2015-2017 жылдары тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерін қалыптастыруға қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тоқырау факторлары едәуір әсер етті. Осы ретте тұрғындардың өлім көрсеткіші мен орташа өмір сүру көрсеткіштері адам денсаулығына әсер ететін тәуекелдер факторлар дәрежесініңбарометрі ретінде көрініс табады. Әлеуметтік-экономикалық тоқырау әсерінен жүрек-қан айналу жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер мен зорлық-зомбылықтан туындайтын өлім көрсеткіштерінің деңгейі күрт артады. Әсіресе еңбек ету жасындағы тұрғындардың өлім мен орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштері өзгеріске ұшырайды. Қазіргі кезде ер кісілердің өлімі әйелдердің өлімінен жоғары болып келеді. Ер кісілердің өлімінің ең жоғары көрсеткіші 15-29 жастағы және 35-54 жастағылар арасында кездеседі. Амбулаторияда сапасыз емдеуден стационарлық аурулардың алғашқы аптада ерте қайтыс болуына алып келеді. Оған қосымша, стационарлық дианостика мен емдеу шараларының сапасының нашарлығы қосымша әсерін тигізеді.
Өзектілігі.
Тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерінің ішінде өлім көрсеткішіне ерекше көңіл бөлінеді. Оның даму бағытын есептеу аса қиындыққа түспейді. Сонымен қатар, осы көрсеткіш әртүрлі аудандардың тұрғындарының денсаулығындағы әртүрлі уақыттағы өзгерістерін нақты көрсете алатын объективті және деректі көрсеткіш болып табылады. Ал, медициналық статистика қолданатын денсаулық көрсеткіштерінің саны мен сапасының барынша жоғарлауына қарамай, өлім көрсеткішінің тарихи түсінігі осы күнге дейін өзінің мәнін жоғалта қойған жоқ. Сонымен қатар, көрсеткіштерін денсаулықты сипаттайтын көрсеткіш ретінде қарастыру және денсаулық ұйымдарының қызмет тиімділігін көрсететін өте пайдалы көрсеткіш ретінде де қолдануға болады [1,2,3]. Денсаулықтың заманауи даму бағыты көбінесе өлім көрсеткіштеріне сүйене отырып қарастырылады. Сондықтан, осы көрсеткішті медициналық- әлеуметтік және демографиялық зерттеулерде жиі қолдануда.
Қазақстан Республикасындағы тұрғындарының арасындағы денсаулық көрсеткіштерінің деңгейі мен даму бағытында жалпы біргелкі байқалғанмен, жеке облыстарда аймақтық ерекшеліктер байқалады. Сондықтан, осы жағдайлар байыпты зерттеуді, сараптауды және нақты басқарушылық шешім қабылдауды қажет етеді.
Айтылған мәселелер Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысы үшін аса өзекті болып отыр. Соңғы жылдары өлім көрсеткіші ұлғайып, тұрғындардың орташа өмір сүру көрсеткішінің төмендеуі байқалады.
Зерттеудің мақсаты.
Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының өлім көрсеткішін жастық-жыныстық ерекшеліктеріне қарай кешенді түрде зерттеп, оның даму бағытын анықтап, орташа өмір сүру ұзақтығының болашақ өмірдегі орташа ұзақтығын сараптау. Олардың арасындағы медициналық бақылау сапасын зерттеп, өлімнің азаюына және орташа өмір сүру ұзақтығының артуына бағытталған ұсыныстарды жасау.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Статистика комитетнің мәліметтері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының өлім көрсеткіштері зерттелді. Оны 2000-2014 және 2010-2017 жылғы деңгейлері есептелініп, өлім кестесі жасалынды. Өлім көрсеткішінің себептерінің орташа өмір сүру ұзақтығына қосатын үлес салмағын есептеп шығу үшін, өлім көрсеткішінің кестесі жасалынды. Сонымен қатар өлім көрсеткіші жастық-жыныстық ерекшеліктері анықталды. Оны 5 жыл сайын есептеп шығардық. Сонымен қатар,жеке жастық топтарда өлімге алып келетін себептерді алып тастағандағы өлім кестесі жасалынды. Денсаулық сақтау басқармасының ақпараттық сараптау орталығынан алынған 2015-2017 жылғы барлық өлім оқиғалары туралы деректерді сараптадық. Оның барысында патолого- анатомиялық бюроның әрбір өлім оқиғалары туралы деректер мен үй жағдайындағы өлім оқиғалары зерттелді.
Нәтижелері.
