Туберкулез–адам организмінің бүкіл ағзаларын зақымдайтын инфекциялық ауру. Клиникалық-анатомиялық зерттеулер нәтижесінде туберкулез әр түрлі жолмен барлық организм топтарын зақымдай алады. Тасбақалардың өкпесі сыртқы көрінісінен көлемді қаптәрізді мүше, жоғарғы бөлігі әлсіз дамыған және қаптәрізді шығып тұрады.Бірақ өкпелердің бөліктері сүтқоректілерге қарағанда басқаша, себебі оларда бөліктері жекеше және әрқайсысы негізігі бронхпен өзі байланысады, тасбақада өкпенің бөліктері бір-бірімен аралықтармен біріккен және бір-бірінен аралықтар алынған кезде ғана бөлініп кетедi. Туберкулез микобактериясына дала тасбақалардың бейімделу процесі және резистенттілігін зерттелді. Эксперимент кезінде туберкулез микобактерияларының әр түрлі штамдарымен зақымдалу нәтижесінде сүтқоректілердің өкпесінің резистенттілік көрсеткіші мен экстремальды факторларға бейімделу процесі анықталған. Бұл жұмыста гистологиялық және гистохимиялық әдістер арқылы дала тасбақасының өкпесінің морфологиялық өзгерістері салыстырмалы түрде көрсетілген.
Кіріспе: Туберкулез - хроникалық ауру, салыстырмалы түрде баяу таралатын латентті инфекция түрі, адам ағзасының бүкіл мүшелерін зақымдайтын созылмалы ауру. Өкпе - адам мен жануарлардың тыныс алу органы, негізгі қызметі - газ алмасу, қанды оттегімен байытып, одан көмірқышқыл газын бөліп алып кету. Өкпеге оттегімен қаныққан ауаның келуі және көмірқышқыл газымен байыған ауаның одан сыртқа шығарылуы, кеуде қуысы қабырғалары мен көкеттің белсенді тынысалу қозғалыстары және өкпенің жиырылғыштық қабілетінің тыныс жолдары қызметінен ұштасқан әрекеті нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған альвеолаларда газ алмасу жүреді,өкпеде жұтылған ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Альвеола-өкпенің ең кішкентай бөлігі, бронхтың бір тармағынан тарайтын осы ұсақ түтіктер топтала келіп кешен жасайды, оны альвеолды ацинус деп атайды. Ацинустың пішіні бір шоқ жүзімге ұқсас. Ацинустардан өкпе бөліктері құрылады[1-9]. Өкпедегі клеткалардың өзгеруіне байланысты туберкулез микобактерияларының қандай штамм түрімен зақымдалғанын анықтауға болады. Эпидемиялық, клиникалық және морфологиялық тұрғыдан туберкулез убиквитарлы (латынша: ubique - жаппай, барлық жерде) инфекция түрі болып табылады. Туберкулез - негізгі спецификалық микобактерия штамдарымен шақырылатын, адам және жануарлар организміндегі инфекционды ауру. Туберкулез ауруының адам және жануарлар арасында саны азайғанымен, оның инфекциялық жолмен таралуы қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі актуальды мәселесінің бірі болып отыр. Клиникалық-анатомиялық зерттеулер нәтижесінде туберкулез әр түрлі жолмен барлық организм топтарын зақымдай алады[10-17]. Жабайы жануарлардың туберкулез жағдайында өкпесіндегі резистенттілік түрлері аз зерттелген. Ал қазіргі таңда жануарлардың туберкулезді инфекцияны тарату мәселесі толық анықталмаған. Сол себептен, бұл жұмыста дала тасбақасының туберкулез жағдайында өкпесіндегі микобактерияның әр түрлі штамм түрімен зақымдалғандағы морфологиялық өзгерістерін зерттедік. Өкпе альвеолярлы құрылысты болады және көптеген қызмет атқарады. Респираторлық моторлы құрылымның күрделенуі диафрагманың пайда болуымен өтеді. Осы жұмыс барысында салыстырмалы физиологиялық, экология және жануарлардың анатомиясын зерттейтін әдебиеттер пайдаланылды.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу материалы ретінде бауырмен жорғалаушылар класы Reрtiliа, тасбақалар отряды Cheloriа, дала тасбақасының Festudo horsfieldi өкпесі алынды. Барлық зерттелетін 21 күн жануарлар карантин уақытын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткізді. Тәжирибе КазНИИ вивариында жүргізілді. Жануарларды тері астына аяғының төменгі шап бөлігіне және ауыз арқылы 1 мг дозасы 1 мл ішінде жұқтырылды. Тәжірибе бір ай жүргізілді. Тасқабақадан алынған өкпе кесінділерін 10% нейтральды формалинге салынды. Гистологиялық зерттеулер жүргізу үшін препараттарды гематоксилин - эозин боядық, ал гистохимиялық өзгерістерді Шифф реактив бояу арқылы байқадық. Алынған препараттар МБИ-15 микроскоппен зерттелді.
