Адам ағзасының 70% сұйықтықтан тұратын болғандықтан, қалыпты тіршілік жасау үшін су басты субстраттардың бірі екені барлығына мәлім. Қазіргі кезде ауыз суды дайындау процесі барысында әртүрлі технологиялық әдістер қолданылады. Сол әдістердің бірі - суды иодпен байыту. Бауыр ағзадағы сүзгі қызыметін атқаратын мүше болғандықтан, гепатоциттер құрылымына иодпен байытылған су құрамының әсерін білу маңызды.
Су адам ағзасына орасан зор әсер етеді. Кез - келген тірі ағзалар өмір сүру үшін күнделікті суды қажет етеді. Ауыз судың сапасы мен құрамы жек адам ағзасы үшін, сонымен қатар сол суды пайдаланатын барлық тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды рол атқарады.
Адам ағзасының 70% сұйықтықтан тұратын болғандықтан, қалыпты тіршілік жасау үшін су басты субстраттардың бірі екені барлығына мәлім. Сондықтан, ауыз су сапасына көп көңіл аударылады. Оның құрамындағы тұздардың мөлшерімен қатар, изотоптар мөлшерінің де баланста болуын қадағалайды [1].
Судың ағзадағы маңызды барлық биохимиялық реакцияларға және физиологиялық үрдістерге қатысуы суды нарық жағдайында тіршілік үшін ең маңызды басты өнім болып табылады. [2].
Су ағзаны токсиндерден тазарту үшін, асқорыту үрдісі үшін, сору, циркуляция және шығару үшін қажет. Ол қоректік заттардың ағзаға түгел таратады және жасушалар мен ұлпалардың қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Асқорыту жүйеснің маңызды мүшелерінің бірі бауыр су мен тұз алмасуына да қатысады: кейбір ғалымдардың бауыр су мен минерал заттарының қоймасы деп атауы осыған байланысты. [3].
Мақсаты: гепатоциттердің морфологиялық құрылымына су құрамының әсерін зертеу мақсатында егеуқұйрықтарға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, талдау жасау
Материалдар мен әдістер: зерттеу материалы ретінде салмағы 200-220 грамм, жас мөлшері 4-5 айлық Вистар саласына жататын ақ егеуқұйрықтардың қалқанша безі алынды. Экспериментальді моделді жасау барысында тұрақты түрде егеуқұйрықтарға құрамы бойынша әртүрлі сулар қолданылды. Тәулік сайын таңғы сағаттарда 8-9 сағ., 1 ай барысында сулар жаңартылып отырды. Жануарларды 3 топқа бөлдік: 1) бақылау тобы, ондағы жануарларға кранның суы; 2) тассай + йодтың қалыпты мөлшері, 3) тазартылған су берілді. Барлық топтағы жануарлады зерттеу 30 тәулік өткеннен кейін жүргізілді.
Жарық сәулелі микроскоппен бауырдың гепатоциттерінің үлгісін зерттеу үшін, Майердің қышқылды және гематейні әдістері арқылы үлгілер дайындалды [4].
Нәтижелер: Бірінші - бақылау тобы. Кран суы берілген топтың егеуқұйрықтардың бауырын морфологиялық зерттегенде келесі өзгерістер анықталды: бауыр тінің бағаналық құрылысы негізінен сақталған. Орталық веналар қанға толы. Синусоидтардың тарылуы тегіс емес. Гипохромды ядролар көптеп кездеседі. Диссе кеңістігіндегі Купфер жасушалары созылыңқы пішінді. Синусоидлтардың эндотелиальды жасушалары қалыпты пішінді. Шеткі гепоциттердің көпшілігінің цитоплазмасы түйіршікті. Аздаған мөлшерде гипохромды ядролар кездеседі (сурет-1).
Диссе кеңістігіндегі Купфер жасушалары созылыңқы пішінді. дистрофия және некроз жағдайына ұшыраған. Эозинмен (МЕ) х 400.
Кран суы берілген топтың егеуқұйрықтардың бауырындағы морфологиялық өзгерістер.