Шымкент қаласы тұрғындарының өлім көрсеткішінің динамикасын сараптау, кейбір жылдарда оның айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, ал кейбір жылдары оның даму бағытының көтерілгендігін көрсетті. Оған негізгі себеп болған жайсыз және қатерлі себептер көбінесе қысқа мерзімде әсер еткен, ал экономикалық тоқырау себептері
- жылдан бері тоқтаусыз әсерін тигізуде. Шымкент қаласында 2015 жылдан бастап өлім көрсеткішінің деңгейі 1000 адамға балап есептегенде 9,2 оқиғадан асқан. Осындай жоғарғы көрсеткіш соңғы 3 жылда тоқтаусыз өсім берген. Қазіргі таңда өлім көрсеткішінің деңгейі 9,9‰ - ге дейін жетіп отыр. Соңғы 3 жылдағы өлім көрсеткішінің өсімі әлеуметтік-экономикалық тоқыраудың әсерінен туындады. Бастапқы кезеңде (2015 жылы) тұрғындардың арасындағы денсаулығы нашар топтары өлімге ұшырап, ал қалған тұрғындар әлеуметтік-экономикалық тоқырауға бірте-бірте бейімделіп, өлім көрсеткішінің тұрақтауына себеп болды.
- жылы Шымкент қаласындағы тұрғындардың өлім көрсеткіші 8,8‰ ге дейін төмендеп, тұрғындардың денсаулығының біршама тұрақтағандығын көрсетіп отыр. Стандартизация әдісінің көмегімен жүргізген зерттеу, Шымкент қаласы тұрғындарының орташа жасы 32,7 жылды құрағандығын көрсетті. Ер кісілер мен әйелдердің өлім көрсеткішінің динамикасын және деңгейін салыстыру 20152018 жылдары ер кісілердің өлімінің әйелдер көрсеткішінің деңгейіне қарағанда жоғары болғандығын көрсетті. Ер кісілерді жоғарғы өлім көрсеткіші көбінесе 20-24, 25-29, 3539, 40-49 және 45-49 жастар аралығында байқалады. Көрсеткіштердің жоғарылау динамикасы 1-4, 10-9, 25-29, 4059, 65-74 жас аралығында байқалады. 2015 жылы өлім көрсеткішінің құрамында бірінші рангалық орынды қан айналу жүйесі аурулары алған (59,4%), ал екінші рангалық орында (17,1%) қатерлі ісіктер орналасқан. Үшінші рангалық орында жарақаттар мен уланулар жайғасқан және олардың өлім көрсеткішінің құрамындағы үлес салмағы 11,4 пайызға дейін жетеді.
Сонымен, жоғарыда аталған аурулардың бірлескен үлес салмағы 87,9 пайызға дейін жетіп, жалпы өлім көрсеткішінің басым бөлігін құрайды. Осы аурулардан кейін келесі аурулар төмендегідей рангалық орындарда жайғасықан. Олардың ішіндегі тыныс жүйесі органдарының және ас қорыту органдарының аурулары төртінші және бесінші рангалық орындарда жайғасқан. Олардың үлес салмағы жалпы өлім көрсеткішінің 3,2 пайызын құрайды. Осы патологиялардан кейін инфекциялық және паразитарлық аурулар орналасқан. Олардың үлес салмағы 1,6 пайызға дейін жетеді. Аурушаңдық құрамындағы өзге патологиялардың үлес салмағы 1%-дан аспайды. 2015 жылы қан айналу жүйесінің аурулары 100000 адамға балап есептегенде Шымкент қаласы тұрғындарының арасында 790,8‰00 жетті. Алайда 2016 жылдан бастап оның деңгейі күрт жоғарылап, 820,4‰00 ге дейін көтеріліп, 2017 жылы 974,8‰00 дейін артқан. Бұл жерде айта кететін мәселе, Шымкент қаласы тұрғындарының жүрек қан айналу жүйесінен туындайтын өлім көрсеткішінің деңгейі Қазақстан Республикасы тұрғындарының осы аурудан туындайтын өлімінен 12,6 пайызға төмен. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне бірінші кезекте 40-49 тұрғындардың арасындағы өлім көрсеткішінің төмендігі себеп болды. Ал, жасы 50- ден жоғары тұрғындардың арасындағы өлім көрсеткішінің деңгейі Республика тұрғындарының көрсеткішінен жоғары.