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау: Гистологиялық зерттеу кезінде бақылау тасбақаларының өкпесінде морфологиялық және өкпеден тыс жатқан ұзындау бронхтардың сыртынан қарағанда өзгерістер байкалмаған. Тасбақа өкпесінде сегментарлы құрылым сақталып, қарапайым магистральді бронхтар қысқа бұтақтарға тармақталып ірі камераларға ашылады және қабырғалары әртүрлі көлемдегі ұяшықтарға бөлінгендігі көрінеді. Камераның ішкі бетінен өкпені бөліктер мен ұяшықтарға бөліп, кеуектілігін қамтамасыз ететін дәнекер
тінді қатпарлар шығады. Өкпе паренхимасы екі түрлі бөлімге бөлінеді - өткізгіш және өзіндік респираторлы. Өткізгіш бөлім функциональды немесе динамикалық бронхылар торынан және тұрақты типті қарапайым магистральды бронхтан тұрады, қабырғаларының құрылысы эпителиальды, бұлшықетті және фиброз- шеміршекті үш қабаттан көрінеді. Эпителиальды қабат цилиндр тәрізді эпителийден және бокал тәрізді клеткалардан құрастырылған ( Сурет 1).
Дала тасбақаларының өкпесінің Mt.avium мен ауыз арқылы зақымдалу кезіндегі гистологиялық бір ай өткеннен кейін ашып қарағанда тасбақа өкпесінің өзіне тән сегментарлы құрылысы сақталып, өкпесі мен өкпеден тыс бронхтарының сыртында өзгерістер байқалады. Гистологиясын зерттеп қарағанда қалыпты жағдайдан ауытқыған ешқандай белгі көрінбейді. Өткізгіш бөлімі ішкі бетінен цилиндрлі эпителиймен тысталған, етті және шеміршекті-фиброзды қабаты жақсы жетілген тұрақты магистральді бронхтардың болуымен ерекшеленеді. Өкпе перделері өкпенің әртүрлі бөлігіне қарай қалыңдығы да әртүрлі болып көрінеді және типтік құрылысын сақтайды. Mt.avium штамынан кейін тасбақа өкпесінің жалпы құрылысы сақталғанмен бірақ зақымданудан өзгерістер байқалады. Бронхты астарлап жатқан эпителийде ісіну мен өкпе пердесіндегі дәнекер тінді стромасында ісіктер және кішігірім қан толулар көрінді (Сурет 2).
Әрі қарай құс типті туберкулездің микобактерияларымен зақымданған өкпеде әртүрлі реакциялар күшейеді. Қанға толған тамырларда қан элементтерінің инфильтрациясы анық көрінеді. Ісінген бронхтың қабырғасының ішкі беті, құрамында цилиндрлі эпителийі бар кілегейлі эпителий мен сұйықтыққа толы болады. Клетканың пролиферациясы
жүргендіктен өкпе пердесінің қалыңдағаны көрінеді (Сурет 3).
Тасбақалардың бір ай өткеннен кейін ашып қарағанда туберкулез микобактериясының Mt.gordoni штамымен зақымдаған тасбақа өкпесінде, тері астынан культураны енгізгенде реактивті өзгерістер, ал ауыз арқылы зақымданғанда өкпе ұлпасында арнайы туберкулез төмпешіктері пайда бола бастайды (Сурет 4).
