Беpiлен мақалаДа ЖКО көрсетілетін шұғыл меДиицналық көмекті ұйымДастыруДың тиiмдiлiгiн бағалауДы зерттеуге арналған мағұлматтар көрсетілген. Тәжірибе бойынша, төтенше жағДайларДан заpдап шегушілерДің өмірі, ЖКО кейінгі көрсетілетін көмекке тікелей байланысты екендiгiн көрсетеДі. Жапон маманДарының пайымдауынша, егер заpдап шегуші клиникалық өлім жағДайынДа 3 минуттан аса болса, оның өмірін сақтау қалу ықтималДылығы 75% құрайДы. Бұл арақашықтық 5минутқа созылған жағДайДа ықтималДылық 25%, ал алшақтық 10 минуттан артқанДа адам өмірін сақтап қалу мүмкін болмайды. [1].
Өзектілігі: Жол-көліктік жарақат (әрі қарай ЖКО) соңғы онжылдықта өте үлкен әлеуметтік мәселелерге айналды. Көптеген экономикалық дамыған мемлекеттер автокөлік салдарынан болатын нағыз апаттар эпидемиясын бастан кешіруде, ал оның құрбандарының саны орасан зор. Көліктендіруді «дөңгелектегі шайқас» деп бекер айтпаса керек, себебі әлемде жылына жүз мыңдаған адамдар автокөлік дөңгелектерінің астында қаза табады немесе ауыр жарақат алады және мертігеді. Дуниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әрбір 100 оқыс оқиғалар нәтижесінен қаза тапқан адамның 20 оқиға орнында дер кезінде толыққанды алғашқы көмек көрсетілгенде, оларды аман алып қалуы мүмкін екендігін көрсетеді. Кеңінен таралған «алтын уақыт» қағидасы бойынша, егер өміріне қауіп төнетін жарақаттары бар жапа шегушілерге алғашқы уақытта көмек көрсетілмейтін болса, олардың тірі қалуларына мүмкіншіліктері қалмайды; егер де көмек алғашқы 18 минут ішінде көрсетілсе жапа шеккендердің 15 %, ал алғашқы 9 минут ішінде көрсетілген көмек 90 % өлімнен арашалап қалар еді.
Статистика егерде адам өміріне қауіп төндірмейтін жарақаты бар адамдар арасында алғашқы 30 минут ішінде алғашқы көмек алған жағдайда, асқынулар 2 есе сирек кездесетіндігін көрсетеді. (Н.П.Пахомова, 2001; Г.И.Петров, 2000).
Жапон мамандарының пайымдауынша, егер зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында 3 минуттан аса болса, оның өмірін сақтау қалу ықтималдылығы 75% құрайды.
Францияда 60% ЖКО құрбандары алғашқы 100 минут ішінде көз жұмады.
Қазіргі таңда, жол-көліктік оқиғалары Ресейде де нағыз қайғы болып табылады. Жыл сайын Ресейде жол-көліктік оқиғалары салдарынан 30 мыңға жуық адам көз жұмады және 250 мыңнан аса жарақат алады, уақытылы көрсетілмеген медициналық көмек салдарынан жапа шегушілердің 23% қаза табады, салыстырмалы түрде ЖКО құрбандарының саны, соғыс кезіндегі мерт болғандардың санымен бірдей.
ЖКО жапа шегушілердің өлімінің басты себептері болып келесі факторлар табылады:
- өмірмен үйлеспейтін жарақаттар, – 20%;
- жедел жәрдемнің кідіруі – 10%;
- ЖКО куәгерлердің әрекетсіздігі немесе бұрыс әрекеті – 70%.
Егерде ЖКО кезінде жапа шеккендерге білікті дәрігерге дейінгі көмек көрсетілген жағдайда қаза тапқандардың саны айтарлықтай төмен болар еді. Өкінішке орай, тек қана жарақаттың ауырлығынан емес, сонымен қатар дәрігерге дейінгі көмек көрсетушілердің дұрыс емес әрекеті немесе айналасындағы адамдардың әрекетсіздігінен айтарлықтай көп адамдар өмірден өтеді. ЖКО жапа шегушілер алғашқы уақыттарды өздерімен өздері қалады («уақытша оқшаулану» фазасында) және аман қалу мәселелері апатқа қатысушылар және куәгерлер тарапынан көмек көрсету сонымен қатар өзіндік және бірегей көмек арқылы шешіледі. Мұндай әрекеттерге өз кезегінде халықтың көптеген бөлігі дайын болмай шығады.
Статистикаға сүйенсек, автокөлік ең қауіпті көлік түріне жатады. Әлемде жыл сайын автокөлік апаттары салдарынан 300 мыңға жуық адамдар қаза табады және 8 миллионға жуық жарақат алады. Көлік соқтығыстары мен апаттарында ең жиі кездесетіні автокөліктік және сонымен соншалықты көп санитарлық шығын саны түсіндіріледі. [1]. ТМД елдерінде ЖКО кезінде уақытылы көрсетілмеген медициналық көмек салдарынан жапа шеккендердің 23% қаза табады. Склифосовский атындағы Мәскеу қалалық жедел жәрдем институтының мәліметтері бойынша, шамамен ЖКО 17% қан кету, асфиксия және уақытылы көрсетілмей бірақ та, тез арада дәрігерге дейінгі көмекті қажет ететін басқа да жағдайлар өлім себептері болып табылған. Сонымен қатар, барлық қаза тапқандар санынан ЖКО кезінде ауыр жарақаттанғандардың 60% апат орында және 8% емдеу мекемелеріне тасымалдау барысында қаза табады. [1].