Қатерлі ісіктен туындайтын өлім көрсеткішінің деңгейі 100000 адамға балап есептегенде 2015 жылы 273,7 оқиғаны құрады. Ал, 2017 жылы 280,1‰00 ге дейін артты. Шымкент қаласында қалыптасқан қатерлі ісіктен туындаған өлім көрсеткішінің деңгейі, жалпы Республикадағы осы себептен туындаған өлімкөрсеткішінен едәуір төмен. Денсаулық сақтау жүйесін ерекше толғандыратын нәрсе, ол тұрғындардың сыртқы себептен туындайтын өлім көрсеткішінің жоғары болуы.
2015 жылы оның деңгейі 100000 адамға балап есептегенде 188,9 оқиғадан, 2017 жылы 197,2 оқиғаға дейін артқан. Ер кісілердің осы себептен туындайтын өлім көрсеткіші әйелдердің көрсеткішінен 3,5 есе жоғары. Егер соңғы 10 жылда ер кісілердің сыртқы себептерден туындаған өлім көрсеткіші 97,2 пайызға артса, әйелдердің арасында оның деңгейі 47,3 пайызға дейін ғана жоғарлаған. Өлім көрсеткішінің жоғарлауы барлық жастық топтарда байқалады. Тек қана 15 жасқа дейінгі және 80-85 жасқа дейінгі тұрғындар арасында оның төмендеуі орын алған. Өлім көрсеткішінің динамикасы 20-24 және 45-49 жастағы тұрғындардың арасында ерекше жоғары деңгейге көтерілген (2,69 есе). Өлім көрсеткішінің ұлғаюы көбінесе механикалық тұншығудан (2,1 есе) және кісінің өлтіруімен туындаған (1,9 есе), байқаусызда туындаған өлім, алкогольдік улану және суға кету оқиғаларынан туындаған өлім көрсеткішінің деңгейі 1,8 есеге артқан. Қалалық соттық медициналық сараптау бюросының деректеріне қарағанда күштеп өлтіргендердің көрсеткішің құрамы мынандай болып шықты:Олардың көбісінің себебі жарақаттардан, ал 26,6 пайызы уланулардан туындап отыр. Өлімнің 15,1 пайызы механикалық асфекциядан туындап отыр, ал 8,8 пайызы механикалық асфекциямен өзге себептерден болып шықты. Жалпы жарақаттрадың 14,8 пайызы автокөліктен туындаған жарақаттарға байланысты болған. Оның 11,6 пайызы автокөліктерден, 2,1 пайызы темір жол жарақаттарынан, 1,1 пайызы өзге көліктерден туындаған жарақаттардан орын алған. Жарақаттанудың 15,4 пайызы өтпес заттардың әсерінен туындаған зақымдар, 5,9 пайызы өткір заттардан зақымданудан пайда болған, 14,5 пайызы құлағанда алған жарақаттардан пайда болды. Жарақаттанудың 2,0 пайызы ату құралдарынан зақымдану арқылы пайда болған. Механикалық асфекцияға алып келген себептердің қатарында биіктен құлау оқиғалары 8,4 пайызды түзеді, 3,6 пайызы суға тұншығудан, 1,2 пайызы асылып өлуден, 12,4 пайызы алкогольдік ішімдікті қабылдаудан туындаған. Осындай өлімнің 1,4 пайызы наркотикалық заттарды , ал 9,8 пайызы өзге улы заттарды қабылдаудан туындаған. Өлімге алып келген зақымданудың жыл мезгіліне қарай таралуы мынандай жағдайды көрсетті.
Жарақаттаудың ең жиі кездесуі шілде, желтоқсан, қаңтар айларына тура келеді. Өлімге алып келген зақымдардың ең сирек кездесуі мамыр және қыркүйек айларында орын алған. Жарақаттардың орын алуы көбнесе дүйсенбі және жұма күндері байқалған. Ал оның ең сирек кездесуі бейсенбі және жексенбі күндеріне тиесілі болып отыр. Өлім алып келетін жарақаттра көбінесе пәтерлерде кездеседі (55 пайыз), ал оның 16 көшеде, 14 пайызы аулада, 9,5 пайызы падъездерде, 5,5 пайызы ірі су қоймаларында туындайды. Өлімге ұшырағандардың жартысынан астамының (58,5%) қанының құрамында жоғары дәрежеде алкогольдік ішімдіктердің жоғары мөлшері анықталды. Олар жеңіл (51,1 пайыз), орта (10,2 пайыз), күшті (7,5 пайыз), ауыр (21,5 пайыз) және өлімге алып келетін дәрежеде (9,7 пайыз) кездеседі.