Тасбақалардың өкпесінде туберкулезбен зақымдалған жиі өзгерістер айдын сонында анық байқалды. Өкпе паренхимасында макрофагтар мен эпителиоидты клеткалардан тұратын көптеген туберкулез төмпешіктері көрінді.
Гистохимиялық зерттеу кезінде дэнекер тінді өкпе аралық пердесінің стромасының ШИК-позитивтілігі күшейгендігі анықталды. Суммарлық ақуыз құрамын зерттеу барысында құс типті туберкулез микобактерияларымен зақымданғанға қарағанда, құрамында осы гистохимиялық компоненттің көбейгендігін айтуға болады (Сурет 5-6).
Бақылау тасбақаларының гистологиялық және гистохимиялық зерттеулері берілген жануарларды қамауда баққанда олардың өкпелері қалыпты күйін сақталатынын дәлелдейді. Өкпе паренхимасы екі бөлімнен тұрады - өткізгіш және респираторлы. Өткізгіш бөлім тұрақты және динамикалық бронхтармен берілген, ірі өкпе аралықтарының қалыңдаған ұштарынан құралған. Бронх қабырғаларының құрылымы үш қабаттан тұрады. Альвеолярлы бөлім тегіс эпителий мен жабылған респираторлы ұяшықтардан тұрады, яғни тасбақаларды қамауда асырағанда өкпе паренхималарында патологиялық өзгерулер байқалмаған.
Мt. аvium штамды туберкулез микобактерияларының жұғуы тасбақа өкпелерінде спецификалық емес зақымдануларды тудырады, оған мынадай өзгерістер жатады, тамырлардың қанмен толып кетуі, яғни орынды қан құйылу гиперемия дамып, өкпе аралықтарының дәнекер ұлпалы стромаларының ісінуі, шеңбер клеткалы инфильтрациясы. Дәнекер ұлпада гликопротеиндердің көбейюі белгіленеді. Өкпеде Мt. аvium құс типті штамдары кезінде мұндай зақымданулар патогенді деп тіркелмейді.
Тасбақаларға Мt. gordoni штамм микробактерияларын жұқтырғанда мүлдем басқа жағдай бақыланады. Бұл кезде туберкулезді өзгерістер он бес күннен кейін туындайды да, бірте-бірте күшейеді, жұқтырылғаннан кейін айдың соңында күннен соң сырт көрінісі байқала бастайды. Туберкулезді процесстің бірінші белгілері респираторлы эпителийдің қабыршақтануы, төмпешіктердің түзілуінің бастапқы стадиясы, қатты ісік нәтижесінде өкпе қатпарлардың қалындауымен байқалады. Бір айда туберкулез гранулемдары ұлғайып және соңында гранулемдер эпителиоидты макрофагтардан тұрады, сонымен қатар казеозды масса некроздың құрамына қосылады. Бұл периодта гранулемдер саны да көбейеді. Гликоген және суммарлы ақуыздар сияқты гистохимиялық компоненттер анықталғанда, штамдар бойынша келесі нәтижелер алынды. Қалыпты мүше морфологиясы кезінде гликоген мен суммарлы ақуыздардың болуы Мt.аvium құс типті микобактериялары жұқтырылған тасбақаның өкпесінің паренхимасында, құрамында берілген гистохимиялық компоненттерінің көбеюі байқалады. Құрамында гликогеннің және суммарлы ақуыздардың ең көп болуы Мt. gordoni штамдарын жұқтырғанда байқалады.
Сонымен қатар, Мt. avium мен Мt. gordoni штамдарының туберкулез микобактерияларының екеуінен - тасбақа үшін патогенді емес болып құс типті Мt. avium штамм, ал патогенді болып Мt.gordoni атипикалық штамы табылады.
Қорытынды:
- Бақылау тасбақаларының өкпесі бауырмен жорFалаушылар класына тэн құрылысын сақтайды. Ауа өткізгіш бөлім - қабырғаларының құрылымы са^галFан магистральді бронхтардан тұрады. Альвеолярлы бөлім респираторлы ұяшықтардан вдралFан, дэнекер ұлпалы қатпарлардан түзілген.
