шараларын орындау арқылы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2013 жылғы дүниежүзіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы туралы баяндамасында әлемдегі 99% халық немесе 6,8 миллиард адамды қамтыған 182 елдің жол қозғалысының қауіпсіздігі жөнінде мәлімет берілді. Дүниежүзінде жолда 1,24 миллионға жуық адам қаза тауып, ал 20-дан 50 миллионға дейін адам қауіпті жарақат алады. Дүниежүзінде жол-көлік апатының нәтижесінен болатын өлім-жітім оқиғасының 59%-ы 15-44 жас аралығындағы жас адамдар арасында орын алады. Орташа жылдамдықты 5%- ға төмендету өлімге әкелетін апаттың санын толықтай 30%- ға төмендетуге ықпал етеді. Балаларға арналған орындық пен қосымша құрал (жастық) апат болған жағдайда балалар өлімін 54-80%-ға төмендетеді. [1]. Әлемде жол-көлік апаты көп жағдайда дамушы және дамуы тежелген елдерде орын алады. 2010 жылы Блумберг отбасы атындағы қордан ЖКО көп кездесетін 10 елде (Бразилия, Вьетнам, Египт, Үндістан, Камбоджа, Кения, Қытай, Мексика, Ресей Федерациясы және Түркия) алдын алу үшін 5 жылға қаржыландыру жүргізілді және бұл қаражаттың барлығы ЖКО салдарынан болатын жайғайлардың профилактикасына арналған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2008 жылы 178 елде жүргізілген зерттеуіне сай ЖКО-ң 90% халықтың жалпы көлеміне көліктер саны аз келетін, күн көрісі төмен және дамушы елдерде орын алып, басты себеп жол сапасының төмен екенін дәлелдейді. Әлем бойынша барлық ЖКО жарты бөлігі жаяу жүргіншілер жолында, велосипед пен мотоцикл айдаушылар арасында кездеседі. Өкінішке орай әлем бойынша барлық жолдардың 15% ғана қауіпсіз болып табылады [1.2].
Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасы бойынша тұрғындардың жарақаттану динамикасын зерттеп, өлім құрылымын саралау, алдын алу шараларының тиімділігін бағалау.
Зерттеу материалы мен әдістері. Қазақстан Республикасы денсаулық саласы мен ішкі істер басқармаларының мәліметтерін алып, статистикалық талдау жасау.
Зерттеу нәтижелері мен талдау. Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін әр елде, аймақта, қалада жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі. Оны елдің Ішкі істер министрлігі мекемелері, автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органдары, даралық және жеке меншік жолдарының иелері жол-көлік оқиғаларын есепке алу ережелеріне сәйкес жүргізеді. Медицина мекемелері меншік нысанына қарамастан жол-көлік оқиғаларында қаза тапқан немесе жарақаттанған адамдардың есебін жүргізеді. Жол-көлік оқиғаларының мемлекет статистика есептемесіне адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған жол-көлік оқиғалары ғана енгізіледі. Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы” Заңына сәйкес жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді жариялауға рұқсат етіледі және олар мүдделі заңды тұлғалар мен азаматтарға белгіленген тәртіппен беріледі [4.5].
Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау деңгейін арттыру, Жол қозғалысы ережелерiн бұзуды тіркеудің автоматтандырылған жүйесін енгiзу есебiнен жол қозғалысын қадағалауды жетiлдiру, жолдағы авариялық-қауіпті учаскелердi жою жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазiргi заманғы эдiстер мен құралдарды қолдану, жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық- iздестiру жyй℮сìн эзiрлеу және енгiзу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлік жYйелерiмен жарақтандыру жоспарлануда [6].
2015-2016 жылдың алғашқы І тоқсанының ебебі бойынша тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 9,4 %-ға өскені байқалады [7].
жылға қарай ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2011 жылғы деңгейден (2898 адам) 10 %-ға, 2016 жылға қарай 14 %-ға төмендегенімен, 2016 жылға қарай зардап шегушілерімен ЖКО-ның санын 2011 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға артқан [6.7].
Жарақат алу бойынша өлім себептеріне келетін болсақ 2013-2015 100000 тұрғынға есептегенде жазатайым жарақаттану себептерінен өлім бірінші орында тұр. Ең көп үлесті Солтүстік Қазақстан облысы (2014 ж - 159.06; 2015 ж - 146.63) мен Қарағанды (2014ж -134.67; 2015 ж - 114.62) облыстары алады. Жарақат себептерінің ішінде 65% қыс мезгілінде орын алатын көктайғақ себептерінен екендігі анықталды. Ал сәбилер арасындағы өлім себептеріне келетін болсақ жарақат салдары туа біткен ақаулар мен перинеталды кезеңде пайда болған аурулардан кейінгі үшінші орынды алып отыр.
Қорытынды: Қорыта келе ЖКО-ң алдын алу жергілікті құқық қорғау орындары мен әлеуметтік ұйымдардың (үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар) көлік иелері арасында көлік басқару мәдениетін арттыруға үлкен мән беріп, жаяу жүргіншілердің де жол мәдениетін сақтауға әлеметтік қажеттілік туғызу керек. Жарақат себептерінің ішінде 65% қыс мезгілінде болатыны анықталып, соңғы 5 жылда ЖКО-ның саны 8%-ға артқан.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Предупреждение насилия и травматизма: Безопасность дорожного движения в 10 странах. ВОЗ. (http://www.who.int/violence_injury_prevention/road_traffic/countrywork/ru/)
- Доклад о состоянии безопасности дорожного движения в мире, 2013 г. ВОЗ. http://www.who.int/violence_injury_prevention/road_safety_status/2013/ru/
- Статистика дорожно-транспортных происшествий на дорогах страны порой напоминает сводку военной поры. Газета «Казахстанская правда», 26 июля 2013 г
- Автомобильді қауіпсіз басқару әдістері. Атажанов И.И. Абдурахманов М. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы «01» 09 № 455 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі» нұсқаулық.
- Ә.Торбаева. Жол апатының келеңсіздіктерін алдын алу шаралары. (http://www.namys.kz/?p=19177)
- 2014 жылдың 4 айы бойынша жол-көлік оқиғаларын есепке алу жағдайы (http://pravstat.prokuror.kz/kaz/novosti/press- releasy/2014-zhyldyn-4-ayy-boyynsha-zhol-kolik-okigalaryn-esepke-alu-zhagdayy)
- 2013 жылда Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі. Статистикалық жинақ. Астана - 2013 ж.