Әртүрлі денсаулық көрсеткіштерінің ішінде ең дәл және сыртқы себептердің әсеріне тез өзгеретін индикатор болып тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы есептеледі. Бұл көрсеткіш тұрғындардың жастық топтарына қарай аса қатты өзгеріске ұшырай қоймайды. Бұл көрсеткішті 20082017 жылдар аралығында зерттедік және аралық көрсеткіш ретінде 2012 жылғы орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткішін алдық. Бұл көрсеткіш 10 жылдың көлемінде біршама өзгерді және оның деңгейі 69,5 жылға тең болып шықты. Әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 73,62 жылға теңелсе, ер кісілердің көрсеткіші 64,59 жылға жетті. Алайда, 2015 - 2017 жылдары орын алған әлеуметтік-экономикалық тоқырау тұрғындардың өлім көрсеткішін күрт жоғарылатып, олардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2015 жылы 65,9 жылға дейінтөмендетті (59,8 жылға дейін ер кісілердіңөмір сүру ұзақтығын және 72,08 жылға дейін әйелдердің осындай көрсеткіштерін). Ал 2017 жылы бұл көрсеткіштің деңгейі біршама тұрақтанып, 67,7 жылға жетті. Осы жағдайда ер кісілердің ОӨСҰ - ғы 61,7 жыл, ал әйелдердің көрсеткіші 73,38 жыл болды.
Бұл көрсеткіштің қазіргі деңгейі дамыған Европа елдерінің 1950-1955 жылғы жеткен көрсеткіштеріне сай келеді, ал 2015-2017 жылдардағы Европа елдерінде қалыптасқан орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінен 8,7-9,3 жылға төмен (ер кісілерде 70,4 жыл, ал әйелдерде 82,7 жыл).
Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы ер кісілердің көрсеткішінен айтарлықтай жоғары болып қалыптасқан.2008 жылы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 73,62 жыл болса, 2017 жылы 73,40 жыл болып отыр. Бұл деңгейлер ер кісілердің көрсеткішінен едәуір жоғары. Екі жыныстық топтың көрсеткіштері арасындағы айырмашылық 2008 жылы 9,03 жылға тең болса, 2017 жылы-11,70 жыл болып шықты.Бұл жағдай әлеуметтік-экономикалық тоқыраудың ер кісілер өлімінің өсуіне жәнеорташа өмір сүру ұзақтығының төмендеуіне ықпалын тигізді. Сондықтан ер кісілер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығығы көрсеткіштерінің айырмашылығын арттыра түседі. Айта кететін жағдай, дамыған Европа елдеріндегі ОӨСҰ-ығындағы жыныстық айырмашылық аса жоғары емес. Егер 2008 жылы оның мағынасы 6,4 жас ты құраса, 2017 жылы 6,1 жыл болып шықты. Осыған қарағанда дамыған Европа елдеріндегі ер кісілер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық бірте-бірте төмендей түсуде.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығының жыныстық айырмашылығы 35 жасқа дейіңгілер арасында ерекше жоғары. Мысалы, 25 жастағы ерлер мен әйелдердің ОӨСҰ-ындағы айырмашылық 11,8 жыл болса, 25-35 жастағылар арасында 10 жылға дейін жетті. Еңбек ету жасына жеткендер арасында (15-19 жас) ОӨСҰ-ы 2008 жылы 57,02 жылды құраса, 2017 жылы- 53,75 жылға дейін төмендеді. Көрсеткіштің төмендеу деңгейі 3,27 жыл болып шықты. 15-19 жастағы ер жігіттердің орташа өмір сүру ұзақтығы60,52-64,38 жас болса,ал осы жастағы әйелдердің арасында 55,41-59,28 жыл болып шықты.2017 жылы ер кісілерде 54,62 -53,38 жыл, ал әйелдерде 53,42-56,17 жылға теңелді. Көрсеткіштің деңгейі ер кісілерде 5,90- ден 11,00 жылға дейін қысқарса, әйелдерде-1,06-дан 3,11 жылға дейін төмендеді. Сонымен әлеуметтік-экономикалық тоқырау бірінші кезекте ер кісілердің денсаулық көрсеткішіне кері әсерін тигізеді екен. Сонымен, Шымкент қаласы тұрғындарының өлім көрсеткішінің деңгейі соңғы 2015-2017 жылдары жайсыз болып қалыптасуда. Өлім көрсеткіші 7‰ ден - 9‰ ге дейін артты. Өлім көрсеткішінің жоғарлауы тұрғындардың орта жасының ұлғаюымен және экономикалық тоқыраумен тікелей байланысты. Әсірес, еңбек ету жасындағы тұрғындардың арасындағы өлім көрсеткішінің деңгейі өзге жастық топтарға қарағанда жоғары болып қалыптасқан. Өлім көрсеткішінің деңгейі негізгі аурулар тобында жоғарлаған. Әсіресе, зорлықпен өлтіру оқиғалары жиі кездеседі. 2008 жылдан бастап, ер кісілердің өлім көрсеткіші әйелдердің өлім көрсеткіші деңгейінен жоғары болып шықты.