- Тасбақаларды Мt. avium штамды туберкулез микробактерияларын жұқтырғанда өкпе ұлпаларында спецификалық емес гиперемия қабынулары, клеткалардың пролиферациясы байқалады. Ол өз кезегінде берілген штамм түрінің патогенді еместігін дэлелдейді.
- Тасбақаларды Мt.gordoni штамды туберкулез микробактерияларымен жұқтыру кезінде өкпе ұлпасында туберкулезді гранулемалардың спецификалық зақымдалуын тудырады.
- Гистохимиялық компоненттердің көп болуы Мt. gordoni жұқтырғанда жэне Мт. avium жұқтырғанда аз болуы байқалады.
- Дала тасбақасы үшін патогенді болып Мt.gordoni штамы, ал патогенді емес болып Мt. avium штамы табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Струков А.И. Патологическая анатомия. - 2010. - 90 с.
- Гирфанов А.И. Сравнительная макро-микроморфология легких у млекопитающих: дис. ... канд. вет.наук - Казань, 2011. - С. 126127.
- Мищенко А.Н. Эндоскопическая анатомия и морфометрическая характеристика сегментарных бронхов легкого и их клинические значение // Морфология. - 2006. - Т.129., №4. - С. 82-88.
- Мишин В.Ю. Туберкулез легких с лекарственной устойчивостью возбудителя. - М.: 2009. - 201 с.
- Ерохин, В.В. Клеточная биология легких в норме и при патологии. - М.: Медицина, 2000. - 495 с.
- Дейкина О.Н., Мишин В.Ю., Малявин А.Г. Проблемы дифференциальной диагностики внебольничной пневмонии и туберкулеза легких в общесоматическом стационаре // Туберкулез и болезни легких. - 2011. - №4. - С. 122-123.
- Антипчук Ю.П., Соболева Д.А., Сравнительная гистология легких позвоночных. - Новосибирск: Наука, 2005. - 290 с.
- Ташимова С.А. Өкпе туберкулезімен зардап шегетін науқастардың химиотерапиясын емдеудегі иммунодулин мен рувиминнің фармокотерапиялық дэреметтілігін негіздеу: дис. ... мед.Fыл.канд - Қарағанды, 2005. - 127 с.
- Андрианова А.Ю. Рецидивы туберкулеза органов дыхания у лиц с остаточными туберкулезными изменениями, снятых с учета противотуберкулезных учреждений: автореф. дис. ... канд. мед. - М., 2012. - 24 с.
- Мишин В.Ю., В.И. Чуканов, И.А. Васильева Проблемы туберкулеза и болезней легких. - 2004. - 211 с.
- Дейкина О.Н. //Дифференциальная диагностика пневмонии и туберкулеза легких: Автореф. Дис. ... канд. мед. Наук - М., 2005.25 с.
- Ерохин В.В., Гедымин Д. Е., Земскова 3. С., Лепеха Л. Н. и др. Особенности морфологических реакций при казеозной пневмонии // Проблемы туберкулеза. - 2008. - №7. - С. 50-55.
- Кокуричев П.И. Патологическая анатомия сельскохозяйственных животных. - М.: Колос, 1984. - 296 с.
- Колычев Н.М. Характеристика микобактерий, изолированных от человека, животных и с объектов внешней среды // Проблемы туберкулеза. - 1990. - №11. - С. 59-61.
- Першикова H.JI. Молекулярная характеристика Мt. tuberculosis, изолированной от крупного рогатого скота // Сибирский вестник сельскохозяйственной науки. — 2008. — № 4. — С.117— 119.
- Колоскова Э.Л. //Патоморфологические изменения у животных, зараженных разными видами микобактерий: автореф. дис. ... канд. ветер.наук. - М., 2008. - 22 с.
- Макаров Ю.А. Патоморфология экспериментального туберкулеза у лабораторных животных. - Благовещенск : ДальГАУ, 2008. - 120 с.