Екінші топқа - тазартылған су берілді. Тазарлылған су берілген топтың егеуқұйрықтардың бауырын морфологиялық зерттегенде келесі өзгерістер анықталды: бауыр тінінде гепациттердің көпшілігінің көлемдері ұлғайған, ісінген, жасуша ядросындағы хроматидтердің теңдей таралмағаны байқалады. Ядроларда гипер және гипохроматоздары анықталады, цитоплазма тегіс емес - эозинофилді, гепоциттер цитоплазмасы вакуольденген және бөлшектенген, перинуклеарлы ісіну анықталды. Гепациттер ядросы мен цитоплазмасының некрозы, осыған қоса жекелеген гепоциттер ядросы біріккен. Жекелеген гепоциттер мөлшері өте ұлғайған, ядросы гиперхромды, дөңгелек пішінді, кейбіреуі сопақша пішінді. Купфер жасушалары дөңгелектеніп, ұлғайған. Синуссоидтары едәуір кеңейген, бірен саран мононуклеарлар анықталды (сурет - 2).
Үшінші топқа - Тассай газдалмаFан минералды суы берілді. ГаздалмаFан минералды тассай суын берілген топтың егеуқұйрықтардың бауырын морфологиялық зерттегенде келесі өзгерістер анықталды: бауыр тіні құрылымы өзгерген, бірақ баFанальщ құрылымы са^галFан. Орталық веналар қа^а толы, кеңейген, синусоидтар бірен - саран кеңейген. Гепатоциттер көп жаFдайда вакуольды, дистрофияFа ұшыраған. Цитоплазмада оптикалық мөлдір, ұсақ, орташа жэне ірі тамшылар көрінеді. Гепатоциттердің ядролары көп жаFдайда гипохромды, кейбіреулері кариолизис жэне кариорепсес жаFдайына ұшыраған. Гепатоциттардің цитоплазмасында ұсақ түйіршіктер байқалады. Түсі қанық, эозонофильді ұсақ ошақты қан құйылулар көрінеді (сурет-3).
Қорытынды: эртүрлі ауыз суы берілген егеуқұйрықтардың бауырынан дайындалFан гистологиялық препараттарды морфологиялық зерттеу барысында, бауыр гепатоциттеріндегі өзгерістерді салыстыра отырып төмендегідей қорытынды жасауFа болады:
1. Бауыр гепатоциттерінің морфологиялық өзгерістері көбірек аньщталFан егеуқұйрықтар тобы бұл тазартылFан су берілген жэне күнделікті мөлшерден он есе көп иод ^сылFан газдалмаFан минералды Тассай суы берлілген топтарда анықталды. Мысалы, бұл топтарда гепатоциттер мембранасының бұзылуы, некроздық жаFдайлар, Купфер жасушаларының өзгергендегі, хроматиннің тыFыздалуы т.б. өзгерістер байқалды.
2. Бауыр гепатоциттерінің морфологиялық өзгерістері аньщталмаFан керсінше гепациттерге жаFымды эсері көбірек аньщталFан егеуқұйрықтар тобы бұл газдалмаFан минаралды Тассай суы жэне күнделікті мөлшердгі иод ^сылFан газдалмаFан минералды Тассай суы берлілген топтарда анықталды. Мысалы, бұл топтарда гепатоциттер мембранасының бұзылуы, некроздық жаFдайлар, Купфер жасушаларының өзгергендегі, хроматиннің тыFыздалуы т.б. өзгерістер байқалды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Тулакин А.В. Современные проблемы комплексной гигиенической оценки питьевого водопользования // Вестник Российской академии мед. наук. - 2005. - №3. - C. 15-19.
- Н.В. Влияние минерального состава питьевой воды на состояние здоровья детей // Гигиена и санитария. - 2005. - №1. - С. 45-46.
- И. Г. Акмаев Руководство по гистологии. - СПб.: Спецлит, 2001. - Т.1. - 495с.
- Практические рекомендации по лабораторному исследованию функции железистых органов // Проблемы эндокринологии.- 2004. - Т.50, №4. - С. 52-60.