Ер кісілердің өлім көрсеткішінің ең жоғары деңгейі 15-29 және 35-54 жастағылар арасында кездеседі. Тұрғындардың өліміне алып келетін негізгі себептерге жүрек-қан айналу жүйесі аурулары (100000 адамға балап есептегенде 974,8 оқиға), қатерлі ісіктер (100000 адамға балап есептегенде 280,1 оқиға), зорлық-зомбылық себептер бойынша (100000 адамға балап есептегенде 188,7 оқиға).Жоғарыда аталған себептер ішінде ең денсаулыққа жайсыз жағдай өткір жүрек миокардының инфактысы бойынша қалыптасқан - 95,3‰00, қатерлі ісіктер - 44,27‰00, сонымен бірге механикалық тұншықтыру, өлтіру, суға батып кету, алкогольдік ішімдікпен улану себептері 2,1 есеге артқан. Шымкент қаласы тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы төмендей бастады. Алайда, ер кісілер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы айырмашылығы айтарлықтай жоғары. Олардың айырмашылығы барлық Европа елдерінің көрсеткішінен 2 есеге жоғары. Өлгендердің жартысынан көбі 50 де қайтыс болғандар. Оның басты себебі, қан айналу жүйесінің аурулары - (69,8 пайыз), қатерлі ісіктер (17,7 пайыз), тыныс алу органдарының аурулары (4,2 пайыз) және ас қорыту жүйесінің патологиялары (3,7 пайыз) болып шықты. Ал ауруханада өлгендердің 52,7 пайызы жүрек-қан айналу жүйесіне тиесілі. Оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы (46,3 пайыз), мидың қан айналуының өткір бұзылысы (33,4 пайыз), миокардтың өткір инфарктісі (18,7 пайыз), қатерлі ісіктер (16,4 пайыз) және жарақаттар мен уланулар (10,2 пайыз) құрады.
Амбулаторлық-емханалық кезеңде ауруларды дұрыс емдемеу және сапасының төмендігі, стационарлық аурулардың өміріне де әсерін тигізеді. Осылайша стационарда қайтыс болғандардың 20,2 пайызы емделудің алғашқы тәулігінде қайтыс болған. Олардың 91,1 пайызы ауруханаға жедел түрде жатқызылған. Алайда стационарға жіберілген диагнозбен стационарда қойылған диагноздың айырмашылығы өте жоғары (50 пайыз). алайда, стационардла жүргізген емдік шаралардың және клиникада жүргізген емдік шаралардың сапасы аса жоғары емес. Оған негізгі себеп болған лабороторлық диагностиканың сапасыздығы (7,6 пайыз), инструментальдық диагностиканың сапасыздығы (5,7 пайыз) және медикоаменттің сапасының төмендігі (9,4 пайыз) құрады.
Қорытынды.
Қорыта келгенде, біз келесідей тәжірибелікұсыныстарды көздейміз:
- Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің құрастыруда тұрғындардың денсаулығын көрсету қажет. Оның ішінде міндетті түрде орташа өмір сүру ұзақтығы болуы тиіс.
- Денсаулық сақтау жүйесі міндетті түрде диагностикалық қатерліктерді анықтауы және емдеу сапасының дұрыстығын тексеру қаже.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Булешов М.А., БулешоваА.М., ТалгатбекА.М., ЕмбердиевА.У. Результаты оценки региональных различий в ожидаемой продолжительности жизни населения Южно-Казахстанской области // Современные тенденции развития науки и технологий: сборник научных трудов по материалам IV международная научно-практическая конференции (г. Белгрород, 31 июля 2015 г.). - Белгоград: 2015. - С. 95-99.
- Булешов М.А., Токкулиева Б.Б., Сарсенбаева Г.Ж. Медико-биологические и территориальные аспекты средней ожидаемой продолжительности жизни населения южных регионов Республики Казахстан // Современные тенденции развития науки и технологий: сборник научных трудов по материалам IV международная научно-практическая конференции (г. Белгрород, 31 июля 2015 г.). - Белгоград: 2015. - С. 43-46.