Зерттеу мақсаты: шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың тиімділігін бағалау.
Міндеттері:
- Бақытсыз жағдайлар мен жарақанттануды азайту бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара іс- қимыл жоспарларын зерттеу.
- Жамбыл облысы бойынша төтенше-қауіпті аймақтарды анықтай отырып, жол-көліктік оқиғаларына талдау жасау .
- Жол-көліктік оқиғаларынан жапа шеккендерге уақытылы медициналық көмектің қолжетімділігін бағалау.
- Жол-көліктік оқиғаларынан шеккендерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін бағалау..
Материалдар, әдістері мен зерттеу көлемі:
- -Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің 20142016 жылдардағы ақпараттарына сәйкес статистикалық мағұлматтар.
- -Жамбыл облыстық арнайы есепке алу бойынша және құқықтық статистика Басқармасының 2014-2016 жылдардағы есептеме мағұлматтары.
- -2014-2016 жылдардағы Жамбыл облыстық Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының ақпараттарына сәйкес Жамбыл облыстық ақпараттық-талдамалық деректер .
Нысаны мен зерттеу көлемі:
6906 зардап шегушілері бар 3978 жол-көліктік оқиғалары талданды.
Жол-көліктік оқиғаларынан зардап шеккендерді медициналық қамтамасыздандандыру жетілдіру мәселелері өзінің өзектілігін көптеген уақыттардан бері сақтауда[2]. Бұл тақырып Комаров Б.Д., 1975; Журавлев С.М., 1978; Процык А.И., 1987; Шаховец В.В., 1991; Теодоридис К.А., 1993; Линденбратен А.Д., 1994; Корчагин В.П., 1996; Логинов
В.И., 1999; Старо-дубов В.И., 2002; Мыльников Л.А., 2003; Абдиев А.Ш., 2007; Камаев И.А., 2009; Коршевер Н.Г., 2010 және басқаларының мақалаларынан көрініс тапқан. Денсаулық сақтау жүйесін, соның ішінде шұғыл медициналық көмек қызметін жаһандандырудың қажеттілігі туралы пікірлерін білдірген Щепин О.П., 2005; Стародубов В.И. және Хальфин Р.А. бірл.авт, 2006.
Дегенмен көптеген авторлар (Спиридонова Е. А., 2002; Мыльникова Л.А., 2003; Калининская А.А., 2005; Нихоношин А.И., Лачаева М.А., 2006 және т.б ) денсаулық сақтау мекемелерінің қызметінің тиімділігі мен сапасын жақсарту барасында жасалған жұмыстар тек госпиталды кезеңді қамтитынына назар аударады[3]. Осы уақытта біздегі бар ЖКО салдарын жоюға қатысатын қызмет қызметкерлерінің келуін, автокөлік апаттарының орнында және ЖКО зардап шеккендерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыратын жүйе тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен көптеген авторлардың бағалауы бойынша[4], (Охочинский В.П., 1997; Кудрявцев Б.П., Яковенко Л.М., 1999; Гончаров С.Ф., 2000 және т.б ЖКО салдарынан жалпы қаза тапқандардың жартысы дерлік емдік мекемеге жетпей қаза табады. Ерюхин И.А., Марчук В.Г., 1996; Кудрявцев Б.П., 2000;
Мыльникова Л.А., 2003; Kopits Е., 2003; Шестаков Г.С., 2005; Верткин А.Л., 2007 және т.б, пікірлері бойынша, мұндай жағдайлардың бірден бір себебі болып жедел медициналық көмекті ұйымдастыру жұмыстарының жеткіліксіздігі болып табылады. Осыған орай, ғылыми медициналық әдебиеттерде ЖКО зардап шеккендерге госпиталға дейінгі кезеңде сапалы медициналық көмектің көрсетілуінсіз оның тиімділігін арттыру мәселелерін шешу мүмкін еместігі туралы жиі және табандылықпен пікірлер айтылуда[5].
Осы таңда, ЖКО зардап шеккендерге госпиталға дейінгі кезеңде жедел медициналық көмек көрсетуді жетілдіру міндеттерін ғылыми талдау қазіргі таңда да өзінің төтенше өзектілігін сақтауда.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
- Norman LG. Road traffic accidents: epidemiology, control, and prevention // World Health Organization. – Geneva: 1962. – Р. 12-17.
- Peden M et al., eds. World report on road traffic injury prevention // World Health Organization. – Geneva: 2004. – Р. 22-25.
- Oestern H.-J., Sturm I., Tscherne H. Die Klassifizierung der Verlet -Zungsschwere // Hefte zur Unfallheikunde. - 1983. - № 156. - Р. 171176.
- Philip B. Crosby. Quality Without Tears. - New York: McGraw Hill Book Company, 1994. – 104 р.
- Reducing the severity of road injuries through post impact care // Brussels, European Transport Safety Council, Post Impact Care Working Party. - 1999. – Р. 8-11.